Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 09:17, реферат
ХVIII ғасырдың 50-жылдарына дейін оның аумағына ойраттардың бірде өршелене, бірде беті қайта жасаған шапқыншылықтары. Қазақ халқы ойраттарды алғашқыда қалмақтар, кейін жоңғарлар деп атаған (қ. Жоңғар хандығы). Жоңғарлардың Қазақстан жеріне енуі сонау XV ғ. басталған болатын (Әбілхайырдың көшпенді өзбек хандығына күйрете соққы берген 1456 жылы). XV ғасырдың 50-жылдары ойраттардың қалмақ тайпасының билеушісі Үз-Темір тайшы өздерімен іргелес жатқан қазақ даласына шабуыл ұйымдастырады.
Кіріспе Негізгі бөлім 1.1 Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі. 1.2 Жоңғар мемлекетінің күйреуі. Қорытынды
Кіріспе
1.1 Қазақ халқының жоңғар
басқыншылығына қарсы күресі.
XVII ғасырдың
аяғы мен XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығы
ішкі-сыртқы аса ауыр жағдайға душар болды. Жоңғар-қазақ
соғыстары (Ұлы Отан соғысы деп те аталады)
– Қазақ хандығы құрылған кезден бастап,
ХVIII ғасырдың 50-жылдарына дейін оның
аумағына ойраттардың бірде өршелене,
бірде беті қайта жасаған шапқыншылықтары.
Қазақ халқы ойраттарды алғашқыда қалмақтар,
кейін жоңғарлар деп атаған (қ. Жоңғар
хандығы). Жоңғарлардың Қазақстан жеріне
енуі сонау XV ғ. басталған болатын (Әбілхайырдың
көшпенді өзбек хандығына күйрете соққы
берген 1456 жылы). XV ғасырдың 50-жылдары ойраттардың
қалмақ тайпасының билеушісі Үз-Темір
тайшы өздерімен іргелес жатқан қазақ
даласына шабуыл ұйымдастырады. Дешті
Қыпшаққа баса-көктеп кіріп, Ақ Орданы
ойрандады. Сыр бойына жетіп, қазақ ұлыстарын
оңтүстік-шығысқа қарай ығыстырып, Түркістанды,
Ташкентті басып алды. XV ғасырдың 70-жылдары
ойраттар шабуылдары жиілей түсті. Қазақ
ханы Таһир (Тайыр) ойраттардың жолына
кедергі жасау мақсатында Жетісуда ірі
Жатан бекінісін салдырды. XVI ғасырдың
екінші жартысында Ақназар хан тұсында
қазақ әскері ойраттарға қарсы тойтарыс
беріп, үлкен жеңістерге қол жеткізді.
Тәуекел хан билік еткен тұста да қазақ
жасақтары жау әскеріне қарсы күйрете
соққы берген. Ойраттар Сырдария бойындағы
сауда орталықтарын басып алғысы келді.
Бұлай жорамалдауға ағылшын көпесі әрі
саяхатшысы Дженкинсонның келтірген мәліметтері
негіз бола алады. Ол 1557 жылы Орта Азиядан
Қытайға өтпекші болғанда, оған қазақтар
мен ойраттардың Ташкент қаласы үшін жүргізген
соғысы кедергі жасаған. Алтайдан Атырауға
дейінгі байтақ даланы алып жатқан қазақ
халқы жерінің географиялық ерекшелігіне
қарай үш жүзге бөлініп өмір сүрді. Қазақ
хандығында үстемдік еткен әскери-федалдық
шонжарлар арасында ішкі тартыс күшейе
түсті. Сонымен қатар бұл мезгілде қазақ-жоңғар
қатынасы мейлінше шиеленісіп, қазақ хандығына
үздіксіз шабуыл жасады.
1718 жылы Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін
(Хақназар, Тәукенің) бір орталыққа бағындырғысы
келген мақсаттары жүзеге аспай қалды.
Қазақ хандығы ауыр дағдарысқа ұшырады,
елдің бірлігі бұзылды, бытыраңқылық етек
алып өзара қырқыс шегіне жетті.Тәукенің
орнына отырған баласы Болат ханның тек
атағы ғана болды. Жүздерді билеген кіші
хандар өз алдына дербестеніп, қазақ хандығы
саяси жақтан бөлшектенді. Орта жүзді
Сәмеке хан, Ұлы жүзді Жолбарыс хан, Кіші
жүзді Әбілхайыр хан биледі.
Бұларға қарасты ұлыстарды билеген сұлтандар
дербестікке қол жеткізе бастады. Осыны
пайдаланған жау жан-жақтан шабуыл жасады.
Ш. Уалиханов сол кездегі жағдай туралы:
“XVIII ғасырдың алғашқы он жылдығы қазақ
халқының өмірінде қасіретті кезең болды.
Жоңғарлар,Еділ қалмақтары, Жайық казактары
мен башқұрттар жан-жақтан қазақ ұлыстарын
ойрандады» - дейді.
Оңтүстіктен Орта Азия хандықтары қыспақ
көрсетті. Солардың ішінде ең қауіптісі
шығыстағы Жоңғар мемлекеті болды.
XIV ғ. II-ші жартысында Моңғолия территориясы
екі иелікке бөлінеді.
Ойраттар белсенді рөл атқарған Батыс
Моңғолия және бұрынғы Қытай императорының
бақылауындағы Шығыс бөлікке орналасты.
“Жоңғар” деген аттың шығуы – Шыңғысханның
шапқыншылығы кезеңінде ойраттар қашанда
армиясының “сол қанатын” құраған, моңғолша
ол “зюнгор” деген мағынаны білдіреді.
Содан “зюнгор” – жоңғар деп аталып кеткен.
Кейіннен ойраттардың бірігіп 1635 жылы
мемлекет құруынан кейін – қазақ хандығына
қан-төгіс шапқыншылықтар күшейе түсті.
Басшысы Батур Хунтайшы болды (1635-1653) Қазақ
жеріне Жоңғар агрессиясының күшеюі Цэван
Рабдан (1697-1727) тұсында болды.
Цэван Рабданның жаулап алу программасының
ең шырқау шыңы – 1723 жылы болған шабуылдан
көрінді.
18 ғасырда қазақтар үз жүзге бөлініп өмір
сүріп жатты. Әр жүздің өз ханы болды. Кіші
жүзді - Әбілхайыр, Орта жүзде - Сәмеке
(Шахмұхамед), Ұлы Жүзде – Жолбарыс хандық
етті. Түркістан қаласын астана еткен
Үлкен Орданың ханы Тәуке еді. Қазақ жерінде
орталықтанған мемлекет болмауын көршілері
өз пайдасына шешуді ойлады. Оңтүстік-батыстан
Жайық казактарының қолдауымен Еділ бойындағы
башқұрттар, қалмақтар Кіші жүзге тынымсыз
шабуыл жасады. Солтүстіктен Сібір казактары
тыным бермеді. Орта Азиядағы Бұқара мен
Хиуа хандықтары да қазақ жерінің бір
бөлігін алып қалғысы келді .Олардың бәрінен
асып түскен жоңғарлар еді.
16 ғасырдың соңында ойраттар (қалмақтар)
төрт тайпалық бірлестіктен тұрды. Олар
Тарбағатайдан Шығысқа қарайғы өңірді
алып жатқан торғауыттар, Ертістің жоғары
ағысында қоныстанған дербеттер, қазіргі
Дихуа қаласының маңындағы хошауыттар,
Іле өзенінің жоғары жағындағы шоростар
еді.
Қазақтар мен ойраттар арасындағы жайылым
жер үшін күрес 15 ғасырда-ақ басталды.
16 ғ. соңында ойраттардың шағын бөлігі
қазақ ханы Тәуекелге бағынды. 1635 ж. Хонтайшы
Батурдың бастауымен Жоңғар хандығы құрылды.
Қазақ-жоңғар қатынастары Батур хонтайшы
(1634-1654) билік құрған кезде шиеленісе түсті.
Онан кейінгі Жоңғар хандары (Сенге
Халдан) Оңтүстік Қазақстанды, маңызды
сауда жолдары өтетін қалаларды өздеріне
қаратуға тырысты.
1718 жылы Тәуке өліп, орнына Болат хан болған
кезде, Қалмақтардың қазақ жеріне жорығы
күшейді. Бұл жорықтардың табысты болуына
шведтің артиилерия сержанты Иоганн
Густав Ренаттың әсері күшті болды. 1709
жылы Полтава түбінде орыстардың қолына
түскен Ренат Тобыл қаласына айдалды,
осында Ертістің бойында Бухгольцтің
экспедициясы құрамында Кереку қаласының
маңында 1715 жылы қалмақтарға тұтқынға
түседі. 1733 жылға дейін қалмақтардың қолында
болды. Ол қалмақтарға зеңбірек құюды,
баспахана жасап, әріп құюды үйретеді.
Жан-жақты әскери дайындығы бар жоңғарлар
1710-1711 жж. қазақ жеріне басып кіріп соғыс
жүргізді. Олар 1717 жылы жазда Аякөз өзені
жағасында қазақтардың 30 мың жасағын талқандады.
Келесі жылы жоңғарлар қазақтарға Бөген,
Шаян, Арыс өзендері бойында тағы да соққы
береді.
1723 жылы ерте көктемде жоңғарлар қазақ
жеріне тағы да соғысуға келді. Шуна Дабо
деген қалмақ басқарған бұл шайқас екі
бағытта жүруі тиіс еді. Бірінші бағыт
Қаратауды басып өтіп, Шу мен Талас өзендеріне
шығу болса, екінші бағыт қазақтарға соққы
беріп, Шыршық өзеніне жету болатын. Бұл
жоспарды іске асыру үшін әскерлер жеті
топқа бөлініп, оның бірі Жетісу Алатауының
етегіндегі Балқаш көліне құятын төрт
өзеннің бойына топтастырылды. Қалмақтың
ірі қолбасшысы Амурсана басқарған 70 мың
адамнан тұратын екінші бір тобы Іле өзені
бойына, Кеген өзенінің солтүстік жағасына,
Нарын өзенінің күншығыс жағындағы Кетпен
тауы баурайына орналасты.
1723 жыл тарихта есте қаларлық жұт жылы
болған еді. Осы жылдың көктемгі төл алу
кезеңі мен жазғы көш-қону жұмыстарымен
айналысып жатқан қазақ еліне тосыннан,
күтпеген жерден шабуыл жасады. Осы жолы
шапқыншы жоңғарлардың саны осылайша
70 мыңнан асып түсіп, жеті бағытпен қазақ
еліне кірді. Осы ауыр жылдарда шыққан
қазақтың қаралы да қайғылы, ән ұраны «Елім-ай»,
сол кездегі ауыр күндердің өшпес ескерткіші
болып табылады.
Бейғам отырған қазақтар аяусыз қырылды.
Жоңғарлар Жетісуды, Ұлы жүзді қырып-жойып,
Орта жүз, Кіші жүз жеріне де жетті. Халық
басы ауған жаққа шұбырды. Ұлы Жүз бен
Орта Жүздің қазақтары Самарқант пен
Ходжентке қарай шұбырды. Кіші жүз қазағы
Хиуа мен Бұхараға ағылды. Босқындардың
біразы Сырдың сол жағындағы Алакөл маңына
топтасты. Халық бұл кезеңді "Ақтабан
шұбырынды, Алқакөл сұлама" деп атады.
"Елім-ай" деген ән туды. Бұл ән жұрт жүрегінде
жатталып бүгінгі күнге жетіп отыр.
“Қаратаудың басынан көш келеді
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Ел жұртынан айырылған жаман екен,
Екі көзден мөлтілдеп жас келеді.
Мына заман қай заман қысқан заман,
Басымыздан бақ дәулет ұшқан заман.
Шұбырғанда ізіңнен шаң борайды,
Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман.
Мына заман қай заман, бағзы заман,
Баяғыдай болар ма тағы заман...
Ата қоныс, туған жер қалғаннан соң,
Көздің жасын көл қылып ағызамын”
Ел есінде сақталған “ Елім-ай” әнінің
бұл шумақтары халық бұқарасының зар замандағы
мұң зарын бейнелейді. “Ақтабан шұбырынды”
қазақтарға шабуыл мен талан тараж тұс
тұстан анталады. Жоңғар феодалдары қазақтарға
шығыс оңтүстік жағынан қаптағанда Еділ
бойындағы қалмақ хандары батыс солтүстік
бүйірден тиісті. Орта Азия хандықтарының
жеріне ауып барған қазақтар бұл арадан
мал жайылымдарына қолайлы жер таба алмай
сенделіп, көзге түрткі болды. Иран мемлекетінің
маңына ығысып барған қазақтар Иран шахы
Нәдір Афшардан зорлық зомбылық көрді.
Қазақ халқы сонша сұмдық жағдайда жүрсе
де, олардың ешқайсысына құлдық ұрмай
өзіне тиіскендердің бәрімен шайқасты.
Бұл кезде Орта Азияның өзі де аласапыран
жағдайда болатын. 1721 жылдан 1725 жылға дейін
Бұхарада болған орыс елшісі Флорио Беновни
былай деп хабарлаған: Орта Азияда үздіксіз
соғыс болып жатыр, бұл соғысқа ауғандар,
парсылар, хиуалықтар, бұқаралықтар, қазақтар,
қырғыздар, қарақалпақтар және қалмақтар
қатысуда .
Жоңғар хұнтайжысы Суан Рабданға жіберілген
орыс елшісі капитан Иван Винковский өзінің(
1722-1724) жылдардағы күнделік дәптерінде:
Өзі билік жүргізе бастағаннан бері хұнтайжы
қазақ ордасымен үздіксіз соғысуда, қазақ
ордасы қарақалпақтармен бірлесіп соғысуда,
ал хұнтайжы қазақ ордасына қарсы 30 мыңдай
адам ұстап отыр және хұнтайжы көп қазақты
жеңіп алды деп жазған.
Жоңғар феодалдарының шапқыншылығы тек
қазақ халқына ғана емес, сол кезде қазақтармен
одақтас қырғыз халқына да қарақалпақ
халқына да ауыр зардабын тигізді. “ Ақтабан
шұбырынды кезінде” қаарақалпақтар қазақтармен
бірге Орта азия хандықтарымен Ресей
шекарасына қоныс аударған. Бұл шапқыншылық
соғыстар ойрат жоңғар тайпаларының еңбекші
халқына да ауыр зардабын тигізді, феодалдар
оларды бұл соғыстарға еріксіз айдап салды,
толассыз жүргізген соғыстардың алым
салық ауыртпалығы еңбекші шаруаларға
түсті олардың өмірін біршама күйзелтті,
соғыс талан таражынан түскен олжалар
тек соғысушы екі жақтың әскери феодалдық
шонжарларын ғана жырғатты.
Жоңғарлар тықсырған қазақтар Сырдарияның
орта ағысына қарай, қарақалпақтардың
едәуір бөлігі жоғарғы қарақалпақтар
тұратын жерлерге кетті. Алайда Әбілқайыр
қарақалпақтармен қатынастарды нығайту
үшін дипломатиялық қабілетімен байланыстарын
көрсете білді. Ортақ қасірет туыстас
екі халықты біріктірді. Қазақ хандығының
жалпы жағдайы ауыр болды. Бұл кезең туралы
Қанжығалы Бөгенбай батыр былай деген:”
Қазақтар өздерін үрейге билетіп, көрінгеннен
қашып, тазыдан қашқан қояндай жан сауғалаумен
болды, сөйтіп күйзеліске ұшырады, мал
жанын, тіпті бала шағаларын да тастап,
өздері ғана бас сауғалады... Жоңғар қалмақтары
шапса бір жақа, ал башқұрттар шапса басқа
жаққа тентіреді
Бұқар жырау өзінің 29 толғауында қазақ
батырларының аттарын атайды. Қаракерей
Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты
Наурызбай, Шақшақұлы Жәнібек, Албан Райымбек,
Бәсентин Малайсары, Уақ Баян т.б. батырлар.
Осындай ауыр кезде еңсесі түскен елдің
есін жиғызып, зар жылаған халықтың көз
жасын тиғызған атақты билеріміз болды.
Халықты алқалы жиынға шақырған да сол
бабаларымыз болды.
1726 жылы Ордабасында үш жүздің игі жақсыларының
басын қосқан ұлы жиын болды. Осында үш
жұздің баласы бір бәтуаға келіп, жауға
қарсы бірігіп аттануда, сол қолға басшы
етіп Әбілхайырды сайлайды.
Осы кездегі қазақтың саяси хал-ахуалын
архив құжаттары былай суреттейді: «Сол
кезде жоңғарлар Орта Азиядағы ірі сахара
патшалығы болды. Оған ұйғырлар қарсылықсыз
бағынды. Қырғыздар бір мезгіл қарсылық
көрсетсе де, сұрапыл тегеурінге шыдамады.
Ал, ұзақ жыл бойында жоңғарлармен тірескен
тек қазақтар ғана болды. Жоңғарлар қазақ
елінің шығыс және оңтүстік жағындағы
біраз жерлерді жаулап алғанымен, қазақтардың
кең байтақ орталық бөлігіне әл-күші жетпеді»
– дейді.
1728 жылы Әбілхайыр бастаған Кіші жүз жасақтары,
Тайлақ батыр, Саурық батыр бастаған әскерлер
Ырғыз уезінің оңтүстік шығыс бетіндегі
Бұланты өзенінің жағасында "Қара сиыр"
деген жерде қалмақтарға қарсы соққы берді.
Бұл Ақтабан шұбырынды жылдарының алғашқы
жеңісі еді. Бұл шайқас кейін тарихта «Қалмақ
қырылған» соғысы деп аталды. «Қалмақ
қырылған» шайқасы қазақ жүздері арасында
Әбілқайыр ханның беделін көтерді және
жеңіске жігерлендірді. Барлық жүздегі
қазақ батырлары енді соғыстың шын, шебер
қолбасшысына айналған Әбілқайыр ханның
төңірегіне топтаса түсті. Саяси және әскери
бірлікке қол жеткізген үш жүз жасақтары
1728 ж. бастап, Балқаш пен Шу бойына қарай
жылжып, ұрысқа әзірлене бастады. Бұл кезде
жоңғарлар қазақ жерін тұтастай иелену
ниетінде еді. Қазақтардың әрекетін сезген
олар да Шу мен Балқаштың оңтүстігінде
үлкен шеп құрды.
Осы тұста әрбір жүздің ішінде
феодалдың бытыраңқылық күшейді. Кіші
жүз сұлтандары Батыр мен Нұралы (Әбілхайырдың
баласы) өз алдына ел биледі. Сол сияқты
Орта жүзде Күшік пен Барақ сұлтандардың
да өз иеліктері болды. Қазақ хандығының
Бұхара, Хиуамен қатынасы да нашар болды.
Еділ өзені бойында қалмақтар мен башқұрттар
Кіші Жүздің жеріне шабуыл жасап, үнемі
қауіп туғызды. Нұралы хан оларды үнемі
тойтарумен болды.
1742 жылы 20 тамызда Ор қаласында Ресей,
жоңғар және қарақалпақ, қазақтардың Кіші,
Орта және Ұлы жүздің өкілдері қатысқан
келіссөз жүргізілді. Онда Ресей өкілі
қазақ пен жоңғар арасындағы қақтығысқа
байланысты уәж айтпақшы болды. Бірақ
жоңғарлар оны тыңдаған жоқ. Олар орыс
қамал-бекіністеріне, қазақ қоныстарына
жақын жерде 20 мың әскер ұстап, қазақты
мазалауын қоймады. Ендігі жерде қазақтар
өз күшіне ғана сенуіне тура келді. Осы
идеяны орнықтыруға қазақтың жас Абылай
ханы зор күш жұмсады.
Бұл кезде Бұқара, Хиуамен қатынас-шиеленісті,
жоңғарлар үнемі қауіп төндіріп отырды.
Ендігі жерде қазақ халқының тек өзінің
күшіне ғана сенуі керектігі және үш жүздің
басын қосып, жоңғарларға қарсы тұру керектігіне
көздері жетті. Осы идеяны жүзеге асыруда
Абылай хан еңбек сіңірді. Ол 1731 жылы ауылының
адамдарымен бірге қалмақтарға қарсы
шайқасқа қатысып, атасының атымен «Абылайлап»
жауға шауып, көзсіз ерлігімен, батылдығымен
көзге түседі. 1711 жылы дүниеге келген Абылай
Уәлиұлының бастапқы есімі Әбілмансұр
болды. Ол жастай жетім қалды. 1731 жылы жоңғарлармен
шайқаста көзге түсті.
Жоңғарияның ханы Қалдан Серен 1745 жылы
өліп, оның мұрагерлері таққа таласты.
Осы кезде оған шығысынан Қытайлардың
Манчжурлік (Шүршіттер) Цинь империясы
тиісе бастайды. Абылай осы сәтті пайдаланды.
Ол алдымен Сыр бойындағы қалаларды азат
етуге кірісті. Ол бұл жорықта қазақ әскерлерін
үш топқа бөлді. Оның бірінші тобын Қанжығалы
Бөгенбай мен Үмбетей жырау басқарды.
Бөгенбай басқарған 10 мың әскер алдымен
шығып, Түркістанның солтүстік жағына,
Созақ бекінісіне барып тиісуге тиіс еді.
Екінші қолды Шақшақ Жәнібек батыр басқарды.
Оған Тәтіқара жырау қосылды. Олар Сырдың
төменгі ағасына қарай кетті.
Үшінші негізгі қолды Абылайдың өзі басқарды.
Жорыққа қатысушылар Шиелі, Жаңақорған
бойымен Түркістанның күнбатыс жағына
қарай жылжыды. Бұл топта әйгілі батырлардан
Қаракерей Қабанбай, Батыр Баян, Сырымбет,
Малайсары, Жанұзақ болды.
Жоңғар әскерін басқарған Қалдан Сереннің
ортаншы ұлы Цевен Доржи де өз әскерін
үшке бөлді. Ол өзінің басты күшін Абылайға
қарай бағыттады. Оның қару-мылтығы, түйе
үстіне орнатқан 15 зеңбірегі бар еді. Қазақ
жасақтары сойыл, шоқпар, садақпен қаруланды.
Цевен Доржи өзінің ауыр қолымен Абылай
әскерлерінен бұрын келіп, Жаңақорғанға
бекініп алды. Абылай Жаңақорған бекінісін
алуды Қабанбайға тапсырды. Сырымбетті
оң жақ қанатқа, Баянды әскердің сол жақ
қанатына қойды. Олардың сыртынан үш мың
қолы бар Малайсары, Оразымбет батырлардың
әскерін топтастырды.
Бұл Сыр бойындағы, оңтүстік Қазақстандағы
соғыстар екі айға созылды. Нәтижесінде
Қазақ әскерлері Жаңақорғанды, Шымкентті
жаудан тазартты. Түркістанға дейін жетті.
Ал Бөгенбай басқарған әскерлер Созақ
пен Сайрамды жаудан босатты. Батыр Баян
жауды өкшелеп Талас өзеніне дейін барды.
Жәнібек батырдың әскерлері Қызылқұмдағы
Қарақалпақ жерін босатып, қалмақтарды
Сырдың жоғарғы саласына шегіндірді. Жан-жағынан
қусырылып, амалы таусылған Цевен Доржи
Абылайдан бітім сұрауға мәжбүр болды.
Келісім бойынша Созақ, Сайрам, Манкент,
Шымкент қалалары сол кездегі қазақ ханы
Әбілмәмбеттің қарамағына өтті. Түркістан
туралы мәселе кейінірек шешілетін болды.
Абылой бұл жолғы жеңістерін жоңғар хандығының
күйреуінің бастамасы деп есептеді. 1745
жылғы соғыс осымен бітті. Жоңғарлар қазақ
жерінен біртіндеп шегіне бастады. Алайда
Абылай хан жауды бұл даладан мүлде қуып
шықпай тыным таппады.
Қазақ жерін қалмақтардан толық тазарту
мақсатымен Абылай бастаған қазақ жасақтары
1750 жылы жауды Тарбағатай, Жоңғар Алатауы
жерімен өкшелеп, Жоңғар қақпасы маңында
оңдырмай соққы берді. Жау Жоңғар Алатауынан
әрі асып қашып кетті. Бұл ірі шайқастардың
ішіндегі ақырғысы болатын. .
1758 ж. Цинь қытайлары Шығыс Түркістандағы
қазіргі Синь-Цзянь жерін басып алды. Сөйтіп
енді Цинь империясының батыс шекарасы
қазақ жерімен шектесті. Сөйтіп енді қазақ
жеріне Цин империясы шабуылын бастады.
Осы ауыр кезде Абылай өзінің шебер ішкі,
сыртқы саясатымен көзге түсті. Осы кезде
Ақсақалдардың алқа кеңесін шақырып, Қытаймен
соғысты соза беруге болмайтынын, көп
соғыстан халықтың азып-тозып кеткенін
айтып, Қытаймен елшілік қатынас орнату
мақсатында адамдар жібереді. Сөйтіп,
олармен сауда, экономикалық байланыс
орнатудың жолдарын қарастырды. Ресеймен
қарым-қатынасын да ұлғайтты. Қазақ жерін
екі алып елдің қаупінен қорғап қалуда
үлкен еңбек сіңірді, өзінің нәзік саясатымен
тіл табысты, өзінше билік, өзінше саясат
жүргізді.
Қытайлар (Шүршіттер) да дүркін-дүркін
шабуыл жасап қазақтарға тыным бермеді.
Олардың кейбір шабуылдары Қазақ жеріне,
Жетісу мен Сарыарқа өңіріне сұғына енді.
Қазақ әскерлері олардың қаптаған, жақсы
қаруланған қолымен бірнеше рет бетпе-бет
келіп, Абылайдың басқаруымен бірде жеңіп,
бірде жеңіліп жүрді. Абылай келісімге
келу туралы Пекинге адамдар жіберді.
Сөйтіп, бейбіт келісімдер арқылы Қытаймен
сауда, экономикалық қатынас орнату жолдарын
бар мүмкіндігін сала іздестірді. 1760 жылдары
Қытаймен арада бітімгершілік жасаудың
(Аягөз бітімі) сәті түсті. Қазақтар Алтай-Қара
Ертіс және Тарбағатай, Жоңғар Алатауының
шығыс жақ беткейлерінде, Іле бойынша
көшіп-қонып жүруге мүмкіндік алды. Ол
Ресеймен де қарым-қатынас орнатты.
1771 жылы Әбілмәмбет хан өлгеннен кейін,
Түркістанда хандар мен сұлтандар бас
қосып, Абылайды Орта жүздің ханы етіп
сайлады. Ал іс жүзінде өлшеусіз еңбегі
арқылы Қазақтың ханы болып танылған еді.
Бір жылдан кейін 1772 жылы вице-канцлер
М.Л. Воронцовтың жарлығымен Абылайға
арналып Есіл өзеніне таяу жерде Жаңғызтөбеге
ағаш үй салынды. Абылай 1780 жылы мамыр
айында Ташкентте 69 жасында қайтыс болды.
Орнына Уәли хан сайланды.
1.2 Жоңғар мемлекетінің
күйреуі.
1635 жылы Батыр коңтайшы
бастаған Жоңғар хандығы құрылды. Ол Қазақстанның
оңтүстік-шығыс жағында еді. 1640 жылы жоңғарлар
«Далалық жарғы» деген атпен әскери және
азаматтық заңдар жинағын шығарды. Жоңғарлардың
бірлігі нығайды, әскери күш-қуаты арта
түсті. Соғыс жағдайы кезінде жоңғарлардың
әрбір рулық бөлімшесі өте қысқа мерзімнің
ішінде жауынгерлік бірлік тобына айналып
шыға келді. Жоңғар хандығы жауынгерлерінің
жалпы саны 100 мыңға дейін жететін қуатты
атты әскер шығара алатын еді. Олардың
60 мың жауынгері бар тұрақты әскері болды.
Жоңғария өзімен көрші мемлекеттердің
жерін тартып алуды көксеген, барынша
әскерилендірілген мемлекетке айналды.
Жоңғарлықтардың рухани бірлігін қамтамасыз
етуде Тибет ламалары елеулі рөл атқарды.
Жоңғарларда әскери іс-қимылдар жасаудың
ерекше тактикасы қалыптасқан болатын.
Олар ашық кең далада соғысуға машықтанған
еді. Оқ-дәріні селитра мен күкірттен өздері
қолдан жасап алатын. Олардың қолынан
қылыш, сауыт, дулыға және басқа қару-жарақ
түрлерін жасау да келетін. XVII ғасырдың
аяқ жағына қарай жонғарларда білтелі
мылтық пайда болды. Жоңғарлар тіпті зеңбірек
жасауды да үйреніп алды. Зеңбірек құюды
оларға тұтқын болып қолға түскен швед
Иоган Густав Ренат үйретті. Жоңғарларда
шекаралас жатқан мемлекеттердің аумағында
жүріп, қүпия ақпараттар жинаумен айналысатын
жансыздардың — тыңшылардың кең жүйесі
құрылды.
Жоңғария тұғындары да қазақтар сияқты
көшпелі және жартылай көшпелі халық еді.
Негізінен мал шаруашылығымен айналысатын.
Халқының саны 1 миллионға жуықтайтын.
Жоңғарлар аз ғана уақыттың ішінде Алтайда
тұратын көптеген ұсақ Ұлыстарды бағындырып
алған еді. Олар алым-салық төлеп тұрды,
әскер қатарын толык- тырып отырды. Жоңғарияның
өзімен көрші мемлекеттерге күшті қауіп
төндіргені соншалық, XVIII ғасырдың бірінші
жартысында тіпті Қытайдың сыртқы саяси
кызметі негізінен осы мемлекетке қарсы
күрес жүргізіп, оны әлсіретуге бағытталды.
Жоңғарлардың Қазақстан аумағында басқыншылық
соғыс жүргізуінің себептері. Қазақ хандығының
аумағы Жоңғария билеушілерін бұрыннан
қатты қызықтыратын. Оның себебі, біріншіден,
Жетісу мен Сырдария өңірін басып алатын
болсақ, онда Жоңғарияны Ресей мемлекетімен,
Сібірмен, Орта Азия хандықтарымен байланыстыратын
аса маңызды сауда жолдарының торабын
өз бақылауымызда ұстаймыз, одан әрі Ауғанстанға,
Иран мен Закавказьеге жол ашылатын болады
деп үміттенді. Екіншіден, Қазақстанды
жаулап алсақ, өз хандығымыздың солтүстіктегі
шекарасын әлдеқайда нығайтамыз, бағынған
халықтан қосымша алым-салық алып тұрамыз
деп ойлады. Үшіншіден, басқыншыларды
қазақтың кең-байтақ даласындағы шұрайлы
мал жайылымы мен Қазақстанның оңтүстігі
мен оңтүстік- шығысындағы сауда-қолөнер
орталықтары қызықтырды. Төртіншіден,
Қазақстан аумағын жаулап алу жоңғарлардың
Еділ мен Жайық аралығында көшіп-қонып
жүрген қандас тайпалары құба қалмақтарымен
кедергісіз тікелей байланыс орнатып,
қарым-қатынас жасауына жағдай туғызатын
еді. Ақыр соңында, бесіншіден, Жоңғар
мемлекетінің қазақтарды кұл етіп ұстаудың
мол мүмкіндігіне ие боламыз деп дәмеленді.
Қазақ жеріне жасалған жорықтардың соңғылары
жоңғар хандығын едәуір қуантамады. 1740
жылы Жоңғарияның өзінің ішінде билік
үшін күрес туып, (Қалдан Церен өлген соң)
туысқандар арасында дүбелең жағдай қалыптасқандықтан,
Жоңғар елі әлсірей бастаған еді. Содан
жалғасып бұл көшпенді мемлекетті 1758 жылы
Қытай империясы түбегейлі жеңді. 1755
жылы жоңғарлар бірнеше ұсақ иеліктерге
бөлініп кеткен еді. Осыдан кейінгі 1758
жылы Жоңғар мемлекеті құлады.
Жоңғар-Қазақ
соғыстары– Қазақ хандығы құрылған кезден
бастап, 18 ғасырдың 50-жылдарына дейін оның
аумағына ойраттардың бірде өршелене, бірде
беті қайта жасаған шапқыншылықтары. Қазақ
халқы ойраттарды алғашқыда қалмақтар,
кейін жоңғарлар деп атаған (қ. Жоңғар
хандығы). 15 ғасырдың 50-жылдары ойраттардың
қалмақ тайпасының билеушісі Үз-Темір
тайшы өздерімен іргелес жатқан қазақ
даласына шабуыл ұйымдастырады. Дешті Қыпшаққа баса-көктеп кіріп, Ақ Орданы
ойрандады. Сыр
бойына жетіп,
қазақ ұлыстарын оңтүстік-шығысқа қарай
ығыстырып, Түркістанды, Ташкентті
басып алды. 15 ғасырдың 70-жылдары ойраттар
шабуылдары жиілей түсті.Қазақ хандығының
аумағы Жоңғария билеушілерін бұрыннан
қатты қызықтыратын. 1.Жетісу мен Сырдария
өңірін басып алатын болсақ, онда Жоңғарияны
Ресей мемлекетімен, Сібірмен, Орта Азия
хандықтарымен байланыстыратын аса маңызды
сауда жолдарының торабын өз бақылауымызда
ұстаймыз, одан әрі Ауғанстанға, Иран мен Закавказьеге
жол ашылатын болады деп үміттенді.2.Қазақстанды
жаулап алсақ, өз хандығымыздың солтүстіктегі
шекарасын әлдеқайда нығайтамыз, бағынған
халықтан қосымша алым-салық алып тұрамыз
деп ойлады. 3.Басқыншыларды қазақтың кең-байтақ
даласындағы шұрайлы мал жайылымы мен
Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-
шығысындағы сауда-қолөнер орталықтары
қызықтырды. 4.Қазақстан аумағын жаулап
алу жоңғарлардың Еділ мен Жайық аралығында
көшіп-қонып жүрген қандас тайпалары құба
қалмақтарымен кедергісіз тікелей байланыс
орнатып, қарым-қатынас жасауына жағдай
туғызатын еді.5.Жоңғар мемлекетінің қазақтарды
кұл етіп ұстаудың мол мүмкіндігіне ие
боламыз деп дәмеленді. Жоңғарлардың Қазақ
хандығына қарсы басқыншылық соғысты
күшейте түсуінің, міне, осындай себептері
болды.Қазақ хандарының, батырларының,билерінің
арқасында жоңғарлар жаулап алған жерлерді
қайтарып алды.Қазақ жері үшін күресте
қайсарлықпен жаулармен соғысқан біздің
хандарымыз,батырларымыз:
Қазақ жеріне
қызығушылардың арасындағы ең
қауіпті жаулардың бірі жоңғар
хандығы болды. Қазақ халқының
жеңісімен аяқталған бұл 120 созылған
соғыс Жоңғар мемлекетінің күйреуімен
аяқталды. XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың
басында Қазақ хандығы ішкі-сыртқы аса
ауыр жағдайға,яғни Жоңғар мемлекетінің
шабуылына ұшырады. Қазақ хандығына үстемдік
еткен әскери феодалдық шонжарлар арасында
ішкі тартыс пен алауыздық ұлғая берді.
Қазақ хандығы өз ішінен үш жүзге (үлкен
жүз, орта жүз, кіші жүз) жіктелетін еді.
Бұл дәуірде әр жүзді билеген кіші хандар
үш жүздің ұлы ханына (Қазақ хандығының
ханына) сөз жүзінде бағынғанымен, іс жүзінде
өз алдына жеке саясат жүргізе бастады.
Әрбір жүздің қарауындағы ұлыстарды билеген
сұлтандар да дербестікке бой ұрды. Сөйтіп,
қазақ хандығы XVII ғасырдың аяғында XVIII
ғасырдың басында негізінен саяси жағынан
бытыраңқы ел болып қала берді. Саяси берекесіздіктің
экономикаға тигізген зардабы күшейіп,
жүздердің арасындағы шаруашылық байланыстар
бұрынғыдан да әлсіреді. Жоңғар феодалдарының
шапқыншылығы салдарынан көшпелі және
жартылай көшпелі аймақтармен қала-қыстақ
арасындағы шаруашылық байланыс және
сыртқы базарлармен сауда-саттық байланыс
үзіліп қалып отырды. Бұл жағдайлар халықтың
шаруашылығы мен тұрмысына қыруар қыйыншылықтар
туғызды. Елдің экономикалық өмірінде
үлкен роль атқарып келген Оңтүстік Қазақстандағы
қолөнер мен сауда орталығы болған калалар
құлдырап кетті Дешті Қыпшақ жеріне шабуыл
жасау,Жоңғар мемлекетінің өзіндік себептері
болды.Жоңғар мемлекетінің мақсаты бойынша
қазақ жері Орта Азияға шығатын сауда
жолдары мен қатар,саяси мақсаттарды
қамтыды.Жоңғар шапқыншылықтары қазақ
халқына орасан зор әлеуметтік экономикалық
зардап алып келді. “Ақтабан шұбырынды
Алқакөл сұлама” оның қазақ халқына
тигізген зардабы — қайғы-қасіреті, аштығы
мен қайыршылық халге душар етуі өте ауыр
болды. Мың-мындаған адам қырылды немесе
тұтқын ретінде айдалып кетті. Жүздеген,
мындаған ауыл қатты күйзеліске ұшырады,
мал-мүлік талан-таражға түсті, бір кезде
гүлденіп тұрған қалалар жау қолында қалып,
аяусыз қиратылды. Сонымен, жоңғар әскерлерінің
шапқыншылық жылдары қазақ жүздерінің
экономикалық және саяси өміріне ұзақ
уақытқа терең із қалдырып, қазақтардың
тарихына «Алапат ауыр жылдар» болып енді.
Қазақтар басынан кешірген сол бір орасан
ауыр қайғы-қасіреттің символы «Елім-ай»
атты зарлы жыр болды. Қазақ жерін,қазақ
халқын жоңғарлардан қорғап барынша рухын
көтеріп,тәуелсіздікке қол жеткізген
хандарымыз,билеріміз,
Информация о работе қазақ хандығының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі