Қазақ хандығының XVII-XVIII ғасырдағы экономикалық шаруашылық, әлеуметтік жағдайы, қазақ халқының мәдениеті

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 17:49, реферат

Описание работы

Әрбір халықтың жеке халық болып қалыптасуы үшін көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткізуіне тура келеді. Бұл күрделі процесс бір немесе екі ғасырдың ішінде болмайды, халық болу үшін бірнеше ғасырларды керек етеді. Мысалы, Қазақстан жерінде халық болып құрылу процесі алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, одан кейін қола дәуірі мен (б.д.д. II-I м.ж. кезеңі) темір дәуірі (б.д.д. VII-IV) кезеңдермен, немесе бұл кезде өмір сүрген ру-тайпалардың өсіп-өркендеуінен басталады. Олар Қазақстанның ұлан-ғайыр территориясын ежелден мекендеген байырғы (автохонды) тайпалар мен тайпалар бірлестіктерінен құралған.

Содержание

1. Қазақ хандығының құрылуы.
2. Қазақ хандығының этномемлекеттік шекараларының өсуі.
3.Тәуке хан және оның “Жеті жарғысы”.
4. XVI-XVII ғғ. Қазақ хандығының шаруашылығы мен мәдениеті.

Работа содержит 1 файл

РЕФЕРАТ - копия.docx

— 27.09 Кб (Скачать)

М. Әуезов атындағы Оңтүстік  Қазақстан мемлекеттік университеті 

 

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым Министрлігі 

 

ПРЕЗЕНТАЦИЯ 

 

Тақырыбы: Қазақ хандығының XVII-XVIII ғасырдағы экономикалық шаруашылық, әлеуметтік жағдайы, қазақ халқының  мәдениеті

 

Орындағандар: Бейсеқұлов  Т., Аман Д.

Тобы: ЮМ-10-1к1

Қабылдаған: Нұржанбаева  Ж.

XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ  хандығы

 

1. Қазақ хандығының  құрылуы.

2. Қазақ хандығының  этномемлекеттік шекараларының  өсуі.

3.Тәуке хан және оның  “Жеті жарғысы”.

4. XVI-XVII ғғ. Қазақ хандығының шаруашылығы мен мәдениеті.

 

 

Қазақ хандығының құрылуы.

 

Әрбір халықтың жеке халық  болып қалыптасуы үшін көптеген  тарихи кезеңдерді басынан өткізуіне  тура келеді. Бұл күрделі процесс  бір немесе екі ғасырдың ішінде  болмайды, халық болу үшін бірнеше  ғасырларды керек етеді. Мысалы, Қазақстан жерінде халық болып  құрылу процесі алғашқы қауымдық  құрылыс ыдырап, одан кейін қола  дәуірі мен (б.д.д. II-I м.ж. кезеңі) темір  дәуірі  (б.д.д. VII-IV) кезеңдермен, немесе  бұл кезде өмір сүрген ру-тайпалардың  өсіп-өркендеуінен басталады. Олар  Қазақстанның ұлан-ғайыр территориясын  ежелден мекендеген байырғы (автохонды) тайпалар мен тайпалар бірлестіктерінен  құралған.

Орта Азия мен Қазақстанның  ерте дәуірдегі кезеңдерін зерттеп  жүрген ғалымдардың пікірлеріне  қарағанда, біздің жерімізде қола  дәуірі (Андрон, Беғазы-Дәндібай мәдениеттері) мен темір дәуірінде өмір сүрген  тайпалардың (сақ, сармат т.б.) иран  тілдес болғандығы айтылады.

Сондай-ақ, ғалымдардың көрсетуінше  бұл кездегі тайпалар антропологиялық  жағынан монголоидтық белгілері  бар европеидтік нәсілдер екендігі  көрсетіледі.

Қазақ халқының бастауы болып  табылатын, сақ тайпаларының тікелей  жалғасы болып үйсін, қаңлы тайпалары  саналады. Оны қытай деректері  “Өзі сары, көзі көк, ат жақты  сэ (сақ) тайпалары үйсіндердің арасында  жүр” – деп көрсетеді.

Қазақ халқының шыққан тегі  туралы көптеген аспектілері  ішінен өзекті ретінде лингвистикалық  және антропологиялық мәселелерін  бөлшектеп алған жөн.

 

Орта Азия мен Қазақстан  өңірінде осы екі процестің  екеуі де қатар дамып отырған. Қазақстанның ертедегі тарихын  екі аумақты кезеңге: үндіеу- ропалық  және түріктік кезеңге бөлуге  болады. Бірінші кезеңде лингвистикалық  тіл жағынан Қазақстан тұрғындары  үндіеуропалық топтың ежелгі  иран тобына кіреді, яғни бұл  кез б.з.д.  III-I мың жылдықтарды  қамтиды.

Екінші кезеңде Қазақстан  территориясына шығыс жақтан  көптеген көшпелі тайпалардың  соның ішінде ғұндардың Батысқа  қарай қоныс аударуына байланысты, сақ және сариат тайпаларының  жалғасы – үйсін мен қаңлылар  ғұн тайпаларымен араласып, ассимиляцияға  түскен.

Б.з.б. I ғасырда Солтүстік  ғұндардың құрамына кірген көптеген  түркі тілдес тайпалардың бір  бөлігі Орталық Азиядан Тянь-Шань  арқылы өтіп, қаңлы тайпалық бірлестігімен  көрші-қолаң отырды, ғұндардың Қазақстанға  өтуінің екінші толқыны б.з. II  ғасырдың бірінші жартысында  орын алды. Бұл кезде Солтүстік  ғұндардың толып жатқан тайпалары  Шығыс Қазақстан мен Жетісуға  қоныс аударып VI ғасырға дейін  өмір сүрген Юэбань мемлекетін  құрды.

Ғұндардың біріктіруші  рөлінің арқасында сырттан келген  тайпалармен байырғы тұрғындардың  этникалық жақындасуы іске асты.

 

Қыпшақ хандығы (XI – XIII) Ертіс пен  Еділ арасындағы кең жерді  иемденді. Хандықтың құрылуына байланысты  этникалық процестер жаңа даму  кезеңіне аяқ басты. Бұл кезде  қазақ тілінің негізі - әдеби қыпшақ  тілі құрылып, сонымен бірге қазақтардың  өзіне тән антропологиялық кескіні  қалыптасты. Қазақ этногенезінде  қыпшақтар этнос ретінде маңызды  рөл атқарды, “Қазақ” сөзінің  шығу тегінің өзі қыпшақтар  мекен  еткен аймақтар- да пайда  болды.

Бірақ, осындай сапырылыс кезеңде  шығыстан кидандардың (қарақытай- лардың) шапқыншылығы болып, Қарахан мемлекетінің  жағдайы нашарлады. XIII ғасырдың басында  енді дамып келе жатқанда моңғол  шапқыншылығы басталды, сөйтіп халық  болып қалыптасу процесі тоқталды. Халық болып қалыптасу процесі XV ғасырға дейін, немесе 200 жылдай  уақытқа кешеуілдейді.

Қазақстан жерінде қаншалықты  жойқын шапқыншылықтар болғынымен  халық болып қалыптасудың негізгі  шарты тіл бірлігі жойылмады. Керісінше, уақыт өткен сайын  моңғол – шапқыншылығының өздері  жергілікті халықтың түркі тіліне, әдет-ғұрпына, салт-санасына көшіп XIV ғ. толық түркіленіп кетеді.

 

XIV-XV ғасырларда феодалдық қатынастардың  нығаюы негізінде Моғолстан, Ақ  Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай  Ордасында толассыз тоқтамай  жүріп жатқан феодалдық соғыстарға  қарамастан, халықтар арасында  өзара бірігу, топтасуға ұмтылу  процестері белең алды. Қазақстан-  ның ежелгі тайпалары тарихи-географиялық,  экономикалық және саяси жағдайларына  байланысты үш негізгі этникалық  шаруашылыққа топқа бөлінді. Олар:  Ұлы, Орта және Кіші жүз.  Ұлы жүз Сырдариядан бастап  Жетісу жерін түгел жайлайды.  Оның құрамына үйсін, қаңлы,  дулат, албан, суан, сіргелі,  ысты, ошақты, шапырашты, жалайыр,  шанышқылы, қатаған т.б. ру –  тайпалар кіреді. Орта жүз Орталық  Қазақстан аудандары мен Солтүстік  – Шығыс Қазақстанның бір бөлігін  қоныс етеді. Оның құрамында  қыпшақ, арғын, найман, қоңырат,  керей, уақ, тарақты тайпа –  рулары бар. Кіші жүздің мекені  – Сырдарияның төменгі жағы,  Арал теңізінің жағалауы, Каспий  ойпатының теріскей бөлігі. Оның  құрамындағы тайпалар одағы -  Әлімұлы (қаракесек, қарасақал,  кете, төртқара, шөмекей, шекті);  Байұлы (адай, алшын, жаппас,  алаша, байбақты, беріш, есентемір,  қызылқұрт, шеркеш, ысық, таз,  масқар); Жетіру (табын, тама,  кердері, жағалбайлы, кереит, төлеу,  рамадан). Жүздердің ұйымдасқан  уақыты, қалай құрылғаны әлі  жете зерттелмеген.

Әрбір жүздің тайпалары жалпы  шаруашылық мүдделер негізінде  топтасқан, өз шекарасында экономикалық  жағынан оқшауланған еді. Олардың  тілі, материалдық тұрмыс мәдениеті  жөнінен басқа жүздердің тайпаларынан  ешбір айырмашылығы болған жоқ. XV ғасыр қарсаңында бұл тайпалар  түрік тектес халық болып топтасты  да, кейінірек «қазақ» деген этникалық  ортақ атауға ие болды, сөйтіп  халықтың қалыптасу процесі негізінен  аяқталады. Бірақ ол кейбір себептерге  байланысты кешеуілдеп барып  іске асты. Оған қазақ халқының  этникалық құрамына кірген тайпалардың  бірнеше мемлекет құрамына енгені, кейбір жеке тарихи қалыптасқан  бөлшектердің бытыраңқылығы себеп  болды. XIV-XV  ғғ. көпте- ген жұрттың  көшіп-қонып, сапырылысуы орын алды.

 

Моңғол шапқыншылығынан кейін  барлық қазақ рулары мен тайпалары  Жетісуда алғаш рет бір мемлекетке  біріктірілді. XVI-XVII ғ. қазақ хандығының  шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз кезінде “Жерді біріктіру”  процесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен қазақ  хандарының бірі – Жәнібек  ханның ұлы Қасым. Қасым ханның  тұсында (1511-1523) феодал ақсүйектердің  қарсылығы әлсіреп, әскери қуаты  артты. “Тарихи – Рашиди”, “Шайбанинама”, т.б. деректерге қарағанда, қазақтардың  этникалық территориясының негізгі  аудандары қазақ хандығына Қасым  хан тұсында біріктірілген.

Хандықтың шекарасы батыста  Жайыққа, оңтүстік – батыста Сырдың  оң жағалауына, Аралдан Маңғыстауға  дейінгі жерлерді алып жатты. Оған Сыр бойындағы қалалар  қосылды, солтүстікте Қасым ханның  қол астындағы қазақтардың жайлау  қоныстары Ұлытаудан асты. Оңтүстік  – шығыста оған Жетісудың көп  бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады.

Бастапқы кездерде қазақ хандығының  саяси-әкімшілік және сауда экономикалық  орталығы Сырдария бойындағы  Сығанақ қаласы болды. Кейіннен  Түркістан қаласы қазақ хандығына  өткеннен кейін қазақ хандығының  астанаы Түркістан қаласы болды. Қазақ хандығы Түркістандағы  Ақ сарайда отырып билік жүргізген.

Қазақ хандығының нығаюы және  оның күшеюі мемлекеттік беделін  арттырып, сыртқы саясат пен дипломатиялық  қарым-қатынас саласында белгілі  табыстарға қол жеткізді. Қазақ  хандығы өмір сүрген Орта Азия  хандарымен, Еділ бойындағы елдермен, батыс Сібір хандығымен және  орыс мемлекеттерімен сауда және  дипломатиялық қатынас орнатты.

Қазақ хандығының негізін қалаушы  Жәнібек, Керей, Бұрындық хандар  – Ақ Орданың атақты ханы  Ырыс ханның мұрагерлері, Алтын  Орда мен Ақ Орданың 200 жыл ел  билеген дәстүрін дамытушы, әскери-саяси  және дипломатиялық күрес тәжірибесіне  бай адамдар болды. Ал Қасым  хан өте үздік шыққан мемлекет  қайраткері болды.

Қазақ хандығы алғашқыда Моғолстан  мемлекетімен достық қарым-қатынас  орнатып, Әбілхайыр ханның Жетісуға  төндірген қаупіне және ойрат- жоңғар тайпаларының Моңғолстанға  жасаған шабуылына қарсы күресті. Жошы тұқымынан шыққан хандармен  одақтасып Әбілхайыр ханның мұрагері  Шаих Хайдарды жеңді.

Қазақ хандығы Қасым хан тұсында  орыс мемлекетімен дипломатиялық  қатынас жасап, батыс Европаға  танылды.

Ұлы князь Василий III тұсында (1505-1533) Москва князьдығымен дипломатиялық  байланыс орнатты.

 

Қазақ хандығы Қасым  хан тұсында орыс мемлекетімен  дипломатиялық қатынас жасап, батыс  Европаға танылды.

Ұлы князь Василий III тұсында (1505-1533) Москва князьдығымен дипломатиялық  байланыс орнатты.

Қасым хан алғашқы қазақ  заңы – «Қасқа жолды» жарыққа  шығарды. Бұл заң қазақ арасында  бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып  ережелері негізінде жасалды.  Бұл заң сол кезде мұсылман  елдерінде жаппай қолданылып  жүрген ислам дінінің (шариғат) заңынан  өзгеше, көшпелі қазақ өміріне  үйлесімді байырғы заң болды. Сол үшін, ол Қасым ханның атымен  байланыстыры- лып: «Қасым ханның  қасқа жолы» деп аталды. Әйгілі  тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати  Тарихи Рашиди кітабінда: «Қазақ  хандары мен сұлтандары арсында  Қасым хандай құдіретті ешкім  болған емес» дейді. Қасым хан  өлгеннен кейін сұлтандар мен  феодалдардың өзара бақталасы, қырқысы  күшейді. Сыртқы саяси жағдай  қолайсыз болып  тұрған кезде, өзара қырқысуының зиянды зардаптары  хандықты әлсіретуге әкеп соқты.

Өзара тартыс кезінде  Қасым ханның ұлы және мұрагері  Мамаш қаза тапты.

XVI ғ. – II жартысында  әлсіреген хандықты біріктірерде  Қасым ханның баласы Хақназар  (Ақназар) (1538-1580) өз үлесін қосты.

Ол 42 жыл биледі. Хақназар  хан – таққа отырған соң  хандық үкіметінің билігін нығайтуға  қажырлы күш жұмсады. Өзінен бұрынғы  Таһир хан мен Бұйдаш хан  тұсындағы бытыраңқылықты қайта  қалпына келтірді.

Ол билік құрған кезде  сыртқы саясатта аса ірі тарихи  оқиғалар болды. Бұл кезде батыста  күшейе түскен орыс мемлекеті  шығысқа қарай іргесін кеңейтіп 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы  Астрахань хандығын Россияға  бағындырды. Осыған байланысты, Еділ  мен Жайық арасында ұлан-байтақ  өңірді мекендеген Ноғай Ордасы  ыдырай бастады. Ноғай ордасын  билеген маңғыт мырзаның арасында  үкімет билігіне таласқан феодалдық  қырқыс күшейді, бұл халық бұқарасын  күйзелтті.

 

Хақназар тұсында Қазақ хандығының  күшеюі Ноғай ордасындағы қазақ  тайпаларын қызықтырып өзіне  тартты, кейіннен келіп қосылды.

Хақназар хан қаза болғаннан  соң, оның орнына Жәдік сұлтанның  баласы Әз Жәнібек немересі  Шығай (1580-1582) хан болды.

Ол билік құрған кезінде Хақназарды  өлтірген Бұхар ханы Абдолла II (1557-98) тұсында Ташкент маңын билеген  Норазахмет (Барақ) ханның баласы  Баба сұлтаннан өш алумен болды. Сол жорық кезінде қайтыс болды.

Шығай ханның орнына отырған  Тәуекел хан (1586-1598) тұсында Ресей  мемлекеті мен қазақ хандығы  арасында дипломатиялық қатынас  күшейе түсті. Ресейдің мұндағы  мақсаты: Қазақ хандығымен одақтасып, Сібір ханы Көшімге қарсы күресу, осы одақтасты пайдаланып, Орта  Азия хандарымен келіссөз жүргізу  еді. Тәуекел хан Орта Азияның  сауда орталықтарына шығу үшін  белсене күресті.

1583 жылы ол бұрынырақ Бұқарамен  жасалған шартты бұзып, Сырдария  бойындағы қалаларды алып, Ташкент,  Андижано, Акси, Самарқанд сияқты  қалаларды қазақ хандығына қаратты.  Бұқара қаласын қоршауға алған  кезде Тәуекел хан жараланып  қайтыс болды. Тәуекел алғаш  рет 1594 жылы Мәскеуге достық  қарым-қатынас орнату мақсатында  Құлмұхаммед бастаған қазақ елшілігін  жіберді.

 

Қазақ хандығы – көшпелі  және жартылай көшпелі мал  шаруашылығы- мен айналысқан феодалдық  мемлекет болды.

 Оның көшпелі және жартылай көшпелі далалық өңірінде патриархалдық – феодалдық қатынас басым болды, ал отырықшы, егінші аймақтарда феодалдық қатынас қалыптасты. Қазақ хандығында облыстық басқару жүйесі емес, ұлттық (ру-рулар бойынша) басқару жүйесі қолданылды. Басқару жүйесінде ру-тайпалық тәртіп сақталып отырды. Туыстығы жақын он шақты түтін бір ауыл, ал жеті атадан тараған бірнеше ауыл бір ата (аймақ) болды. 13-15 атадан қосылатын аймақтар бір ру болды. Осы рулардан тайпа құралды. Қазақ қауымы үш жүзге бөлінді. Ол қазақ хандығына бағынды. Хан – қазақ хандығының азаматтық, әскери, әкімшілік және сот құқын қолына ұстады.

Жүздерді кіші хандар, ұлыстарды сұлтандар, тайпаларды  билер, руларды ру басылары, аймақтарды (аталар) ақсақалдар, ауылдарды ауыл  ағалары басқарды. Бұл жеті сатылы  басқару жүйесі көшпелі екінші  қазақ қоғамында тым ертеден  келе жатқан тәртіп болатын.

Мал шаруашылығымен айналысқан  қазақтар далалық өңірлерде қой, жылқы, түйе және сиыр өсірді. Мал – жылдың төрт маусымында  табиғи жайылымдарда бағылды. Талай  ғасырлық тәжірибеден туған шаруашылық  басқару тәсілі жайылымдарды  маусымға қарай пайдалану тәртібін  қалыптастырды.

Информация о работе Қазақ хандығының XVII-XVIII ғасырдағы экономикалық шаруашылық, әлеуметтік жағдайы, қазақ халқының мәдениеті