Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2012 в 10:48, контрольная работа
Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан территориясында XIV- XV ғ. болып өткен әлеуметтік –экономикалық және этникалық – саяси процестердің заңды қорытындысы болды. Тарихи әдебиетте В.В.Вельяминов-Зерновтан бастап , Шығыс-Дешті Қыпшақтың көшпелі тайпаларының 1 бөлігін Жошы ұрпағы Керей мен Жәнібектің басшылығымен Шу мен Талас өзендерінің жазығына көшуі Қазақ хандығы құрылуының басталуы болды деген пікір бар.
Кіріспе.
Қазақ хандығының құрылуы.
Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы.
Тәукенің кезіндегі Қазақ хандығы.
Жеті жарғы.
Қорытынды.
Кіріспе
Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан территориясында XIV- XV ғ. болып өткен әлеуметтік –экономикалық және этникалық – саяси процестердің заңды қорытындысы болды. Тарихи әдебиетте В.В.Вельяминов-Зерновтан бастап , Шығыс-Дешті Қыпшақтың көшпелі тайпаларының 1 бөлігін Жошы ұрпағы Керей мен Жәнібектің басшылығымен Шу мен Талас өзендерінің жазығына көшуі Қазақ хандығы құрылуының басталуы болды деген пікір бар. Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы төтенше маңызды оқиға болды. Ол улан – байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктуде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші роль атқарды. 1456 жылы Керей мен Жәнібек ханның Әбілқайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап Шығыс Дешті – қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоңыс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға болған еді. Бұл оқиғанның мән-жайы мынадай болатын: 1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде өкімет үшін өзара қырқыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілхайыр құрған «көшпелі өзбектер» мемлекеті пайда болды. Осы мемлекеттің территориясы XV ғ. орта шенінде Сырдариядан Сібір хандығына дейінгі Ұлан байтақ жерді алып жатты. Алайда бұл мемлекеттің ішіндегі өкімет үшін күрес бір сәтте толастаған жоқ. Әбілхайыр хан өзінің саяси душпандарын-Жошы әулетінен шыққан султандарды құдалауын тоқтатпады. Өкімет үшін күрес барысында Дешті – Қыпшақтан өздерін қолдайтын жеткілікті күш таба алмаған Ұрыс ханның шөберелері-Керей мен Жәнібек XV ғ. 50 жылдары орта шенінде қарамағандағы ауылдарымен Шу өзенінің бойына көшіп кетуге мәжбүр болды. Осы оқиғалар жөнінде Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің “Тарихи -Рашиди” атты шығармасында былай деп жазады: «Ол кезде Дешті-қыпшақ Әбілхайыр хан биледі және Жошы әулетінен шыққан султандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Керей мен Жәнібек Моғолстанға көшіп барады. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Манғолстаның батыс жағындағы Шу мен Қозыбас аймақтарың берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр (1468 ж.) дүние салды да, Өзбек ұлысының щаңырағы шайқалды. Ірі –ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей мен Жәнібекке көшіп кетті. Сүйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер- «қазақтар» деп атады. Қазақ султандары 870 жылдары (1465-1466 жж.) билей бастады» . Сөйтіп, 1465-1466 жылдыры Шу мен Талас өзендерінің алқабында Қазақ мемлекетінің негізін салған дербес қазақ хандығы құрылды. Осы территорияға деректемелерде тұңғыш рет «Қазақстан» деген атау қолдынала бастады..
Қазақ хандығының нығаюы. Тарихи
деректемелер алғашқы қазақ хандарының
хандықтың территориясын
1.Мал жайылымдарын
2.Шығыс пен Батыс арасындағы сауда керуен жолы үстінен орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Ясы (Түркестан) т.б. қалалары қазақ хандығына карату. Бұлар осы өңірдегі саяси- экономикалық және әскери- стратегиялық берік база болатын.
3.Қазақ тайпаларының
басын қосып, қазақтың
Сырдария бойындағы қалалар мен Дешті – Қыпшақ даласы үшін күресте қазақ хандығының басты бәсекелесі және ата жауы Әбілқайыр хан еді. 1468 жылы қыста ол қазақ хандығын қиратпақ болып, Жетісуға жорыққа атанды, бірақ сапары сәтсіз болып, жорық жолында қаза тапты. Әбілқайырдың қаза болуы қазақ хандығының ңығайуына және территорияның көлемінің кеңеуіне үлкен себеп болды. Ол өлгеннен соң, оның елігінде қиян-кескі феодалдық қырылыс басталып, хандық ыдырай бастады. «Өзбек ұлысының» шаңырағы шайқалды, ірі шиеліністер басталды. Оның қарамағындағы үлкен бөлігі Керей мен Жәнібек ханға көшіп кетті. Мұндай тиімді жағдайды дер кезінде пайдаланған қазақ хандары Керей мен Жәнібек бұдан 12 жыл бұрын өздері ауып кеткен ата қоңысы Шығыс Дешті-Қыпшаққа қайта оралды. Қазақ хандары Әбілхайыр ханың мұрагерлеріне қарсы күресті. Олардың саяси қарсыластары- Ахмед хан мен Махмұд Батыс Сібірдің билеушісі Ибақ хан мен сондай-ақ Ноғай одағын билеген мырзалармен одақтасып, бірге күрес жүргізді. Әбілхайыр ханың орнына отырған мұрагер баласы Шайх Хайдар бұл күресте мүлде жеңіліп, өлтірілді, ал Әбілхайырдың немерелері Мұхаммед Шайбани мен Махмұд султан Астраханға барып паналады. Әбілқайыр ханның мұрагерлермен күресте толық жеңіске жеткен қазақ хандығы Әбілхайыр хан 40 жыл билеген Шығыс Дешті –Қыпшақ даласын және ондағы көшпелі тайпаларды бірте-бірте өзіне қосып алды. XV ғасырдың 70 жылдарында қазақтар Сырдария бойымен оған жалғас Қаратау өңірінің бірсыпыра территориясын басып алды. Сөйтіп, қазақ хандығының территориясын әлқайда кеңейіп, нығайды. Оған тұс-түсынан қазақ тайпалары келіп қосылып жатты. Алайда, Сырдария жағасындағы қалалар үшін Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбани мен күрес отыз жылдан астам уақытқа созылды. Ол осы соғыстарда бірде Әмір-Темір әулетіне, бірде ноғай мырзаларына, ақырында Моғолстан хандарына сүйенді. XV ғасырдың ақырында Отырар Яса (Түркестан) Орхон, Бозкент қалалары мен Түркістан аймағының бір бөлігі Мұхаммед Шайбаниге қарады да, Сығанақ, Сауран, Созақ қалалары мен Туркістан аймағының солтүстік бөлігі Қазақ хандығының иелігіне қалды. Ташкент пен Сайрам қалаларын Моғолстан ханы султан Махмұд биледі. Қазақ хандары Дешті –Қыпшақты басып алуға умтылғандардың бірінен соң бірін жеңіп, өз иеліктерін едәуір ұлғайтты. Қазақ хандығының нығайюы Шайбани ханды Шығыс Дешті –Қыпшақ тайпаларының біраз бөлігінен Мауараннахрға ығысуға мәжбүр етті. Ол 1500 жылы ондағы Әмір Темір әулетін талқандап, Мауараннахрды жаулап алды да, Шайбани әулетінің негізін қалады. Мұхаммед Шайбани ханға ілесіп Мауараннахрға енген көшпелі тайпалар бірте – бірте жергілікті отырықшы халыққа сіңіп, олардың тілі мен мәдениетін қабылдап, өздерінің бұрынғы Дешті –Қыпшақтағы өзгешіліктерінен бірте-бірте айырылды. Бұл көшпелі тайпалар Дешті –Қыпшақтан ала келген «өзбек» деген атау бірте-бірте Мауараннахрдың байырғы тұрғындарына жалпыласты. Бірақ олар «өзбек» деген аты болмаса, жергілікті халықтың тұрмыс- тіршілігіне ықпал жасай алмаған. XV ғасыр мен XVІ ғасырдың арасында (1500 жыл) Мұхаммед Шайбани ханның Дешті –Қыпшақтан ығысып жаулап алуы Орта Азия тарихындағы, әсіресе қазақ пен өзбек үшін елеулі оқиға болды. Бұл ең алдымен қазақ хандығының жерін кеңітіп, беделін арттырып, ерікті елдігін нығайтты. Бұрынғы дәуірлерде бытыранқы болып келген қазақ тайпаларының басын бір жерге қосуға, қазақтың этникалық территориясын біріктіруге, сонау қола ғасырдан басталған қазақтардың халық болып қалыптасу барысын біржолата аяқтатуға мүмкіндік берді. Бұрын Ақ Орда мен Әбілқайыр хандығында қолданылған «өзбек- қазақ» деген жалпы атау бір-бірімен ажырады. «Қазақ» термині бірте-бірте Шығыс Дешті –Қыпшақ пен Жетісада қалыптасқан халықтың тұрақты атына айналды. «Өзбек» термині Мұхаммед Шайбаниге еріп кеткен тайпалардың этникалық атауы ретінде Орта Азияда ғана қолданылатын болды.
2. Қасым хан тұсындағы қазақ хандығы. Қасым ханның “Қосқа жолы ” заңдары.
Қасым ханның сыртқы саясаты. Шыңғыс-хан ұрпақтары үстемдік еткен Алтын Орда, Ақ Орда, Шағатай хандықтарының ыдырауына байланысты Шығыс Дешті –Қыпшақ даласы мен Орта Азия өңірінде жарыққа шыққан ұтқымалы ұсақ хандықтардың және осы хандықтардың тәж-тағына таласқан хандар мен султандар басқарған түрліше феодалдық топтардың тынымысыз қырқыстарынан, соғыстарынан қалжыраған халық бұқарасы бұл тартыстарды тиятын, аласапыранды аяқтататын біртұтас мемлекетті арман етті. Бұл өз алдына бейбіт өмір өткізуді аңсаған қазақ халқының көкейтесті мүдесі еді.
Қазақ хандығының құрылуы
мен нығаюы ішкі феодалдық
қырқыстар мен
Құқық (право). Қасым хан
өзі билік жүргізген жылдары
қазақ қоғамындағы құқық-
Бұрынғы заң-қағидаларға енгізген ережелері мынау:
1.Мүлік заңы (мал –мүлік, жер-су, қоныс дауларын шешу ережелері).
2.Қылмыс заңы (кісі өлімі, ел шабу, мал ұрлау, ұрлық т.б. қолданылатын жазалар).
3.Әскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, тұлпар ат, ердің құны т.б.).
4.Елшілік жоралары (шешендік, әдептілік, халықаралық қатынастардағы сыпайлық, сөйлеу мәнері).
5.Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас-той, мерекелер мен жиындардағы ережелер, жылу, асар т.б.) Сөйтіп, Қасым хан ел басқару ісін бір жүйеге келтірген алғашқы заң жинағын дүниеге әкелді.
Қасым ханның қазақ
хандығын күшейту, қазақ
3. Қазақ хандығының қайта дәуірлеуі . Хақназар хан (1538-1580 жж).
Қасым ханнан кейінгі қазақ хандығының саяси жағдайы.
Қасым хан тұсында қазақ хандығының нығайғанына қарамастан , ол әлі орталықтанған мемлекет бола қоймады, мұның өзі Қасым хан өлгеннен кейін бірден байқалды. Қазақ хандығын нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсаған Қасым хан қайтыс болғаннан соң, оның мұрагерлері арасында өкімет билігіне таласқан ішкі енжарлық пен феодалдық қырқыстар туды. Сыртқы саяси жағдай қолайсыз болып тұрған кезде өзара қырқысудың зиянды зардаптары хандықтың жай – күйіне қатты батты. Қазақ билеушілеріне қарсы монғол және өзбек хандарының одағы қалыптасты. Өзара қырқысу кезінде Қасым ханның мұрагері Мамаш көп ұзамай қаза тапты. Бұдан соң Қасымның немере інісі Тахир хан болды (1523-1533 жж.). Тахир хан әскери – саяси істеріне олақ, дипломатиялық дарыны жоқ, қол астындағыларға қатал,қытымыр адам болды.Ол ішкі енжарлық пен феодалдық қырқыстарды тия алмады, бұған қарамастан төңіректегі елдердің бәрімен жауласты. Қазақ хандығымен үнемі дүшпандасып жатқан Шайбани әулетімен ғана емес, қазақ хандығының сенімді одақтасы болып келкен Ноғай ордасындағы маңғыт мырзаларымен де, Моғолстан хандарымен де жауласты. Ішкі саясатта халыққа рақымсыз қаталдық істеу, сыртқы саясатта дос пен қасты айырмай төңіректің төрт бұрышымен түгел жау болу оны жеңіліске ұшыратты. Тахир хан қазақ хандығының барлық жеріне түгел билік жүргізе алмады. Оның тұсында феодалдық қанаудың күшеюінен, оның үстіне Тахирдің қол астындағыларына қаталдығына наразы болған халықтар үнемі одан айырылып көшіп кетіп отырды. Мұхаммед Хайдар Дулатидің айтуынша: алғашқы Тахир хан қол астына Қарахан 1 миллион адамнан кейін 400 мыңдай адам қалған, бастапқыдағы он лек әскерден кейін 2 лек әскер қалған екен . 1533 жылы Тахир хан қайтыс болғаннан соң, қазақ хандығына Бұйдаш (1533-1534 жж.) хан болды. Ішкі енжарлық қырқыстар мен феодалдық соғыстар Бұйдаш хан тұсында да туып отырды. Сөйтіп, қазақ хандығы әбден әлсіреп, бірнеше иеліктерге бөлініп кетеді. Мәселен, Қазақстанның батыс аудандарында Ахмед хан, Жетісуда Тоғам хан болғаны белгілі. Міне, бұл Қасым хан қайтыс болған соң туылған ішкі енжарлық пен феодалдық қырқыстар салдарынан қазақ хандығының 3 бөлікке бөлініп кеткендігінің белгісі. Сөйтіп, Қасым хан қайтыс болған соң қазақ хандығына туылған саяси дағдырыс 15 жылға созылды. Ішкі енжарлық қырқыстар мен феодалдық соғыстардың ауыртпалығы және күн санап күшейген феодалдық езгі мен қанау халық бұқарасын қатты күйзелтті. Сонымен қатар қазақ хандығын да әбден әлсіретті. Хақназар (Ақназар) хан. Қасым ханнан кейінгі бүліктердің салдарынан әлсіреген хандықты нығайтып,біріктіруге Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538-1580 жж.) әрекет жасады. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару,әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті. Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тахир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен қазақ хандығын қайта біріктірді. Ноғай ордасындағы феодалдық топтардың күресін пайдалана отырып, Хақназар ноғай мырзаларының көбін өз жағына шығарып алып, Жайық өзенінің сол жағындағы территорияны қосып алды. 1557 жылы ноғай мырзасы Исмаил орыс патшасы IV Иванға менің немерелерім, туыстарым Жайықтың арғы бетінде қалып, қазақ ханына қосылып кетті деп хабарлады* (Вельяминов –Зернов В.В. Исследование о Касимовских царях и царевичах, ч.2, с.333). Жайық өзеніне жапсарлас жатқан дала үшін күрес XVI ғасырдың 60-шы жылдарында да жалғаса берді. 1568 жылы орыс патшасы Ноғай ордасына жіберген Семен Мальцев “Ақназар патша мен Шығай ханзадының және Жалым ханзаданың қазақ ордалары және олармен бірге 20 ханзада Ноғайға келіп , ұрыс болды ”, - деп хабарлады. Бұл жеңістің нәтижесінде Ноғай жерлерінің бір бөлігі Хақназардың билігіне көшіп, қазақ хандығының жерін кеңейтіп, күш қуаты мен беделін арттырды, тарихи деректемелерде қазақ ханы “Хақназарды қазақтар мен ноғайлардың ханы” деп атаған. XVI ғасырдың ортасында ауыр дағдарысқа ұшыраған Ноғай ордасы ішкі феодалдық қайшылықтар мен қырқыстардың және халық бұқарасының феодалдық үстемдікпен қанауға қарсы күрестерінің нәтижесінде бордай тозып, 1569 жылдан соң мемлекет ретінде өмір сүруден қалды. Бұрын Ноғай ордасына қараған қазақ тайпалары және олардың этникалық территориясы Қазақ хандығына бірікті. Бұл Қазақ хандығының қазақ тайпаларының және қазақтардың этникалық территориясын біріктіру жолында Хақназар ханның жасаған жеңісті қадамдарының бірі еді. Ноғай ордасының ыдырауы, оған қарасты қазақ тайпалары мен олардың мекендеген жерлерінің Қазақ хандығына қосылуы хандықтың Батыс – солтүстік жағындағы жағдайда өзгеріс тудырды. Орыс мемлекеті мен Қазақ хандығы арасындағы кең өңірді алып жатқан Ноғай ордасының ыдырауы, оның бір бөлігінің орыс патшасына бағынуы, шығысқа қарай кеңейіп келе жатқан орыс мемлекетінің шекарасын қазақ хандығына жақындата түсті. 1563 жылы Сібір хандығының билігін тартып алған Көшім хан ендігі жерде Қазақ хандығына дұшпандық позиция ұстады. Оның үстіне моғол билеушілері мен Қазақ хандығы арасында да қақтығыстар болып отырды. Осындай күрделі жағдайлармен есептескен Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Сырдария бойындағы Қазақ хандығының үнемі жауласып келген МауараннахрдағыШайбани әулетімен одақтастық байланыс орнатуға ұмтылды. Орта Азиядағы ең ірі қалаларының бірі Ташкентті басып алуға бағытталған әскери қимылдарын тоқтатты. Сөйтіп, Шайбани Әулетінен шыққан Бұхара ханы Абдолла екінші мен Қазақ ханы Хақназар қастаспай дос болып, өзаракөмектесу жөнінде «анттастық шарт» жасады, Хақназар ханның бұл дипломатиялық шарасы маңызды болды. Сонымен, Хақназар хан тұсында соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың орта Азия халқымен сауда – саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы одан әрі өрістеді. Мұның өзі Қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға, халқының шаруашылық өмірінің оңалуына тиімді болды. Сонымен қатар Қазақ хандығы нығайып, қайта дәуірлей түсті.
4. Тәуке хан және оның билік құрған жылдары (1680-1718). «Жеті жарғы» заңдары.
Тауке ханның ішкі саясаты. Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар үшін ұзақ уақыт бойы жүргізген күресі XVI ғасырдың аяғында Түркістан мен оның қалаларын және Шайбани әулетінің аса ірі жері–Ташкентті Қазақ хандығының құрамына қосумен аяқталды. Бұл территорияларды Қазақ ханының құрамына қосу туралы 1598 жылғы шарт Мауараннахрдың Шайбани әулетінің орнына келген жаңа Аштархани Әулетінің өкілімен жасалды. Сөйтіп, Сырдария бойындағы қалалар үшін, Оңтүстік қазақстанның территориясы үшін бір жарым ғасырға созылған күрес уақытша аяқталды. Алайда, Есім ханнан (1598-1628 жж.) кейін Қазақ хандығының жағдайы одан сайын нашарлай түсті, феодалдық қарқысулар ұлғайып, жоңғарлар Жетісудің бір бөлігін уақытша басып алып, бұл өңірде көшіп жүрген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Бұхара әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды ығыстыра бастаған кезде, қазақ ханы Жәнгір (1628-1652 жж.) Бұхара хандығымен одақтасып, жоңғар феодалдарынның шабуылына қарсы күресті.
Жәнгір хан өз өмірінің деңін жоңғарлардың шапқыншылығына тойтарыс берумен өткізіп, оларға қарсы үшінші рет 1652 жылы болған шайқаста Жәнгір хан өлтірілді. 1680 жылы хандықтың тағы Жәнгірдің баласы Тәуке ханға (1680-1718 жж.) көшті. Тәуке хан 1680 жылы таққа отырғанда Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайлары мәз емес еді. Феодал шонжарлардың арасында бақталастық пен алауыздықтар күшейе түстіп, әрбір сұлтан өз иелігіндегі ұлыстарды жеке-дара билеп, дербестенуге тырысты. Қазақ жүздерінің арасында бұрыннан келе жатқан байланыстар нашарлап, олар бір – бірінен оқшаулана түсті. Үш жүз үшке бөлініп, сөз жүзінде қазақтың ұлы ханына тәуелді болғанымен іс жүзінде өз алдына билік жүргізді. Бұл жағдайлар жалпы қазақ халқын біріктіріп, сыртқы шапқыншылықтан қорғануға кесірін тигізді. Алауыздық пен өзара дау-жанжал, қақтығысқа белшісінен батқан қазақтарға Шығыстан, Арқадан төтеп берген жоңғарлардың шабуылы күшейе түскен еді. Осындай қиындық кезеңде хандық құрған Тәуке алдымен Россия және оңтүстіктегі көрші елдермен қарым – қатынасын түзей отырып, қазақ қоғамының ішкі дау-жанжалды, барымтаны тежемей, уақ хандықтардың уақытша болсада ынтымақтастығын көздемей тұрып, сыртқы жаулар мен батыл күресуге болмайтынын ол жақсы түсінді. Хандық билігін күшейтуге бағытталған ірі-ірі өзгерістер жасады. Тәуке өзінің саясатын феодалдық билер мен шонжарларға, батырларға сүйеніп жүргізді. «Xалық кеңесі» мен «Билер кеңесін» тұрақты орган ретінде қалыптастырып, олардың рөлін арттырды. Жыл сайын белгілі бір мерзімде Күлтөбеде 3 жүздің басын қосқан жиын өткізіп тұрды. Тәуке ел бірлігі бұзылуының ұйтқышылары феодал ақсүйектер мен сүлтандарды әлсіретуге, мемлекеттік құрылысты күшейтуге тырысты. Жүздер мен ұлыстар арасындағы күрделі тартыстар билер кеңесінде, абыройлы да әділетті де Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, т. б. билер адында шешілді. Тәуке билікті өз қолына алды. Өзінің алысты болжағыш саясаткер екендігін елге таныта білді. Оның қолына ең маңызды көш – қоңысты белгілеп бөліп беру, алым - салық салу, сот ісі, қарулы күш т.б. қызмет түрлері жинақталды. Сыртқы жағайды назарда ұстап, кәмелетке толғандарға 5 қарумен жүруді міндеттеген. Сөйтіп, «қара қазаққа» сүйенген Тәуке хан көп нәрсе ұтты. Өйткені билер кеңесі барлық румен тығыз байланыс орнатып, ел бірлігін халық көкөйіндегі көкейтесті мәселелерді: қөш- қоныс, ел тыныштығы, сыртқы жаудан қорғану, т.б. талқыланды. Ақыры, билер кеңесі ханның кеңесу органына айналып, зор саяси маңызға ие болды. XVII ғасырдың аяғында қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы өте шиелінісе түті. Халық басына қиын да қилы заман орнады. Сыртқы душпандар жиі торуылдай бастады. Ал қуатты сұлтандар өздерінің иілігіндегі ұлыстарды жеке – дара билеп, дербестенуге бой ұрды. Сондықтан Тәуке елдің ауыз бірлігін нығайтатын шаралар қарастыра бастады.