Қазақ хандығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 09:15, реферат

Описание работы

Қазақ хандығының пайда болуы Шығыс Дешті Қыпшақтың, Жетісу мен Түркістанның кең-байтақ аумағындағы әлеуметтік-экономикалық процестердің заңды қорытындысы бодды. Аралас экономикалы, көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшы-егіншілік, қала шаруашылығы қалыптасқан өлкелердің табиғи интеграциясы негізінде ХІV-ХV ғасырларда тұтас экономикалық ауданның құрылуы аймақтың бүкіл жерінің бір саяси құрылымға бірігуіне қолайлы жағдай әзірледі. Аймақтың көшпелі және отырықшы халқының э

Содержание

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ

1.1 Қазақстан аймағында қазақ мемлекеттігінің қалыптасуы мен дамуы
1.2 Халықты этникалық жағынан топтастыру
1.3 Қоғамдағы экономикалық өзгерістер
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

Казак хандыгы.doc

— 76.00 Кб (Скачать)

    Қазақ хандығының, қазақ мемлекетінің құрылу себептері әлеуметгік-эко-йомикалық факторлардың тұтас кешенінде, қоғамдық қатынастардың одан әрі дамуында жатыр. Әбілқайыр сынды рулық-тайпалық үстем таптың фео-далдық қүқықтарын қорғаушыдан айрылған шонжарлардың мүдделері оның немересі Мұхаммед Шайбани ғана емес, сонымен қатар бөлініп кеткен қазақ хандарынан да неғұрлым құдіретті қамқоршы іздестіруде болып табылады.

    Көшіп кету қазақтардың екі тобын —  Орта және ¥лы жүз тайпаларын бір мемлекетке байланыстыру, жаңа саяси бірлестіктің құрылуына себеп бодды. Хандық көшіп кегу басталғаннан кейін 10 жыл өткен соң ғана кұрылды. Оның қүрылуы Әбілқайыр билігі құлауының және бүкіл Қазақстан аумағында, барлық қазақтарға, соның ішінде Кіші жүзге де Жошы ұрпақгарынащгараған Ақ Орда тармағы хандарының билігі орнатылу себептерінің бірі болды, ал Кіші жүз аумағына сол кезде- ақ Жәнібек хан, одан соң Бұрындық, әсіресе Қасым хан өз ықпалын таратқан еді.

    Ақ  Орда мемлекетінде, Әбілқайыр хандығывда, Ноғай Ордасы мен Моғол-станда мемлекеттік даму, шаруашылық, мәдениет саласында монғолдар жау-лап алуының теріс зардаптарын біртіндеп жоюмен бірге XIV—XV ғасырларда ^.қазақ халқының одан әрі бірігу, топтасу процесі жүріп жатгы.

    Бұл мемлекеттердің бәрінің — Қазақ хандығы ізашарларының құрылуы прогресшіл болғаны күмәнсіз. Ақ Орданы да, Әбілқайыр хандығын да Шыңғ-ыс ұрпақтары басқарғанымен, Алтын Ордадан айырмашылығы сол — олар жергілікті тайпалар одағының негізінде, шын мәнінде — қалыптасқан қазақ халқыньщ негізіңде пайда бодды. Өйткені Әбілқайыр хандығьшан да көптеген көшпелілер, солардың ішінде 200 мың қазақ көшіп кетіп, «Жәнібек пен Керей маңына жиналды» (ал олар да «кошунат-и узбек», яғни өзбек әскері деп атал-ды). Әскербасыларының көбі Әбілқайырдың мирасқоры Шайх-Хайдардан кетіп, Жәнібек пен Керейге қосылды. Мұхаммед Шайбанимен бірге Орта Азияға бүрьшғы Әбілқайыр хандығының рулары мен тайпаларының азын-аулақ бөлігі ғана кетті.

    XIII—XIV ғасырларда Қазақстанда татар-монғол  жаулап алушыларының билігі Жошы ұлысының батыс бөлігі Алтын Ордадағы сияқты тікелей болған жоқ, қайта «бұл далада монғол-татар ақсүйектерінің үлыс басқаруының да-мымағандығы себепті жергілікті шығыс-қыпшақ ақсүйектерімен едәуір дәре-жеде жанама түрде» болды. Мұндағы ұлыстар — жергілікті феодалдардың нақгы феодаддық иеліктері. Едіге мен оның ұрпақтарының, Шайбани мен оның ұрпағы Әбілқайырдың ұлыстары, Үрұс хан мен Барақтың мұрагерлері Жәнібек пен Керейдің ұлысы осындай жеке феодалдық иеліктерді құрады. Қазақ мемлекетгігінің калыптасу процесінде жергілікті феодал шонжарлар-дьщ Алтын Орда хандарына тәуелсіз қоғамдық-саяси рөлі елеулі болды. 
 
 
 
 
 

    ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 

    1. Қазақстан тарихы, І том
    2. Қазақ тарихы
    3. Қазақстан тарихы, очектер
    4. Қазақстан тарихы, ІІ том

Информация о работе Қазақ хандығы