Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 17:59, реферат
Дегенмен, бұлай алысқа ұзамай-ақ қояйық. Қазақстанның өзінде бірқатар тарихшы өздерінің зерттеу жұмыстарының нәтижесін жариялаймыз деп, көптеген адамның ашу-ызасын оятты. Егер іс ашу-ызамен шектеліп қана қойса. Кейде ол ашу-ыза ресми сипат алады. Ал биліктің ашу-ызасы туса, кінәлі деп табылғандар жауапқа тартылады. Содан кейін жазаға кесілген тарихшы көтерген тақырыпты қалған жұрт ұзақ уақыт айналып жүреді.
Осылайша 1952 жылы сол кездегі көрнекті тарихшылар Е.Бекмаханов, Б.Сүлейменов тұтқындалып, 25 жылға сотталып кетті. Оларға «буржуазиялық ұлтшылдар» деген айып тағылды.