Қазақ хандығы мен орыс мемлекетінің арасындағы байланыстың күшею

Автор: e*******************@gmail.com, 28 Ноября 2011 в 09:25, доклад

Описание работы

Қазақ-Ресей байланысының ұзақ тарихы бар. Ол сонау ХВЫ ғасырдан бастау алады. Ол кезеңде олар, негізінен, дипломатиялық және сауда-саттық қатынастарымен шектелді. Мәселен, Орта жүз қазақтарының ХВЫ ғасырда Строгановтармен сауда байланыстары- ның болғаны мәлім. ХВЫЫ—ХВЫЫЫ ғасырларда Батыс Сібірдің әскери жоне шенеуніктік тобы қазақтарды қырғыздар деп кате атап келді. Орыс империясының Батыс Сібірді баса-көктеп шығысқа қарай жылжи түсуіне бір кезде

Работа содержит 1 файл

Қазақ хандығы мен орыс мемлекетінің арасындағы байланыстың күшею.doc

— 53.50 Кб (Скачать)

Қазақ хандығы  мен орыс мемлекетінің арасындағы байланыстың  күшею 

Қазақ-Ресей  байланысының ұзақ тарихы бар. Ол сонау  ХВЫ ғасырдан бастау алады. Ол кезеңде  олар, негізінен, дипломатиялық және сауда-саттық қатынастарымен шектелді. Мәселен, Орта жүз қазақтарының ХВЫ ғасырда Строгановтармен сауда байланыстары- ның болғаны мәлім. ХВЫЫ—ХВЫЫЫ ғасырларда Батыс Сібірдің әскери жоне шенеуніктік тобы қазақтарды қырғыздар деп кате атап келді. Орыс империясының Батыс Сібірді баса-көктеп шығысқа қарай жылжи түсуіне бір кезде Сібірді мекен еткен ер жүрек қырғыздар (нағыз қырғыздар) табан тіресе қарсылық көрсеткен болатын. Сол қырғыздардың атын орыстардың кейінгі кезде қазақтарға қателесіп бергені анықталды. Түбі бірге туысқан екі халықтың шынында тілі де бір, көшпелі өмір салты да, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері де өте үқсас екені рас. Кейіннен бұлар, яғни қазақтар мен қырғыздардың, өз алдына бөлек туысқан екі халық екеніне көз жеткізген орыстар қазақтарды «қырғыз-қайсақтар» немесе жалпылама «қырғыздар» деп атап кетті, ал нағыз шын қырғыздарды «тау-тас қырғыздары», «қара қырғыздар» немесе «буруттар» деп атады. Қазақтарға олардың байырғы тарихи өз аты қайтарылмады. Өйткені Ресейде бұл кезде «казак» деген ұқсас атпен әскери сословие пайда болған еді.

Қазақ хандығының Ресеймен белсенді араласқан байланысы ХВЫЫЫ ғасырдың алғашқы үштен біріндегі кезеңге сәйкес келеді. Ондай байланысқа екі жақ та мүдделі болды. Қазақтардың билеушілері өздерінің солтүстіктегі көршісімен сауда-саттық байланысын орнатуға көбірек мүдделілік танытты. Олар өз тарапынан Ресеймен әскери одақ құруға бірнеше рет әрекет жасады. Өйткені шығысындағы Жоңғариямен әскери-саяси тұрғыда қарама-қарсылық туындай бастаған болатын. Ресеймен әскери одақ құру әрекеті алғаш рет ХВЫЫЫ ғасырдың бас кезінде жасалды. 1716 жылы Қайып хан Ресейге елші жіберіп, жоңғарларға қарсы бірлескен күрес жүргізуді көздеді, кейінгі жылдарда да қазақ елшілері бірнеше рет барып қайтты. Орыстармен әскери одақ құру әрекеттерін Кіші жүздің ханы Әбілқайыр да жасап көрді. Алайда Ресей Швециямен болған ұзақ та ауыр соғыстан кейін қазақ хандарының ұсынысына кұлық білдіре қойған жоқ. Патша үкіметі Қазақстанды бірқатар себептерге байланысты өзінің геосаяси ықпалына алуды көкседі. Өйткені Қазақстан ол үшін Орта Азияға, Үндістанға, Ауғанстанға, Азияның басқа да мемлекеттеріне әскери іс-әрекеттері одан әрі ілгері жылжытуға қолайлы плаңдарм еді. Ресейді өзінің Қазақстан мен Орта Азия бағытындағы сыртқы саяси қызметін күшейте түсуге мәжбүр еткен және бір нәрсе ағылшын-орыс бәсекелестігінің тигізген ықпалы болдьі. Қазақстан сонымен қатар Ресей экономикасының барған сайын күш алып келе жатқан зауыт-фабриқалары шығарған өнімдерді өткізетін орасан зор рынок болып та саналатын. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, қазақ даласы келешекте Ресейге әр түрлі шикізат, жер асты қазба байлық түрлерін, мал өнімдерін көптеп бере алатын бай аймаққа айналуы тиіс еді. Ақырында, Ресей басқа да кез келген империя сияқты номадтарды (жергілікті байырғы халықты) алым-салық төлеп тұрудың қайнар көзі деп білді.

Міне, осының бәрі де қордалана келіп, Ресей империясының Қазақ хандығымен шекаралас аймақтардағы дипломатиялық, барлау және әскери әрекеттер жүргізуіне негізгі түрткі болған себептер еді. 

Патша үкіметінің әскери бекіністер шебін сала бастауы 

Қазақ хандығы  мен онымен шекаралас басқа аумақтарда болып қайтқан саудагерлер, дипломатиялық елшілер, саяхатшылар да ондағы мол байлық туралы ауыздарының суы кұрығанша әр түрлі әңгімелер айтып келетін. Мәселен, Ы Петрдің құлағына Еркеті қаласында «алтын аралас құмның» мол екендігі жөнінде хабар жетеді. Ұзаққа созылған орыс-швед соғысы салдарынан қазынасы сарқылған Ресейге орасан зор қаржы қажет еді. Алғашқы Сібір губернаторы М.П. Гагарин Ы Петрге Тобылдан Еркетіге дейінгі аралықта әскери бекіністер шебін салу жоспарын ұсынады. Оның бұл ұсынысы қабыл алынды. Жоспарды жүзеге асыру үшін подполковник И.Д. Бухгольц бастаған әскери экспедиция жіберілді. Жасақтың құрамында әскерилер, Томск, Түмен және Тара қалаларының тұрғындары - барлығы 2800-ге жуық адам болды. 1715 жылғы маусым айында экспедициялық жасақ жорыққа шықты. Тап сол жылдың қазан айында Жәмішев бекінісінің іргесі қаланды. Бекініс салуға жоңғарлар батыл қарсы шықты. Бекіністің құрылысы қоршауға алынды. Жоңғарлар Тобыл қаласынан жөнелтілген азық-түлік керуенін басып алды. Бекіністі корғаушылар арасында аштық басталды. Сөйтіп И.Д. Бухгольц 1716 жылдың көктемінде аман қалған 700 адамымен бірге кері қайтып кетуге мәжбүр болды.

Кейінірек, қазақ-жоңғар соғысы қызу жүріп жатқан кезде, патша  үкіметі Ертіс өзенінің бойындағы  аймақта әскери бекіністер шебін салуды одан әрі жалғастыру ісін қолға алды. Бұл міндетті орындау үшін И.Д. Бухгольцтің экспедициясынан басқа бірқатар ғылыми- барлау және әскери экспедициялар жіберілді. Оларды А.Д. Бекович-Черкасский 1715—1716 жылдары Хиуа хандығына, И.М. Лихарев 1719—1720 жылдары Ертіс өзенінің жоғары ағысына карай бастап барды.

1716 жылы Ертістің  оң жағалауында Жәмішев және  Омбы, 1717 жылы Железинка, Колбасинская, 1718 жылы —Семей, 1720 жылы — Өскемен,  Черноярская және Коряковская  бекіністері салынды. Ке- йінірек  олардың ара-арасында шағын бекініс-қамалдар мен редуттар (ұсақ-түйек далалық бекіністері) пайда болды. Мұндай бекіністердің салыну себебін Сібірдегі орыс өкімет орындары Жоңғар қалмақтарына қазақтардың шапқыншылығынан қорғану үшін, ал қазақтарға жауынгер жоңғарлардың шапқыншылығынан қорғану үшін салынып жатыр деп түсіндірумен болды. Ал істің шын мәніне келгенде ол бекіністер патша үкіметінің Ертіс өзені бойындағы жағдайын күшейту үшін өте қолайлы плацдарм еді. Ондағы негізгі мақсат алдағы кезде қазақ хандығының аумағын да, жоңгар қонтайшыларының қол астындағы жерлерді де басып алып, өзіне карату болатын. Бұл жөнінде белгілі орыс ғалымы Н. Коншин былай деп жазды: «Ертіс бойындагы бекіністер шебі осылай құрылды. Оның міндеті оң жагалаудагы жерлерді жоңғарлардан, ал одан соң көп ұзамай-ақ қыргыздардан (қазақтардан) қорғау еді». 

Ресейдің Қазақ  хандығына елшілік өкілдіктер жіберуі 

ХВЫЫЫ гасырдың бас кезінен-ақ Ресей Қазақ хандығына  елшілер жіберуді жиілете бастады. 1716 жылы қазақ даласында Тобыл  бояры Никита Белоусов, 1717 жылы — Борис Брянцев пен Федор Жилин болып қайтты.

1719 жылы Колмаков, Урусов және Сомов бастаған  елшілік Зайсан көлі мен Қара  Ертісті зерттеу үшін жіберілді. 1713 және 1720 жылдары Жоңғарияға Иван  Чередов деген орыс елшісі  барды. Ал 1722 жылы — Унковский бастаған елшілік келді. Іс жүзінде алғанда, бұл елшіліктердің бәрі де қазақтардың көшіп-қонып жүрген жерлерін басып өтті.

Ресей сауда-саттық, одақтастық қатынастардың мәселелерін  ретке келтірумен қатар Қазақ  хандығын өз қол астына қаратудың жолдарын да іздестірумен болды. Патша үкіметінің ондай арам ниетті іс-әрекеттері қазақ елінің билеушілері тарапынан қатты қарсылық тудырды. Шекара аудандарында жерге талас негізінде шиеленісті оқиғалар болып жатты. 

Ресей мен Кіші жүз қазақтары арасында шекаралық жер дауының шиеленісуі 

Қазақ хандығы  мен Ресейдің дипломатиялық қатынастар орнатуға тырысқан әрекеттеріне қарамай, шекара аймақтарында едәуір шиеленісті оқиғалар орын алды. Патша үкіметінің Еділ-Жайық аймағында өзінің жағдайын жақсартып, нығайта түсуі Қазақ елі билеушілерінің белгілі дәрежедеп қарама-қарсы іс-әрекеттерін туғызды. Ондай шиеленісті оқиғалардың орын алуына негізінен мынадай жағдайлар себеп болды: біріншіден, мал жайылымы үшін күрес күшейді, екіншіден, өзара мал барымтасы орын алды, үішіншіден, қазақтар өз жерінде орыстардың әскери бекіністер шебін салуға қарсы болды, төртіншіден, қазақтар башқұрттардың патша үкіметіне қарсы күресіне жиі-жиі қатысып жүрді.

Сондықтан бейбіт жолмен байланыс жасау кезеңдерін кей-кейде  өзара қарама-карсы шапқыншылықтар бүзып кетіп отырды. Мәселен, 1708 жылы башқұрттардың кезекті көтерілісі кезінде Тәуке хан өзінің қазақтар мен қаракалпақтардан тұратын 20 мың әскерімен Уфаның түбіне дейін барып, сол аймақтағы орыс әскерлерінің үрейін ұшырды. 1709 жылы қазақтар Жайықтың ішкі бекіністер шебінде Ресейдің Сызрань қаласына бара жатқан Қазақтардың жүк тиелген керуеніне шабуыл жасап, ту-талақай тонап кетті. 1711 жылы қазақтардың құрамында 16 мың жауынгері бар жасағы Жайық қаласына бара жатқан астық керуенін тас-талқанын шығарып, тонап алды. 300 казакты тұтқынға алып, Хиуа хандығына құлдыққа сатып жіберді. Ресейдің ішкі жағына терең еніп жорықтар жасауға көбінесе Кіші жүздің атақты ханы Әбілқайырдың өзі бастама көтеріп отырды. Мысалы, 1717 жылы оның қол астындағылар Қазан губерниясының аумағына басып кіріп, Навошемшинск қаласына дейін жетті. Алайда оларды «патша әскерлері едәуір шығынга ұшырата отырып, кері қуып шықты».

1718 жылы қазақтар  мен қарақалпақтардың құрамында  20 мың жауынгері бар жасағы  Жайық қалашыгын бір ай бойы қоршауда ұстады. Қаланы біржолата күшпен басып алуға жасалған әрекет сәтсіз аяқталды. Әбілқайыр хаң қоршаудағы қаланы тастап, Еділ бойындағы құба қалмақтарға шабуыл жасауға көшті. 1723—1724 жылдары Әбілқайырдың әскерлері Жайық пен Еділдің екі ортасындағы бүкіл аумақты басып алды. Қазақтардың Жайық өзенінің бойындағы алқапта мәңгілік көшіп-қонып жүру құқығын белсенді түрде қорғаған Әбілқайыр ханның мына сөздері қазақ халқының есінде ұмытылмастай қалды: «Жайық өзені қашан сарқылып, арнасы кеуіп қалғанына қазақтар оның бойынан кетпейді».

Патша үкіметі  қазақтардың тарапынан шекара шебіне шабуыл жасалуын тоқтатуға бағытталған  шаралар қабылдаумен болды. Ол үшін бекініс қорғандар салуға кірісті, шекарадағы күзет әскерлерінің саны арттырылды, қазақ ауылдарына дүркін-дүркін шабуыл жасалып тұрды. 

Орта жүз қазақтарының шекара аумағындағы іс-әрекеттері 

Қазақтардың Сібір  жағына шабуыл жасап тұруының себептері  де Орал төңірегіндеп қазақтардың жағдайымен бірдей еді. Орта жүздің әскери жасақтары  патша үкіметінің әскери-отаршыл күштерінің ілгері жылжуын тоқтатуға тырысты. 1700 жылы қазақтар Туқала округына шабуыл жасады. 1724 жылы Тобыл қаласынан Туринск қаласына мынадай хабар келіп түсті: «Қазақ ордасы шекарадагы слабодаларга таяу жерде көшіп-қонып жүр, оларды ойсырата куйзелтіп, біржолата жойып жіберуге тырысуда». 1731 жылы көктемде Омбы бекінісінің маңында қазақтар мен жергілікті әскери гарнизонның арасында қанды қақтығыс болды. Мұндай оқиғалар жиі-жиі кездесіп тұрды. Мұның өзі Ресей империясының әскери-отаршыл экспансиясының бетін қайтарып, тоқтату үшін қазақтардың тарапынан жанқиярлық іс-әрекеттер жасалғанын көрсетеді.

Информация о работе Қазақ хандығы мен орыс мемлекетінің арасындағы байланыстың күшею