Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2011 в 21:52, реферат
1.Жоңғар мемлекетінің құрылуы және оның қазақ жеріне шапқыншылығы.
2.Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі.
3.Жоңғар мемлекетінің күйреуі.
XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығы ішкі-сыртқы аса ауыр жағдайға душар болды. Алтайдан Атырауға дейінгі байтақ даланы алып жатқан қазақ халқы жерінің географиялық ерекшелігіне қарай үш жүзге бөлініп өмір сүрді. Қазақ хандығында үстемдік еткен әскери-федалдық шонжарлар арасында ішкі тартыс күшейе түсті. Сонымен қатар бұл мезгілде қазақ-жоңғар қатынасы мейлінше шиеленісіп, қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасады.
1718 жылы Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін (Хақназар, Тәукенің) бір орталыққа бағындырғысы келген мақсаттары жүзеге аспай қалды. Қазақ хандығы ауыр дағдарысқа ұшырады, елдің бірлігі бұзылды, бытыраңқылық етек алып өзара қырқыс шегіне жетті.Тәукенің орнына отырған баласы Болат ханның тек атағы ғана болды.
Жүздерді билеген кіші хандар өз алдына дербестеніп, қазақ хандығы саяси жақтан бөлшектенді. Орта жүзді Сәмеке хан, Ұлы жүзді Жолбарыс хан, Кіші жүзді Әбілхайыр хан биледі.
Бұларға қарасты ұлыстарды билеген сұлтандар дербестікке қол жеткізе бастады. Осыны пайдаланған жау жан-жақтан шабуыл жасады.
Ш. Уалиханов сол кездегі жағдай туралы: “XVIII ғасырдың алғашқы он жылдығы қазақ халқының өмірінде қасіретті кезең болды. Жоңғарлар,Еділ қалмақтары, Жайық казактары мен башқұрттар жан-жақтан қазақ ұлыстарын ойрандады» - дейді.
Оңтүстіктен Орта Азия хандықтары қыспақ көрсетті. Солардың ішінде ең қауіптісі шығыстағы Жоңғар мемлекеті болды.
XIV ғ. II-ші жартысында Моңғолия территориясы екі иелікке бөлінеді.
Ойраттар белсенді рөл атқарған Батыс Моңғолия және бұрынғы Қытай императорының бақылауындағы Шығыс бөлікке. “Жоңғар” деген аттың шығуы – Шыңғысханның шапқыншылығы кезеңінде ойраттар қашанда армиясының “сол қанатын” құраған, моңғолша ол “зюнгор” деген мағынаны білдіреді. Содан “зюнгор” – жоңғар деп аталып кеткен.
Жоңғарлардың Қазақстан жеріне енуі сонау XV ғ. басталған болатын (Әбілхайырдың көшпенді өзбек хандығына күйрете соққы берген 1456 жылы).
Кейіннен ойраттардың бірігіп 1635 жылы мемлекет құруынан кейін – қазақ хандығына қан-төгіс шапқыншылықтар күшейе түсті.
Басшысы Батур Хунтайшы болды (1635-1653) Қазақ жеріне Жоңғар агрессиясының күшеюі Цэван Рабдан (1697-1727) тұсында болды.
Цэван Рабданның жаулап алу программасының ең шырқау шыңы – 1723 жылы болған шабуылдан көрінді.
18 ғасырда қазақтар үз жүзге бөлініп өмір сүріп жатты. Әр жүздің өз ханы болды. Кіші жүзді - Әбілхайыр, Орта жүзде - Сәмеке (Шахмұхамед), Ұлы Жүзде – Жолбарыс хандық етті. Түркістан қаласын астана еткен Үлкен Орданың ханы Тәуке еді. Қазақ жерінде орталықтанған мемлекет болмауын көршілері өз пайдасына шешуді ойлады. Оңтүстік-батыстан Жайық казактарының қолдауымен Еділ бойындағы башқұрттар, қалмақтар Кіші жүзге тынымсыз шабуыл жасады. Солтүстіктен Сібір казактары тыным бермеді. Орта Азиядағы Бұқара мен хиуа хандықтары да қазақ жерінен дәмелі болды. Олардың бәрінен асып түскен жоңғарлар еді.
16 ғасырдың соңында ойраттар (қалмақтар) төрт тайпалық бірлестіктен тұрды. Олар Тарбағатайдан Шығысқа қарайғы өңірді алып жатқан торғауыттар, Ертістің жоғары ағысында қоныстанған дербеттер, қазіргі Дихуа қаласының маңындағы хошауыттар, Іле өзенінің жоғары жағындағы шоростар еді.
Қазақтар мен ойраттар арасындағы жайылым жер үшін күрес 15 ғасырда-ақ басталды. 16 ғ. соңында ойраттардың шағын бөлігі қазақ ханы Тәуекелге бағынды. 1635 ж. Хонтайшы Батурдың бастауымен Жоңғар хандығы құрылды. Қазақ-жоңғар қатынастары Батур хонтайшы (1634-1654) билік құрған кезде шиеленісе түсті. Онан кейінгі жоңғар хандары (Сенге, халдан) Оңтүстік қазақстанды, маңызды сауда жолдары өтетін қалаларды өздеріне қаратуға тырысты.
1718 жылы Тәуке өліп, орнына Болат хан болған кезде, қалмақтардың қазақ жеріне жорығы күшейді. Бұл жорықтардың табысты болуына шведтің артиилерия сержанты Иоганн Густав Ренаттың әсері күшті болды. 1709 жылы Полтава түбінде орыстардың қолына түскен Ренат Тобыл қаласына айдалды, осында Ертістің бойында Бухгольцтің экспедициясы құрамында Кереку қаласының маңында 1715 жылы қалмақтарға тұтқынға түседі. 1733 жылға дейін қалмақтардың қолында болды. Ол қалмақтарға зеңбірек құюды, баспахана жасап, әріп құюды үйретеді.
Жан-жақты әскери дайындығы бар жоңғарлар 1710-1711 жж. қазақ жеріне басып кіріп соғыс жүргізді. Олар 1717 жылы жазда Аякөз өзені жағасында қазақтардың 30 мың жасағын талқандады. Келесі жылы жоңғарлар қазақтарды Бөген, Шаян, Арыс өзендері бойында тағы да қырады.
1723 жылы ерте көктемде жоңғарлар қазақ жеріне тағы да соғысуға келді. Шуна Дабо деген қалмақ басқарған бұл шайқас екі бағытта жүруі тиіс еді. Бірінші бағыт Қаратауды басып өтіп, Шу мен Талас өзендеріне шығу болса, екінші бағыт қазақтарға соққы беріп, Шыршық өзеніне жету болатын. Бұл жоспарды іске асыру үшін әскерлер жеті топқа бөлініп, оның бірі Жетісу Алатауының етегіндегі Балқаш көліне құятын төрт өзеннің бойына топтастырылды. Қалмақтың ірі қолбасшысы Амурсана басқарған 70 мың адамнан тұратын екінші бір тобы Іле өзені бойына, Кеген өзенінің солтүстік жағасына, Нарын өзенінің күншығыс жағынадғы Кетпен тауы баурайына орналасты.
1723 жыл тарихта есте қаларлық жұт жылы болған еді. Осы жылдың көктемгі төл алу кезеңі мен жазғы көш-қону жұмыстарымен айналысып жатқан қазақ еліне тосыннан, күтпеген жерден шабуыл жасады. Осы жолы шапқыншы жоңғарлардың саны осылайша 70 мыңнан асып түсіп, жеті бағытпен қазақ еліне кірді. Осы ауыр жылдарда шыққан қазақтың қаралы да қайғылы, ән ұраны «Елім-ай