Қазақ халқының қалыптасуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2011 в 19:53, реферат

Описание работы

Халықтың қалыптасуы өте күрделі, сан қырлы мәселе. Қола дәуірінде, яғни бұдан 3—4 мың жыл бұрын өмір сүрген андрондық тайпаларды біз қазақ халқының тікелей ата тегі деп атай алмаймыз. Одан бергі сақ, ғұн, үйсін, сармат тайпаларын да тек қазақтың ата тегі деп түсіну тарихқа қиянат болар еді.

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім:
1. Халықтың халық болып қалыптасуы үшін қажетті шарттар
2. Глоттогенез
3. Этносаяси, аумақтық тұтастық
4. Алаш атауы
5. Қазақ атауы
6. Жүздік құрылым туралы
7. Қазақ жүздерінің ішкі белгілері
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Копия Қазақ халқы қалыптасу.docx

— 37.60 Кб (Скачать)

  

Жоспар 
 

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім:

            1. Халықтың халық болып қалыптасуы үшін қажетті шарттар

            2. Глоттогенез

            3. Этносаяси, аумақтық тұтастық

            4. Алаш атауы

            5. Қазақ атауы

            6. Жүздік құрылым туралы

            7. Қазақ жүздерінің ішкі белгілері

III. Қорытынды

IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі 
 
 

   
 
 
 
 
 

         Халықтың қалыптасуы өте күрделі, сан қырлы мәселе. Қола дәуірінде, яғни бұдан 3—4 мың жыл бұрын өмір сүрген андрондық тайпаларды біз қазақ халқының тікелей ата тегі деп атай алмаймыз. Одан бергі сақ, ғұн, үйсін, сармат тайпаларын да тек қазақтың ата тегі деп түсіну тарихқа қиянат болар еді. Тіпті түркі тайпаларының өзі Орталық Азия, Еділ бойы халықтарына, қала берді сонау солтүстік-шығыстағы Колымадан оңтүстік-батыстағы Балқан түбегіне дейін шашырап жатқан түркі жұрттарының шығу тегіне қатысы болғандығын есте сақтау керек. Еуразияның кең-байтақ төсінде өзінің тарихи аумағын, мәдениеті мен тілін, дінін қалыптастырған қазақ деген халықтың күні кеше ғана пайда болмағандығы белгілі. Қазақ халқының нәсілдік-генетикалық, мәдени тегінде сонау андрондықтардан бастап үзілмей келе жатқан бір желі бар екендігін анық байқаймыз.

       Халықтың халық болып қалыптасуы үшін қажетті бірнеше шарт бар. Олар:

  • 1. халықтың өзіне төн мәдениетінің қалыптасуы;
  • 2. халық мекендеген аумағының қалыптасуы;
  • 3. өзін бір халықтың өкілі санайтын елдік, халықтық сананың орнығуы;
  • 4. халықтың тілінің қалыптасуы;
  • 5. халықтың ортақ атауының қалыптасуы;
  • 6. халықтың өзіне тән антропологиялық бет пішінінің қалыптасуы.

       Осы аталған халықтық белгілер, әсіресе этностық, нәсілдік-генетикалық, мәдени, тілдік қасиеттер ұзақ тарихи дамудың нәтижесі. Ал этностық аумақ, этностық сана, халықтық этноним этногенездің соңғы кезеңіне қарай қалыптасты.

     Глоттогенез

        Қазақ тілінің де қалыптасуы — ұзақ глоттогенездік байланыстың нәтижесі. Қазақстан жерін қола дәуірінде мекендеген тайпалардың қай тілде сөйлегені жөнінде нақты дерек жоқ. Көне түркі жазуын зерттеуші ғалымдардың пікірі бойынша, сақ қорғандарынан табылған жазулар көне түркі руникалық әліпбимен төркіндес. Түркі тілі Орталық Азияға кейініректе келген тіл емес. Бұл тілдің арғы төркіні Оңтүстік-батыс Азиядағы б.з.д. 4—3-мыңжылдықта өмір сүрген шумерліктердің тілімен үндесіп жатыр. Тілші ғалымдардың пікірінше, алғашқы шумер тілінің ескерткіштерінде көне түркі тіліне тән көптеген лексикалық сәйкестіктер бар.  Шумерліктер мен түріктердің көптеген мәдени-рухани байланысы бар екендігін және алғаш рет көне түркі тілдерінің маманы А.Аманжолов және дарынды ақын, көне тілдерді зерттеуші ғалым О.Сүлейменов нақты мысалдармен дәлелдеді.

       О.Сүлейменовтің шумер түркі тілдері салыстырмасында 60 сөз бар екендігін айтады, соның кейбіріне ғана тоқталайық:

Реті Шумер тілі Түркі тілдері
1 Ада — әке Ата (Ада) — әке
2 Ана — шеше Ана, Апа — шеше
3 Ту — туу Туу — туу
4 Туд — туу Туды — туды
5 Тир — тіршілік Тірі, тіршілік
6 Шуба — бақташы Шопан — бақташы
7 Ру — соғу Ұру — соғу
8 Гаг — кіргізу Қақ, қағу —  кіргізу
9 Таг — тағу Тақ, тағу
10 Заг — жақ Жақ
11 Заг-гин — жақындау Жақын
12 Me — мен Мен
13 Ане — анау Әне
14 Уш — үш Үш
15 Ен — өте Ең
16 Кен — кең Кең
17 Узук — ұзын Ұзын
18 Уд — от От
19 Дингир — Құдай, аспан Тәңір

         Біз бұл кестеде шумер тілін қазіргі қазақ тілімен салыстырдық. Ал қазақ тілі түркі тілдерінің тармағына жатады. Бұл жерде бір ескерте кететін мәселе, көне түркі тілі мен кейбір түркі тілдес халықтардың қазіргі тілінде шумер тіліне айтылу үндестігі жағынан да, мағынасы жағынан да жақын сөздер тіпті жиірек кездеседі.  Сонымен, шумер-түркі сөздерін осы салыстырудан нені байқаймыз. Біріншіден, шумер лексикасы түркілердікімен салыстыруға келеді. Сөздердің сыртқы үндестігімен қатар ішкі мағынасында да бірлік бар. Екіншіден, шумер тілі мен түркі тілдері бір-бірімен ұзақ уақыт тығыз қарым-қатынаста, өзара ықпалдастықта болғандығын көрсетеді.

      Этносаяси, аумақтық  тұтастық

       Қазақ тілі түркі тілдерінің ішінде қыпшақ тіл тобына жатады. Бұл топтың ішінде қыпшақ-ноғай тармағына кіреді. Осы тіл тармағына қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдері жатады. Қазақ тілі қазақ этносының негізімен бірге Қыпшақ конфедерациясы заманында қалыптасты. Халықтың этностық, аумақтық, саяси жағынан біртұтас құрылымға айналуы үшін қажетті алғышарттың бірі — оның дербес мемлекеттілігінің болуы. Монғолдар жаулап алғаннан кейін Қазақстан аумағында пайда болған мемлекеттердің — әуелі монғол ұлыстарының, содан соң Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілхайыр хандығының, Ноғай ордасының құрылуы — қазақ мемлекеттілігінің, этностық аумағының қалыптасуына негіз болды. Сонымен қатар қазақ руларының аталған мемлекеттердің құрамында бөлшектенуі әрі қарай этностық топтасуына да кедергі болды. Қазақ рулары түрлі мемлекеттік құрылымдарға бөлініп кетсе де, бір тілде сөйледі. XIV—XV ғасырларда қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктері қалыптаса бастады. Қазақ халқының халық болып қалыптасуының аяқталуы XV ғасырдың екінші жартысы мен XVI ғасырдың басында дербес Қазақ хандығының құрылып, қалыптасуымен байланысты. Сонымен, халық болып қалыптасудың тағы бір шарты — өз мемлекеттілігінің болуы XV ғасырдың екінші жартысында іске асты. Қазақ хандығында бұрынғы кезде басымырақ болып келген рулықтайпалық сана бірте-бірте әлсіреп, барған сайын қазақ ұғымындағы ортақ халықтық этностық санаға ұласты. Сөйтіп, қазақ жері, қазақ елі, қазақ мемлекеті деген ұғымдар қалыптасты.

       Этнос теориясымен айналысушы ғалымдардың пікірінше, этностық бірлестіктің әр заманда қалыптасатын үш түрі болады:

  • 1. Ру-тайпа.
  • 2. Халық.
  • 3. Ұлт.

        Осы этностық бірлестіктердің әрқайсысының өзіне тән этностық санасы болады. Этностық сана дегеніміз — адамның өзін-өзі белгілі бір этностық топтың мүшесімін деп түсінуі. Мысалы, "мен қазақпын" деген түсінік — этностық сананың көрінісі. Рулық-тайпалық жіктелу дәстүрі халық болып қалыптасқанда да, тіпті ұлт болып қалыптасқанда да сақталып қалған қазақ сияқты этностарда этностық сананың осы аталған үш түрі әр замандарда орқалай көрініс тапқан. Әсіресе халық болып қалыптасудың бастапқы кезеңінде халықтық этностық санамен бірге рулық-тайпалық этностық сана басым орын алған. Мысалы, ескікөз қариялар "Қай елсің?" — деген сұраққа бірінші өз руының, одан соң тайпасының, жүзінің атын атаған. Әдетте, "қазақпын" деген атауды тек сырт жұртқа шыққанда ғана айтқан. Өйткені ру тайпасының аты-ақ оның қазақ екенін білдіреді деп есептеген.

      Алаш атауы

         Қазақ этнонимінің бастапқы түрі — "Алаш мыңы". Қадырғали би Жалайыри көрсеткен "Алаш мыңының" ру-тайпалық құрамы ұлттық ауқымға көтерілген қазақ қауымынан, әрине, анағұрлым тар. Егер "Алаш мыңы" біртіндеп этностық мазмұнға ие бола бастаған әскери одақты еске салса, "қазақ", өрине, таза этностық ұғым. Бұл екі ұғым — тұтас, өзара тікелей сабақтас екі тарихи кезең. Осы уақытқа дейін Орталық Азиядағы, сондай-ақ татар, башқұрт, ноғай және басқа түрлі түркі халықтардың құрамында шашырап жүрген найман, алшын, дулат және осы сияқты кезінде тұтас рутайпалардың шағын топтары ендігі уақытта біржола ұлттық бірігу жолына тартыла бастайды. Дәл осындай үдеріс қазақ жерінде де жүріп жатты. "Алаш мыңының" "қазақ" атануы, әрине, бір жылдың, яғни қысқа мерзімнің нәтижесі емес. XV ғасырдың орта тұсында Дешті Қыпшақ жұрты арасында орныққан бұл атауды кейінірек XVI—XVII ғасырларда Орталық Азиядан тыс елдер де қабылдай бастайды. Этнонимнің эволюциясы мынадай бағытта жүрді: Алаш мыңы — Алаш — Қазақ. Біраз уақытқа дейін қазақ жұрты өзін көрші халықтар берген атпен атамай, өз ішінде қабылданған алғашқы тарихи атымен атап келді. Ал оның алғашқы аты — "Алаш мыңы", кейінірек (XV ғ. екінші жартысынан бастап) "Алаш" болатын. Алғашқы этностық одақтың атауы бірден үмытылып кетпей, тіпті бүкіл бір халықтың ұранына айналды. Біз қарастырып отырған мезгілде, яғни XVI—XVII ғасырларда халықтың өз арасында "алаш" және "қазақ" атаулары айналымда қатар жүрді. Осы заманда өмір сүрген қазақ қоғамының белгілі өкілдері, тарихшы Қадырғали би, Шалкиіз және Жиембет жыраулардың туындыларында "қазақ" атауынан гөрі "алаш" атауының нық және жиі аталуы соның айғағы.

       Қазақ атауы

        "Қазақ" атауының (этнонимі) шығуы жөнінде түрлі пікірлер бар. Бұл мәселенің төңірегіндегі түрлі пікірлер XVIII ғасырдан бері жалғасып келеді, бірақ зерттеушілер әлі бір тоқтамға келген жоқ.  Бүгінгі таңда "қазақ" этимологиясының жиырмадан астам түсіндірмелері бар. Мысалы, "қазақ" деген сөз "қаз" және "ақ" деген сөздерден шыққан. "Бұл — қаздай тізілген көш керуеніне қарап қойылған ат", — дейді немесе: "қазақ" атауы "қас" (хас) — нағыз және "сақ" — көне замандағы сақтар атауынан құралған және "хас-сақ" — нағыз сақ деген ұғымды береді", — дейді. "Қазақ" атауы жазба деректерде қай заманнан бастап кездеседі?" деген мәселе де әлі талас тудыруда. Енисейден табылған VIII ғасырдың түркі жазба ескерткішінде "қазғақ ұғлым — "қазақ ұлым” деген сөз тіркесі кездеседі. Бұл ежелгі түркілерде "бір атаның баласы" дегенді білдірсе керек. IX—X ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерін мекендеген үш қарлұқ тайпасының "хасақтар" деген ортақ атауы болған. Ал қарлұқтардың қазақтар этногенезіне тікелей қатысы барлығы белгілі. X ғасырдың орта шенінде Қазақстан жерінің батысынан шығысына қарай көктей өтіп Қытайға барған араб саяхатшысы Әбу Дулафтың түркі тайпаларына арналған "Рисала" деген еңбегінде "Хазлақ" деген ел аталады. Бірақ бұл атаудың арабшадан дұрыс оқылуына кей ғалымдар шүбә келтіріп жүр.  X ғасырда өмір сүрген Әбілқасым Фирдоусидің "Шаһнама" атты дастанында Афрасиаб патша Иран шахын: "Көк теңіздің терістігінде отырған қазақ жұртымды жіберіп шапқызамын", — деп қорқытады.  X—XI ғасырларға жататын араб деректері және орыс жылнамаларында Кубань жерінде әлкасакия этностық қауымы, Қара теңіздің солтүстік-шығыс жағалауында Касаг қаласы, касогтар елі туралы деректер бар. Біздіңше, бұл деректерде XI ғасырларда, одан да бұрын Дон, Днепр, Қырым түбегіне дейінгі жерлерді жаулап алған қыпшақтар бірлестігінің бір ірі жұрты — қазақтар туралы айтылады, немесе бұл заманда "қыпшақ-қазақ? деген атаулардың бір ұғымды беруі де мүмкін. X ғасырдың орта шенінде өмір сүрген Византия императоры Константин Багрянородный: "Кавказдың солтүстік-батысында "Казахия елі" бар", — деп хабарлайды. Әзірбайжанның батысында бүгінге дейін касақ (қазақ) деп аталатын үлкен аудан бар.  1245 жылы мәмлүктік Египет мемлекетін басқарған қыпшақтар араб-қыпшақ сөздігін жасатқан. Онда "қазақ" деген сөзді "еркін, кезбё" деп аударады. Бұл терминге әлеуметтік мағына беріліп, өз руынан, тайпасынан бөлініп шығып, өзінше еркін өмір сүріп, күн көрген топты атайды.  "Қазақтар" термині XV ғасырдың 50-жылдарында Шу мен Талас өзендерінің аралығына өзбек ханы Әбілхайырдан бөлініп көшіп барған тайпа топтарына бекітілген. Біртіндеп "қазақ" термині этностық мәнге ие болған.

          Сонымен, біздің көз алдымызға халықтың қалыптасу кезеңдерін жетерліктей айғақтайтын екі кезеңнің сұлбасы келеді:

  • 1. ХҮ ғасырдың алғашқы жартысы — Өзбекия, яғни Әбілхайыр ұлысы құрамындағы үш сан жұрттан тұратын Алаш мыңы Одағы;
  • 2. XVI ғасырдың екінші онжылдығы — көрші мемлекеттер дербес ел ретінде тани бастаған Қасым хан билігіндегі үш жүзден тұратын қазақ ұлты. Яғни, бұл арада қазақ ұлтының қалыптасу үдерісінің аяқталуы қазақ мемлекеттігінің құрылуына тұтас келеді. Бұл екі кезең үйлесімділік тауып, бірін-бірі толықтыра түседі.

       Жүздік құрылым туралы

       Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз. Жүздердің шыққан уакыты, шығу себептері, ішкі мазмұны жөнінде ғалымдардың арасында әлі ортақ пікір жоқ.

      Ш. Уәлихановтың пікірі бойынша, "Алтын Орда  мемлекетінің ыдырауы кезінде қазақтар өздері көшіп жүретін жерлердегі өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін осындай үлкен одақтар құрған". Н.А.Аристовтың ойынша, "жүздерге бірігу жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан".

       В. Бартольд: "Қазақ жүздерінің пайда болуына географиялық фактор әсер етті, табиғи-географиялық жағдайға икемделу және аумақтық оқшаулану жүздердің мәдени-шаруашылық ерекшеліктерін қалыптастырды", — деп есептейді.

       М. П. Вяткин В.В.Бартольдпен келісе отырып: "Жүздердің құрылуына табиғи-географиялық себептермен қатар саяси оқиғалар әсер етті, жекелеген ордалар ерекше саяси одақтар ретінде XVI ғасырдың аяғында қалыптасты", — дейді.

       С. Аманжолов: "Қазақ елі, жері үш жүзге монғолдарға дейінгі кезеңде — X—XII ғасырларда бөлінді", — деп есептейді.

Шығыстанушы Т. И. Сұлтанов жүздердің құрылуы жөнінде нақты деректердің тапшылығын айта келіп: "XVI ғасырдың екінші жартысында ұлыс жүйесі біртіндеп жүздерге ауысқан", — деген болжам айтады.

Информация о работе Қазақ халқының қалыптасуы