Қазақ халқының қалыптасуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2012 в 15:50, доклад

Описание работы

Ел аумағының ең басты сипаты - оның географиялық жағдайы болып табылады.
Шаруашылықтың дамуы үшін экономикалық-географиялық жағдайдың (ЭГЖ) маңызы зор.
Экономикалык-географиялық жағдай - елдің, әлемнің экономикалық картасындағы орнын көрсетеді. ЭГЖ-ға баға беру дегеніміз, оның жағдайын:
әлемдік экономиканың басты орталықтарына, әлемдік нарықка (нарықтық-географиялық жағдайы);
көрші елдерге (көршілік жағдай);

Работа содержит 1 файл

Экономикалық.docx

— 20.29 Кб (Скачать)

Экономикалық-географиялық жағдайы

Ел аумағының ең басты сипаты - оның географиялық жағдайы болып табылады.

Шаруашылықтың дамуы үшін экономикалық-географиялық жағдайдың (ЭГЖ) маңызы зор.

Экономикалык-географиялық жағдай - елдің, әлемнің экономикалық картасындағы орнын көрсетеді. ЭГЖ-ға баға беру дегеніміз, оның жағдайын:

әлемдік экономиканың басты орталықтарына, әлемдік нарықка (нарықтық-географиялық жағдайы);

көрші елдерге (көршілік жағдай);

халықаралық көлік жолдарына (көліктік-географиялық жағдай) қатысты анықтау.

ЭГЖ тиімді немесе тиімсіз, қолайлы немесе қолайсыз болуы мүмкін.

 Нарықтық-географиялық жағдайда АҚШ, ЕО, Жапония сияқты әлемдік экономиканың басты орталықтарының маңызы зор. Олардың нарықтары алдыңғы қатарлы технологиямен, сыйымдылығымен, төлем қабілеттілігімен тартымды.

Көршілік жағдайда Қытай мен Ресейді алуға болады. Олар әлемдегі үшінші жөне тоғызыншы орындағы экономикалар. Олар біздің ірі сауда серіктестеріміз болып саналады. Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан экономикалық деңгейі бойынша Қазақстаннан артта. Алайда, болашақта олармен де бірлесіп жұмыс істеудің бірнеше бағыттары жасалған.

Көршілік жағдайдың басты плюсі - көрші елдің аумағын үшінші бір елмен байланыс орнату үшін пайдалану. Оның интенсивтілігі мен географиясын көліктік-географиялық жағдай анықтайды. Ең қолайлысы - теңіздік жағдай. Қазақстанда ашық теңізге тура шыға алатын мүмкіндік жок (ішкі құрлықтық жағдай). Бірақ оның 2000 км-дей шекарасы батыста Каспий арқылы өтеді.

Жер үсті байланысы құрлықтағы шекараның ерекшеліктеріне тәуелді. Оның жалпы ұзындығы 13,3 мың км. Ресеймен шекара (7,5 мың км) негізінен жазық жерлермен өтеді. Онда табиғи кедергілер жоқ. Ел арасындағы шекараны көптеген темір жол мен автомобиль жолдары кесіп өтеді. Қытаймен арадағы шекараның көп белігі таулар арқылы өтсе, Орталық Азия мемлекеттерімен шекара жазық жерлермен жүргізілген. Бұл шекара арқылы әзірге 4 темір жол етеді: біреуі - Қытайға, үшеуі - Орталық Азияға апарады.

Елдің аумағы арқылы басқа мемлекеттердің жүгі мен жолаушыларын тасымалдау (транзиттік жағдай) қосымша кіріс әкеледі. Транзиттік көлік дәліздерінің дамуы ішкі құрлыктық жағдайдың минустарын азайтады.

[өңдеу]

Табиғи-ресурстық әлует

Табиғи-ресурстық әлуетке табиғи жағдайлар мен табиғи ресурстар жатады.

Табиғи жағдай - қоршаған табиғаттың сипатын береді. Мысалы, климат (жұмсақ, қатал) немесе жер бедері (жазық, таулы). Табиғи жағдайлар шаруашылық қызметіне тікелей қатыспағанмен, оны жеңілдетеді немесе керісінше, ауырлата алады. Олар қолайлы немесе қолайсыз болуы мүмкін.

Біздің еліміздің жер бедері шаруашылық жағдайы үшін қолайлы болып келеді.

Климат, керісінше, айтарлықтай қиындықтар туғызады. Ол, ең алдымен, жауын-шашынның аз түсуіне байланысты. Кең-байтақ аймақтар тұщы су жетіспеуінің зардабын шегуде. Бұл жерлердің игерілуіне кері әсерін тигізетін ең басты себеп осы. Еліміздің ең үлкен мәселелерінің бірі әлсін-әлсін қайталанып тұратын құрғақшылық, ол өнім алуға кесірін тигізеді.

Табиғи жағдайлар - халықтың өмір сүру жағдайларының құрамдас бөлігі болып табылады.

Адам  өмір сүруі үшін табиғат жағдайлары қолайлы болып келетін аумақтар Қазақстан жерінің 1/3 бөлігін ғана алып жатыр. Ол жерлерге сумен жеткілікті қамтамасыз етілуі, қыстың жұмсақ, жаздың жылы болуы тән. Ол жерлерде халық тығыз орналасқан. Құрғақ, су тапшы ішкі аудандар өмір сүруге қолайсыз. Соған қарамастан бұл жерлерге 1,5 млн казақстандыктар немесе халықтын, 1/10 белігі қоныстанған.

Табиғи ресурстар - табиғат компоненттері болып саналады. Мысалы, пайдалы қазбалар, су, топырақ, орман, шалғын өсімдіктері мен жайылымдықтар. Табиғи ресурстар тікелей шаруашылықта пайдаланылады. Олар экономиканың шикізаттық және энергетикалық базасын құрайды.

Маңыздылығына байланысты табиғи ресурстарды ұлттық (жалпы мемлекеттік), аймақтың және жергілікті маңызы бар деп бөледі. Қолданылуына байланысты ресурсты:

өндірістің материалдық игілігі үшін (минералдық, жер, су, гидроэнергетикалық, орман);

дем алуға арналған (рекреациялық) ресурстар (су, орман, тау) деп бөледі. Бұдан басқа, барлық ресурстар таусылатын және таусылмайтын болып бөлінеді.

Осы айырмашылықтар табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың әр түрлі жолдарын анықтайды. Таусылатын ресурстар (кейбіреуі болмаса) қайта қалпына келмейді. Оларды тиімді пайдалану дегеніміз:

барлық пайдалы компоненттерін алу;

шығынды азайту;

қалдықтарды сақтап, қайта өңдеу.

Таусылмайтын ресурстар қайта қалпына келеді. Оларды тиімді пайдаланудың бірқатар шаралары бар. Биологиялық және жер ресурстары үшін бұл - шаруашылық жұмыстарына шектеу қою. Содан соң - жасанды түрде қалпына келтіру (ағаш отырғызу, балық өсіру). Ауа мен су үшін қолданылатын шаралар - оларды ластанудан сақтау болып табылады.

Табиғи ресурстарға шаруашылық (экономикалық) баға беру:

ресурсқа деген қажеттілікті;

олардың географиялық орнын;

көлемі мен сапасын қарастырады.

Осыған байланысты игерудің тиімділігі: яғни қанша шығын жұмсалатындығы, шығынның қайтарымдылық жылдамдығы есептеледі.

Табиғи ресурстардың аумақтық үйлесімінің (ТРАҮ) үлкен маңызы бар. Олар аумақтарды кешенді түрде игеру үшін қолайлы. Мысалы, Кенді Алтайдағы мырыш өндірісі полиметалл кендері мен су қуаты ресурстарының үйлесімділігі арқасында пайда болды.

Еліміздің ең басты байлығы - минералдық және жер ресурстары. Онымен қамтамасыз етілуі жөнінен әлемдегі алдыңғы орындарды алады.

 Қазакстан - барланған пайдалы қазбалар ресурсы жөнінен әлемдегі 6-шы мемлекет. Олардың негізгі ерекшеліктері толық құрамдылығы мен ірі масштабтылығында. Еліміздің жер қойнауында уранның әлемдік ресурсының 1/4-і, хромның 1/7-і, қорғасын мен мырыштың 1/10-і орналасқан. Осы және басқа да пайдалы қазбалардың түрі бойынша Қазақстан Республикасы алдыңғы қатардағы мемлекеттер «ондығына» кіреді.

Қазакстанның қуатты минералдық-шикізат базасы басты бәсекелестік артықшылығы болып табылады. Бірақ оның дамуына объективті қиыншылықтардың әсері бар. Өндірудің кен-геологиялық жағдайы мен шикізат санасы нашарлап келеді. Пайдалы қазбалар кен орындары да біркелкі таралмаған. Пайдалы қазбалардың бай кен орындары тұруға қолайсыз аймақтарда орналаскан. Оларды игеру жаңа тәсілдер мен технологияны қажет етеді

Информация о работе Қазақ халқының қалыптасуы