Қазақ диаспорасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 19:36, реферат

Описание работы

«Қазақ диаспорасы» құбылысы соңғы уақытта еліміздіе әлеуметтік, гуманитарлық зерттеулер объектісіне айналуда. Бұл үрдіс көптеген тарихи дүниетанымдық мәселелерді нақты ғылыми тұжырымдауға мүмкіндік береді, этникалық ауқымды бағдарларға теориялық сипат жасауға негіз болады.
Кеңес дәуірі кезеңінде ұлт саясаты үлкен бұрмаланумен жүргізілліп келгені белгілі. Көптеген халықтар өзінің ұлттық, ұлыстық дамуында тоталитарлық жүйенің қыспағын көріп келді.

Содержание

1. Кіріспе
2. Қазақ диаспорасы
3. Қазақ диаспорасының қалыптасып, дамуына қатысты саяси себептері
4. Шетелдерде қазақ диаспорасының қалыптасуы
5. Өзбекстандағы қазақтар
6. Еуропадағы қазақтар
7. Моңғолиядағы қазақтар
8. Қорытынды

Работа содержит 1 файл

казак диаспорасы.docx

— 42.33 Кб (Скачать)

     Еуропа елдері


   АҚШ пен Батыс Еуропа (негізінен ГФР, Франция, Скандинавия) елдеріндегі қазақ диаспорасы оқуға бару нәтижесінде және «еңбек» көші-қоны толқынында қалыптасқан. Қолайлы әлеуметтік-экономикалық өмір жағдайы мен сіңісті ділі оларды Еуропада ұстап тұр. Басқа елдерде қазақ ұлтының өкілдері саны аздығынан жергілікті халыққа сіңіп кеткен. Тұманды Альбион жағалауындағы қазақ диаспорасы өкілдерінің саны аз болуы 1960-1990 жылдардағы британ көші-қон саясатының құқықтық шараларының салдары болды. Ұлыбританияда қазақтар негізінен Лондон мен Редингте тұрады, бұл олардың кәсіби бағдарымен қызмет аясына байланысты. Ұлыбританиядағы қазақ диаспорасының өкілдері моноұлтты некені қалайды және оларға тұрып жатқан еліне өз отбасын көшіріп алып келу тән. Сондықтан, оларға этникалық түптамырын жоғалтпау және балаларын қазақ тілі мен қазақ халқының мәдениетіне жақындастыру маңызды. Ол үшін 1992 жылы Ұлыбританиядағы қазақтар қоғам құруға шешім қабылдады, өйткені 1985 жылы бұл елге Түркия мен ҚХР қазақтары оқу және жұмыс істеу үшін көшіп келе бастады. Бұл қоғамның мақсаты Ұлыбританияда тұратын қазақтардың арасында бір-бірімен байланыс орнату, сондай-ақ этникалық Отаны – Қазақстанмен жан-жақты байланысты нығайту болды. Мұндай қадамдардың бірі 1995 жылғы маусымда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ұлыбританияға ресми сапары кезінде жасалды, қазақ диаспорасының өкілдерін Президент қабылдап, олармен әңгіме барысында олар өз проблемаларын талқылады. Өкінішке орай, Ұлыбританиядағы қазақ қауымдастығын ерекшелендіріп тұрған нәрсе олардың бастарының бірікпеуі, қазірге дейін ҚХР-да, Түркияда және Қазақстанда тұратын қазақтармен тығыз байланыс орнатылмаған. Қазақ қоғамы берген мәлімет бойынша Лондонда Түркиядан шыққан қазақ диаспорасының 65 өкілі тұрады. Бұған ҚХР, Қазақстаннан және басқа елдерден келген қазақтар кірмеген, олар қазақ диаспорасының санын 100-120 отбасына көбейтеді. ГФР-ға қазақтар түрік еңбек көші-қонының құрамдас бөлігі ретінде 1960-жылдардың ортасында көшіп келе бастады. Сонымен қатар, Екінші дүниежүзілік соғыс уақытынан бастап Алманияда екі қазақ – түрік азаматтығы бар бұрынғы легионерлер тұрады. ГФР-да қазақтар Рура мен Рейн өнкрекәсіптік аймағындағы жұмыстан басқа қоғамдық-саяси қызметпен айналысты, соның ішінде Мюнхеньде «Азаттық» радиостанциясының қазақ редакциясында жұмыс істеді. ГФР-дағы қазақтар мына жерлерде тұрады: Мюнхеньде - 60 отбасы немесе 300 адам, Кельнде - 90 немесе 450, Гамбургте - 4 немесе 20, Батыс Берлинде - 20 немесе 100, Хайдельбергте - 1 немесе 5, Майнцте - 2 немесе 10, Майндегі Франкфуртте - 1 немесе 5. Барлығы: 178 отбасы немесе 890 қазақ. ГФР-да өскелең қазақ жастарының арасында мәдени-білім беру шараларын өткізу үшін Мюнхень мен Кельнде екі қазақ қоғамы ұйымдастырылған. ГФР-дағы бұл қоғамдардың қызметінің жанданбай тұрғанын іс жүргізу мен үйлесімді әрекет ету тәжірибесінің жоқтығымен түсіндіруге болады. ГФР-дағы қазақ диаспорасы үшін өткір мәселелердің бірі тілдік проблема болып табылады. Негізінен, қазақтар отбасында түрікше, балалары немісше сөйлеседі. Қазақстаннан қазақ тіліндегі кітаптар, газеттер мен журналдар жіберу осы проблеманы шешуде күшті қолдау болар еді. 1993 жылы Мюнхеньде «Еуропалық қазақ түріктерінің бюддетені» шыға бастады. Бірінші нөмірі түрік тілінде, ал екіншісі қазақ тілінде шықты. Бюллетеньде Түркиядағы, Германиядағы, Франциядағы, Швециядағы, Австриядағы, Ұлыбританиядағы, Швейцариядағы және Даниядағы қазақ қауымдастықтарындағы болып жатқан оқиғалар туралы ақпараттар басылды, Қазақстандағы жетістіктер туралы хабарламалар жарияланды. Екі жылда (1993-1994) екі нөмірі ғана жарық көрді. ГФР-да тұратын қазақтарды олардың жоғары білім деңгейі мен әлеуметтік мәртебесі ерекшелендіреді, өйткені көшіп келген қазақтардың алғашқы буындары өз балаларына жақсы білім бере алды, қазір олар заңгер, стоматолог, инженер болып жұмыс істеуде. ГФР қазақтарының отбасылық қарым-қатынасында, мысалға, Франциядағы қазақтарға қарағанда консерватизм басым. Қалыңдықтарын Түркияда тұратын қазақ отбасыларынан әкелуге тырысады. Түрік қыздарымен жиі некелеседі және түркі емес халықтармен некеге тұрмайды. Ақпарат беруші қазақтардың мәліметтеріне сәйкес қазіргі кезде Швецияда 30-дай қазақ отбасы тұрады, негізінен Түркиядан барғандар. Олар Стокгольмде, Евелде, Вастераста, Гетеборгте тұрады. Соңғы уақыттары олардың саны осы елдің азаматтарымен некеге тұрған Қазақстаннан келген қазақтармен толығуда.

   Моңғолия


    Моңғолияның Ұлттық статистикалық басқармасының мәліметтері бойынша этникалық қазақтардың жалпы саны 102 983 адам, яғни моңғолдардан кейінгі екінші орынды иеленеді. Олардың ішінде Баян-Өлгей аймағында 83 776 адам, Хобда аймағында — 12 215, Улан-Батор мен оның төңірегінде – 7 504, ал Эрдэнэт, Дархан, Бэрх және Шарыгол өнеркәсіптік аудандарында – 4 245 адам тұрады. Қазақстан Республикасы Елшілігінің нақтыланған мәліметтері бойынша Моңғолияда 126 000-нан астам қазақтар тұрады. М.Тәтімовтың мәліметі бойынша Моңғолияда 157 000 қазақ тұрады, Қазақстардың Дүниежүзілік қауымдастығының көрсеткіші едәуір төмен – 90 000 адам. Мәліметтердің алшақтығы бұл мәселені арнайы зерделеуді талап етеді. Қазақтардың 90%-нан астамы Моңғолияның батыс бөлігінде, Баян-Өлгей аймағында тұрады, ол астанадан 1600 км қашықтықта орналасқан. Баян-Өлгейдегі мал шаруашылығының салыстырмалы қарқынды дамуы мен шекара маңындағы қарқынды сауда (РФ Алтай республикасы мен ҚХР ШҰАА) отандастарымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайының Моңғолияның басқа аудандарымен салыстырғандағы жақсы болуына жағдай туғызды. Республикаға қазақтардың қоныс аударуы Қазақстан мен Моңғолия арасындағы еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамту саласындағы өзара ынтымақтастық туралы Селісімге сәйкес 1991 жылдың қыркүйегінен басталды. Барлығы 83 000 адам көшіп келді. Кейіннен 12 000-нан астам қазақ Моңғолияға кері оралды. 70 278 адам Қазақстанда өзінің жаңа отанын тапты.

 

                         Қортынды

Жаңа заманда қазақ халқының бір бөлігі өздерінің тарихи отанынан тыс жерлерде тұрып жатты. Олар бір  бөлігі ирредента, ал екінші бөлігі диаспора саналды. Ирредента деп өздерінің  ежелгі атамекенінде дәстүрлі өмір сүріп  отырған біртұтас халықтың бір бөлігін  айтады. Алайда өкінішке қарай, қазақтардың  бірқатар жерлері шекаралардың өзгеруі, отаршыл басқыншылық сияқты оқиғалардың  салдарынан басқа мемлекеттің құрамында  болып шықты. Ал диаспоралар халықтың бір елден екінші елге лажсыз қоныс  аударып, өзге халықпен бірге тұруы  болып табылады.

Қазақтардың Қазақстаннан тыс жерлерге лажсыздан қоныс аударуы ХІХ-ХХ ғасырлар шебінде жиі орын алды. Ол кезде қазақ даласын Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударып  келген шаруалар арқылы отарлау жаппай жүріп жатты. Қазақтардың ең жақсы, құнарлы да шұрайлы жерлерін күшпен тартып алу жалғаса берді. Міне, мұндай жағдайда қазақтардың өздерінің  ежелден отырған, дәстүрлі көшіп-қонып  жүрген жерлерін лажсыздан тастап, қайдағы бір құнарсыз, сусыз жерлерге қоныс аударудан өзге амалы қалмады.

Көптеген ұлт-азаттық көтерілістері  аяусыз басып-жанышталғаннан кейін  қазақтар басқа мемлекеттердің аумағына көшіп кетуге мәжбүр болды. Мәселен, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістен соң 300 мыңға тарта қазақ Қазақстан  аумағын тастап Қытайға көшіп  кетті.  

 

Қолданылған әдебиеттер

1.  Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр — 1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. 2.Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т./ Алматы: Атамұра, 2008. — 352 бет.


Информация о работе Қазақ диаспорасы