Аңыз ангимелер

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 18:41, доклад

Описание работы

1991 жыл 16 желтоқсан… Қазақ елі өзінің аңсаған тәуелсіздігін алды. Бұл жылы хабар қалың халықтың жүрегіне үміт отын жақты. Осы сәтте бейбітшілік, еркін өмірге апаратын есік ашылды. Қазақ елі қараңғының тұманынан көз ашқандай болды. Иә, бұл бақытты күн әр адамның көкейінде сақталған. Қазақ елі енді Қазақстан деп аталды, мемлекеттік тіл- жойылудан құтылған қазақ тілі, рәміздеріміз – желбіреген көгілдір ту, жылтыраған елтаңба, бүкіл жерге нұрын шашқан әнұран және еліміздің заңдар жинағы – Конституция.

Работа содержит 1 файл

Кемеңгер деп.docx

— 14.70 Кб (Скачать)

Кемеңгер деп – тек өз ісінен ләззат алатын, қиындыққа қарамастан жұмыс істейтін адамды айтады. Бұл ағынға кедергі құрсаң, ол өзен болып бәрінің талқаның шығарып шайып кетеді. 
( Стендаль ) 
1991 жыл 16 желтоқсан… Қазақ елі өзінің аңсаған тәуелсіздігін алды. Бұл жылы хабар қалың халықтың жүрегіне үміт отын жақты. Осы сәтте бейбітшілік, еркін өмірге апаратын есік ашылды. Қазақ елі қараңғының тұманынан көз ашқандай болды. Иә, бұл бақытты күн әр адамның көкейінде сақталған. Қазақ елі енді Қазақстан деп аталды, мемлекеттік тіл- жойылудан құтылған қазақ тілі, рәміздеріміз – желбіреген көгілдір ту, жылтыраған елтаңба, бүкіл жерге нұрын шашқан әнұран және еліміздің заңдар жинағы – Конституция. 
 
Ең бастысы Қазақстанның тұтқасы – осының бәрін ұйымдастырған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің қолында. Елімізді жаңа жолға бағыттаған ұлы тұлға. Тұңғыш президентпен бірге Отанымыз алғашқы қадамдарын бастады. Тәй-тәй басқан қазақ елін биік шыңға көтерген – Елбасының зор еңбегі. Оны Елбасымыз дүние жүзіне танытты. Қазақстанның қайсар тұлпардай алға үдеп шауып бара жатқанына өзге мемлекеттер таң қалуда.

Әрбір тарихи кезеңді бір дәуір деп атайтын болсақ, сол әр дәуірдің өзіне лайықты белгілі бір дара тұлғасы болатыны ақиқат. Сондай ерекше ірі тұлғалардың бірі — біздің Елбасымыз, заманымыздың ең көреген де, дана да стратег басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев дер едім. Ол еліміз өз тәуелсіздігін жариялаған өткен он жеті жылдың ішінде өзінің бірегей көшбасшы, дана абыз тәрізді дара тұлға екенін көрсете білді. Сондықтан да, оған қандай марапат айтсақ та өте орынды болар еді деп ойлаймын.  
Еліміздің мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың өткен жылдың 1 желтоқсаны кезіндегі республикамыздың бас басылымы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Елбасы» атты мақаласы әр азаматтың да көкірегіндегі осындай ұялы ойды оятып, баршаға жар сала айтқысы келіп жүрген пікірлерін әйгілеп бергендей болды. Осы сияқты, әлемнің ең азулы, ең шоқтығы биік, айбарлы деген мемлекеттер басшыларының да, ірі діни қайраткерлердің де, сондай-ақ түрлі саладағы белгілі, білікті саяси көшбасшылардың да бірауыздан біздің Президентіміздің тарихи еңбегін әділ бағалайтыны әрбір қазақстандық азаматтың патриоттық, елдік, ұлттық мақтаныш сезімін туғызатынын жасырып қайтеміз. 
Кезінде ежелгі заманғы Күлтегін, Білге қағаннан бастап, сонау мәңгідегі орта ғасырлар кезінен бері қазақ елін біріктіру жөнінде халқымыздың талайдан бергі аңсаған асыл армандарын орындап, оны нағыз тарихи шындыққа айналдырған да біздің Президентіміз, біздің Елбасымыз. Бұл күнде біздің елімізді, бұрын баршаға мүлде беймәлім болып келген Қазақстанды бүкіл әлем Нұрсұлтан Назарбаев арқылы ғана таныды. Осының өзі де тек қазақтар үшін ғана емес, біздің елімізге тағдырдың талайымен келіп, Қазақстан жеріне қоныстанған басқа диаспоралар үшін де зор мақтаныш, олардың кеуделеріне берік сенім ұялатқан мәні зор тарихи дерек. Мен кейде ойлаймын, осы біздің Президентіміздің тал бойында Аристотельдің, Әль-Фараби мен Конфуцийдің және басқа да төрткүл дүниенің ежелгі ойшылдары мен даналары және қолбасшылары атанған бірегей тұлғалардың қырандай алғырлығы, тіпті Вашингтон, Махатма Ганди, Мұстафа Кемал Ата-Түрік тәрізді ұлы реформаторлардың қайта құрушылық батылдығы мен ұлылығы да бар деп білем. Бұл бүкіл әлем таныған ақиқат шындық. Өйткені, қай ел үшін де ең керекті асыл қазына – бірлік пен татулық, тұрақтылық пен берік тыныштық болса, сол қазынаны сақтай білген де біздің Президентіміз. Қаншалықты қиын болса да қоғамдағы жаңа экономикалық формацияның негізін қалап, нарықтық үлгінің әлем танып, мойындаған формаларын батыл іске асырған да, асқан даналық пен тәуекелдің бірегей ұштасуын қамтамасыз еткен де Нұрсұлтан Назарбаев. Міне, біз сондықтан да өз Елбасымызды ерекше ардақтап, бағалауға тиіспіз, оның сарабдал сара саясатын қолдап, оның әрбір қолға алған ісін ойдағыдай жүзеге асыруына әрқайсымыз болып көмектесуге міндеттіміз.


Информация о работе Аңыз ангимелер