Ағылшын және Франция ағартушылары

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2011 в 18:50, реферат

Описание работы

Бэконның ілімін жалғастырушы және бір жүйеге түсіруші. Ол механикалық тәсіл арқылы әлемдік құбылыстармен қатар таным процесінде, қоғамдық құбылыстарды да қарастырып, жүйеленген механикалықкөзқарастың негізін қалады.

Работа содержит 1 файл

Evropa America СРС-1 (AGARTUWILAR).docx

— 34.64 Кб (Скачать)
Ағылшын ағартушылары Француз ағартушылары
1. Томас Гоббс (1588-1679ж.ж.) - Бэконның ілімін жалғастырушы және бір жүйеге түсіруші. Ол механикалық тәсіл арқылы әлемдік құбылыстармен қатар таным процесінде, қоғамдық құбылыстарды да қарастырып, жүйеленген механикалықкөзқарастың негізін қалады. Негізгі еңбектері: «Адамзат туралы философиялық бастапқы негіздеме», «Левиафан - материя, форма, мемлекеттік, діни және азаматтық билік».

     Гоббстың  пікірінше, объективтік шындық дегеніміз денелер жиынтығы. Материя мен дене синонимдер. Бейзаттық құбылыстар болмайды.

     Денелер кеңістікте көсіледі және салыстырмалы қозғалыста болады. Олар түйсіктер арқылы қабылданып, санамызда ұғымдар қалыптастырады. Материя, денелер, өздерінің геометриялық сипаттары арқылы ажыратылады. Сондықтан, геометрия ең басты ғылыми ойлау тәсілі. Ойлау дегеніміздің өзі - есептеу, математикалық амалдардың жиынтығы.

     Барлық  денелер, әлем себептілікке байланысты болғандықтанжігер де себептілікке бағынышты. Ал жігер мен бостандық адам табиғатының нәтижесі болғандықтан, қажеттілікке байланысты еркін бола алады. Алғашқы қауым кезінде адамның табиғаты өзін- өзі сақтау, ләззатқа ұмтылу сияқты эгоизмге негізделген қажеттіліктен туатын еді де, қалыптасқан әлеуметтікжағдайға қарап өз іс-әрекетін ерікті түрде таңдайтын. Ал әрқайсысының еріктері бір-біріне қарама-қайшы келгендіктен, сол кездегі адамдардың табиғи көрінісі барлығының барлығына күресі болатын.

 

1.Рене Декарт (1596-1650 ж.ж.) - ақыл-ойды таным процесінде бірінші орынға қойып, тәжірибенің рөлін сол ақыл-ойдың мәліметтерімен тексеретін қарапайым практикаға дейін түсіреді. Негізгі еңбектері: «Тәсіл туралы ойлар», «Бірінші философия туралы метафизикалық олар», «Философия бастамасы» т.б.

      Декарттың философиясы өз бастамасын «күмәндану»  қағидасынан алады. Ол дәстүрлі қалыптасқан  пікірлерге де, сезімдік танымның ақиқаттығына да күмәнданады. Нағыз шындық - «күмәндануды»  ойлаудың қабілеті деп мойындау. Оның «Мен ойлаймын, олай болса, өмір сүремін» деген қағидасы төмендегідей тұжырым  жасауға мүмкіндік береді: біріншіден, ол танымның негізін объективтік  шындықтан іздемейді, керісінше  таным процесінің өзінен табуға ұмтылады; екіншіден, бұл қағида оны мәнділіктің  субстанциясы (түпнегізі) бар екенін мойындауға итермелейді.

      Декарттың пікірінше бір мезгілде, бір-бірінетәуелсіз, бірақ байланысты рухани түпнегізбен (құдай) қатар, материалдық түпнегіз де (табиғат) өмір сүреді. Рухани түпнегіздің ажырамас ең басты атрибуты - кеңістікте көсілуі.

Декарттың философиясы  артында өзіндік із қалдырған, соны идеяларымен кейінгі философиялық ағымдарға ықпал етіп, адамдарды басқаша ойлау арқылы, қазіргі техниканы жасауға мүмкіндік туғызды. 

2. Джон Локк (1632-1704) - британ педагогы және философы, эмпиризм және либерализм өкілі. Сенсуализмның тарауына әсер етті. Негізгі еңбектері: «Адамның ақыл-ойы туралы тәжірибе»т.б. Таным концепциясын психологиялық теория тұрғысынан негіздеп, психологияның ғылым ретінде қалыптасуына жол ашты. Егер Бэкон білім-тәжірибеден шығады десе, Локк оған қосымша тәжірибенің өзі сезімдік түйсінулер арқылы қалыптасқан деді. Локктың таным теориясы негізінен үш қағидадан тұрады:

    1.      адамда «туа біткен идеялардың» болуы мүмкін емес, себебі идеялардың өзі тәжірибе арқылы пайда болады;

    2.       адамның дүниеге келген кездегі ақыл-ойы ештеңе жазылмаған таза тақта немесе «ақ қағаз» сияқты, ол тек тәжірибе арқылы мазмұнға толады.

    3.       ақыл-ойда тек сезімдік түйсіктер арқылы қабылданған мәліметтерден басқа ештеңе жоқ, себебі дүниеге шығатын терезе - түйсік.

   Психиканың  қалай қалыптасқанын түсіндіру  мақсатында Локк идеялардың екі түрін қарастырады. Олар: бірінші сапалы идеялар және екінші сапалы идеялар. Бірінші сапалы идеяларға дененің түр, сан, орын, қозғалыс, тыныштық т.б. сол сияқты қасиеттері жатады, біз оларды шындығында қандай болса, тура сол күйінде қабылдаймыз. Ал екінші сапалы идеяларға денелердің иіс, бояу, дәм т.б. сол сияқты қасиеттері жатады, оларды біз субъективтік тұрғыдан қабылдаймыз. Осы екі сапалы идеялардың түйсіктерге әсер етуі арқасында біздің санамызда екі түрлі ұғымдар мен пайымдаулар қалыптасады. Біріншісі - күрделі пайымдаулар ұғымдар. Олар тек тәжірибе арқылы қалыптасады да, ой белсенділігін талап етеді. Осы негізде ғылымдар дамиды. Ал екіншісі - сыртқы денелердің түйсіктерге әсер етуінен, не болмаса рефлексия арқылы пайда болған қарапайым ұғымдар, пайымдаулар.

Ақиқат  дегеніміз, Локктың пікірінше, идеялардың өзара сәйкес келуі (ұғымдардың, пайымдаулардың «бірінші», «екінші» идеяларға) және көпшіліктің  өзара келісімі.

Адамның қуанышын тудыратын және күшінөсіретін  істің барлығы - игілік, ал оған қарама-қарсы  іс-әрекет бақытсыздық. Ең жоғары заң, адамды қуанышқа бөлейтін болғандықтан ең басты игілік болады. Локк мемлекет туралы ілімінде халықтың егемендігі негізінде қалыптасқан конституциялық монархияны жақтайды. Мемлекет билікті бөлу (заң шығару, атқарушы және сот биліктері) арқылы әлеуметтік топтарға бостандық және құқықтық теңдікті сақтауға кепілдік жасауы тиіс. Джон Локк бойынша мемлекетті құраған адамдар ортақ мақсатқа қажетті тұрғыдан ғана өз құқықтарымен бөліседі.

 

2.  Франсуа-Мари Аруэ (1694-1778) – XVIIIғ. француз ағартушылығының ең көрнекті өкілдерінің бірі. Жоғарыдан реформа жасау арқылы қоғамда өзгерістерге жетпекші болды. Әлеуметтік жамандық білмеушіліктен деп есептеген. Оның пайымдауынша, теңдік, еркіндік жаратылыстан берілген құқықтар. Барлық азаматтар заң алдында тең. Бірақ мүліктік теңсіздікті адамдардың жаратылысынан солай деп түсінді.Кез келген еркіндіктің бастауы - ұят пен сөз еркіндігі. Католиктік шіркеу мен католицизмге Вольтер қарсы болғанымен, жалпы дінге қарсы болған жоқ. Көпшілік халықты қолда ұстау үшін дін өте қажет деп есептеді. Қоғамды демократиялық негізде қайта құру мәселесі оны алаңдатқан жоқ. Ол үшін маңызды мәселелер: жаратылыс құқы, еркіндік, тендік. Еркіндік ол үшін бірінше кезекте жеке адамның, индивид еркіндігі, ал жалпы қоғам еркіндігіне мән бермеді. Жеке адам еркіндігінің негізі - сөз еркіндігі, онымен бірге баспасөз еркіндігі. Католиктік шыдамсыздыққа қарсы ар-ұят еркіндігін ерекше қарсы қойған. Вольтердің пікірінше, нағыз еркіндік адамдар бір-бірінен тәуелсіз болған жағдайда болады. Яғни, автономды субъектілерге айналу шарт болады. Сонда тәуелділік басқа сипат алады, заңға тәуелді болмақ. Вольтер басқалардай еркіндік пен теңдікті бір-біріне қарсы қоймайды, қайта еркіндік теңдікпен толықтырылып, күшейтіледі. Адамдардың теңдігі саяси-заңды мағынада: барлық адамдар заң алдында тәуелді әрі барлығы бірдей заңмен қорғалады. Мүліктік теңсіздік олардың жаратылысынан деп түсінді. Әрі мүлікке иелік адамның қоғамдағы жағдайын анықтайды. Мысалы, қоғамдық мәселелерді шешуде тек мүлік иелері ғана дауыс беруге құқылы. Осы тұрғыдан сословиелік артықшылықтарды және шіркеулі соттарды жоюды ұсынды. Аристократияны бюрократиямен ауыстыруды ұсынды. Ал реформаларды жүргізуді кемеңгер мемлекеттік билікке жүктеді. Абсолюттік монархияны, кемеңгер монарх билігін қолдады. Ол тек білімді, ақылды ғана емес, сонымен қатар қайырымды болуы керек дейді ол. Мемлекет - алғашында республика түрінде пайда болған отбасылар бірлестігі. Оның пайда болуы табиғи дамудың нәтижесі. Республика адамдардың табиғи жағдайына келеді. Билік мұнда көпшілік еркімен бағытталады. Ал оны бір адам немесе заңдар негізінде адамдар тобы іске асырады. Мемлекетті басқару түрлеріне емес, институттар арқылы іске асатын принциптерге мән берді. Мұндай әлеуметтік-саяси, құқықтық принциптерге еркіндік, меншік, заңдылық, қайырымдылық жатады.       
3.Беркли Джордж (1684-1753ж.ж.) -ағылшын философы. Негізгі еңбегі: «Танымның бастамасы туралы трактат».

Берклидің ілімі бойынша «жалпы материя» деген  бос сөз. Үшбұрыш деген жалпы  ұғымның дүниеде болмайтыны сияқты, «жалпы материя» да болмайды. Ал жеке материялдық денелер құдайдың ойында идея ретінде өмір сүреді. Олай болса, шынайы өмір сүретін заттар емес, рухтың, жанның және «меннің» түпнегіздері. Адамдар үшін нағыз объективтік шындық - біздің санамыздағы құдіреттің белгісі - «еске алу». Демек, жеке денелердің өмір сүруі дегеніміз, олардың түйсіктер арқылы қабылдануы арқасында «меннің» идеяларына айнала алуы. Қозғалыс деп жүргеніміз - құдайдың үздіксіз белсенділігі. Кеңістік пен уақыт та сезімдік «еске алудың» бір түбірлері. Мысалы, уақыт - түйсіктердің бірінің соңынан бірінің ауысып отыру дәйектігі. «Меннің» жойылуымен бірге бұл аталған құбылыстар мен денелердің жойылмайтын себебі, өзіндік «меннен» басқа «бөтен меннің» болуы.

Таным процесінде Беркли басты рөлді «тікелей сезімге» береді. Ол - сезімдік тәжірибенің нәтижесі, ал сезімдік тәжірибенің өзі санамыздағы құдіреттің белгісі - «еске алудың» жиынтығы. Сөйтіп, «тікелей сезім» арқылы қалыптасқан ұғымдар объективтік шыңдықтың субъективтік кескіні емес, түйсіктердің «еске алудың» жиынтығы. Демек, біздің танып-білі жүргеніміз нақты денелердің өзі емес, түйсіктердің жиынтығы ғана екен.

 

      
3. Клод Андриан Гельвеций(1715-1771 ж.ж.) - Гельвеций "Ақыл туралы” 1758 жылы шыққан кітаптың авторы ретінде танылды және реакцияның барлық күштерінде, үстем тап өкілдерінің тарапынан қудалауға ұшырады. Кітапқа тыйым салынды және өртеуге шешім алынды. Бұдан да жан-жақты өз идеяларын "Адам оның ойлау қабілеттіліктері туралы және оның тәрбиесі” кітабында дамытты. 1769 жылы жазылған бұл кітапты жаңа қуғындауды болдырмау мақсатында Гельвеций өзі өлгеннен кейін жариялау жөнінде өсиет жазды, ол кітап өзі өлгеннен екі жылдан кейін 1773 жылы жарық көрді.  

 Өзінің  еңбектерінде Гельвеций алғаш  рет педагогика тарихында адамды  қалыптастыратын факторларды толық  ашып берді. Сенсуалист ретінде  барлық елестетулер мен ұғымдар  адамдарда сезгіштік қабылдаулардың  негізінде ұйымдасты және ойлауды  түйсіну қабілеттілігіне теңеді

Адамды  қалыптастырудың негізгі факторы  ол ортаның әсерін жоғары бағалады. Адам қоғамдық ортаның және тәрбиенің  нәтижесі деп тұжырымдады. Гельвеций  тәрбиені қоғамдық өмірді қайта құрудың  құралы ретінде қате түсіндірді. Адамды қалыптастыру орта мен тәрбиеге байланыстылығы туралы материалистік тезис ұсына  отырып, Гельвеций оны біржақты тұжырымдады.

Феодалдық мектептегі оқытудың схоластикалық  әдістерін қатты сынай отырып, Гельвеций оқыту көрнекті болу керек  және мүмкіншілігіне қарай баланың  жеке тәжірибесіне негізделу керек, оқу материалы, оның айтуынша, шәкірттерге  қарапайым және түсінікті болуы  қажет.

Гельвеций барлық адамдар білім алуға құқылы, әйелдер ерлермен бірдей білім алуға  тиісті деген болатын-ды.

Гельвецийдің  айтуынша, барлық адамдар бірқалыпты дене бітімімен дамуға табиғаттан бірдей қабілеттіліктер мен мүмкіншіліктерді меңгереді.

Гельвеций қоғамдық тәрбиенің жанұя тәрбиесінен  артықшылығын дәлелдеп берді.

Гельвецийдің  пікірінше, бала дүниеге келгенде қайырымды  немесе қатыгез болып тумайды, оған берілетін белгілі сапалар-қоғамдық орта мен тәрбиенің нәтижесі.

Гельвецийдің  ілімі тарихи прогрессивті сипатта  болды және утопистік социализмнің идеялық қайнар көздерінің бірі болып  табылады.

4. Давид Юм (1711-1776 ж.ж.) - Берклидің ілімін әрі қарай жалғастырған, тарихшы, дипломат, философ, ағылшын ағартушылық кезеңінің көрнекті өкілі. Негізгі еңбектері: «Адамның ақыл-ойы туралы зерттеулер», «Діннің табиғи тарихы», «Табиғи дін туралы пікірлер», т.б.

Юм ешқандай түпнегізді мойындамайды. Себебі, ол үшін шын мәніндегі түпнегіз емес, идея ғана. Ал идеяны тудыру үшін объективтік  шындықта өздеріне сәйкес келетін заттардың  болуы міндет емес. Түпнегіз идеясы сезім мүшелерімен тәжірибе арқылы алынған деректерді көбейту, азайту, байланыстыру сияқты ой күшінің қабілеті арқылы қалыптасады. Мысалы, құдай идеясы адамдарға тән ақыл, данышпандық, қайырымдылық, көрегенділік т.б. с.с  қабілеттіерді жинап, оларды адамның  өзінен тыстатып, табиғатта жоқ құбылысқа  телуінен пайда болады. Тәжірибенің  өзі Юмның түсінігінше, себептері  белгісіз және түсінуге болмайтын «әсерлердің  үздіксіз қимылы». Ал фактілердің себептері  мен салдарын қайталанып қойылған тәжірибе және өз алдына дербестігін «ойлауға әдеттену» арқылы танып-білуге болады. Бұл жерде «ойлауға әдеттену» - өзіне  себептілік инстинктінің көмегінің  арқасында, себептілік заңы ретінде  өмір сүретін құбылыс. Демек, Юм объективті себептілікті жоққа шығара отырып, сезім «әселерінен» туындаған идеяларды  субъективтік себептілік ретінде мойындайды. Себептілік заңы тек қана жүргізіліп жатқан тәжірибе шеңберінде үстемдік ете алады, ал оны тәжірибелік  деректерден транценденттік идеяларға  таратуға болмайды. Таным процесінің ең басты мақсаты - тәжірибе арқылы айқындалған табиғи құбылыстардың себептерін жиынтықтап, олардан туындайтын көптеген салдарды сан жағынан аз жалпы себептерге бағындыру.

Адамдардың  іс-әрекетінің негізінде себептілік жатыр. Бұл себептіліктер біздің табиғи қалыптасуларымыз, сұраныстарымыз және құмарлығымыздың негізінде  қалыптасады. Ал ақыл-ой себептіліктің  негізі бола алмайды, демек ол ешқандай іс-әрекет туғызбайды. Ол тек қана ақиқат пен жалғандық, табиғилық пен  жасандылық туралы ой сараптап, олардың  орталарын ажырата білуге үйретеді.

Юм осы уақытқа  дейін айтып келгендей «агностик», «скептик» емес, биологиялық антропологиялық  тұрғыдан философиялық рационалистік бағытқа қарсы шыққан реалист.

4. Дени Дидро (1713-1784 ж.ж.) – ХҮІІІ ғ.француз материалистерінің көрнекті қайраткерлерінің бірі. Бұл бағыттың барлық өкілдері сияқты, табиғатты түсіндіруге материалист болды, ал қоғамдық құбылыстарды байымдауда идеялист болды. Ол дүниенің материалдығын мойындады, қозғалыс материядан бөлінбейді, дүниені тануға болады, дінге қарсы болды.

Материалистік сенсуализмнің бағытын ұстана отырып, Дидро білімнің қайнар көзі түйсіктер  деді. Ол "дүниені көзқарас билейді” дей келіп, қоғамды өзгертудің жолы революция емес, ағарту ісін насихаттау, жаңа заңдар шығару, дұрыс қойылған тәрбие арқылы деп қате түсіндірді.

Өзінің  тәрбие туралы ойларын Гельвецийдің "Адам туралы еңбегіне біржүйелі  түзетулер” деген негізгі еңбегінде  айтқан болатын-ды.

Дидро Гельвецийдің тәрбиенің құдіретті  күші туралы және адамдарда дара табиғи ерекшеліктердің болмайтындығы  туралы тұжырымдарына қарсы шықты. Дидро баланың табиғи ерекшеліктері  мен қабілеттерін мойындады.

 Дидроның  айтуынша, егер де тәрбиеші балаға  табиғаттан берілген жағымды  нышандарды дамытуға ұмтылса  және жағымсыз қасиеттерді тұншықтырса,  сол уақытта тәрбие жұмысында  жақсы нәтижеге жетеді деп  дәлелдеді.

Дидроның  баланың табиғи ерекшеліктерін ескеру, оның даралық ерекшелігін дамыту туралы ұсыныстары жағымды бағалауға  тұрарлық. Тек ғана таңдаулылар емес, барлық адамдар табиғаттан қолайлы  нышандармен жаратылған деп дұрыс түсіндіреді. Мұғалімге ерекше мән бере отырып, ол өз сабақ беретін пәнін терең білетін, өте қарапайым, әділ және басқа да жоғары адамгершілік сапаларды меңгерген болуды талап етті.

ХҮІІІғ. француз материалистерінің педагогикалық көзқарастары олардың философиялық тұжырымдарымен бөлінбейтін буржуазиялық халық ағарту саласындағы талаптарын 1789 жылы революция қарсаңында бейнелейді. Француз материалистерінің тәрбие ілімі 1789-1794 жылдары буржуазиялық революция қайраткерлерінің және ХІХ ғ.социал-утопистердің (Сен-Симон, Фкрбе, Оуэн) педагогикалық идеяларына ерекше ықпал етті. 
 
 

5. Франклин Бенджамин (Вениамин) (1706 —1790) — американ ағартушысы, мемлекет қайраткері, ғалым . Бос уақытын оқуға арнап, өз заманының білімді азаматына айналған.  Франклин 1754 ж. Олбандағы отар өкілдерінің бірінші конгресін шақырудың бастамашысы болып, онда отарларды біріктірудің жоспарын ұсынды.  1776 — 1785 ж. Франклин АҚШ-тың Париждегі өкілі болып, АҚШ-тың халықар. жағдайын нығайтуға үлес қосты. Оның қатысуымен және ықпалымен Америка-француз одағы туралы шартқа (1778), Версаль бітім шартына (1783) қол қойылып, нәтижесінде Ұлыбритания АҚШ-тың тәуелсіздігін таныды. 1785 ж. Пенсильвания штатының заң шығаратын жиналысының президенті болып сайланды. 1787 ж. ол АҚШ конституциясын демократияландыруға, құлдықты жоюға шақырды, аз ұлттардың құқын қорғады. Франклин табиғат пен қоғамдағы оқиғалардың табиғи ағымына құдайдың араласуы туралы шіркеулік ілімді декистік (деизм) тұрғыда теріске шығары. Әлеум. институттар (жекеменшік, мемлекет, т.б.) пайда болуының мәселесін Франклин табиғи құқ пен қоғамдық шарт тұрғысынан қарастырды. Экономикалық мәселелерді зерттей отырып, ол алғашқылардың бірі болып құн ережесін ұсынды. Жаратылыстанушы ретінде Франклин ең алдымен электрге арналған еңбектерімен танымал. Ол электр тогының біртектілігі теориясын жасады. Франклин атмосфералық электрді зерттеген ең алғашқы ғалымдардың бірі, жай тартқыштың құрылымын ұсынған. Франклиннің көптеген ғыл. жаңалықтары мен ғылымға сіңірген еңбегі халықар. деңгейде мойындалған. 
 
 
5. Руссо Жан Жак (1717-1778) - "Қоғамдық келісім туралы" еңбектің авторы. Негізгі идеясы - халық егемендігі.    Руссоның педагогикалық теориясының кейбір қарама-қайшылықтары мен қате тұжырымдарына қарамастан оның педагогикалық мұрасының тарихи прогрессивтік мәні ерекше және кейінгі педагогикалық ой-пікірдің дамуына үлкен әсер етті.

Руссо баланың жеке басын басып-жаншитын өмірі өтіп бара жатқан феодалдық  тәрбие жүйесін қатты сынға алды: білім беру саласындағы таптық шектеушілік, сөздік оқыту, догматизм мен құрғақ жаттау, таяқ тәртібі, дене жазалауы.

Өз кезіндегі  алдыңғы қатарлы адамдардың көзқарасын білдіре отырып, ол адамды феодалдық  қанаудан құтқару, балалардың құқын  қорғау мәселелерін қоя білді. Руссо  балаға сүйіспеншілікпен қарауға, оның жас және дара ерекшеліктерін зерттей  білуге, оның қажеттіліктерімен есептесуге шақырды.

Руссо оқушылардың белсенділігін арттыруға, ойлау ерекшеліктерін, қабілеттіліктерімен  өзбетімен жұмыс істеуін дамытуға ерекше мән берді. Ұлы гуманист ретінде  Руссо адамдарды сүюге, балаларды  құрметтеуге үгіттеді. Ол балалардың сезім органдарын тәрбиелеу, олардың бақылампаздығын дамыту қажеттігін ерекше атап көрсетті.

Сонымен қатар Руссоның педагогикалық тұжырымдарының барлығын дұрыс деп айта алмаймыз: Мысалы: оның дара "еркін тәрбие”, әртүрлі педагогикалық әсерлердің қажеттігін жоққа шығару, баланың  жеке басының тәжірибесін бүкіл  адамзаттың тәжірибесіне қарсы қою, қоғамдағы әйел адамдардың орнын  дұрыс бағаламау және одан туындайтын тәрбие мәселелеріне реакциялық көзқарастарды  атауға болады.

Дей тұрғанмен, Руссоның белсенді, ойлай білетін  ерікн адамды тәрбиелеу туралы идеялары көптеген елдерде педагогикалық  теория мен практиканың дамуына  жағымды әсер етті, бірақ кейін  бұл идеяларды буржуазиялық педагогика толықтай жоққа шығарды. ХІХ ғ.аяғы мен ХХ ғ.басында буржуазия Руссоның мұрасынан бас тарта бастады  немесе оны жоққа шығарды.

Коменскиймен  салыстырғанда Руссо феодалдық  тәрбие жүйесіне одан да қатты соққы  берді. Ол балалардың психологиялық  ерекшеліктері туралы ілімді біршама  тереңдетті. Табиғи тәрбие тұжырымдамасынан туындай отырып, Руссо өзінің көзқарасын мектепте іске асатын оқыту және тәрбие үрдісінен бөліп қарастырады. Ол мұғалімге нақты және пайдалы ұсыныстар мен кеңестерді, әсіресе оқытуды ұйымдастыру және әдістемесінің практикалық мәселелері бойынша өте аз береді.

Жан-Жак  Руссоның әдеби және педагогикалық  мұраларын Ресесйдің сол кездегі  алдыңғы қатарлы озық ойлы өкілдері жоғары бағалаған болатын-ды. Эмильдің санаулы алғашқы даналары Петербургке 1763 жылы ақпанда алынды, бірақ бұл  кітаптың таралуына тиым салынды, оған қарамастан, кітап құпия түрде  таралған болатын-ды.

ХҮІІІ ғ.Ресейдің жолында революционері, ағартушысы А.Н.Радинцев ұлы гуманист-ойшыл  Руссоның мұрасына ерекше баға берді. А.Н.Радинцев тәрбие мәселелеріндегі  жүргізген өзгерістері үшін Руссоға "Еуропа көп міндетті” деп  жазды.

Декабристерде ХІХ ғ.60-жылдарындағы революция демократтар  Руссоның педагогикалық еңбектері  ерекше бағаланды.

 
 
 
 
 

Информация о работе Ағылшын және Франция ағартушылары