Атырау өлкесінде тұратын өзге этникалық топтардың қоныстану тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2013 в 11:52, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бергі жылдар ішінде еліміздің кеңестік кезеңдегі тарихы туралы ақиқатты айтуға, оның әлі де толық зерттелмеген көлеңке беттерін ашу мүмкіндігіне қол жеткіздік.
Тәуелсіздіктен кейінгі уақыт ағымында үлкен бетбұрыс жасалып, демократиялық құқықтық зайырлы мемлекет құрылды. Бүгінде Қазақстан көп ұлтты мемлекет ретінде оны мекендейтін 130-дай халықтар мен ұлттардың өз отанына айналып отыр. Кеңестік жаппай қуғын-сүргін тарихы көптеген зерттеулерге арқау болды. Бірақ тұтас халықтарды жер аудару тарихын зерттеу әлі де терең ізденістерді талап етеді. ХХ ғасырдың 30-шы жылдары мен 50-ші жылдарының басы КСРО-да көптеген адамдарды, тіпті тұтастай халықтарды күштеп жер аударудың орын алған кезеңі еді.

Работа содержит 1 файл

Айгерім гылыми жумыс.doc

— 335.00 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бергі жылдар ішінде еліміздің кеңестік кезеңдегі тарихы туралы ақиқатты айтуға, оның әлі де толық зерттелмеген көлеңке  беттерін ашу мүмкіндігіне қол жеткіздік. 
Тәуелсіздіктен кейінгі уақыт ағымында үлкен бетбұрыс жасалып, демократиялық құқықтық зайырлы мемлекет құрылды. Бүгінде Қазақстан көп ұлтты мемлекет ретінде оны мекендейтін 130-дай халықтар мен ұлттардың өз отанына айналып отыр.  Кеңестік жаппай қуғын-сүргін тарихы көптеген зерттеулерге арқау болды. Бірақ тұтас халықтарды жер аудару тарихын зерттеу әлі де терең ізденістерді талап етеді. ХХ ғасырдың 30-шы жылдары мен 50-ші жылдарының басы КСРО-да көптеген адамдарды, тіпті тұтастай халықтарды күштеп жер аударудың орын алған кезеңі еді. Тоталитарлық жүйе миллиондаған азаматтардың тағдырын қиды. Сол жылдары ұлттық мүддені қорғаған зиялыларды, қарапайым еңбек адамдарын жазықсыз қудаласа, кейіннен бұл саясат шекаралық аймақтағы тұтастай халықтарды туған жерінен айырып, басқа аймаққа күшпен жер аудартты. Оларды қоныстандырған жердің негізгі қатарында Қазақстан да бар болатын. Осындай аласапыран заманда Қазақстандағы демографиялық ахуалдың күрт төмендеуін жер аударылғандар толықтырды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде гитлерлік әскер мен режимге жәрдемдесті деген сылтаумен Еділ бойындағы немістер, Солтүстік Кавказ, Қырым жағалауын мекендеуші біраз халықтар қудаланып, туған жерінен тыс, алыс жерлерге күшпен жер аударылды. Егер осындай адамдар немесе жеке бір топтар болған жағдайда тек соларға ғана заң жолымен шара қолданудың орнына кеңес үкіметі тұтастай халықтар мен этникалық топтарды жер аударды. Мұның өзі олардың соғыс жағдайында өздері аймақтарына әсерін тигізген ауыр да күрделі саяси мәселе болғандығы ақиқат.Мемлекеттің кең көлемде жүргізген осы заңсыз шаралары бүгінгі күнге дейін толық зерттелмей келе жатқан мәселе.

Кеңестік  жүйе тұсында саяси қуғын-сүргін бірнеше сатыдан өтті. Ол патшалық Ресей тұсындағы Сібірге жер  аудару, каторгаға жіберу сияқты тәжірибені ұтымды пайдаланды.  Әуелде депортация бұрынғы жүйеге қызмет еткен жеке адамдарға, одан кейін БК(б)П қарсыластарына, онан соң тұтас ұлттарға жайылды. Сүйтіп сталиндік қуғын-сүргін жылдары орын алған саясат жер аударылғандарды ұлттық болмысынан, ділінен, мәдениетінен айырып, негізсіз кінә тақты, қатал жазалады. Бұл кеңестік ұлт саясатының заңдылықты сақтамауының айқын көрінісі болды. Бірінен соң бірі жарыққа шығып жатқан сол кездегі заң актілері күшпен жер аударылған халықтардың жан-жақты дамуына, келешегіне түбегейлі кедергі келтірді.  Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында және соғыс жылдарында Қазақстанға жер аударылған корей, шешен, ингуш, түрік, болгар, Қырым татарлары және басқа халықтар мен этникалық топтар өкілдері соғыс кезінде және соғыстан кейінгі жылдары республика халық шаруашылығының барлық саласында еңбек етіп, оның өркендеуіне өз үлестерін қосты. 1957 ж. олардың елдеріне қайтуына, ұлттық-мемлекеттік құрылымдарының қалпына келтірілуіне байланысты КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлықтары мен КСРО үкіметінің қаулы-қарарларына қарамастан олардың негізгі бөлігі осында түпкілікті қалып қойды. Тек Кавказ түріктері, немістер мен Қырым татарларына еліне қайтуға жағдай жасалған жоқ. Бүгінде олардың бәрі Қазақстан Республикасының тең құқықты азаматтары. Олардың соғыстан кейінгі Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін дамытуға қосқан үлесі арнайы зерттеуді қажет ететіндігі айқын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Атырау өлкесінде тұратын өзге этникалық топтардың қоныстану тарихы.
    1.   Патша үкіметінің көші-қон саясаты. Қоныс аударудың негізгі кезеңдері.

 Атырау өлкесінің  көп ұлтты құрамы өлкені үнемі әрі жүйелі түрде отарлау саясаты нәтижесінде қалыптасты. Қазақстанға басқа ұлт өкілдерінің келіп қоныстануы патшалық билік тұсында басталып, кейіннен кеңестік жүйе тұсында жалғасын тапты. Қоныстану түрлі жағдайларға байланысты мемлекет тарапынан қолдау арқылы ұйымдасқан түрде немесе шашыранды, өз күштерімен жүйесіз түрде, қоныс аударушылардың өз еркімен немесе оларды зорлап жер аудару арқылы жүргізді. Атырау өңірі көп ұлтты құрамы жер аударылған кулактармен, сталиндік қуғын-сүргінге ұшыраған және тарихи мекенінен қуылған халықтармен, одақтық ведомствоаралық биліктің ұйғаруымен және басқа келушілермен толығып отырды.

  Өлкемізге басқа этникалық топтардың  алғаш келіп қоныстануы XVI ғасырдан бастау алды. Бұған дейін де Алтын Орда мен Орыс мемлекетінің арасында болып тұрған екі жақты барыс-келістердің болғаны белгілі. Ал орыс-казактық отарлау Украинадан, Ресейдегі басыбайлылық қанаудан қашқан шаруалардың казак еркін жұртына қосылып, Жайық пен Ертіс өңіріне келуінен басталады. Бұл басыбайлылық құлдықтан қашқан «еркін адамдар» (казактар мен татарлар) жаңа жерлерді игеру мақсатында келіп, біртіндеп дербес қауым ретінде қалыптаса бастайды.

Славяндық және түркілік тегі аралас казактар I Петр тұсында XVIII ғасырдан бастап орыс мемлекетіне түпкілікті бағынды. Осы кезден бастап казактар Ресейдің геосаяси стратегиясын жүзеге асыруға белсене қатысады. Жергілікті халықтардан тартып алынған ұлан-байтақ жер иеліктерін, балық аулайтын сулы-нулы өңірді, тұз және басқа кәсіпшілікті уысында ұстай отырып, әр түрлі артықшылықтарға ие болған казактар империя шебіндегі патшалық тәртіптің сенімді тірегі болды. Тарихтың қатал шындығы казактардың қаналған халықтың ұлт-азаттық қозғалыстарын аяусыз басып-жаншитын патшалықтың екпінді күшіне айналғандығын айғақтайды [1].

Қазақстан аумағында  құрылған Орал,Орынбор, Сібір және Жетісу шептерінің казактарына Оралдың, Солтүстік Қазақстанның, Ертістің және Жетісудың ең құнарлы, шұрайлы жерлері бөлініп берілді. Казактық отарлаудан кейінгі әскери-әкімшілік отарлау кезінде тірек пункттері есебінде әскери қоныстар бой көтерді. Бұл қоныстар әскери шептерге ұласты. Бастапқы кезде әскери қоныстар Орал, Ертіс сияқты өзен арналарын қамтыды. Осындай қозғалыстың үдере жүргізілгендіғін қала бекіністерінің тез өскендігі дәлелдейді. Мәселен, бекініс есебінде 1640 жылы Гурьев қалашығының негізі салынды [2].     

Осылайша XVIII ғасырдың орта тұсына қарай әскери бекіністердің  ұзын дәлізі қалыптасты. Содан кейін  де өлкенің ішкі аудандарында тұрақты  әскери бекініс құрылыстары жүргізілді. Казактар мен шаруалардың көші-қон саясаты алғашында басып алынған мол аумақта берік табан тіреу мақсатын көздеді. Ал бұл міндетті тек казак қоныстары арқылы ғана толық орындау мүмкін емес еді. Сондықтан Ресей империясының әкімшілік билігін нығайту мақсатында шаруалардың қоныс аударуына кең жол ашылды.

Жалпы Қазақстан тарихында қоныс аудару қозғалысының кезеңдері туралы бір жақты пікір жоқ. Дегенмен қоныс аудару қозғалысын шартты түрде үш кезеңге бөліп қарауға болады:

  • 1861—1885 жылдар;
  • 1886—1905 жылдар;
  • 1906—1917 жылдар.

Жүз мыңдаған орыс, украин, беларусь шаруаларының Сібір, Қазақстан және Орталық Азияға қоныс аударуы Ресейдің аграрлық саладағы саясатымен тығыз байланыста дамыды. Ресей самодержавиесі жер мәселесін помещик-дворяндардың пайдасына шешіп берді. Помещиктер шаруаларды «азат ету» барысында олардың бұрын пайдаланып келген жерінің басым бөлігін тартып алды. XIX ғасырдың соңғы ширегінде Еуропалық Ресей мен Украинадан қоныс аударушылардың келуі есебінен халықтың ұлттық құрамы өзгерді. Қазақ, қырғыздармен бірге орыс, украиндар, татарлар, тәжіктер, түрікмендер, башқұрттар, чуваштар, қараноғайлар, армяндар саны өсе түсті. Жер тапшылығының шиеленісуі, «азаттық» алған шаруалардың қайыршылық күйі, құрғақшылық, орта шаруалардың кедейленуі, өтемдік төлемдер мен салықтардың ауыртпалығы шаруалардың туған жерлерін тастап, Оралдың арғы жағынан жер мен «жақсы өмір» іздеп кетуге мәжбүр етті. Алайда 1891— 1892 жылдардағы Ресейдегі аштыққа байланысты өз бетімен еркін қоныс аудару көлемінің өсуіне орай, патша үкіметі қоныс аударуды заңдастырып, өз ырқында ұстауға тырысып бақты. XIX ғасырдың соңғы ширегінде Еуропалық Ресей мен Украинадан қоныс аударушылардың келуі есебінен халықтың ұлттық құрамы өзгерді. [1] Қазақ, қырғыздармен бірге орыс, украиндар, татарлар, тәжіктер, түрікмендер, башқұрттар, чуваштар, қараноғайлар, армяндар саны өсе түсті. XIX ғасырдың 70-жылдарында орыстар мен украиндар барлық Қазақстан мен Қырғызстан тұғындарының 8%-ын (246,9 мың) құрады. Бұдан барлық облыстарда жергілікті тұрғындардың бірден-бір жоғары үлес салмағын анық байқауға болады.1897 жылы Қазақстан тұрғындарының саны 4 млн 150 мың адамға жетті. Солардың ішінде қазақтар 3 млн 400 мың адамды құрады. Қалған 750 мыңдай адам басқа ұлт өкілдері болды. Гурьев өлкесіне келетін болсақ уезъ халқының саны 175 334 мың адамды құрады.Өлкенің негізгі тұрғындары — қазақтардың үлес салмағы төмендеп, 1897 жылдары шамамен 81,7%-ға жетті. Ал орыстардың үлес салмағы жоғарыда көрсетілгендей — 10,9%-ға, украиндар — 1,9%-ға өсіп, татар, ұйғыр, өзбек сияқты ұлттардың да үлес салмағы арта түсті [3].

XX ғасырдың басында  Ресей орталығындағы аграрлық қайшылықтардан шығудың жолын Министрлер кеңесінің төрағасы П.А.Столыпин ойлап тапты. Ол 1906 жылы 6 қарашада шаруалардың қауымнан шығып, хуторға енуі туралы жарлық шығарды. Ол Ресейдің ауыл шаруашылығын дағдарыстан шығару үшін шаруалар қауымын таратты, сөйтіп қауымдық жерлерді кулактардың басып алуына жағдай жасады. Помещиктік жер иеленуді сақтауға тырысқан үкімет қоныс аударуға бостандық берді. Қоныс аудару саясатындағы бұл жаңа бағытқа көшуге 1905—1907 жылдардағы бірінші революция мен аграрлық толкулар өз ықпалын тигізді. Столыпиннің жарлығы негізінде шаруа өз үлесін сатып, еркін түрде басқа жаққа кетуге мүмкіндік алды. Осылайша Ресейдің орталық аудандарындағы әлеуметтік жіктелудің тереңдей түсуі күйзелген, жерден айырылған шаруалардың көші-қон ағымының кең қанат жаюына әкелді. 1905 жылы қоныстандыру мәселесін реттеу мақсатында қоныстандыру мекемелерінің Басқармасы құрылды. 1905—1917 жылдардағы мекеменің 12 жылғы қызметі нәтижесінде бір миллионға жуық қоныс аударушылар жерге орналастырылды. 1908 жылы қоныс аударушылар толқыны ең жоғары деңгейге жетті. Жылына 665 мың қоныс аударушы келді [2]. Патша өкіметінің қоныс аудару саясаты қазақтардың шаруашылығына орасан нұқсан келтірді. Жүздеген жеке меншік хуторлар бой көтерді. Патша офицерлері, кулактар, көпестер көлемді жер төлімдеріне ие болды. 1905—1907 жылдардағы Ресейдегі бірінші буржуазиялық-демократиялық революциядан кейін үкімет барлық шектеуді жойып, барлық шет аймақтарға қоныс аударуға жол ашып берді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Күштеп қоныс аударылғандар

Социалистік заманда Кеңес Одағын мекендеген халықтардың қай-қайсысы болсын сталиндік зорлық-зомбылықтан, геноцид пен этноцидтен, саяси қуғын-сүргіннен аман қалған жоқ. Кеңес өкіметі жылдарында жекелеген партия, кеңес, комсомол қызметкерлері ғана емес, тұтас бір халықтар — сенімсіз де сатқын ұлттар қатарына жатқызылып, тарихи атамекенінен күштеп жер аударылды.

Депортация латынша deportatio — «қуғындау», «көшіру» деген мағынаны білдіреді. Халықтар депортациясын белгілі бір ұлт өкілдерінің белгілі бір іс-әрекеттеріне байланысты елден қуылуы деп түсіну қажет. Ал шетел тіліне енген сөздер сөздігінде «депортация» — қылмыстық және әкімшілік жаза ретінде мемлекеттен қуылу, көшіру, жер аудару деп көрсетілген. 1920—1950 жылдары тұрғындарды күштеп көшіру — сталиндік қуғын-сүргіннің негізгі құрамдас бір бөлігіне айналды. Жалпы КСРО- да депортацияға ұшырағандардың саны 1920 жылдан 1949 жылға дейін 3,2 млн адамға жетті. КСРО-да ең көп орын алған жаппай қуғын-сүргіндік көші-қондардың төмендегідей түрлері қолданылды:

  • этностың белгілері бойынша депортация («жазаланган халықтар», «шекараларды тазалау»,«сенімсіз халықтар»).
  • әлеуметтік-таптық белгілері бойынша депортация (1934 жылға дейінгі кулақтарды жер аудару) кезінде келгендерді арнайы көшірілгендер (спецпереселенцы) деп атады.
  • саяси мүдде негізіндегі 1934—1944 жылдары көшірілгендерді «еңбек қоныстарындағылар» деп атады. 1944 жылдан бастап «арнайы қоныс аударылғандар» деген атау қолданылды.

         Жоғарыда аталған күштеп жүргізілген  депортациялардың ішінде мерзімі жағынан большевиктік әлеуметтік-таптық геноцид бірінші болып жүзеге асырылды. Кубань казактары, зиялылар, діни адамдар алғашқы большевиктік тәжірибенің құрбанына айналды. Одан кейін кулақтар мен байларды тап ретінде жою басталды. Оларды үш санатқа бөлді. Солардың ішінен екінші санатқа жататындарды КСРО- ның алыс аудандарына жер аудару көзделді. Жоспарлы түрде әкімшілік күшпен алып келіп қоныстандырудың мұндай ауқымы этностардың гендік қорына нұқсан келтірді, миллиондаған шаруалар ұжымдастыру жылдарында аштан қырылды. Жаппай ату жазаларына ұшырады және лагерь капастарына қамалды.

Қазақстандағы байларды тәркілеу барысында шамамен 5500 отбасы сыртқа көшірілсе, Қазақстанға Орта және Төменгі Еділ бойы, Орталық қаратопырақты және Мәскеу облыстары, Солтүстік Кавказ өңірінен 1932—1933 жылдары мыңдаған адамдар жер аударылды. Қазақстан «Сібір» сөзінің синониміне айналды. Осылайша халықтарды күштеп көшіру соғысқа дейінгі кезеңде басталып, әр түрлі әлеуметтік топтар мен сословиелерді, этностық топтарды КСРО-ның орталық аудандарынан 20—30-жылдары Қазақстан, Орал, Гурьев,  Орталық Азия, Сібір, Қиыр Шығысқа жаппай көшіріп-қондыру қызу жүргізіліп жатты [4].

Кулак деп аталған миллиондаған таңдаулы шаруалардың көзін құртқан этнодемографиялық дағдарыс халықтарға зор зиянын тигізді. Қазақстанда ұжымдастыру науқаны кезінде жер аударылған кулактардан тұратын арнайы көшірілгендердің 100-ге тарта қоныстары болды. Олар арнайы комендатураларда есепте тұрды. ГУЛАГ қызметі жүйесіне күшпен тартылып, көмір өндіру, металл өндірісі, темір жол мен электростанциялар, НКВД (Ішкі істер Халық Комиссариаты) құрылыс объектілерінде, мақта өсіру, қызылша, қант өндірістерінде және т.б. жұмыс күші ретінде пайдаланылды.Арнайы қоныс аударылғандардың азаматтық құқығы сақталды, қоныстанған әкімшілік аудан көлемінде жүріп-тұруына рұксат етілді. Бірақ қоныстанған жерінен кетуге құқығы болмады. Олардың тұрмыстық-шаруашылық мәселелерін шешу НКВД-ның, ГУЛАГ басшыларына жүктелді. Орталықтағы болып жатқан бұл оқиғалар ұлт республикасында, өлкелерде тұрғындарды жаппай саяси кудалауға жол ашып берді. Осы үлгімен мұнда да «халық жауларын» — «ұлтшыл-фашистерді» әшкерелеу қолдан ұйымдастырылды. Елде сталиндік жаппай қуғын-сүргіннің кең етек алуына негіз қаланды. 1936 жылы КСРО ХКК құпия қаулыларының негізінде Батыс Украинадан Қазақ АКСР- не 15 мың поляк және неміс шаруашылықтарын көшіріп-қоныстандыру басталды. Олардың көп бөлігі Солтүстік Қазақстанға, Каспий өңірі қалғаны Оңтүстік Қазақстан облыстарына орналастырылды. Ресейдің ішкі аудандарынан, Украинадан, Белоруссия мен басқа республикалардан арнайы коныс аударылғандардың жалпы саны 1936 жылға қарай 360 мың адамға жетті. Еділ өңірі немістерін Сібірге депортациялау идеясы 1915 жылы туса да, оны жүзеге асыруда көптеген кедергілер кездесті. Ал 1937—1938 жылдары немістердің ұлттық мәселесі қайта жандана бастады. Патша жүзеге асыра алмаған идеяны қолға алуға ыңғайлы кезең туғандай еді. Қазақстандағы «Кіші Қазан» науканы кезінде босап қалған жерлерге корейлерді, финдер мен поляктарды орналастырғаннан кейін кезек немістерге де келді [5].

Информация о работе Атырау өлкесінде тұратын өзге этникалық топтардың қоныстану тарихы