Қасым хан тұсындағы қазақ хандығы. Қасым ханның “Қосқа жолы ” заңдары.

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 13:08, реферат

Описание работы

Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы ішкі феодалдық қырқыстар мен аласапыранқылықты аяқтатты, үнемі ер өліп, өріс бұзылып отыратын тайпалық талас-тартыстарға тыйым салды. Ел ішінде бейбіт береке орнады. Мұның өзі көшпелі шаруалардың бұрыннан қалыптасқан дағдылы дәстүрге бай мал жайылыстарынан мерзім бойынша тиімді пайдалануын, кезінде өріс-қоныс, жайлау-қыстауларына көшіп-қонуын, бейбіт өмір өткізіп, өндіріспен шұғылдануын қамтамасыз етті. Сөйтіп, әлеуметтік өндіргіш күштерді өсірді.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 36.11 Кб (Скачать)

Хандық билігін күшейтуге бағытталған  ірі-ірі өзгерістер жасады. Тәуке өзінің саясатын феодалдық билер мен шонжарларға, батырларға сүйеніп жүргізді. «Xалық кеңесі» мен «Билер кеңесін» тұрақты орган ретінде қалыптастырып, олардың рөлін арттырды. Жыл сайын белгілі бір мерзімде Күлтөбеде 3 жүздің басын қосқан жиын өткізіп тұрды.

Тәуке ел бірлігі бұзылуының ұйтқышылары феодал ақсүйектер мен сүлтандарды әлсіретуге, мемлекеттік құрылысты күшейтуге тырысты. Жүздер мен ұлыстар арасындағы күрделі тартыстар билер кеңесінде, абыройлы да әділетті де Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, т. б. билер адында шешілді.

Тәуке билікті өз қолына алды. Өзінің алысты болжағыш саясаткер екендігін  елге таныта білді. Оның қолына ең маңызды  көш – қоңысты белгілеп бөліп беру, алым - салық салу, сот ісі, қарулы күш т.б. қызмет түрлері жинақталды. Сыртқы жағайды назарда ұстап, кәмелетке толғандарға 5 қарумен жүруді міндеттеген.

Сөйтіп, «қара қазаққа» сүйенген Тәуке  хан көп нәрсе ұтты. Өйткені  билер кеңесі барлық румен тығыз  байланыс орнатып, ел бірлігін халық  көкөйіндегі көкейтесті мәселелерді: қөш- қоныс, ел тыныштығы, сыртқы жаудан қорғану, т.б. талқыланды. Ақыры, билер кеңесі ханның кеңесу органына айналып, зор саяси маңызға ие болды.

XVII ғасырдың аяғында қазақ хандығының  ішкі және сыртқы саяси жағдайы  өте шиелінісе түті. Халық басына қиын да қилы заман орнады. Сыртқы душпандар жиі торуылдай бастады. Ал қуатты сұлтандар өздерінің иілігіндегі ұлыстарды жеке – дара билеп, дербестенуге бой ұрды. Сондықтан Тәуке елдің ауыз бірлігін нығайтатын шаралар қарастыра бастады.  
 
«Жеті жарғы» заңдар (Тәуке ханның заңдары).

XVII ғасырдың аяқ шенінде қазақтардың  әдеттегі қуқық (право) нормалары  бір жүйеге келтіріліп, толықтырылды. Тәуке хан билік құрған кезде тұжырымдалған заңдар «Жеті жарғы» деген атпен мәлім, мұның өзі сөзбе–сөз алғанда «жеті ереже» деген сөз. «Жеті жарғыда» орта ғасырдағы қазақ қоғамының патриархаттық-феодалдық правосының негізгі принциптері мен нормалары баянды етілген. Ғылыми әдебиетте бұл заңдық (юридикалық) құжат (документ) «Тәуке ханның ережесі» немесе «Тәуке ханның заңдары» деп аталады. Деректемелерде «Жеті жарғының» авторы кім болғаны жөніңде мағлұматтар жоқ. Тарихи аңыздарға қарағанда, оны жасаушы Тәуке хан дейді: ол Күлтөбе деген жерде үш жүздің өкілдері болған билердің басып қосып, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» заңдарын «Жеті жарғы» деп аталатын нормаға біріктірген екен деседі.

«Тәуке хан ережесінің» негіздері  туралы қайсы бір тиянақты пікір айту қиын, кейбір ғалымдар оның негіздерін Шыңғыс ханның Ясасынан іздейді, енді біреулері «Жеті жарғы» Ясадан мүлдем тәуелсіз жазылған деседі. Тегінде, «Жеті жарғының» негізгі көзі деп бәрінен бұрын қазақтардың әдеттегі байырғы правосын, сондай – ақ Тәукеден бұрын өмір сүрген қазақ хандарының жазылмаған заң ережелерін мойындаған жөн. Заңдарға негізінен алғанда қазақ қоғамының XVII ғасырдағы әскери – саяси және әлеуметтік өмірінің қажеттеріне жауап беретін ережелер енді.

«Жеті жарғыны» жасау қолданылып келген әдеттегі правоның нормаларын қазақтың феодалдық қоғамының жаңа қажеттеріне  бейімдеу, бұл орайда ол нормалардың  феодал ақсүйектердің мүдделеріне  сай келетіндерін ғана сақтау мақсатын көздеді. Сөйтіп, Тәуке ханның «Жеті жарғы заңдары» қазақ қоғамының сол замандағы әлеуметтік және құқық нормалары заң жүзінде баянды етілді.

«Жеті жарғыға» әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық право нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген, яғни онда қазақ  қоғамы өмірінің барлық жағы түгел қамтылған.

Мазмұны жағынан «Жеті жарғы» үш болімнен турады: біріншіден, қазақтың ежелгі әдет –ғұрып заңдарын қамтыған «Қасым ханның қасқа жолына» негізделген, екіншіден, одан соңғы өзгерістер, соның ішінде «Есім ханның ескі жолына» негізделсе, үшіншіден, Тәуке ханның дәуіріне , саясатына сай енгізілген жаңалықтар.

«Жеті жарғы» жеті заңнан құралды:  
1. Жер дауы заңы (земельный закон)  
2. Отбасы - неке заңы (семейно – брачный закон)  
3. Әскери заң (военый закон)  
4. Сот заңы (судебный закон)  
5. Қылмысты істер заңы (уголовный закон)  
6. Құн заңы (закон о Куне)  
7. Жесір дауы заңы (закон о вдовах)

Сөйтіп, «Жеті жарғының» біздің заманымызға дейін жеткен заңдар осындай еді .

Тәуке ханның сыртқы саясаты.

Тәуке ханның сыртқы саясаты атырабындағы елдермен тату көршілік байланыс орнатуға, олармен экономикалық, сауда – саттық қарым – қатынас жасауға тырысқан бейбіт дипломатиялық саясат болды. Тәуке хан Бухара хандығымен бибітшілік қарым – қатынаста болуға, Орта Азиядағы отырықшы аймақтармен, қалалармен сауда – саттық жасауға тырысты. Қазақ хандығымен жауласып келген жоңғар хандығына да соғысты тоқтатып тату көршілік қатынас орнату жөнінде Қазыбек би бастаған елшілер жіберген.

Ол кезде мейлінше жауласып алған  жоңғарлар мен қазақтарды4 бітімге келе қоюы мүмкін емес еді.

XVII ғасырдың соңы мен XVIIІ ғасырдың  басында жоңғар феодалдары қазақ  хандығына үздіксіз шабуыл жасап  тұрады. Олар Оңтүстік Қазақстанды және Сырдария бойындағы базарлы қалаларды, сонымен қатар ең маңызды кереуен жолдары өтетін территорияны да басып алуға тырысты. 1681 – 1685 жж. жоңғар феодалдары Оңтүстік Қазақстанға бірнеше рет жабуыл жасады, Сайрам қаласын қиратып, егіншілікпен айналысқан ауылдарды күйретті. XVIIІ ғасырдың бас кезінде жоңғар әскерілерінің бір тобы Сарысу өзеніне жетсе, екінші бір бөлігі Орта жүздің шығыс солтүстік аудандарына басып кірді .

Қазақ ханы Тәуке береке – бірлікті барынша күшейтіп, сыртқы жауға батыл күрес жұмсау үшін қажымас қайрат жұмсады. 1710 жылы жауға қарсы қалай төтеп беру мәселесін талқылау үшін Қарақұм маңында барлық қазақ жүздерінің өкілдері бас қосты. Халықжасақтары құрылды, бұлар жоңғар әскерлерін шығысқа қарай ығыстырды. Бірақ, бұл жеңіс баянды бола алмады. Өйткені бұл кезде жоңғарлар жұм (біріккен), қазақтар бытыраңқы болды. Қазақтың феодал шоншарларының арасындағы алаусыздық пен енжарлық, сыртқы жаудан қорғану үшін жалпы халық күшін жұмылдыруға кедергі болып отырды. Бұл жағдайды пайдаланған жоңғарлар шабуылды қайта бастады. 1716 жылы бұлардың әскерлерінің негізгі бөлігі Іле өзенінен Аягөзге қарай жорық бастады. Нақ осы кезде жоңғарлардың отрядтары Абақанға қарай беттеп, Бие және Катун өзендерінің арасындағы жерді басып алды.

Тауке хан Россия мемлекетімен де тату, достық қарым – қатынас  жасауға тырысты.

Алайда, Тәуке хан қазақ хандығын бір орталыққа бағынған күшті мемлекет етін құру мақсатын жүзеге асыра алмады, халқының басым копшілігі көшпелі және жартылай көшпілі мал шаруашылығымен айналысқан және патриархалдық-феодалдық қатнас үстем болып отырған елде мұны жүзеге асыру мүнкін емес еді, оған қазақ хандығының сыртқы жағдайы да мүнкіндік бермеді. Сөйтіп, қазақ хандығы бытыраңқылық жағдайда кала берді. Әрине, бул бұрын- сонды Орта Азия өңірде тарих сахнасына шыққан көшпелі хандықтардың бәріне ортақ жағдай еді.

Солай бола турса да, Жәңгірдің  баласы Тауке хан (1680-1718 жж.) тұсында  қазақ хандығың бірлік-берекесі күшейе түсті. Тауке хан қазақ тарихында  «Әз Тауке», «адамзаттың данасы»  деп аталды. Ол хан тағына отырған сөң, қазақ хандығында асқынған ішкі феодалдық алауыздық пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған қазақ хандығын құруға қажырлы қайрат жұмсаған мемлекет қайраткер деп, толық есептеумізге болады. 


Информация о работе Қасым хан тұсындағы қазақ хандығы. Қасым ханның “Қосқа жолы ” заңдары.