Қасым хан кезіндегі Қазақ хандығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2011 в 19:54, реферат

Описание работы

Қасым хан (шамамен 1445 – 1521 жылдары) – Қазақ хандығының ханы (1511 – 1521), Жәнібек ханның ұлы. Тарихта Қасым ханның есімі Қазақ хандығының күшеюі және нығаюымен тікелей байланысты. Жазба деректерде Қасым хан 15 ғасырдың 70 – 90 жылдары Қазақ хандығының Сыр бойындағы қалалар мен өңірлер үшін жүргізген күрестерге белсене қатысады, басшылық етеді.

Содержание

Қасым ханның өмірбаяны.
Қасым ханның билігі.
Қасым хан туралы қол жазбалар.

Работа содержит 1 файл

6-апта 1-тапсырма.docx

— 46.19 Кб (Скачать)

                           6-апта. 
 

             Реферат 

Тақырып: Қасым хан кезіндегі Қазақ хандығы. 
 
 
 
 

                                         Қабылдаған: Әмір Байқожа

                                      Орындаған: Джуманов Султанмахмут

                                   
 
 

Жоспар:

  1. Қасым ханның өмірбаяны.
  2. Қасым ханның билігі.
  3. Қасым хан туралы қол жазбалар.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  1. Қасым ханның өмірбаяны.

Қасым хан (шамамен 1445 – 1521 жылдары) – Қазақ хандығының ханы (1511 – 1521), Жәнібек ханның ұлы. Тарихта  Қасым ханның есімі Қазақ хандығының күшеюі және нығаюымен тікелей байланысты. Жазба деректерде Қасым хан 15 ғасырдың 70 – 90 жылдары Қазақ хандығының Сыр  бойындағы қалалар мен өңірлер  үшін жүргізген күрестерге белсене  қатысады, басшылық етеді. Бұл кезде  қазақ ханы Керейдің ұлы Бұрындық, қазақ әскерінің қолбасшысы Қасым  хан болды. Осы кезеңдегі оқиғаларды баяндайтын деректер Қасым ханды  «белгілі сұлтан және атақты баһадүр» деп атайды. Ширек ғасырға созылған Сыр бойы үшін күресте Қасым хан  және Жәнібек ханның басқа да ұлдары Сығанақ, Сауран, Отырар, Сайрам түбінде  бірнеше рет Шайбани хан әскерін  тас-талқан етіп жеңеді. 15 ғасырдың 90 жылдары  жасалған бейбіт келісім бойынша  Қазақ хандығына Сығанақ пен  Сауран өтеді. Бұл қалаларда Жәнібек  хан ұлдары билік жүргізеді. 15 ғасыр  басында Мауераннахрды бағындырып, үлкен күшке ие болған Мұхаммед Шайбани  хан 1506 – 10 жылдары үздіксіз төрт рет  қазақтарға жорық ұйымдастырады. Бұрындық хан  Шайбани ханның алғашқы үш жорығына тойтарыс ұйымдастыра алмайды. Оның беделі төмендейді. Ал жазба деректерде «бұл кезде Қасым хандық билікте болмаса да, оның беделі ханнан күшті болды» және «өзін дербес ұстау үшін Бұрындық ханнан алыста көшіп-қонып жүрді» делінеді. 1510 жылы Шайбани ханның соңғы, төртінші жорығы Ұлытау өңіріндегі Қасым ханның ұлысына бағытталады. Қасым хан әскері Шайбани хан әскерін тас-талқан етеді де, жауды Сыр бойынан қуып шығады. Осы жеңістен соң, ешкім де Бұрындық хан туралы ойламай, Қасым хан билігін мойындайды. Бұрындық болса Самарқан жаққа кетуге мәжбүр болады. 1511 – 13 жылдары Қасым хан Шайбанилар ісімен айналысады. 1512 – 13 жылы ерте көктемде Қараталдағы Қасым ханға Сайрам қаласының әкімі Қаттабектен адам келіп, Қасым хан билігін алуын сұрайды. Қасым хан Қаттабектің ұсынысын қабыл алып, ол жаққа бір әмірін жібереді де, өзі Тараз жаққа бағыт ұстайды. Қаттабектің ұсынысымен Қасым хан Ташкентке жорық жасайды. Бірақ жорық сәтсіз болып, Қасым хан Сайрам маңына қайта оралады. 1513 жылы жазында Шу бойындағы Қасым хан Ордасына Әндіжаннан моғол ханы Сұлтан Сайд хан елшілікпен келеді. Оның мақсаты – Ташкенттегі Сүйініш ханға, жалпы Мауераннахрдағы шайбанилар әулетіне қарсы бірігіп күрес ұйымдастыру еді. Қасым хан бұл ұсынысқа дипломат. жолмен жауап береді. Сұлтан Сайд хан мақсатына жетпесе де, Қасым ханның көрсеткен құрметіне өте риза боп қайтады. 1517 – 21 жылдары Қасым хан Қазақ хандығының батысында белсенді саясат жүргізеді. Ноғайлардың бір бөлігі қазақтарға қосылып, шекара Еділге дейін жетеді. Орыс деректері бойынша Қасым хан 1521 жылы қыста қайтыс болады. Денесі Сарайшықта жерленеді. Қасым хан тұсында қазақ әскерінің саны 200 мың, халқының саны 1 млн-ға жетеді. Шекара батыста – Еділге, оңтүстікте Ташкентке дейінгі жерлерді қамтыды. 

  1. Қасым ханның билігі.

Қасым ханның сыртқы саясаты. Шыңғыс-хан ұрпақтары үстемдік еткен Алтын Орда, Ақ Орда, Шағатай хандықтарының ыдырауына байланысты Шығыс Дешті –Қыпшақ даласы мен Орта Азия өңірінде жарыққа шыққан ұтқымалы ұсақ хандықтардың және осы хандықтардың тәж-тағына таласқан хандар мен султандар басқарған түрліше феодалдық топтардың тынымысыз қырқыстарынан, соғыстарынан қалжыраған халық бұқарасы бұл тартыстарды тиятын, аласапыранды аяқтататын біртұтас мемлекетті арман етті. Бұл өз алдына бейбіт өмір өткізуді аңсаған қазақ халқының көкейтесті мүдесі еді.

Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы ішкі феодалдық  қырқыстар мен аласапыранқылықты  аяқтатты, үнемі ер өліп, өріс бұзылып  отыратын тайпалық талас-тартыстарға  тыйым салды. Ел ішінде бейбіт береке орнады. Мұның өзі көшпелі шаруалардың  бұрыннан қалыптасқан дағдылы дәстүрге бай мал жайылыстарынан мерзім бойынша  тиімді пайдалануын, кезінде өріс-қоныс, жайлау-қыстауларына көшіп-қонуын, бейбіт өмір өткізіп, өндіріспен шұғылдануын  қамтамасыз етті. Сөйтіп, әлеуметтік өндіргіш күштерді өсірді.

Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы, әсіресе Жәнібектің баласы Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында нығайды. Оның сыртқы саясатындағы негізгі бағыт бұрынғысынша Сырдария бойындағы қалаларды өзіне қаратып алу жолындағы күрес болды. Осы арқылы өзіне қарасты қазақ жерін кеңейте түсті. «Тарихи-Рашиди», «Шайбани», т.б. деректемелердегі мәліметтерге қарағанда, Қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген» . XVІ ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан ұлан-байтақ қазақ территориясын өз қол астына қаратты. Бұл кезде хандықтың шекарасы Оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағындағы қалаларды басып алды. Шығыс оңтүстікте оған Жетісу жерінің дені (Шу, Қаратал, Іле өзендерінің алабы) қарады. Солтүстік және Шығыс солтүстікте Ұлытау өңірі мен Балқаш көлінен асып, Қарқаралы тау тарамдарына дейін жетті, Батыс солтүстікте Жайық өзенінің алабын қамтыды. Қасым ханның батыстағы территориялық иеліктері де ұлға түсті. Ноғай Ордасы бұл кезде ауыр дағдарысты басынан өткізіп жатқан еді. Ру басшылары, мырзалар, билер билік үшін өзара қарқысумен болды. Әбден қалжыраған Ноғай Ордасы рулары мен тайпаларының бір бөлігі қазақ хандары мен султандарының билігіне бағынып, елінен қазақ хандағына көшіп кетті. Осы кезде Қасым ханның қол астына қараған халықтың саны 1 миллион адамға жеткен. Қазақ хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттің беделін арттырып, сыртқы саясат пен дипломатиялық қарым- қатынас саласында белгілі табыстарға қол жеткізді. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібір хандығымен және орыс мемлекетімен сауда-саттық және елшілік қарым-қатынас орнатты. Қазақ хандары әр дәуірде елдің ішкі-сыртқы жағдайында туылған өзгерістерге үйлесіп, икемді сыртқы саясат қолданылып отырды. Қазақ хандығымен дипломатиялық байланыс орнатқан алғашқы мемлекеттердің бірі ұлы Князь III Василий (1505-1533 жж.) билік жүргізген кездегі Москва мемлекеті болды. Қасым хан тұсында қазақтар өз алдына дербес халық ретінде Европаға мәлім болды.

Қасым ханның ішкі саясаты: Қасым хан сыртқы саясат пен бірге ішкі саясатты да дұрыс жолға коя білді. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығын әлсіретіп, мемлекеттің саяси, экономикалық, әскери қуатын арттырды. Қасым хан мемлекеттің саяси құрылымын нығайту жолында біраз шараларды жүзеге асырды.

Оның тұсында  мемлекеттің ең жоғарғы заң шығарушы органы Маслихат-султандар мен ру басшыларының съезі болды. Маслихат жылына бір рет шақырылып, мемлекеттің ең маңызды - соғыс жариялау, бітім жасау, жайылым жерлерді бөлісу, көшіп-қону жолдарын айқындау сияқты мәселерді қарады. Маслихаттың Шыңғыс хан әулетінен хан сайлау құқысы болды. Маслихат жұмысына тек ерлер ғана қатыса алды. Мемлекеттегі бүкіл билік хан қолында болды, сонымен бірге заң қабылдау, жарлық беріп отыруға құқысы болды.

Ханның жанында неғұрлым беделді билер мен қауым ассоциация өкілдерінен тұратын Кеңесші ұйым- Билер Кеңесі болды. Ханның іс-қағаздарын жүргізіп отыратын, хатшылары мен кеңсесі болды. Бір ескеретін жәй, мемлекеттің орталық аппаратының тұрақты бір жерде жұмыс істейтін орны болған жоқ, сондықтан ханмен бірге көшіп-қонып жүрді.

Құқық . Қасым хан өзі билік жүргізген жылдары қазақ қоғамындағы құқық-нормаларды реттеу мақсатымен алғашқы қазақ заңы- «Қасқа жолды» жарыққа шығарды. Бұл заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдеп-ғұрып ережелері негізінде жасалды. Бұл заң сол кезде мұсылман елдерінде жаппай қолданылып жүрген ислам дінінің (шариғат) заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы заң болды. Билердің кеңесінде көппен ақылдасып, «Жарғы ережелеріне («ақсақалдар ережесі», «ата-баба жолы», «жөн-жосықтар») мәнді өзгерістер енгізеді. Халық бұқарасы Қасым ханның ежелден қалыптасқан билер заңы- жарғыны жаңадан көтергенін ұнатып, оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап кеткен.

Бұрынғы заң-қағидаларға  енгізген ережелері мынау:  
1.Мүлік заңы (мал –мүлік, жер-су, қоныс дауларын шешу ережелері).  
2.Қылмыс заңы (кісі өлімі, ел шабу, мал ұрлау, ұрлық т.б. қолданылатын жазалар).  
3.Әскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, тұлпар ат, ердің құны т.б.).  
4.Елшілік жоралары (шешендік, әдептілік, халықаралық қатынастардағы сыпайлық, сөйлеу мәнері).  
5.Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас-той, мерекелер мен жиындардағы ережелер, жылу, асар т.б.) Сөйтіп, Қасым хан ел басқару ісін бір жүйеге келтірген алғашқы заң жинағын дүниеге әкелді. Қасым ханның қазақ хандығын күшейту, қазақ тайпаларын және қазақтардың этникалық территориясын біріктіру жолындағы жеңістері елдің ішкі және сыртқы беделін арттырып, атақ – даңқын асыра түсті. Әйгілі (орта ғасырлық) тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати («Тарихи – Рашиди») атты кітабында: «Қазақ хандары мен сұлтандары арасында Қасым хандай құдіретті ешкім болған емес. Бұрындықты тіпті ешкім де елең қылған жоқ» - дейді. Сонымен, Қасым хан тұсында қазақ хандығы саяси экономикалық жағынан күшейіп нығайды . Оның тұсында қазақтар өз алдына дербес халық ретінде Батыс Европаға, Руське мәлім болды. Русьпен дипломатиялық байланыс жасалды, ол байланыс осы күндері жалғасып отыр
 

  1. Қасым хан туралы қол  жазбалар

            Биыл жыл басынан бері бірнеше айға созылған ғылыми экспедиция кезінде осы жолдардың авторы Ирандағы кітапханалардың бірінен табылған «Тарих-и Сафавие» қолжазбасынан Қасым хан туралы соны мәліметтер кезіктірді. 
             Қолжазба сол кездегі Орта Азия әміршісі Мұхаммед Шәйбани ханның Дешті Қыпшақты билеген Қасым ханды одақтасуға шақырғаны және соңынан одан өзі бас тартқаны жайлы баян етеді. Тегерандағы Қажы Хусейн Малек кітапханасынан табылған, парсы тілінде жазылған «Тарих-и Сафавие» (Сефевидтер әулетінің тарихы) атты қолжазбада Қазақ хандығы тарихына қатысты деректер көп ұшырасады. Бұл қолжазбаның авторы – Исмаил Хусейни Мар‘аши Тәбризи. Ол өз ортасына Мир Мулайим Бек деген атпен танылған. Сондай-ақ оның «Да‘ва» деген лақап аты да белгілі. Аталмыш қолжазба – сефевидтер әулетінің (XVI-XVIII ғасырлар) тарихы жайлы, осы әулеттің көршілес елдермен арадағы қарым-қатынасы туралы жазылған, 372 парақтан тұратын қомақты еңбек. Басында және соңында біраз беті түсіп қалған. Жазуы наста‘лиқ үлгісінде таңбаланған. Сақталу сапасы орташа, бірақ кейбір беттеріне сия жайылып, мәтіннің оқылуын қиындатады

     
    «ҚАСЫМ ХАН – ДЕШТІ ҚЫПШАҚ ПАТШАСЫ» 
     
    Қолжазбаның бір бөлімінде Иран билігіндегі сефевидтер әулетінің Орта Азия хандарымен байланысы, олардың бір-бірімен арадағы өзара дипломатиялық қатынасы әңгіме болады. 
    «Тарих-и Сафавие» қолжазбасының авторы осы еңбекті жазу үшін бірнеше

    Қолжазбада  Қасым ханды «Дешті Қыпшақ ханы» кейде  «Дешті Қыпшақ патшасы» деп атайды.

    тарихи еңбекке («Раузат ас-сафа», «Тарих-и алам арайи Аббаси», «Хабиб ас-сийар», «Ахсан ат-тауарих») сүйенгендігін және шығарманы  жазу барысында ауызша жеткен деректер мен хикаяларды пайдаланғандығын тілге  тиек етеді. «Тарих-и Сафавие» қолжазбасында  Қасым ханды «Дешті Қыпшақ ханы»  кейде «Дешті Қыпшақ патшасы» деп атайды. 
               Автор сефевидтер әулетінің негізін қалаушы І Исмаил шахтың ерліктерін баяндай келе, Иран шахы мен Орта Азия әміршісі Мұхаммад Шәйбани ханның арасындағы шайқас туралы айтады. Қолжазбаны оқи отырып, автордың Мұхаммад Шәйбани ханды бірде «Шахибек», енді бірде «Шәйбек» деп атағанына көз жеткіземіз. 
     
    ОРНЫҚПАҒАН ОДАҚ 
     
    Мұхаммед Шәйбани хан 1509 жылы қазақ ханы Бұрындықтың қарамағындағы сұлтандардың ауылын шауып, төңірегіне тықсыра бастайды. Осы кезде оның аймақтағы негізгі бәсекелестері – Дешті Қыпшақтағы қазақтар мен Хорасандағы ирандықтар болатын. Бұл Шәйбани ханның қазасынан бір жыл бұрынғы оқиға еді. 
             Сарайдағы жұлдызшылар мен қолжазбада жазылғандай, «шежіре білгірлері» Шәйбани хан қазақ сұлтандарын талқандағаннан кейін тұтас

    Шәйбанидің  хат арқылы Қасым  ханның дәрежесін  жоғары бағалауға  тырысқаны байқалады.  

    Түркістан аймағы мен Хорасанда «Шыңғыс хан  ошағының» түтінін түтетіні жайында  болжамдар айта бастайды. Мұны естіген  Мұхаммед Шәйбани «демде жорыққа  жиналды» деп жазылған қолжазбада. 
          Мұхаммед Шәйбани әуелі Хорасанды Иран шахынан тартып алу үшін өзіне шеше жағынан жақын туысқан болып келетін Қасым ханды одақтастыққа шақырып, әскер сұрайды. Ол осы мақсатпен Дешті Қыпшақ ханы Қасым ханға «әризе» - арыз хат жазады. Парсы тілінің «Әмид» түсіндірме сөздігінде «әризе» деген өзінен жоғары тұлғаға жазылатын хат екендігі айтылады. Сондықтан Шәйбанидің осы хат арқылы Қасым ханның дәрежесін жоғары бағалауға тырысқаны байқалады. 
     
    Арыз хат: «Күн нұрындай жарқын жүзді, хан ибн хан Шыңғыс ханның 

    Қасым хан жерленген  Сарайшық қаласының  қалдығы.

    тәжі мен  тағының мұрагері, Дешті Қыпшақ ханы Қасым ханға арыз хат» деп басталады. «Бұл күндері Шыңғыс ханның бағы бастан тайып, ғайып болды» деген Мұхаммед Шәйбани сол даңқты ендігіде Шыңғыс ұрпақтарының жаңғырта алатындығын айтады. 
            Шәйбани осы хат арқылы Қасым ханды Шыңғыс ұрпағы ретінде барынша іш тартуға тырысады. Ол Қасым ханнан алты мың қол әскер сұрап, осы өтініші орындалса, Шыңғыс хан ұрпақтарының «Сайыпқыранға (Әмір Темір мен оның ұрпақтарын меңзегені – автор) қараған тәмам Түркістанның жерін аз уақытта қайтарып алатын күні туады, иншалла» деп қорытады. 
             Мұхаммед Шәйбани Мавереннахрге кезекті жорық алдында жазған осы хатында Қасым хан қосымша күшпен қамтамасыз етсе, Бұхарада «Қасым ханның атымен құтпа оқылып, теңге соқтырғанда Шахи бектің есімінің үстіне Қасым ханның да аты жазылатындығын» айтады. Хат жеткен соң Қасым хан Мұхаммед Шәйбани сұрағандай алты мың емес, оның үстіне тағы да екі мың әскер қосып, жиыны сегіз мың қолды Шәхибектің уәзірі Сары аталық арқылы жөнелтеді. Шәйбани хан бұған өзінің сегіз мың таңдаулы «аламанжи» – аламан әскерін қосып, жиыны 16 мың қолмен Мавереннахрге жорық ұйымдастырады. 
    Қасым ханның бұл жорыққа Шәйбанидің сұраған әскерін артығымен жіберуінің өзі оның Мұхаммед Шәйбанимен қатынасқа бейілді екендігін байқатса керек. 
    Алайда Мұхаммед Шәйбани Хорасан, Бадғиске дейінгі аралықты шапқан осы жеңісті жорықтан кейін Қасым ханға берген уәдесінен жалтарып, мүлде басқаша сыңай танытады. Ол «Қасым хан салық төлемеді, сондықтан оның атын теңгеге жазбаймыз» деп шешеді. 
               Осы оқиғадан кейін Қасым ханның жіберген елшісіне Мұхаммед Шәйбани Қасым хан атымен құтпа оқылғаны жеткілікті екендігін, алайда осы жолы қол ұшын созғанына бола Қасым хан өзін «Шыңғысханның наибы» (ізбасары) сезінбес үшін одан арыға бара алмайтынын айтып, қисық-қыңыр жауап береді.
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

Информация о работе Қасым хан кезіндегі Қазақ хандығы