Астрахань өлкесінде Петров қоғамы зерттеушілер тарихының пайда болуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 07:26, реферат

Описание работы

ХІХ-ХХ ғасырлардың аралығында Ресей империясында шексіз өзгеріс болды. Оның мәні мынаған әкеледі: ел капитализмге икемделді, саяси бағыт либерализацияланды. Бұл процестің басты бағыты – сандық өсудің пайда болуы, қоғамдық ұйымдардың барабарлық қызметі, өз кезегінде асқан дамуға жетуі.

Работа содержит 1 файл

Нурига.docx

— 24.00 Кб (Скачать)

Астрахань өлкесінде  Петров қоғамы зерттеушілер тарихының  пайда болуы.

ХІХ-ХХ ғасырлардың аралығында Ресей империясында шексіз өзгеріс  болды. Оның мәні мынаған әкеледі: ел капитализмге икемделді, саяси бағыт  либерализацияланды. Бұл процестің  басты бағыты – сандық өсудің пайда  болуы, қоғамдық ұйымдардың барабарлық қызметі, өз кезегінде асқан дамуға жетуі.

1890 жылы А.Д.Степанскийдің  тапқан құжаттарына байланысты  ішкі істер министрлігінің полиция  департаменті жаңа қоғамдық ұйымдардың 182 ісін ашты; 1892 жылы – 260, 1894 жылы  – 348, 1896 жылы – 476. Егер Империяда   шаруа құқығынжойғанға дейін  ұйымның тек қана үш түрі: ғылыми, ауыл шаруашылық, қайырымдылық болса, әр түрлі бағыттағы басқа түрлері таралуда. Басты бағыттардың тарихи қайнар көзі болып табылатын үкімет мекемелерінің материалдары, қоғамдық ұйымдардың материалдары, олардың іс қағаздарын жүргізудің нәтижесі. Іс қағаздарын жүргізу – құжаттау жүйесі және мекемелерде құжаттау, ұйымдарда құжаттау. Іс қағаздарын құжаттауға жататыны – әр түрлі материалдар, бұлар – санақ материалдары, заң шығаратын материалдар, мемлекеттік басқармалардың актілері, қарапайым қызмет құжаттары, яғни жазбаша баяндамалар, хабарламалар.

Ғалым А.Д. Степанский ХХ ғасырдың 80 жылдарында өзінің кандидаттық диссертациясында Ресейдегі (ХІХ-ХХ ғғ аралығы) қоғамдық ұйымдар туралы мәселеге толық тоқталды. Ол өз еңбегінде қоғамдық ұйымдар  түсінігіне тарихи әдебиеттерде берілген анықтамаларды ескерді. А.Д. Степанский өз еңбегін Ресей Федерациясының орталық мемлекеттік тарихи архивінен  алынған материалдарды негізге ала отырып жазды. Бұл жұмыста біздің көзіміз жеткені – берілген бағытты ерікті қоғам екенін түсіне білуіміз керек. Қоғамдық ұйым жұмысының көлемі кеңінен таралды, өз кезегінде провинцияларда ғылыми – мәдени өмірдің орталықтарының пайда болуына ықпал етті. Феодализмнен буржуазия құрылысына өту кезеңінде және ХІХ ғасырдың екінші жартысында кеңінен дамыды, кейіннен отандық тарихнаманың мәселесімен байланыста болды.

1904 жылғы Астрахань архивінен  алынған есептің дәлелдегеніндей  кейбір қоғамдық ұйымдардың еңбектерінді  әлеуметтік – саяси процесті  кейбір зерттеушілер қоғамдық  өмірдің жекелеген аспектілерін  қарастырған.

ХІХ ғасырдың басында қоғамдық ұйымдардың арасында асқан қызығушылық  танытқан – Астрахань өлкесіндегі Петровский қоғамы өзінің статусына сәйкес ғылыми болып есептеледі. И.Г. Якшинаның дипломдық жұмысында көрсетілген жағдай ғылыми еңбектегі байыптылық болып табылады. Автор қоғамның құрылу тарихын, оның қызметін және Петровский қоғамының әр түрлі даму кезеңдерін қарастырады.

Астрахань өлкесінің зерттеушілері  Петровский қоғамы тарихының басталуын 1872 жылдан деп есептейді, яғни елді қайта құрушының туғанына 250 жыл толуына байланысты қаладағы мещандық топтың арасында бастама пайда болды. Оның Астраханьда болғанына ескерткіш ретінде өлкелік қоғам құруды, Петров реформасының мәніне сәйкесті Ресейде оның істерін оқып үйренуге, қазынасын тануға бағытталған іс – әрекет болуға тиісті. Астрахань семинариясының оқытушысы Н.Ф. Леонтьев бірінші болып ұсыныс енгізген. Петровский қоғамын құруға, Астрахань өлкесінің тарихын зерттеуде басты рөл атқарды. ХVIIғ 20 ж төменгі Еділ мен Каспий теңізінің жағалауын жүйелі түрде зерттеудің бастамасы болды. Көрсетілген аудандарда база жасақтау Ресей саясатының оңтүстік бағыттағы сыртқы саясаты болып табылады. Нәтижесінде Казань, Астрахань хандықтарына, Ноғай Ордасына шабуыл жасап басып алды. Қазақ жеріне де қауіп төнді. Петровскийдің есебі бойынша шығыс елдеріне қазақ жері кілті мен қақпасы болып есептеледі. Бұл идея жергілікті билеушілердің қолдауына ие болды. 1873 жылы қоғам жарғысының жобасы берілді. 1874 ж 4 қарашада Ішкі істер министрлігінің басшылығының рұқсаты беріліп, оның ашылуы болды. Қызметінің мақсаты – жарғыға сәйкес өлкені зерттеуде нақтылы, жан – жақты мәліметтер жинақтау. Петровский қоғамы басқа Астраханьдағы ғылыми-зерттеу мекемелерінің түпнұсқасы болды. Оның қызметі – өте сирек бірегейі болды, яғни қалған қоғамдардың бірде – бірі мұндай көлемді зерттеу жұмыстарымен айналыспаған еді. Петровский қоғамның өлкені зерттеудегі негізгі қайнар көзі – мұрағаттық  материалдар болды. Астрахань облысының мұрағатында Петровский қоғамы жөнінде оның құрылу тарихын көрсететін тек қана екі хаттама бар. Қоғамның құрылу тарихын зерттеуге арналған материалдарды сол кездегі Санкт – Петербургтан шығатын «Русский мир», «Астраханьские губернские ведомости», «Астраханьский листок», «Живописная Россия», т.б. жариялады. Астрахань мұрағатында сақталған материалдар толық емес, оның қызметі 1905 жылға дейінгі ғана қамтылған. Ал қоғам 1928 жылға дейін өмір сүрген. Оның дәлелі В.А. Хлебниковтың «Список птиц Астраханского края» деген еңбегі Петровский қоғамы кезінде басылып шыққан. Петровский қоғамының қызметінің тарихын қарастырмас бұрын Астраханьның дамуына көңіл аудару керек, оның территориясынан Орталық Азиядан Еуропаға халық ұлы қоныс аудару кезеңінде өткен. ХІХ ғасырда Астрахань губерниясының көлемі – 233 мың шаршы шақырымды құрады. Өзінің территориясы жөнінен Еуропалық Ресейде губерниялар арасында төртінші орында болды. Осы кезде Астрахань 5 уезден тұрды: Қалмақ және Қырғыз (Қазақ) даласы кірді. Алдын ала тексеру (географиялы, этногеографиялық, статистикалық, тарихи, әскери) Ресей дәстүрінде өзара басқа мемлекеттермен сауда – саттық қарым – қатынаста болу, кейде әскери акциялардың жүргізілуі болып тұрды. Астрахань өлкетану қоғамы 1886 жылы Петровский зерттеу қоғамы болып қайта құрылды. Ол қоғам тарихты, географияны, этнологияны, геологияны, флора мен фаунаны зерттеумен айналысты. Негізгі зерттеген объектілері – Каспий маңы ойпаты, Еділ – Орал өзен аралығы. Оның көлемді әлеуметтік базасын дәлелдейтіні – оның құрамына гимназия оқушылары, семинаристер, чиновниктер, дәрігерлер, студенттер, көпестер, ғибадат қызметкерлері, әскерилер, Ұлыбританияның қол астындағылар да кірді. Бірінші жылы петровтықтар төрт рет жиналыс өкізді: ұйымдастыру сипатта қоғам басшыларының мойындауынша жергілікті мөлшерде күші де, қаражаты да болмаған, жергілікті органдар қарапайым қызметтері жайында бейхабар болды. 1875 жылғы 4 наурыздағы хаттамамен қоғам жұмысының бастапқы кезеңі аяқталған, одан кейін жиналыс шақырылмаған. Петровский қоғамның өмірі 10 жылға тоқтатылған. Бұл К. Якшинаның дипломдық жұмысында дәлелденді. 1886 жылы Петровский қоғамның қайта дүниеге келуі болды. Келесі жетістік жаңа басқарма М.И. Рубцовтың атымен байланысты және оның хатшысы Н.Ф. Леонтьев болған. Қоғамның басқармалары жөнінен М.И. Рубцов (1832-1904жж) Астраханьға 1856 жылы Санкт-Петербургтің Бас педагогикалық институтының филологиялық факультетін бітіргеннен кейін келіп, ерлер және Маринский әйелдер гимназиясында сабақ берген, кейіннен қоғамды басқарған. М.Рубцов тарихи этнографиялық секциясын басқарған, Астрахань губерниясының өлкетану қатынасындағы жергілікті архив материалдарын өңдеу жөнінде мақала жинақтарын шығарған. М. Рубцов көп жылғы маңызды еңбектері үшін Әулие Владимир, Әулие Аннаның, Әулие Станислав ордендерімен марапатталып, стат кеңесшісінің толық мүшесі болған. Петровский қоғамының келесі бір мүшесі Н.Ф. Леонтьев (1845-1914жж) Астрахань өлкесінің тумасы қоғамның дамуына зор үлес қосқан. Ол өлке тарихының бірден – бір көрнекті маманы болған. 1867 жылы Санкт-Петербург рухани академиясын бітіргеннен кейін отанына оралып, семинарға қызметке кіріп, кейіннен әйелдер училещесінде орыс тілінен, әдебиеттен, педагогикадан, библия тарихынан сабақ берген. 1874 жылы благословия магистр дәрежесі берілді. Ол арнайы мүшесі кейіннен губерниялық суанақ комитетінің құрметті мүшесі, «Астрахань губерниялық ведомость» газетінің редакторы болды. Владимир, Анна, Станислав даңқ орденімен марапатталды.

1888 жылы 17 қарашада қоғамның  жаңа жарғысы қабылданды. Петровский  қоғамы жыл сайын өздерінің  қызметтері жөнінен есеп беріп  отырды; жыл сайын 30 мамырда Петр  І туған күнінде жылдық жиналыста  тыңдалатын болды. Оған кейін  ревизиялық комиссия құрылып,  мынадай істер атқарды: есепті  қарау, қоғамның қаражаттылық, материалдық  жағдайын қарап, осының негізінде  өздерінің ұсыныстарын көрсетеді.  Комисияға қоғам мүшелері кірген  жоқ, тек қана Ішкі істер  министрлігінің қалалық Думаның  өкілдері ғана кірді. Жылдық  есепте қоғамның қызметі жөнінен,  оның кеңестері, кітапхана жайы, ревизиялық комиссияның есебі  көрсетіледі. Барлық жинақталған есептер, қоғамның мүшелері жөнінде хабарламалар көптеген кезеңдік басылымдарда жарияланып тұрды. Сонымен қатар қоғам өздерінің жеке басылымдарында жарияланып отырды. Қоғамның жылдық есебі жеке басылымдарды жарияланып, оқу орындарына, Астраань губерниясының мекемелеріне, т.б. қалаларға жіберіледі. 1890 жылға дейін жылдық есеп өте көлемді болған жоқ, тек қана 10-12 беттік қана болды. 90 жылдан кейін есептің мазмұны ұлғайды. Осының өзі қоғамдағы зерттеу жұмысының жемісті болғанын көрсетеді. 1886-1905 жылдар аралығында  20 есеп басылып шықты.

1885 жылы 15 наурызда жиналыста  қаулы алынып, Петровский қоғамын  екі секцияға бөлу қаралды:  тарихи-этнографиялық, жаратылыстану-тарихи. Әрқайсысының өз басқармасы болды. Петровский қоғамының атқарған қызметі ұшан-теңіз. Біріншіден, Петровский қоғамының өз мұражайы жасақталды, көптеген бай коллекция жиналды, екіншіден, өзінің жеке кітапханасы қалыптасты. Онда тек қана қазіргі еңбектер мен басылымдар ғана  жинақталған жоқ, көптеген мұрағат материалдары, ескі кітаптар, түпнұсқалар, көшірмелер, үшіншіден, қоғам мүшелері өлке өмірінің барлық саласын зерттеуге мүмкіндік алды.

1887 жылы кеңестің төрт  жиналысы, екі жалпы, натуралистер  секциясының үш отырысы және  екі тарихи-этнографиялық секция. Археологиялық қазбалар ғылыми  мақсатта өлкені танып-білу үшін  қажет болды. 1888 жылы қоғамға 126 мүше алынды; оның ішінде 13-і құрметті, 88-і толық, 5-і мүше-корреспондент. Ол екі секциядан тұрды: тарихи-этнографиялық, жаратылыстану- тарихи. 1889 жылдың басында ұйымда 119 мүше; оның 14-і құрметті, 101-і толық, 14-і көмекшілік және Ресей империясы мен губерния мекемелерінен – 41 қатынаста. 1896 жылы оның алты мүшесі қайтыс болды. Олардың ішінде: Мәскеудегі Румянов мұрағатының директоры А.А. Даликов, сыртқы істер министрлігі Мәскеудің мұрағатының бас директоры О.А. Полер, көрнекті қоғам қайраткері А.С: Агамжанов 1897 жылы қоғамда 131 мүше болды. Мемлекеттік мұрағат материалдарының мәлімдеуінше қоғамда көрнекті астраханьдықтар да болған. Олар: И.И. Мечниковтың оқушысы М.И. Арустамов-дәрігер, Гаркем-тау инженері, Н.Я. Шмид-доктор, А.Штылько- Астраханьский листок үнқағазының қызметкері, В.А: Халивинская-дәрігер: жаратылыстану ғылымының кандидаты-В.А. Хлебников, губерния архитекторы П.М. Бутков.

ХХ ғасыр зерттеушісі  А.Марков өзінің мақаласында – «С любовью к нашему краю» Петровский қоғамы большевиктердің жасырын  жиналыс өткізетін орны деп есептейді. Қоғамның басты мақсаты-ағарту жұмысы болды.

1890 жылдан бастап петровшылар  Астрахань әкімшілігі мен өкілдерінен  өлшеусіз көмек алды. Губерния  басқармасы олар үшін жергілікті  мұрағат ашты, санақ комитеті  қоғамға өздерінің коллекциясын  берді, қалалық дума кітапхана  үшін орын берді, ақшалай субсидия  бөлді. Археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу үшін Археологиялық императорлық комиссиядан рұқсат алып, тапқанзаттары жөнінен хабарлап тұруға міндеттеме алды. Қоғам ғылыми негізде Астрахань өлкесінде археологиялық зерттеу жұмыстарын өткізуге әрекеттенді. Археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуді бастады. Жинақталған материалдарын арнаулы жинақтарда жариялап тұруды шешті. 1892 жылы қоғамның бірінші жинағы шықты. Жинақта венециандық Амбразор Кантаринидің Астрахань қаласын суреттеуі, Корнели де Бруина саяхаты жинақта жарияланды. Этнографиялық зерттеу үшін қоғам мүшелері ауылдық округтерге шықты, халықтар жөнінде мәліметтер жинау Астрахань территориясында және оның маңындағы халықтар жөнінде. Астрахань мұрағатында сақталған құжаттарда Бөкей Ордасы қазақтарының 1801 жылы Кіші жүзден көшкеннен бастап өмірі суреттелген.

Қазақннан қайтарылған экспонаттар  қоғам мұражайының ядросын құрады. «Астрахань өлкесін зерттеу жөніндегі  Петровский қоғамының мүшелерінің  еңбектерінің» жинағына И.А. Шитецкийдің  «Астраханские калмыки», «наблюдение и заметки» және «Пища Астраханских калмыков» деген екі еңбегі енді. Бұл жұмысқа әр түрлі иллюстрациялар, қалмақтардың тұрмысы, киімдері, қарулары, шаруашылығы кіргізілген. Көптеген экспедициялар ұйымдастырылған: Краснояр уезінде Краснодубск қалашығында Ақ-Сарай татар тыйындарын табу, Астрахань өлкесінің географиялық жағдайы, Бөкей Ордасымен сауда – экономикалық, саяси байланысы мұрағат құрамында «Қырғыз бөлімін» ашу қазақ халқының тарихи-этнографиялық жағдайын зерттеудің бастамасы болды. Мұрағатты ашу барысында экспонат коллекциялар саны алты мыңға жетті. Мұрағат үш бөлімнен тұрды: тарихи-этнографиялық, жаратылыстану-тарихи және өнеркәсіптік-техникалық. Қоғам тарихи сирек кездесетін заттарды сатып алды, археологиялық экспедициялар ұйымдастырды, империялық археологиялық комиссиядан сыйлықтар сыйланды. Петровский мұрағатына Еуропадан, Америкадан, Азиядан туристер келді. Петровский мұражайының арнайы ашылуы 1897 жылы болды. 1911 жылы мұраға қалалық думаның ғимараты берілді. Қоғам және мұражай императорлық Орыс географиялық қоғамымен және басқа мекемелермен тығыз байланыста болды.

Жарғыға сәйкес қоғам қызметінің негізгі бағыты кітапхана жасақтау, 1888 жылға дейін тек қана жиһаз, аздаған кітаптар ғана болды. Қоғамның кітап алуға қаражаты болмады. Кітапхана да, мұражай да тек қана қайырымдылық арқылы өмір сүрді. Оның толық өмірі жайлы нақты дерек 1892 жылы Москваның көпшілік Румянцев мұражайы мыңға тарта том жібергенінен басталды. Мұрағат тек қана қайырымдылық алумен шектелмей, көптеген мекемелерден басылымдарды алып, оған қайырымына өзінің жеке еңбектерін берді. Петровтықтардың есебі бойынша 1896-1903 жылдар аралығында кітапханада 5429 атаулы кітап болды. Леонтьевтің қоғам жұмысына зор еңбек сіңіргенін білеміз. Ол Петров кітапханасына әр түрлі бес кітапты сыйға тартқан, біздің уақытқа дейін оның қолтаңбасымен тек қана екі кітап сақталған. Оның брошюрасының аты «Описание Астраханского второклассного Спасско-Преображенского мужского монастыря». Қоғамның қалған мүшелері де бұл істен тыс қалған жоқ. 1888 жылы «Астраханьский листок» үнқағазының редакторы Н.Л. Росляков «Каталог русских и славянских книг, напечатанных вне Москвы и Петербурга. №1» еңбегін берді. 1897 жылы мемлекеттік мүлік басқармасының тау инженері В.М. Гаркин өзінің «Краткий очерк распространения песков в Астраханской губернии» деген кітабын сыйға тартты, сонымен қоғамның кітапханасы толықты.

Петровский қоғамының  мүшелері орыс қоныс аударушыларының  Орал өзенінің жағалауына орналасуларына байланысты қазақтардың құнарлы  жерлерден аударылып, жерсіз қалғандары туралы мәліметтер жынады. 1903 жылы Н.Д. Пацукевичтің «краснояр өлкесінде өмір сүріп жатқан кундурлық татарлар» жөніндегі баяндамасын тыңдағаннан кейін Петровский қоғамының отырысында астрахань татарларының тұрмысын зерттеу жөнінен қаулы алынды. Сол жылы В.И. Склабинскийдің ұсынысы және басшылығымен татарлар жөнінен антропологиялық, этнографиялық деректер жинап, нәтижесінде фото, антропометрия көмегімен қорытындысын мұражайға орналастырды.

Қоғам мүшелерінің зерттеулерімен Астрахань өлкесіндегі  казак әскерлерінің тарихына байланысты бірқатар материалдар жиналды. И.А. Бириковтың «О возникновении первоначальном устройстве и развитии Астраханской казачьей трехсотой команды» деген еңбегінде 1737 жылы крепостной қалмақтардан отряд құрылып, оған басшылық жасаған красноярлық орыс казагі болған. Ол отряд 1750 жылға дейін өмір сүріп кейіннен «Астраханский казачий полк» болып қайта құрылған.

Қоғамның зерттеу жұмыстарының жан-жақты болғандығын 1888 жылы Началово аулына жүргізілген жазғы экскурсияны Склабинский басқарған экспедицияның мақсаты – ауыл тұрғындарының салт – дәстүрін білу. Кейіннен экспедиция Черепаково аулында болып, этнографиялық зерттеу жүргізді. 1907 жылы ұйымның жиналысында кеңес қаулы алып, тұрақты баспа органы болуын шешті. Екі жылдан кейін «Известии Петровского общества» бірінші өкінішке орай соңғы томы шығады. Тек қана 1914 жылы жемісті еңбектерін жалғастыруға үміт бар деген мақала жарияланды. Қазақстанның нақты тарихын қалыптастыру үшін отандық ғалымдардың алдында тұрған басты мәселе – тарихи ғылымның қайнар көзінің базасын кеңейту қажет, онсыз өткеніміздің объективтік шындығына көз жеткізе алмаймыз. Осымен байланысты зерттеушілер назарын Астрахань қоғамының, мекемелерінің жиналған құнды материалдарына назар аудару керек. ХІХ ғасырдың 30 жылдарында қоғам болмады. Алайда Астрахань губерниясының тарихында өзінен кейін көрнекті мұра қалдырды.

Информация о работе Астрахань өлкесінде Петров қоғамы зерттеушілер тарихының пайда болуы