Ақша реформалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 16:21, реферат

Описание работы

Ақша реформасы деп мемлекеттік ақша жүйесіне өзгеріс енгізуді айтады. Ақша реформасы жүргізілгенде бір ақша жүйесін екінші ақша жүйесімен ауыстырады, ия болмаса сол ақша жүйесінің кейбір элементтерін өзгертеді.
1922-1924жж. Ақша реформаларын жүргізудің себептері және оның мазмұны
1922-1924жж. Ақша реформасын жүргізуге мына жағдайлар әсер етті:

Работа содержит 1 файл

АҚША РЕФОРМАЛАРЫ.docx

— 34.14 Кб (Скачать)

     Жаңа сомның  сатып алу мүмкіндігі көтеріліп,  керісінше, инфляцияның салдарынан  шетелдік валюталардың құнының  төмендеуі кеңестік рубльдің  алтын негізін көтеруге мүмкіндік  берді. Рубльдің жаңа бағамы: 4 рулбь 1 АҚШ долларына теңгерілді.

Ақша реформасы екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан бірсыпыра  елдерде де өткізілді. Бірақ дүниежүзінде соғыстан кейін алтын құрамы көтерілген бірден- бір валюта тек рубль болды. Рубль халықаралық есеп айырысуда  қолданылып, достас мемлекеттер арасында тауарлар рубльмен бағаланып, несиелер рубльмен берілді. 

 

1961 жылғы Қазақстан  Республикасындағы ақша реформасы

          Ұлы Отан соғысынан кейінгі  халық шаруашылығын өркендетудің  бесжылдық жоспарларын артығымен  орындаудың нәтижесінде қоғамдық  өндірістің көлемі, елдің ақша  айналымы, мемлекеттік бюджет, ұлттық  табыс және т.б. аса зор көрсеткіштерге  жетіп, 60-жылдардың бас кезінде  олар жүздеген миллиард және  триллион соммен есептелді. Мұндай  үлкен сомамен есп жүргізу  қаржы- банк және шаруашылық  мекемелерінің жұмысын күрделендірді.  Аса ірі көлемдегі құн көрсеткіштерін  есептеуге қолданып жүрген баға  масштабы өте ұсақ болды. 

        Есеп  жұмысын жеңілдету мақсатында  КСРО үкіметі 1961ж 1 қаңтарынан  баға масштабын 10 есе ірілендіру, сомның алтын құрамын өсіру  және айналымдағы ақша үлгісіне  өзгерту туралы шешім қабылдады.

      Баға масштабын  өзгерту шамалары мына тәртіппен  жүргізілді:

  • 1961ж 1 қаңтарынан айналысқа жаңа үлгідегі 1,3,5,10,25,50,100 сом мемлекеттік банктің билеттері (банкноталар) және 1,2,3,5,10,15,20,50 тиын майда монеталар шығарылды
  • Ескі үлгідегі ақша белгілері мен майда тиындар жаңа үлгідегі ақшаға 10 сом ескі ақша 1 сом жаңа ақшаға арақатынасымен айырбасталды
  • Ақша айырбастау процесі үш ай мерзімде жүрді, сондықтан 1961ж І тоқсанында айналымда ескі және жаңа ақшалар бірдей жүріп, ақша операциялары бекітілген арақатынаспен жүргізілді
  • Сол арақатынаспен тауарлар мен қызметтердің бағасы, халықтың еңбекақысы және басқа табыстары, сондай- ақ халықпен, кәсіпорындар мен ұйымдардың арасындағы есеп айырысу осы ірілендірілген баға масштабымен қа йта есептеледі

     Баға масштабын  ірілендіру нәтижесінде ақшаның  сатып алу мүмкіншілігі 10 есе  ұлғайып, халықтың табысы сонша  есе азайды. Тек ақша есебі  жеңілдетілді. Тауар бағалары мен  тарифтердің 10 есе кемуі майда  тиындарды кең мөлшерде пайдаланып, сауда жүйесіне автоматтарды кең көлемде енгізуге мүмкіндік туғызып, айналым және есептеу шығындарын азайтты. Жаңа ақшаның форматы кіші болғандықтан, оларды алып жүру де ыңғайлы болды.

      Баға масштабын  ірілендірумен қатар ақшаның  алтын құрамын және оның шетел  валютасына қарағанда курсын  арттыру жүргізілді. 1961ж 1 қаңтарынан  рубльдің жаңа алтын құрамы  бұрынғы 0,222168 г орнына 0,987412 г алтынға  теңгерілді. Бұл 1913ж оның алтын  құрамынан 27,5%-кке жоғары. Әлемдегі  соғыстан кейін екінші рет алтын құрамы жоғарылаған жалғыз валюта осы рубль еді. Осыған сәйкес оның шетел валюталарына қарағандағы бағамы өзгерді: 1 АҚШ доллары 0,9 сомға тең, 1 фунт стерлинг 2 сом 52 тиынға тең болды.

     Сөйтіп, рубльдің  жаңа алтын құрамы рубльмен  көрсетілген алтынның ресми әлемдік  бағасымен теңестіріліп, сыртқы  сауда мен мемлекеттік бюджеттің  арасындағы күрделі қайта есеп  айырысу қажеттілігін жойды. 

 

1993 жылғы Қазақстан  Республикасындағы ақша реформасы

       ҚР-да 1993 ж ақша реформасын жүргізудің негізгі себебі- ақша белгісін тұрақтандыру. Себебі КСРО ыдырағаннан кейінгі екі жыл аралығында кеңестік рубль бұрынғы одақтас республикалардың орнына құрылған тәуелсіз елдерде біртектес ақша ретінде қолданылды. Ол елдерде 1986 ж басталған экономиканы қайт құру кезінде өндіріс құлдырап, айналыстағы ақша массасы өсіп, инфляция қарқыны шарықтады. Тауарлар мен азық- түлік негізінен шетелдерден тасылды. 1990ж қолма- қол ақша эмиссиясы 25 млрд сом болды, ол 1981-1985жж эмиссияланған қосында сомадан әлдеқайда көп еді.

      1991ж қаңтарындағы  «КСРО Мемлекеттік банкінің 1961ж  үлгідегі 50 және 100 сомдық ақша белгілерін  төлемге қабылдамау джәне оларды  айырбастау тәртібі мен азаматтардың  салымдарынан қолма- қол ақша  беруді шектеу туралы» КСРО  Президентінің 

Жарлығы және КСРО Министрлер Кабинетінің қаулысына сай 1991ж  үлгідегі 50 және 100 сомдық купюрлер шығарылды. Ескі ақшаларды жаңасына айырбастау процесі жеке адамдар үшін үш күнде өтті. Кейін 1992ж айналысқа 200,500,1000 сомдық кеңестік үлгідегі купюралар шығарылды.

      1992ж қаңтарында  Ресей КСРО Мемлекеттік банкісін  Ресейдің Орталық банкі деп  қайта құрып, кеңестік рубльдің  басты эмитенті қызметін атқаруды  соған міндеттеді. Ресей мемлекеті  бағаны босату бағдарламасын  іске асыру шараларын жүргізе  бастады, бағаның кенет көтерілуі  айналымдағы қолма- қол ақша  массасын көбейту қажеттігін  тудырды. Республикалар өздерінің  егемендігін жариялаған бойда  оларда 15 ұлттық банктер құрылып,  олар бір- біріне тәуелсіз орталық  банк ретінде қызмет атқара  бастады. Бірақ олардың барлығын  қолма- қол ақшамен қамтамасыз  ететін жалғыз эмиссялық орталық-  ақша шығаратын станок біреу,  ол Москвада еді. Ресей бағаны  босатқаннан кейн әрбір тәуелсіз  елдерде олардың қатал ақша- несиелік  саясатына байланысты рубльдің  сатып алу мүмкіндігі әр түрлі  қалыптасты және соған сәйкес  рубльдің бағалануы да әр түрлі  деңгейде болды. 1992ж шілдеде Ресей Орталық банкі еегемен мемлекеттерге Ресей Банкімен күнбе- күн екі жақты төлем есебін жүргізу туралы талап қойды. Қолма- қол ақшасыз өзара есеп айырысу тек Ресей Банкісіндегі осы мемлекеттердің орталық банкісінің корреспонденттік шотындағы қаржы көлемінде және техникалық несие ретінде жүргізілді. Бұл төлем Қазақстаннан Ресейге және керісінше 2-3 ай бойы жүретіндіктен және бұл кезде инфляцияның қарқыны жылына 2500 % болғандықтан аударылған ақша құнсызданып, оның төлем мүмкіндігі тез құлдырайтын.

     Жас тәуелсіз  мемлекеттердің директивалық экономика  үлгісінен нарықтық үлгіге өту  жағдайында заңдарды тез арада  үйлестірудің мүмкін еместігі  және өздерінің ақша- несие, баға, бюджет саясатын жүргізуге қабілетсіздігі  Ресей Банкінің қойған талаптарын  орындауға мәжбүр етті. Бұл біртектес  ақша зонасын сақтап қалу процесінің  сәтсіздікке ұшырауының дәлелі  еді. 

    1993ж. көктемде  жаңа ресейлік рубль шығарып,  оны өз жерінде Қиыр Шығыстан  енгізе бастады. Сол кезде рубль  зонасында үш мемлекет- Ресей,  Қазақстан және Өзбекстан қалған  еді. 1993ж 23 шілдеде Ресей Банкісі  1961-1991жж шығарылған кеңестік үлгідегі  ақша белгілерін және 1992ж шығарылған  ресейлік 5000, 10000, 50000 рубльді айналыстан  шығаратыны туралы және айырбас  бір апта жүретінін хабарлады.  Айырбас сомасы 35 мың рубль көлемінде  белгіленген болатын. Екі күннен  соң Ресей президентінің жарлығымен  айырбас мерзімі 1993ж 1 қыркүйегіне дейін дейін ұзартылып, айырбас сомасы бір адамға 100 мың рубльге дейін көбейтілді.

    Сөйтіп, 1992-1993жж  егемен елдердің бірсыпырасы  өз ұлттық валютасын енгізуіне  орай КСРО Мемлекеттік банкі  мен Ресей орталық банкісінің 1961-1992жж банкноталарының айналыстан  ығыстырылуына байланысты оларды  Қазақстанға заңсыз әкелу мөлшері  күрт өсіп, соның салдарынан тауарлар  бағасы жоғарылап, халықтың тұрмысы  төмендеді.

    1992ж бірінші  жартысында ҚР-ң Президенті, үкіметі, Жоғарғы Кеңесі Қазақстанға өз валютасын енгізу қажеттігін түсініп, шегіне жеткен құпия жағдайда Қазақстанның ұлттық валютасының дизайнын дайындайтын топ құрып, оны басып шығаратын шетелдік фирмамен келісімге қол қойған. 1993ж наурызында Англияда «Харрисон және ұлдары» атты жеке фирмада қажетті мөлшерде ұлттық валюта- 1,3,5,10,20,50 және 100 тенге дайындалып, Алматыға жеткізілген.

   1993ж 12 қарашасында ҚР Президенті Назарбаев Н. «Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлық шығарды. Осы жарлыққа сәйкес:

     1993ж.15 қарашада сағат 8-де Қазақстан мемлекетінде ұлттық валюта- теңге енгізілді, 1993ж 18 қарашадан бастап теңге ҚР-да бірден- бір заңды төлем құралы болып тағайындалды. Бір теңге 100 тиыннан құралады, ол қолма- қол ақша айналысында банкнота және майда тиындар түрінде жүреді.

      Қолма- қол ақша, рубльдік шоттардағы жинақтар мен салымдар 500 рубль 1 теңгеге арақатынасымен айырбасталып, ол 18 қарашада сағат 18-де аяқталды. Қарашаның 15 мен 18 аралығында екі валюта- сом және теңге- айналымда қатар жүрді.

       ҚР-ң  жасы 16-дан асқан барлық азаматтары 100 мың сом ақша айырбастауға  құқылы болды. Айырбас тек бір  рет жүргізіліп, ол туралы төлқұжатта  белгі соғылды. Азаматтардың 100 мың  сомнан артық ақшасы банктегі  арнаулы дербес шотқа салынып,  оны 6 ай бойы пайдалануға құқы  болмады. ҚР-ң Ұлттық банкі  теңгенің валюталық курсын бекітті: 1 АҚШ доллары 4,7 теңгеге тең  болды. 

       Ақша  реформасын жүргізуге Қазақстан  басшылары 1,5 жыл уақыт өте  құпия жағдайда дайындалып, нәтижесінде  700 млн доллар сома шамасында  алтын құймалары  мен шетел  валютасы болды. Қазақстан енді өндірілген алтын мен күмісті москваға жібермей, оны Ұлттық банк сатып алып, қорға түсіретін. Халықаралық валюта қоры Қазақстанда ұлттық валюта енгізуін қолдап 90млн стендбай несиесін және Жапония біздің елдің төлем балансын қолдау мақсатында Қаржы министрлігіне 180 млн доллар берді.

    Айналымға теңгені  енгізу инфляцияның қарқындауы  және бұрынғы одақтас республикалардың  өзара байланысының үзілуі мен  саяси алауыздығы тереңдей түскен  каржы- экономикалық дағдарыс  жағдайында өтті. Теңгені енгізгеннен  кейінгі 2,5 айда, 1994 жылы 1 ақпанына  теңгенің курсы долларға қарағанда  2,5 есе төмендеді. Келесі төрт  айда кәсіпорындар мен бюджеттің  арасындағы қарызды өзара есептеудің  кең ауықымды компаниясы басталғанда  теңгенің курсы 1 долларға 11,58 теңгеден 43,3 теңгеге жетті. 

     1995ж ортасында  Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі  қаржы нарығында алғашқыда қазыналық  вексельдерді одан соң міндеттемелер  мен ноталарды және басқа мемлекеттік  бағалы қағаздарды шығарғаннан  кейін теңгенің құлдырауын тежеуге  мүмкіндік туды. Инфляция теңге енгізілген 1993ж 2500% болса, 1994ж бас кезінде 1260% болды, 1995 ж инфляция 58% болды.

    1997ж мемлекеттің  алтын валюта қоры кәсіпорындарды  жекеменшіктендіру ждәне шетел  инвесторларына басқаруға беру  сияқты инфляцияланбайтын көздерден  түскен 700 млн доллармен толықты.  Бұл жылы теңге курсының ауытқуы  тиынмен, ал инфляцияның деңгейі  проценттің бөліктерімен есептелетін  жағдайға жетті.

      1998ж Оңтүстік- Шығыс Азиядағы дағдарыстардың  күшеюі, әлемдік бағалардың төмендеуі  отандық өндірушілердің бәсекелестік  мүмкіншілігінің әлсіреуіне тіреп,  Қазақстанға валюталық түсімдерді  біраз қысқартты. Сонымен қатар  өндірістің одан әрі құлдырауы  қайта қаржыландыру мөлшерлемесін  25%-ке жоғарылату, төлемеудің өрістеуі  және бюджет пен әлеуметтік  проблемалары теңгенің бағамын  одан әрі төмендетті. 1994 ж таңдап  алған монетарлық үлгінің өзгермейтіндігі  және теңгемен инфляцияны қатаң  қадағалау экономиканы кеселге  ұшырататынын көптеген қаржы  сарапшылары мен талдаушылары 1998ж  күзінен бастап түсініп, оны  өзгерту туралы ортақ ойға  келген.

    1999ж сәуірінен  Қазақстан үкіметі теңгенің еркін  өзгермелі курсын  енгізу туралы  шешім қабылдады. Ол жөнінде  Премьер- министр былай деген: «Бұдан былай доллар бағамы валюта рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың қалай қалыптасатынына байланысты анықталады, ал Ұлттық банк ол процесске елеулі түрде араласпайтын болады. Ұлттық банк бүгінгі күнге дейін өзінің алтын валюталық резервін айырбас бағамын белгілі бір деңгейде ұстап отыру үшін жұмсап келеді, ендігі жерде олай болмайды...»

    Қазақстан төңірегіндегі  елдерде- біздің негізгі сауда  әріптесімізде ұлттық валюталардың  бағамы күрт құлдырап кетті.  Мысалы, Ресейде рубльдің бағамы 1998ж тамыздың 17-нен бері қарай  төрт есе төмендеді. Сол валюталармен  салыстырғанда теңге тез қымбаттады  және біздің тауарларымыз бәсекеге  түсу қабілетінен айырылып қалды.

     Біз Ресейден  әкелінетін кейбір импорттық  тауарларға өте елеулі шектеулер  қойдық және Қырғызстан мен  Өзбекстаннан әкелінетін импорттық  тауарларға салынатын баж салығының  мөлшерін 200% жеткіздік. Шетелден  әкелінетін арзан тауарлар біздің  өндірісшілеріміздің қол- аяғын  бірдей матап, валютаны елімізден  сыртқа қарай ағылтуда..

     Міне, осы тұрғыдан  алғанда жағдайдан шығудың бір  ғана жолы бар- теңге бағамының  еркін өзгермелі болуына жол  беруіміз керек.

    Сонымен Қазақстан теңгесі міне 19 жылдан астам уақыт берік төлем құралы болып келеді. Ол еркін айырбасталатын валюталарға шектеусіз айырбасталады.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. «Мектеп бухгалтері» журналы, №2 (8), 2005
  2. Бейсенова М., Садықбекова А. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы – 2002.
  3. Жүнісов Б.,  МәмбетовҰ., Байжомартов Ү.  «Нарықтық экономика             негіздері»    / Алматы «Экономика»-2000ж /
  4. Жатқанбаев Е.Б. «Аралас экономика негіздері», Алматы – 2000.
  5. Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.О «Экономиканы мемлекеттік реттеудің

     өзекті мәселелері»,   Алматы – 2002.

  1. Көшенова Б. «Бағалы қағаздар нарығы», Алматы – 1999 ж.
  2. Көшенова Б. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары»,

     Алматы –2000

  1. Мамыров Н.К. «Халықаралық экономикалық қатынастар»,

     Алматы –  2000 ж.

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Ақша реформалары