Архаикалық мәдениет

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 08:10, доклад

Описание работы

Архаикалық мәдениет — адамзат мәдениетінің бастамасы. Архаикалық мәдениет қашан және қай жерде пайда болды? Бұл сұрақтарға нақты жауап беру оңайлыққа соқпайды, өйткені адамңың қалыптасу процесінің тарихы тереңде, сонау көне заманда жатыр. Ақиқатқа жүгінсек, қазіргі антропология ғылымының өзі де адамзат баласының қалыптасып, дамуына байланысты туындайтын көкейтесті мәселелерге егжей-тегжейлі жауап бере алмайды

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 37.13 Кб (Скачать)

Қазіргі заманда шөлге айналған Алжир территориясындағы Сахара мен Феццанның шекарасында орналасқан Тассили — Аджар деген таулы жерде жалаң жартастар жотасы бар. Осы жартастардың табанындағы үңгірлерден және жартастардың өзінен неше түрлі суреттер мен бейнелеу өнерінің туындылары (біздің заманымаздан бұрынғы төртінші мың жылдықтан біздің заманымаздан бұрынғы бір мың жылдығына дейін жасалған 15 мың бейнелеу өнерінің фрагменттері) табылды. Бұл мол мәдени олжа арқылы кезінде табиғаты әсем болған кең байтақ өлкені мекендеген бақташылар тайпасының көркемдік шығармашылығымен танысуға мүмкіндік алдық. Тассили — Аджар өнерінен гүлденген, ашық бояулы, ғажап жұмбақ дүние ашылды. Енді бір сәт осы бір суреттер мазмұнына үңіліп көрелікші. Жайылым және мал табындары. Келісті сиырларды бақташылар бағып жүр. Адамдар мен малдардың денелері түрлі түстер арқылы әсем де, көрікті етіп берілген.

Салтанатты  әсем мүйіздер, алып бұқалар, сұлу антилопалар, сәнді киім киген бикеш кескіндерімен қатар өзара шайқасқан, аңшылардан қашқан немесе жайылып жүрген жирафтар бейнеленген неше түрлі көріністер өзінің табиғилығымен таң қалдырады. Билеп жүрген биші әйелдердің бейнелерінен ерекше бір сымбаттылық пен нәзіктікті аңғарсақ, аңшылардың сүсты өңдері сол бір сындарлы заманның жаршысы тәріздес. Көне заман суретшісінің қыл қаламынан туындаған африкалық шөлдің алып жартастарындағы осы бір «еурет галлереясы» — тарихқа дейінгі өнердің дүние жүзіндегі ең үлкен музейі десек қателеспеген болар едік.

Неолиттік өнер біздің заманымызда да африкалық  тайпалар арасында ұзаққ уақыт сақталғаны көп нәрсені аңғартады. Оңтүстік Африканың ежелгі тұрғындары — бушмендер  еуропалық отаршылар келгенге дейін  ежелгі рулық құрылыс жағдайында өмір сүрген болатын. Олардың жартастағы тамаша бейнелеу өнері өзінің стилі  жағынан неолитке жатады. Бушмендердің барлығы бірдей суретші болмаған, бұл өнермен сурет сала білетін  азшылығы ғана айналысқан. Суретшілер суретті салудан антилопаның  қылынан жасалып (кейін жылқының қылынан дайындалған) тарамыспен байланған  қатты қаламдар қолданған. Сурет  салуға қажетті бояуды ерітілген  майға езген, бояулар кішкентай  құмыраларға құйылған, сондықтан  да олар қанша бояу керек болса, сонша  құмыра пайдаланған. Өкінішке орай, «тас ғасырының» ақырғы тұрғындарын —  ағылшындар мен бурлар қатыгездікпен  жойып жіберді. Неолит дәуірі — рулық  құрылыс пен тас өндірісінің  шарықтаған кезі. Дәл осы кезеңде  үлкен шеберлікпен өңделіп жасалған тас балталардың көмегімен тас  ғасырының адамдары ағаштарды кесіп  одан үй тұрғызып, жоғарыда көрсеткеніміздей балық аулауға арналған қайықтар жасады.

Неолит  дәуіріндегі адамдарды шаруашылықты жүргізу тәсіліне байланысты екіге  белуге болады. Олардың алғашқылары  аң аулаумен, балықшылықпен шұғылданды. Бұл — иелену экономикасы болып  табылады. Экономиканың бұл түрі кей  жерлерде, әсіресе еуропалықтар келгенге дейін солтүстік Американың Тынық  мұхиттық жағалауында өзінің гүлдену  шағын бастан кешіріп жатқан болатын. Бұл жердің теңіздері балыққа  бай болғандықтан жергілікті үндістер тюлень, қамшат, қызыл балықтармен қатар алыпкиттерді де аулайтын-ды, орманды жерлерде тау қой-ешкілерін, бұғыларды ұстауды кәсіп ететін. Жануарлардан қолға тек қана итті үйреткен, тамақты қыздырылған тас салу арқылы ағаш ыдыстарда пісірген, бірақ қызыл қарағайдан сапалы, әрі мықты қайықтар жасауды меңгерген. Қыс кезінде ағаштан жасалған үлкен үйлерде тұрған, бұл үйлердің терезелері болмағандықтан төбесіне тұтін шығатын тесік жасаған.

Тағы  қозылар мен ешкілердің жүнінен  көйлектер мен жамылғыш — плащтар  тіккен. Өзара тайпалық қақтығыстар  кезінде ағаштан жасалған маска  л ар киген. Қолға түскен тұтқындарды  құлдарға айналдырған, о л ар көбінесе қауымдық ұжымның меншігі болып  есептелген. Олар бір-бірімен балық, балық майымен, тас пен сүйектен жасалған әшекей бұйымдармен, құлдармен  сауда-саттық жасаған. Солтүстік Американың солтүстік-батыс жағалауын мекендейтін индеецтердің арасында «сыйлық» деп аталатын ғұрып етек алған. Бұл ғұрып бойынша мейрамдар кезінде бай адамдар жиналғандарға өз дүниесін тарататын болған, осылай олар қоғамдағы беделін көтеріп-нығайтқан (көп жағдайларда таратылған дүние-мүлік қарсы сыйлық немесе қызмет түрінде қайтарылатын болған).

Бұл жерлердің  тұрғылықты халықтары ағаш пен сүйекті  ойып безендіруді тамаша меңгерген. Олардың тұрған қоныстарының басты  белгісі қызыл қарағайдан (самырсыннан) жасалынған биіктігі 20 метрге дейін жететін бағаналар болған және олар тотемдік ата тегіндегілер мен түрлі мифологиялық кейіпкерлердің бейнелерімен безендірілген. Мұндай қасиетті бағаналарды орнату үлкен уақиға болып саналган, өйткені бұл дөстүр қожайынның атын мәңгілік қалдыруға бағытталғандықтан, оның мерейін тасытқан. Мұндай тойлардың аяғы көп жағдайларда құрбандыққа адам шалумен аяқталған.

Үндістердің ойып жасаған заттарының композициялық  құрылысының өзіндік ерекшеліктері  бар екендігін ерекше атап өткен  жөн. Бұл өнер туындылары әдетте тік  етіп жасалады. Оған мысал ретінде  зергерлер қолынан шыққан төрт бейнелік топты алып қарастырып көрелік: бұл  туындыньщ ең астында кит, оның үстінде  ер адам, оның басында түрегеліп  тұрған әйел, ал әйелдің басында  отырған бұркіт бейнеленген. Бұл  «спорттық пирамиданың» мән-мағынасын  түсіну онша қиындыққа соқпайтын  сияқты. Ол — қоршаған дүниені және оның тұтастығын көрсетеді.

Неолит  дәуіріндегі шаруашылықты жүргізудің екінші саласы егіншілікпен және мал  өсірумен тығыз байланысты болғандықтан, оны «өндіретін экономика» деп атаған жөн. Егіншілік мол өнім беретін  құнарлы жерлерде дамыған. Өзен жағалаула  рындағы жерлердің құнарлығы  соншалық, олар жерді қарапайым өңдегеннің өзінде-ақ мол астық беретін болған. Алғашқы кездерде астықтың түсімі азая бастаса-ақ адамдар басқа жерге  қоныс аударып отырған және жерді  кетпенмен өңдеген. Егіншіліктің бұл  алғашқы түрі көшпелік сипатта болған, бірақ көп ұзақмай-ақ бұл көсіптің қыр-сырын меңгерудің арқасында  адамдар отырықшылдыққа көше бастады. Неолиттік техниканың жетілуі нәтижесінде  бай қоныстар деревнялар пайда бола бастады, қауымдар тайпаларға бірікті, сөйтіп мемлекеттің пайда болуына  даңғыл жол ашылды. Тас ғасырындағы  пайда болған өркениеттің ошағы  — көне Египет болды. Бұл ежелгі мемлекеттің алғашқы мыңжылдық тарихы металсыз өтті десе де болады.

Әрине, жер шарында құнарлы жерлер көп  емес, олар адамзат баласы мекендеген жер аумағының бір-ақ процентін  құрайды. Сондықтан да ну ормандар мен шөлейтжерлерді игеру — жерді өңдеу, пайдалану технологиясын, қолданылатын құралсаймандарды жетілдіруді қажет етеді. Осы орайда адамдардың отырықшылдыққа көшуіне байланысты шаруашылықтың жаңа салалары — егіншілік пен мал шаруашылықтары пайда болды. Неолит дәуірінің егіншілері мен малшылары — шаруалар болды. Осы бір жаңадан туындаған шаруа шаруашылықтарының басты белгілері — аграрлық экономика, қол еңбегі, рулық және қауымдық ұйым, ал діндері — анимизм болды.Анимизм — рух, жан деген мағына береді. Анимизм дегеніміз рух пен жанның өмір сүретіндігіне деген сенім. Ол бойынша — табиғатта болатын барлық құбылыстардың басты себепкері — рух пен жан болып саналады. Көне заманның мәдениетінде діни салтдөстүрлердің, наным-сенімдердің, діни мейрамдардың даму процесі анимизмнен басталады. Бұл ұғымды мәдениеттану ғылымы саласына тұңғыш енгізген атақты ғалым Тайлор болды.

Жоғарыда  атап көрсеткеніміздей, алғашқы қауым  адамдары сиқыршылықты да жиі қолдады, бірақ аңшылық сиқыршылығына  қарағанда егіншілік сиқыршылығының өзіндік ерекшелігі болды. ПӀаруаның  тұрмыс-тіршілігі жердің құнарлылығына  тығыз байланысты. Шаруа үшін жер  құдай-ана болып саналды. Сондықтан  да бол ар, егіншілікке байланысты маусымдық ритуалдар (салт-жоралар) маусымдық сипатта болды, яғни егіс жұмыстарының басталуымен және шыққан егіннің өнімін жинаумен тығыз байланысты. Үлы құдай — аналар — Иштар, Кибела, Деметра, Церера әрі дархан, әрі балажан болғандықтан өздеріне жан-тәнімен табынуды талап етеді. Сондықтан да болар, осы құдайлардың құрметіне байланысты өткізілетін әдет-ғұрыптарда мен салт-жораларда эротикалық сәттер де аз болмаған.

Егіншілікке байланысты әдет-ғұрыптарда ер адамдар басты рольді атқарған. Жын-перілермен арпалыс кезінде құдай өліп те кетуі мүмкін. Міне, осыңдай қиын сәтте оған көмекке анасы немесе әйелі мен қарындасы келеді. Олар құдайды жер асты патшалығынан іздеп тауып алады да, жер үстіне шығарып, күннің көзіне қояды, сөйтіп құдай қайта тіріледі. Өліп-тірілген құдайлардың құрметіне байланысты салт-дәстүрлер, әдетте егін шаруашылығы маусымдарының ауысқан кездерінде өткізілетін болған.

Ерекше  атап өтетін бір жайт, осындай салт-жораларды  өткізген кездерде түрлі маскалар, мүсіндер, жартастағы кескіндер, жерге салынған суреттер кеңінен пайдаланылған және әндер айтылып, билер биленіп, театрландырылған көріністер қойылатын болған. Діннің ең көне түрі сиқыршылық болатын болса, оның басты түрлерінің бірі —фетишизм (тұт, тұмар деген мағыналарды береді) болып саналады. Фетишизм — табиғат заттарымен қатар адам қолынан шыққан материалдық заттардың құдіретіне десену, яғни зат бейнесіндегі рухани күштерге табыну.

Көне  заман халықтарының ұстанған діндерінің тарихында жануарлар мен ағаштарға табыну да басты роль атқарды. Тағы адамдар үшін өзін қоршаған дүниенің барлығы да жанды боп көрінген, сондықтан да олар жансыз заттардың да жаны бар деп ұғынған. Адамдардың әрбір тобы өзінің шығу тегін белгілі бір жануармен немёсе өсімдікпен (тотеммен) байланыстырған. Олар адамның жануарға айналатыны туралы «мифке» сенген, олай болса алғашқы адамдар адам мен жануардың арасында айтарлықтай айырмашылықтар жоқ деп есептеген.

Осы айтылғандардың (тотемизм, фетишизм, анимизм) барлығы  дерлік қазіргі заман мәдениетінде, дүние жүзінің халықтарының салт-дәстүрлерінде  кеңінен көрініс тауып отыр.

Қорыта  келгеңде, алда қола ғасыры мен темір ғасыры — адамзат дамуындағы асқаралы жаңа баспалдақтар тұрды. Оның прогресс жолындағы қарышты қадамы дүниежүзілік мәдениеттің ірге тасының қалануына тікелей эсер етті. Қоғамдық даму барысында өнердің сан-саласы жетіліп, жаңа мазмұнға, жаңа форма л арға ие болды, металл өндірісінің әдістері одан әрі жетіліп «экономика» және «мәдениет» саласындағы ұлы төңкерістерге даңғыл жол ашты. Адамзат баласының даму жолындағы қарышты қадамының әрбір сатысында туындаған баға жетпес тамашa өнер туындылары болашақ ұрпаққа мәдени мұралар болып қала берді. Адамзат даналығы мен кемеңгерлігінің арқасында мәдениет жаңа сатыға көтерілді. Өз кезегінде алғашқы қауымдық құры-лыс мәдениеті — дүниежүзілік мәдениеттің негізін қалауда орасан зор роль атқарды. Ол негіздер: әлеуметтік ұйым, тіл, өнер, салт-дәстүрлер, наным-сенімдер, білім, туысқандық қарым-қатынастар және тағы басқалары болды. Дәуірлер ағымындағы бұл мәдени байланыстар — адамзат тіршілігінің басты мән-мағынасына айналды.


Информация о работе Архаикалық мәдениет