Арабия халифаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 12:04, реферат

Описание работы

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының алдында тәуелсіздігін баянды ету, ол үшін экономикасын дамыту міндеті тұр. Президентіміздің 1997 жылғы қазан айындағы “Қазақстан – 2030” деген халыққа арналған Жолдауында бұл міндеттер айқын тұжырымдалған. Осындай жауапты да күрделі міндеттерді табысты орындап шығу жолында адамзат тарихындағы саяси – экономикалық қуатты мемлекеттердің құрылуы, нәтижелі билік құруы мәселелерін жете зерттеп, олардың үлгісінен тағлым алудың маңызы зор.

Содержание

КІРІСПЕ ..........................................................................................................3
І-Тарау Арабтар мемлекетінің құрылуының алғы шарттары
1.1 Ислам дінінің қалыптасып, араб тайпаларының бірігуі............................11
ІІ-Тарау Халифаттың құрылуы, жаулап алушылықтары
2.1 Араб халифатының құрылуы.......................................................................21
2.2Алғашқы Төрт тақуа халифтарының тұсындағы Араб жаулап алушылықтар......... ........................................................................................24
2.3 Орта Азия халықтарының ислам дінін қабылдауы...............................29
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................43
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................45

Работа содержит 1 файл

арабия.doc

— 310.00 Кб (Скачать)

Қыпшақтардың ислам дініне өтуі негізінен, көршілес ислам мемлекеттерінің, атап айтқанда Қарахан, Хорезмшах, Селжүк мемлекеттерінің ықпалымен жүрген. Барлық жағынан мұсылмандармен шектесіп жатқан қыпшақтар алдыңғы қатарлы өркениеттің ықпалынан тыс бола алмады. Қарахандардың Оңтүстік Қазақстан, Баласағұн мен Жетісуда халықты жаппай мұсылмандыққа өткізгені және өздерінің осы дінге өткенін көрсетіп олардың жиырма мың қойды құрбандыққа шалғаны туралы мәліметтер осы ойымызды растайды. Қыпшақтар тағдырында ерте орта ғасырлардағы аса жоғары дамыған мұсылман мемлекеті – Хорезм ерекше маңызды рөл атқарды. Хорезмды әл – Мукаддаси (Х ғ.) бойынша суреттейді: “Алла олардың нәсібесіне арзаншылық пен құнарлы жер берді, дұрыс оқи алу (Құранды ) мен терең парасаттылық силады”, “оның тұрғындары білгір, ғұламалығы мен ерекшеленеді, фикхты жақсы біледі, дарынды және білімді”. Жалпы, этникалық жағынан Хорезм мен көшпелі қыпшақ даласын бір-біріне қарсы қоюға негіз жоқ: ХІІ-ХІІІ ғғ. Хорезмнің халқы негізінен түркілер болған еді. Хиуада (Хорезм) мемлекеттік іс-қағаздар түрік тілінде жүргізілді. Хорезмшах – ануштегіндер гулямдардың (оғыз немесе қыпшақ) ұрпақтары болғаны белгілі. ХІІІ ғ. қарай хорезмшахтардың мұсылмандық билеушілерінің сопылықтың қамқоршылары, дінсіздерге (қарақытайлыр) қарсы күрескерлер ретінде даңқы таралды. Хорезм мен Дешті-Қыпшақ тек мәдени-тұрмыстық жағынан – отырықшылықтың ошағы және оны қоршаған көшпелілер әлемі ретінде ғана бір-біріне қарсы тұрды. Объективті заңдылық бойынша қыпшақтар Хорезмнің мәдени ықпалына барған сайын артыла түсуге тиіс болды. Ал саяси жағынан әлсіреп қалған Хорезм далалықтардың әскери қолдауына зәру еді. Хорезмдіктер өз кезегінде далалықтарға өркениет игіліктерін- білім мен дінді уағыздап отырды. Сөйтіп Хорезм бірте-бірте мұсылмандық қыпшақ мемлекетіне айнала бастады.

Сондай-ақ қыпшақтардың оңтүстік тобы, атап айтқанда, Сығанақ тобы ХІІ  ғасырда – ақ өздерін мұсылманбыз  деп санағаны туралы мәліметтер бар. ХІ-ХІІ ғғ. қыпшақ хандары Қыран (Икран) мен Алып Дерек мұсылман дінін қабылдап соған байланысты дәстүрге сәйкес Қадырхан және Ғайырхан деген мұсылман есімдерін қабылдаған. Алайда, қыпшақтардың арасында орныққан исламның әрине, өз спецификалық ерекшеліктері де болды, өйткені, көшпенділердің арасында бұрынғы ата-баба салт-дәстүрлеріне деген берілгендік ұзақ уақыт сақталып қалған еді.

 Сонымен түркілер ислам дінін  өз еркімен қабылдаған халықтардың  бірі болды. В.В. Бартольдтың  айтуы бойынша “бұл жерде мұсылмандар  исламды қарумен таратудан бас тарта отырып, үгіт-насихаттар арқылы үлкен табыстарға қол жеткізді”. Бұл насихаттың нақтылы түрлері туралы тарихи деректердің мәліметтері өте жұтаң. Алайда түріктерге, алғашында ислам олардың өмір салтына сәйкес келмейтіндей болып көрінгендігі жөнінде мәліметтер бар. Атап айтқанда, халиф Хишаның (724-743 жж.) елшісі түрік ханына исламды қабылдауды ұсынғанда ол былай деп жауап берген дейді: “Түріктер арасында шаштараз да, етікші де, тігінші де жоқ; егер олар исламды қабылдап мұсылмандық шарттарын орындайтын болса қалай күн көрмекші?”. Бұл жауап ханның ислам негіздерінен мүлдем хабарсыз болуынан немесе оның жаңа дінді саяси себептерге байланысты қабылдағысы келмегендігінен туындаса керек, бірақ бұл сол кездегі нақты жағдайды көрсетпейтін. Өйткені, жоғарыда айтып кеткендей түріктер бұл дәуірде тек көшпелі мал шарушалағымен ғана айналыспаған, олар қалаларда тұрып, қолөнермен де, сауда-саттықпен де айналысқан. Сондай-ақ таза көшпелі тайпалар болып саналған араб – бәдеуилердің ислам дінін белсенді түрде қабылдап, осы дінді басқа халықтар арасында таратудың ең бір белсенді күрескерлері болғанын біз жақсы білеміз.

Орталық Азияның орта ғасырлық қалаларындағы (Х ғасырдан бастап) мұсылмандықтың үстем және мемлекеттік дін ретінде  орнығуының дәлелдерінің бірі мешіттер мен мазарлардың көптеп салына бастауы еді. Түркілер жеріндегі мешіттер жөнінде Максиди (Х ғ.): Таразда мешіт базарлардың ортасында орналасқан, ал Жікилде орталық мешіт базардың ішінде орналасқан, деп көрсетеді. Орталық мешіттер Барысхан, Бехлу, Атлах, Хамуке, Шелжі сияқты қалаларда да болған. Тараз бен Меркеде Христиандық шіркеулер мешітке айналдырылды. Сондай-ақ Х ғ. жатқызылатын мешіт ортағасырлық Құйрық-төбе (Оңтүстік Қазақстан) қаласынан да табылған. Баласағұн қаласынан табылған мешіт пен мұнараның қалдығы бұдан сәл кейінірек уақытқа жатады. Мешіт пен мұнара әкімшілік билік пен өкіметтің ислам дінін қолданғанын көрсететін белгілер болып табылады.

ІХ ғасырдан бастап Орталық Азия халықтарының арасында мұсылмандық  жерлей ғұрпы тарай бастайды. Археолог Б. Нұрмұханбетов 1970 жылы арыс, Бадам, өзендерінің бойындағы Қараспан қорымын қазғанда, бұл қорымдардан алғашқы ІХ ғасырға жататын мұсылмандық жерлеу рәсімін кездестіргенін жазады. Х-ХІ ғғ. жататын мұсылмандық жолмен жерленген обалар Құйрық-төбенің маңынан табылған. ХІ-ХІІІ ғғ. басында мәйітті жерлеудің мұсылмандық рәсімі Қазақстанның Оңтүстігі мен Жетісуда үстемдік алады. Бұл ауданда исламның айтарлықтай дәрежеде таралғанын археологиялық қазбалардан табылған тұрмыс заттары да дәлелдейді. Мысалы, ХІ ғ. жататын әйел обасынан табылған (Тараздың батыс шегі – Үңгірлісай мекені) қола айнада: “Аллаға сенгендерге еш қауіп жоқ” деген жазу бар. Сондай-ақ Тараз маңындағы тас суаттың қабырғасына араб тілінде діни сипаттағы жазу жазылған. Бұл жазу бойынша суат 1006-1010 жж. Бір ақ сүйек әйелдің жарлығымен соғылған. “Бұл суатты әбделмәлік Құтұлықтың қызы Фатима хатун Аллаға жықындаудың жолымен жүру үшін және оның шапағатына бөлену үшін салғызды. Алла өзімнің, ата-анамның және барлық мұсылмандардың күнәсін кешсін”.

Исламның тарауына байланысты архитектурады  ақсүйек өкілдерінің есімін мәңгі  есте қалдыру мақсатымен оба үстінен  мазарлар тұрғызу ерекше маңызға  ие болды. Талас жазығының мазарларын ең алғаш зерттегендер қатарына Б.П. Денике, А.Н. Бернштам, М.Е. Массон, М. Меңдіқұлов, Л.Б. Розиналар жатады. Кейін, 70-жылдары бұл мазарды зерттеуші қазақстандық  ғалым тарихшы Т.М. Сенигова жалғастырды. Осы аталған зерттеушілердің еңбектерінде Тараз өлкесінің қарахандар дәуірінен қалған атақты ескерткіштері – Қарахан, Бабаджи Хатун және Айша бибі мазарлары жан-жақты зерттеле отырып, олардың халифат елдеріндегі мазарлардың архитектуралық ерекшеліктерін қайталайтындығы жөнінде айтылады. Сонымен, монғол шапқыншылығына дейінгі дәуірде Орта Азия мемлекеттерінде ислам ықпалды күш болды. Мұның тағы бір дәлелі – Қарахан мемлекетінде мұсылман дінбасылары вакуфтық (жеке жер меншігі) жерлермен қамтамасыз етілді, бұл олардың жоғары материалдық жағдайын анықтады. Дәстүрлі ислам символдары бар теңгелер шығарылды, мұсылмандық оқу орындары – медреселер ашылды.

Х ғ. басында Хорасан мен Мауереннаһрда  пайда болған медреселер исламды  таратудағы күшті бір құрал болған еді. Бартольдтің зерттеулері бойынша  медреселер алғаш рет, яғни Х ғ. мұсылман әлемінің Шығыс бөлігінде пайда  болған, тек ХІ ғ. ғана бұндай оқу орындары Батыс Иранда және халифаттың астанасы – Бағдатта ашылады. ХІ-ХІІ ғғ. Сайрамда (Испиджаб) рухани оқу орындары – медреселер және сондай –ақ кітапханалар болғаны жөнінде жазба деректерден мәлім. “Халифаттан тыс жерлерде, атап айтқанда, Орта Азияда басқа ислам аймақтарымен салыстырғанда мұсылмандық насихаттың қарқынды жүруі мүмкін осымен түсіндірілетін болар”, - дейді В.В. Бартольдт [48].

Сонымен, Орталық Азия халықтары  арасында УІІІ-ХІІІ ғғ. арасында ислам  діні таралып, орнықты. Түріктер арасында ислам көбіне бейбіт жолмен (сауда жолдары,т бейбіт қоныстанушылар және дін уағыздаушылар арқылы) тарайды. Сондай-ақ исламның жергілікті халықтың діни дүниетанымы ретінде қалыптасып, орныққан біз осы дәуірдегі түрік қалаларындағы мешіттердің көптеп салынуынан, қаза болған кісіні мұсылманша жерлеу салтының орнығуынан, түрік ақсүйектерінің мәйіті қойылған жерлерге мазарлар тұрғызу дәстүрінің орын алуынан, және бұл мазарларға мұсылмандық діни мазмұндағы мәтіндер жазылуынан, мұсылмандық мектептер мен медреселердің ашылуынан т.б. көреміз.

Түркі халықтары арасында ислам  дінінің таралуын үш кезеңге бөліп  қарастыруға болады:

  1. 751 ж. Талас шайқасынан кейінгі дәуірдегі исламның тарала бастауы. Бұл кезеңде ислам, негізінен, қарлұқтар арасында, ішінара таралған еді.
  2. Орта Азиядағы саманилер билігі дәуіріндегі исламның таралуы. Бұл кезеңде ислам Орталық Азияға, біріншіден саманилер әулетінің ғазауаты арқылы, екіншіден, Мауереннаһр халқының бейбіт қоныстануы арқылы және үшіншіден, сауда жолдары арқылы таралды.
  3. Қарахандар дәуіріндегі исламның мемлекеттік дінге айналып, барлық түркі халықтары арасында жаппай таралуы. Бұл кезеңнің аяғында Орталық Азияның  солтүстік-батыс бөлігінде, яғни қыпшақтардың арасында мұсылман дінін таратуда Қожа Ахмет Иассауи бастаған сопылардың миссионерлік қызметі ерекше орын алды.

 

 

                                        ҚОРЫТЫНДЫ

 

Сонымен  бітіру  жұмысын  аяқтай  отырып  мынадай  қорытындылар   жасауға  болады. Осыдан он төрт   ғасыр бұрын, яғни  ҮІІ ғ. басында  Мұхаммед  пайғамбар жариялаған  жаңа дін исламмен  біріктірілген арабтар Аравия  түбегінен кең тарихи сахнаға шықты.  Пайғамбардың ізбасарлары, яғни халифтер  тұсында олар Пиреней тауларынан Инд өзеніне дейін созылып жатқан орасан зор территорияда, көне  мәдениеттердің жұртында жаңа  этникалық өркениет және ұлы империя құрды. Бұл  мемлекет Ұлы Македондық  Александр заманынан  кейін  алғаш рет Шығыс  пен Батыс, эллинистік  Жерорта  теңізі елдері, үнді – Иран және әлемі бірікті.  Қасиетті  құран  мен рухтанған орта ғасырлық арабтар ҮІІ-ҮІІІ ғғ. көптеген елдерді еш  қиындықсыз-ақ бағындырды, басқа “варвар” халықтардың жаулаушылықтарын  өзгеше, арабтардың жаулап  алушылықтыры жаппай қырып-жою, қиратушылықтарымен жүрмеген. Араб жаулап алушыларын күні азған ескі өркениеттерді қиратып орнына жаңа, прогресшіл өркениет орнатқан халықтардың ұлы қоныс аударуының құрамдас бір бөлігі ретінде қарастыру. Халифатқа кірудің оған кірген барлық халықтар үшін айтарлықтай ақ салдары болды.

Арабтар түркілер жеріне жаулап алу  жорықтарын жасаған жоқ, бұл жерлерді басып алу арабтардың жоспарында болмаған. Бұған себеп – халифат билеушілері, көреген саясаткерлер ретінде ежелден-ақ жауынгер халық ретінде аты шыққан түркілерді күшпен өзіне бағындыра алмайтынына көзі жеткен еді. Орталық азия жерінде жүздеген арабтардың жалғыз шайқасы Талас түбіндегі шайқас түркілерге қарсы емес, керісінше түркілер мен бірлесе отырып Қытайға қарсы бағытталды.Негізінен арабтар мен Орталық Азияны мекендеген түркілердің өзара қарым-қатынастары бейбіт жақындасу бағытында дамыған. Араб ғалымдары Орталық Азия мен тарихы мен географиясын зерттеуге үлес қосты. Араб миссионерлерінің ұрпақтары (қожалар) түркі халықтарының құрамына сіңісе отырып, түркілердің этникалық жағынан қалыптасуында маңызды роль атқарды. Арабтардың енгізген ислам діні ортағасырлық түркілер қоғамының біртұтастығын одан әрі нығайтуын қамтамасыз еткен идеологиялық қызметін атқарды. Түрік тайпалары исламды өз еркімен қабылдады. Олардың ортасындағы діни, рухани үгіт-насихат бейбіт сипатта болды. Бұл аймақта ислам көне түрік наным-сенімдерін синтезге түсіріп, ондағы бірқатар әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді өз бойына сіңіріп алды. Орталық Азия көшпелілердің исламға жаппай өтуі Х-ХІІІ ғ. аралығында жүрді.

Біз қарастырып отырған дәуірде  орталық Азия халықтарын саудаға деген қатынасы өзгереді. Бұл жағдай бір жағынан исламның саудаға қатынасы мен түсіндірілсе, екінші жағынан әр түрлі елдер арасындағы шекараларды жойып, мұсылмандар үшін баж салығын төмендеткен халифаттың ұлы жібек жолы бойы мен сауда керуендерінің еш қауіп-қатерсіз, еркін түрде жүруіне ықпал етуіне деп түсінеміз. Халифаттың басқа да аймақтары сияқты Орталық Азия халықтарына да араб тілі мен жазуы енді.

     Сөйтіп  арабтар   мемлекетін   ислам  дінінің   негізін  қалаушы  Мұхаммед  пайғамбардың  атымен  байланысты. 661 – 750 жж.  Аралығында  ол  мемлекетті  Омейядтар  әулеті,  751 жылдан – Аббастар  әулеті  басқарды.   Мемлекет “халифат”  яғни  “орынбасар” “пайғамбардың”  болды.  Араб  халифаты  сегізінші   ғасырдың  ортасына  қарай  Шығыста  Қытайдан – Батыстан  Франктер  мемлекетіне  дейінгі  ұлаңғайыр  жерді  алып  жатты.

     Халифаттағы  барлық  жер  әуелде  халифтың  меншігі   болып   есептелді.  Ол  енді   наместниктер  арқылы   басқарды. Наместник   өзі  қызмет  атқаратын   мерзіміне  қарай  пайдалануға жер үлесін  алып  отырды.  Халықтан  жиналған  салықтардың   есебінен  ол  шенеуніктер мен әскер ұстады.   Бертін   келе  халиф жердің  бір бөлігін шонжарлардың  тұрақты иемденуіне  берді.

     Халифатта  құлдар  еңбегі  де  кеңінен  пайдаланылды.  Бірақ  еңбекші  халық  бұқарасының  басым  көпшілігі  құлдар  емес,  тәуелді  шаруалар  болды.  Халиф  өз  басшыларымен  ерекше  еңбек  сіңірген  қызметкерлеріне  жер  үлестіріп  беріп  отырды.  Ол  үлес  “ихта”  деп  атады.  Ихта  үшін  оның  иесі  салық  төлейтін  болды.  Омар  халиф  /634 – 644 жж./ ол  иелікті  меңгеруге  міндетті.  Егер  бос  жатса,  өкімет  қайта  алып  қоятын  болды.

     Ұшыр – жан   басынан  жиналатын  жер   салығы.  Жизья – ислам  дініне  енбеген  халықтар  төлейтін  ақшалай  салық  болды.  Мұсылмандар  мешіт  пен  дінбасылардың  пайдасына  зекет  жинап  отырды.  Харадж  деген  егін  салығы  болды.  Ол  жиналған  өнімнің  үштен  бірін  құрайтын.

     Жаулап  алынған   елдердің  тұрғын  халқына   қару  асынуға  рұқсат  етілмеді.  Олар  өздерінің  киген  киімдерімен  де  арабтарға  ұқсамауға  тиісті  болды.  Жаулап  алушылар  мұсылман  емес  халықтардың  бәріне  қосымша  салықтар  салып,  өз  әскерлерін  азық – түлікпен  қамтамасыз  етуді  міндеттеді.

     Халифаттағы  Мұхаммед  пайғамбардың  өсиетін  бұрмалаушылық,  әділетсіздікке  жол  беріле  бастауы  мемлекеттің  әлсіреуіне  әкеліп  соқты.  1055  жылы  Бағдадты  селжук    түріктері  басып  алса,  1258  жылы  араб  халифатын  монғолдар  құлатып  тынды.  Халифаттың  құлауының  негізгі  себептерінің  бірі  әлеуметтік  теңсіздіктің  күшеюі,  арабтардың  дін  тазалығы  үшін  күресуші  жауынгерден  жеке  өз  басының  пайдасын  ғана  ойлаушы  пенделерге  айналуда  деген  тұжырым  жасауға  болады.

 

 

                  ПАЙДАЛАНҒАН   ӘДЕБИЕТТЕР   ТІЗІМІ 

 

                                                               ДЕРЕКТЕР:

      1  Ибн – Хосров.  Сафар – Намэ // Хрестоматия  по  история   средних  веков / Под. ред.  Н.П.  Грацианского  и  С.Д.  Сказкина. – М.,  1963  - С. - 238 – 239.

     2   Ибн – Исхак.  Житие  посланника  божьего // Хрестоматия,  1949  Т. – І.  – С. 247 – 250. 

     3   Құран. – Медина,  1991.

     4   Ал – Белазури.  Книга  завоеваний //  М.А.  Медиников.  Палестина  от  завоевания  ее  Арабами . . .  – СПб.,  1897.  – С.  – 115 – 120.

     5 Смасет – Намэ.  Книга  о  правлеыи  Везира  ХІ  столетия  Низам  аль-   Мулька.   – М. – Л.,  1949.  – С .  375 – 380.

  1. Арабские  источники  ХІІ – ХІІІ  вв.  – Л.,  1985.  – С.  286 – 288.

                                          ЗЕРТТЕУЛЕР

      7 Крачковский Н. Ю.  Аш – Шанфара.  Песнь  пустыни  // Избранные  произведения.    Т – ІІ. – М. –Л.,  1956. – С.  10 – 12.         

     8  Анри.  Ламменс.  Ислам  бесігі.  -  Рим. 1914. – С. 50 – 52.

     9  Арабский  Восток  и  Магриб.  Сб. статей. М., 1977. – С. 244 – 246.

10 Арбские  страны:  История,  Экономика – Политика.  М., 1986. – С. 278 – 280.

  1. Арабская  республика.  Египет.  М.,  1990. – С. 350 – 352.   

   12.  Бартольд В.В.  История   изучения  Востока   в  Европе  и  России.  Л., 1925. – С. 56 – 57.

Информация о работе Арабия халифаты