Ақпан революциясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 19:13, реферат

Описание работы

Ақпан революциясы — 1917 жылғы 27 ақпанда (12 наурыз) Ресей империясындапатша үкіметін құлатып, елде буржуазиялық-демократиялық республика орнатқантөңкеріс. Ақпан революциясының жеңісі саяси жүйенің жоғарғы сатысы — республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызумен қатар отаршыл жүйенің күш-қуатын әлсіретуге де мүмкіндік берді. Ақпан революциясы нәтижесінде ресми билікті қолына алған Мемле

Работа содержит 1 файл

Ақпан революциясы.docx

— 99.81 Кб (Скачать)

Осындай жағдайда саяси өмірде біртіндеп мемлекет аппаратын алмастыра бастаған коммунистік партияның үстемдігі мен авторитарлық биліктің күшею тенденциясы өсе түсті. Қазақстанда автономияның жариялануы сөз жүзінде қалып, республика өзін-өзі іс жүзінде толық басқаруға қол жеткізе алмады. Өнеркәсіп орындары, темір жолдар, республиканың халық шаруашылығына қатысы бар нәрселердің бәрі Мәскеудің тікелей басқаруында болды. Демократияға жат сайлау заңдары қазақтардың басшылық қызметтердегі санын шектеп отырды. 1920 жылы қазақтар барлық өнеркәсіп жұмысшыларының бар-жоғы 17%-ын құрады. Бірінші облыстық партия конференциясының 163 делегатының тек 19-ы ғана қазақ болса, 1922 жылы Қазақстан партия ұйымдарындағы қазақтардың жалпы саны бар-жоғы 6,3%-ға ғана жетті.

1920 жылы жергілікті халықтар коммунистерінің саяси хал-ахуалды ортаазиялық республикаларды бірыңғай Түркістан АКСР-іне біріктіру жолымен өзгерту, түркі халықтарының Коммунистік партиясын құру әрекеті орталық өкімет орындарының араласуымен сәтсіз аяқталды. Партияның өлкелік комитеті таратылып, реформаның Т. Рысқұлов бастаған бастамашылары партиялық және мемлекеттік қызметтерден кетуге мәжбүр болды. Өздерінің «қателіктерін» ресми түрде мойындаған соң тек екі жылдан кейін ғана олар республика басшылығына қайтып оралды.

[өңдеу]Сталинизм


Қазақстанда тоталитарлық жүйенің  орнығуы. 1928 жылдан Кеңес өкіметінің басшылығына келген И.Сталин 1929 жылды «ұлы бетбұрыс» жылы деп атады. 30-жылдардың басында сталиндік аппарат «миды шаюдың» неше түрлі әдістеріне кірісе бастады. Бұл мақсат үшін радио, газеттер, өнердің кез келген түрі белсенді түрде пайдаланылды. Барлық жерде еліктеуге болатын өзіндік «шамшырақтар» жасала бастады. Мысалы, жастарды Қиыр Шығысқа аттандыруда комсомол мүшесі Хетагурованың бастамасы, шахталардағы еңбек өнімділігін арттыруда Алексей Стахановтың т.б. есімі шебер пайдаланылды. «Ми шаюдың» шектен шыққан түрі қаза тапқан оралдық пионер Павлик Морозовтың есімін пайдалану болды. Идеологиялық қызметкерлердің қолымен өгей әкесін ұстап берген Павлик Морозовтың жалған бейнесі жасалды. Бұл жағдайда сталиндік насихат адамдарды сөз жеткізу мен ұстап беруге ашық итермеледі, оларды жалған қырағылыққа шақырды. Болуы мүмкін әр түрлі жаулардың тіміскі әрекеттеріненсақтандыруға шақырған плакаттар барлық жерде ілулі тұрды. Әркімнің жеке өміріндегі кез келген факті немесе абайсызда айтылған сөз жұмысшылар, студенттер мен оқушылардың жалпы жиналыстарының басты талқылайтын мәселесіне айналды.Елде адамдардың бір-біріне деген сенімсіздігінің, қорқыныш пен қорғансыздықтың ауыр жағдайы орнады.

БК(б)П ОК-нің 1923 жылғы маусымда өткен мәжілісінен кейін ұлттық идеялардың көріністерін неғұрлым қатаң қуғындау орын ала бастады. Ұлт зиялыларының өкілдері ұлтшылдық басмашылармен байланыс, Кеңес өкіметін құлатуға ұмтылғаны үшін айыпталды. Олар қуғын-сүргінге ұшырады. 1922 жылы басшылық қызметтегі «Алаш» партиясының барлық бұрынғы мүшелері орындарынан қуылып, ал 1924 жылы бірқатар қазақ коммунистері республикадан Орталыққа шақыртылып алынды.

Өлкедегі коммунистік  күштерді бір партиялық ұйымға топтастыру шаралары жүзеге асырылды. 1924 жылы коммунистік партияқатарына республикадан 7 944 адам, оның ішінде 2000 қазақ мүшелікке өтті. 1925 жылы 1 желтоқсанда өткен РКП(б) Бүкілодақтық V конференциясынан кейін ауыл коммунистерінің қатары толығып, жергілікті партия ұйымдары қалыптаса бастады. Республиканың партия ұйымы 1932 жылы толық қалыптасып, өлкедегі шешуші күшке айналды. Алайда партия қатарына жалған белсенділер көбірек еніп, бюрократизм, көсемге табынушылық, жалған ақпарат берушілік, жағымпаздық дәстүр мен партия өктемдігі орнықты.

Өлкеде жастар қозғалысы да өріс ала бастады. Ғани Мұратбаев, Мирасбек Телепов, Федор Рузаев т.б. жалынды жастардың есімдері республикаға кеңінен танылды. Кәсіподақтар мен әйелдер арасындағы жұмыс та жолға қойылды. Кәсіподақтар сауатсыздықты жою, сенбіліктер ұйымдастыру, еңбекшілердің әлеуметтік жағдайын жақсарту ісіне белсене араласты. Қазақ әйелдері арасынан шыққан белсенділер Н. Құлжанова, Н. Арықова, А. Оразбаева, Ш. Иманбаевалардың есімдері бүкіл Қазақстан жұртшылығына әйгілі болды.

Қазақстандағы 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайдың күрделілігі сол дәуір оқиғалары: В. И. Лениннің ізбасарлары - И. Сталин мен Л. Троцкий және басқалардың арасындағы билік, саяси көсемдік үшін тайталаспен ерекшеленді. Сонымен қатар бұл қайғылы оқиғалар: аштық пен жаппай қуғын-сүргін, тоталитарлық таңбасын мәңгі иемденген режимнің жазықсыз адамдарды қуғындауы мен күштеп жер аударуы еді. Жүйенің тоталитарлық табиғаты жүргізілген саяси қуғын-сүргінде өз көрінісін тапты.

Халықтың есінде 30 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргінде ешбір жазықсыз миллиондаған адамдардың өмірін әкеткен сталинизмнің «ұлы бетбұрыс»  кезеңі мәңгі бақи қалды. Көлемі жөнінен  теңдесі жоқ бұл қылмыстардың негізін РесейдегіҚазан революциясы мен Азамат соғысы қалады. 1930 жылдары Кеңес елінде социалистік қатынастар қалыптасып, сталиндік жүйе толық орнықты.

Қазақстанда республика жұртшылығына қысым жасау саясаты, әсіресе 1925 жылы қыркүйекте БК(б)П Қазақ өлкелік партия Комитетінің бірінші хатшылығына Ф. И. Голощекиннің келуімен қатаң сипат ала бастады.

Өлкелік партия комитетінің ұйымдастыру-нұсқаушылық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған Н.Ежовтың кезінде жергілікті мамандарды қудалау күшейе түсті.

20-жылдардың соңында жағдайдың  шиеленісуі мен адамдардың бір-біріне  деген жаппай сенімсіздігі басталды. Орталықтағы және ұлттық республикалардағы  «троцкийшіл-зиновьевтік оппозициямен»  және «оңшыл оппортунистермен»  күрестің өсуі ұлт-азаттық қозғалыстың өкілдеріне қарсы қуғын-сүргін ұйымдастыру түрінде көрінді. 1928 жылдың соңында «буржуазияшылұлтшылдар» атанған «Алашорданың» бұрынғы қайраткерлерінің бәрі тұтқындалды. «Алаш» партиясының өкілдерін қылмыстық қудалау мақсатында кез келген айла-шарғы, құралдар пайдаланылды. Баспасөзде олардың атын қаралайтынмақалалар жарияланып, тікелей арандату әрекеттері жасалды, олардың отбасы мүшелері тұтқындалды. Мысалы, «Алашорда» мүшелеріне қарсы сот процесін бастау үшін 1922 жылы Шу жазығында өткен, ұмытылып кеткен Қаратай Әубәкіровтің ісі пайдаланылды. Бұл кезеңде Ж. Аймауытов, Ә. Байділдин, Д. Әділевтер атылып, қалғандары әр түрлі мерзімге түрмеге жабылды. Олардың кейбіреулері (М. Дулатов т. б.) лагерьлерде қаза тапты, қалғандары (А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев т. б.) жазасын өтегенімен, 1937 жылы «Алашорданың» қызметіне араласқаны үшін қайта айыпталып, 1937-1938 жылдары атылды. Ұлттық зиялылар өкілдерінің құрамында М. Тынышбаев, X. Досмүхамедов, Ж. Досмұхамедов, Ж. Ақбаев т. б. бар басқа бір тобы (40-тай адам) 1930 жылдың қыркүйек-қазан айларында тұтқындалды. Көп ұзамай олардың 15-і (М. Тынышбаев, Ж. Ақбаев, X. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, Қ. Кемеңгеров т. б.) Ресейдің орталық қаратопырақты облысына жер аударылды. Олардың барлығы дерлік 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшырады.

[өңдеу]Қазақ АКСР-інің одақтас республика болып қайта құрылуы


20-жылдардың соңы мен  30-жылдардың басында КСРО-ның  әлеуметтік-экономикалық дамуындағы дағдарыстың асқына бастауына сай әр түрлі зиянкестерді, кінәлі «халық жауларын», жасырын ұйымдар мен арандатушы антикеңестік элементтерді іздестіру кең өрістеді. Қазақстанда жауларды «әшкерелеуді» ұлттық нұсқада жүргізу басталып, осындай жағдайда КСРО-ның Жаңа Конституциясының жобасын талқылау болып өтті. Конституция 1936 жылы 5 желтоқсанда Кеңестердің VIII Бүкілодақтық төтенше съезінде қабылданды. Жаңа Конституция бойынша 1937 жылы 26 наурызда Қазақ АКСР-і одақтас республика болып қайта құрылды. Қазақстан Кеңесінің төтенше X съезі Қазақ КСР-інің Конституциясын бекітті. Конституцияда қазақ халқы дамудың капиталистік сатысына соқпай, бірден социализмге қадам басқаны бекітілді. Негізгі заң бойынша қазақ халқы саяси теңдік, аумақтық автономия құқығын алды. Елдің индустриясы қарқынды дамыды, халықтың әлеуметтік-таптық құрылымы өзгеріске ұшырады, мәдениет пен білім беру саласында да айтарлықтай жетістіктерге кол жеткізілді. Алайда республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы табыстармен қатар, елде тоталитарлық қатаң әкімшілік-казармалық жүйе де берік орнықты. Қазақстан индустриялық дамыды деп қанша айтқанымызбен, оның экономикасы отарлық сипатта қала берді.

1937 жылы 12 желтоқсанда республиканың Жоғарғы Кеңесіне сайлау болып өтті. Сайлау демократиялық сипатта өтпей, адамдар ұсынылған кандидаттарға ғана дауыс берді.

[өңдеу]1930 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін


1937 жылы БК(б)П ОК-нің, И.В.Сталин мен оның айналасындағылардың «халық жаулары және олардың құйыршықтарын түп-тамырымен жоюдың» қажеттігі жөніндегі нұсқауы барлық жерде қолдау тапты.

Осындай жағдайда И. В. Сталин мен оның серіктері мүмкін болатын оппозицияны орталықта ғана емес, ұлттық республикалардада біржолата талқандауды ұйғарды.

1928 жылдың ортасынан бастап Алаш қозғалысына қатысқан зиялылар жаппай тұтқындала бастады. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшылдар» деген жалған айып тағылды. Сол жылы 44 алашордашы тұтқындалып, оның ішінде Ж. Аймауытов, Ә.Байділдин, Д.Әділев ату жазасына кесіліп, үкім орындалады. Ал қалғандары түрмеге қамалады. Ұлттық зиялылардың екінші тобы 1930жылдың қыркүйек-қазан айларында тұтқындалып, оның 15-і Орталық, Ресейге жер аударылды. 1936-1938 жылдары Қазақстанда 25833 адам партиядан шығарылып, олардың 8544-іне «халық жаулары» немесе «халық жауларының сыбайластары» және т. б. айыптар тағылды. Танымал қазақ зиялылары, Алаш қайраткерлері түгелге жуық саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Олардың отбасы мүшелері де жазықсыз қудалау көрді. Соңғы зерттеулер бойынша 1931 жылдан бастап1954 жылдың 1 ақпанына дейінгі кезеңде КСРО-да соттан тыс және сот органдары 3 млн 777 мың адамды ату жазасына соттап, оның 643 мыңына үкім орындалса, ал 2 млн 369 мыңын 25 жылға дейінгі мерзімге түрмелерге қамап, лагерьлерге айдаған. Жалған айып тағылғандардың қатарына 1931-1933 жылдардағы қазақтардың жаппай қырылуына байланысты ашық наразылық білдіріп, Қазақстан халқының мүдделерін қорғағандар да қосылды. Ашық сот процестері 1937 жылы республиканың Үржар, Преснов т. б. аудандарында болып өтті. 1937 жылы қарашада Қарағанды облысының Ә. Асылбеков, Н. Нүрсейітов, М. Ғатаулин т. б. басшыларының үстінен жүргізілген сот процесі халықтың жан-жақты талқылауына ұласты. Алайда «халық жауларының» негізгі көпшілігінің тағдыры КСРО Жоғарғы Сотының Әскери алқасының мәжілістерінде, «екілік» пен «үштік» атанғандар мен НКВД-ның ерекше кеңестерінде құпия жағдайда шешіліп жатты. 1930 жылдардың ортасында Л. Мирзоян, Ү.Құлымбетов, Н. Нұрмақов, Т. Рысқұлов. О.Жандосов, Т.Жүргенов сынды көрнекті партия және мемлекет қайраткерлері «халық жаулары» ретінде тұтқындалды.

1920-1950 жылдардағы заңсыз қуғын-сүргіннің айнымас серігі - мемлекет және оның қызмет иелері мен органдарының қарапайым адам құқықтарын жаппай өрескел бұзып, аяққа таптауы болды. Бұл заң бұзушылық қуғын-сүргін саясатын жүзеге асыру барысында бұқаралық сипат алып, оған заңдық негіз бен жариялылық түр берген кеңес заңдарының нормалары нұсқаулармен бүркемеленді. Бұл кезең қолданылған қылмыстық жазалардың ерекше қаталдығымен сипатталады. Мысалы, 1926жылғы РКФСР Қылмыстық Кодексінің ерекше бөлімінің I тарауында көрсетілген контрреволюциялық қылмыстардың 17-сінің 12-іне ең жоғарғы жаза - ату жазасын қолдану қарастырылды. Азаматтарды «халық жауы» деп жариялап, азаматтық құқықтардан айыру, мемлекеттен қуу, дүние-мүліктерін тәркілеу, қатаң оқшаулау арқылы еркінен айыру тәрізді жазалау шаралары да кеңінен қолданылды.

Тоталитарлық тәртіп адамдардың өздеріне қарсы қойылған айыптауларды әділ, жан-жақты талқылайтын соттың қарастыруын талап ету сияқты ажырамас құқығын да теріске шығарды. БОАК-нің 1919 жылғы 17 ақпандағы «Бүкілресейлік Төтенше Комиссия туралы» декретінің өзінде қарулы қарсылық (контрреволюциялық, бандиттік) көрсетілген жағдайда төтенше комиссияларға тікелей қару қолданып, жазалау әрекеттерін жүзеге асыру құқығын сақтаған ереже бекітілді.

Қазақстандықтарға көбінесе жапон, кейде герман тыңшылары деген  айып тағылып, айыптаушылар мен сотталғандардың  «мойындауы» ешқандай дәлелдеусіз  жүзеге асырылды. Негізінен көршілердің, қызметтестердің, тіпті таныстар мен  туыстардың жалған ақпараттарына негізделген, Кеңес өкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізді деген айыптау да кең тарады. Қазақстанда, сондай-ақ азаматтарды ұлтшылдық, ұлтшыл ұйымдар құру арқылы республиканы Кеңес Одағының құрамынан бөліп алуға тырысқан ұлттық ауытқушылық үшін айыптау да кең қолданылды. Көптеген адамдар террорлық әрекеттер, диверсия, саботаждарды жүзеге асыруға дайындық жасағаны, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуіне қарсы экономикалық контрреволюциялық әрекеттер ұйымдастырғаны үшін негізсіз қуғын-сүргінге ұшырады.

«Әлеуметтік тапсырыс беру»  мемлекеттік қуғындау-жазалау органдарын толық қуатымен жұмыс істеуге  мәжбүр етті. Бұлжұмыстың көлемі ұлғайып, «тасқынды» сипатқа ие болды. БК(б)П ОК-нің саяси бюросы өз бастамасымен, республикалық және жергілікті партия, кеңес органдарының, НКВД өтініштерінің негізінде жекелеген аймақтардағы қуғын-сүргінге ұшырауға тиісті адамдардың шектеулі тізімін бекітті. Қызмет бабында өсуге, көрініп қалуға ұмтылушылықтың нәтижесінде республикалық және жергілікті органдар бұл тізімді кебейтуді ұсынған өтініштер білдірді.

[өңдеу]Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіннің зардаптары


Қазақстан 20-жылдардың екінші жартысы мен 30-жылдары бұрын-соңды  болмаған әлеуметтік сынақ жасаудың алып полигонына айналды. Мұнда бірінші рет феодализмнен капиталистік қоғамға соқпастан социализмге өту идеясын жүзеге асыру әрекеті жасалды.

30-жылдардағы  Қазақстан жөніндегі саясат осындай  сынақ мақсатында жүргізілді. Бүгінгі күннің көзқарасы бойынша ол мынадай перспективаларды көздеді:

  • саяси салада: қазақ халқының тілі мен тарихын жою, саяси тәуелсіздігі, шынайы егемендігінен айыру, Қазақстанда «Кіші Қазан» жоспарын жүзеге асыру;
  • әлеуметтік-экономикалық салада: Қазақстанды елдің шикізат базасы ретінде дамыту, қазақ халқын отырықшылыққа көшіру мен ауыл шаруашылығын ұжымдастыру;
  • ұлтаралық қатынастар саласында: ассимиляция саясатын жүзеге асыру есебінен республиканың ұлттық әлеуетін (күш-қуатын) «жақсарту».

Информация о работе Ақпан революциясы