Алтын адам

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2011 в 21:30, контрольная работа

Описание работы

Алтын Адам (б.з.б. 5ғ) – Алматы обл. Есік қорғанының солт-ның Есік өз-нің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. 1969-1970 ж. археолог К. А. Ақышев тапқан. 40-тан астам обадан тұратын қорымның оңт. шетінде биікт. 6м, диаметрі 60м үйінді төбе астынан 2 қабір ашылды. Біреуі ертеректе тоналған.

Содержание

1. Алтын адам туралы айту.
2. Алтын адамға байланысты сұрақтар қою.
3. Қызықты тапсырмалар жасау.
4. Суреттер
5. Сақтарға байланысты сұрақтар қою.

Работа содержит 1 файл

АЛТЫН АДАМ.doc

— 52.00 Кб (Скачать)

АЛТЫН АДАМ 

Алтын Адам (б.з.б. 5ғ) – Алматы обл. Есік қорғанының солт-ның Есік өз-нің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. 1969-1970 ж. археолог К. А. Ақышев тапқан. 40-тан астам обадан тұратын қорымның оңт. шетінде биікт. 6м, диаметрі 60м үйінді төбе астынан 2 қабір ашылды. Біреуі ертеректе тоналған. Екіншісінен жасы 17-18 шамасындағы сақ жауынгерінің мүрдесі ашылды. Қабір шырша бөренелерден жасалған, көлемі 3,3x1,9 м, биікт. 1,5 м, сол жақ бөлігіне қойылған сақ жауынгерінің басы батысқа қаратылып жатқызылған. Қабірдің оңт. және батыс шеттерінде металл, қыш, ағаштан істелінген ыдыстар, зергерлік бұйымдар қойылған. Қабір ағаш қақпақпен жабылып, темір құрсаулармен бекітілген, еденіне тақтай төселген, ал адам қойылатын жеріне алтын жапсырмалармен безендірілген төсеніш салынған. А. а. 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін аңдар стилінде жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұз. 70см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, қамзолы құрастырылмалы белбеумен буылған.Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар– ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген. Есік обасынан алынған археол. мәліметтерге қарап, бұл адамның б.з.б, 5-4 ғ өмір сүргені анықталды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, А.а-ның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді. Табылған күміс тостағандағы 26 жеке әріптер қатары сол кездің өзінде Жетісу сақтарында көне әліпби түрлері қолданылғанын байқатады. Көне дәуірдегі материалдық мәдениет,өнер, мифология т. б. Алтын адам-Қазақстанның азаттық символы. Оның тұлғасы Алматының бас алаңында орнатылды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Тест:

    1.К.А. Ақышев  нешінші жылдары Алтын адамды  тапты?

    а)1967-1970              ә)1969-1970                б)1970-1971

    2.Алтын адам  қай жерден табылды?

    а)Ақтөбе   обл.          ә)Алматы  обл.                      б)Көкшетау обл.

    3.Алтын адам б.з.б. неше ғасыр өмір сүрген?

    а)4-5ғ                                ә)6-7 ғ                       б)1-6 ғ

    4.Алтын адамның киімі нешеге жуық алтынмен безендірілген?

    а)3400                               ә)4000                                  б)3000

    5.Алтын адамның бас киімі неше см шамасында?

    а)80                                     ә)70                                 б)65

    6.Оның үстіндегі киімі қандай стилінде жасалған?

    а)құс стилінде                     ә)гүл стилінде                 б)аң стилінде

    7.Алтын адамның мойнындағы әшекейдің екі ұшында ненің басы бейнеленген?

    а)жолбарыс                           ә)арқар                          б)барыс

    8.Алтын адамның тұлғасы қай жерде орнатылды?

    а)Алматы                          ә)Астана                       б)Ақтау

    9.Әшекейлері қандай бейнелерді береді?

    а)барыс,арқар,бұлан,таутеке         ә)адамның мүсіні             б)қару

    10.Ол қай дәуірден сақталған сақ жауынгері?

    а)тас дәуірі                       ә)темір дәуірі                        б)қола дәуірі

    11.Сақтар деген  не?

     а)тайпа                ә)мемлекет                б)ру

     12.Томиристің  ұлының аты

    а)Дарий                ә)Кир                       б)Спаргапис

    13.Шошақ бөрікті сақтарда қалай атаймыз?

    а)парадарайа                    ә)хаумаварга          б)тиграхауда

    14.Хаома сусынын дайындайтын сақтар қайда өмір сүрді? 

    а)Мурграб аңғарында         ә)Жетісуда                б)Арал теңізінің маңында

    15.Сақтар неге табынды?

    а)күнге,отқа              ә)аллаға,аспанға           б)аспанға,күнге 
     
     
     
     
     
     
     

1-тапсырма:Алтын  адамға синквейн жасау.

1. Зат есім.

2.Сын есім.

3.Етістік.

4.Сөйлем.

5.Синоним. 

2-тапсырма:Жасырын  сөзді тап.

723628 
 
 
 
 
 
 

3-тапсырма:Ребусты  шеш.

 

4-тапсырма: Жасырын сөзді тап.

1-әріп: (80:5):2           

2-әріп: (6+9):3          

3-әріп: (12+15):9                               

4-әріп: (18+18):4        

5-әріп:  (60:5):3       

 
 
 

                                                               №2 мамандандырылған орта

                                                                                                    мектеп 
 
 
 
 
 

   
 
 

Тақырыбы:

   

Орындаған: Баймаманова А. 

Тексерген: Таласова Ж.Н. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                        

   
 
 
 
 
 

1. Алтын адам туралы айту. 

2. Алтын адамға  байланысты сұрақтар қою. 

3. Қызықты тапсырмалар  жасау. 

4. Суреттер 

5. Сақтарға байланысты сұрақтар қою. 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Алтын адам