Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 15:07, реферат
1917 жылы құрылған Алаш ұлт-азаттық қозғалысына белгілі бір дәрежеде тарихи және саяси баға берілгенмен, қазақ қоғамында алатын өзіндік рөлі әлі толық айқындалып болған жоқ. Қазақ қоғамының кеңестік билік жойған ұлттың өз мүддесін қорғауға және сақтауға мүмкіндік беретін ішкі тетіктері әлі қалпына келтірілмеді. Алаш қозғалысына байланысты монография шығарып, 5 томдық құжаттар жинағының жарық көруіне жетекшілік жасаған тарих ғылымының докторы, профессор Мәмбет Қойгелді.
1917 жылы құрылған Алаш ұлт-азаттық қозғалысына белгілі бір дәрежеде тарихи және саяси баға берілгенмен, қазақ қоғамында алатын өзіндік рөлі әлі толық айқындалып болған жоқ. Қазақ қоғамының кеңестік билік жойған ұлттың өз мүддесін қорғауға және сақтауға мүмкіндік беретін ішкі тетіктері әлі қалпына келтірілмеді. Алаш қозғалысына байланысты монография шығарып, 5 томдық құжаттар жинағының жарық көруіне жетекшілік жасаған тарих ғылымының докторы, профессор Мәмбет Қойгелді. Халықтың өткен өмірі жалпықоғамдық мәні бар тәжірибе ретінде қорытылып, белгілі бір дәрежеде ұлт игілігіне асқанда ғана құндылыққа айналады. Онсыз өткен тарих қысыр әңгіме ғана. Егер біз Алаш қозғалысын ұлт тарихында ерекше орны бар құбылыс ретінде ғана бағалаумен шектелсек, онда біз оны түсіне алмаған ұрпақ болып шығар едік. Бізге бүгін жалпыұлттық деңгейде қорытылып, жалпыұлттық деңгейде игерілген, яғни ұлттық дүниетаным мен ұстанымның іргетасы міндетін атқара алатын тарих қажет. Ал Алаш қозғалысы сол дүниетанымдық тарихтың өзегі. Өйткені Алаш халқымызды бесігінде тербетіп, есейіп ат жалын тартып мінгенде бойына күш-қуат және сенім берген ? ұлттық идея. Алаш ? ұлттың өзін бөлінбес тұтас жер, яғни территория ретінде сезінуі, Алаш - ұлттың аспан асты, жер үстінде өз орны бар ел ретінде еншісі мен үлесін анықтау харакеті.
Қозғалыстың жеңіліс табу себебі- Біріншіден, империялық билік тым күшті болатын. Империялық билік қазақ халқын ғана емес, сол кездегі Ресей империясының құрамындағы басқа ұлттарға да мемлекеттік теңдік, бостандық берген жоқ. Әрине 1917 жылғы Қазан революциясы жеңіске жете салысымен В. И. Ленин бастаған Кеңес үкіметі Польша мен Финляндияның еркіндігін мойындады. Мойындауға мәжбүр болды. Ал Ресей империясының құрамындағы қалған өзге халықтарға мемлекеттік тәуелсіздік беруден бас тартты. Екіншіден, Мұстафа Шоқай айтқандай, Алаш зиялылары белгілі дәрежеде саяси күресте тәжірибесіздігін байқатып алды. Ол қазақ азаттық күресінде ғана емес, сол кездегі Ресейдегі басқа халықтардың да азаттық қозғалысына тән қасиет болатын. Сондықтан бұл жерде біз Алаш қозғалысын жеңіліп қалды деп кінәлай алмаймыз. Алаш қозғалысы ұлттық мүдде үшін күрестің үлгісін танытты. Осысымен бізге бағалы.
Жер, әлеуметтік теңдік, қазақ халқының мәдени деңгейін көтеру және тағы басқа да іргелі мәселелерде Алаш қозғалысы бұған дейінгі Исатай Тайманұлы, Тіленші Жоламанұлы, Кенесары Қасымұлы бастаған және тағы басқа әділетсіздікке қарсы халық қарсылықтарының табиғи логикалық жалғасы. Сонымен бірге, қазақ тарихында сапалық тұрғыдан алғанда бұрын болмаған жаңа құбылыс. 20 ғасырдың басында Алаш қайраткерлерінің қоғамдық саяси қызметі арқасында тарих сахнасына мүлдем жаңа әлеуметтік саяси күш шықты. Бұл ? қазақ зиялылары болатын. Олар қоғамдық саяси күреске араласа отырып, азаттық пен әлеуметтік-ұлттық теңдік үшін күрестің бағдарламасын ала келді. Ол 1905 жылы Қарқаралыда өмірге келген - Қарқаралы петициясы болатын. 14 мың адамның қолы қойылған қазақ өміріне, қазақ ұлтының мүддесіне байланысты үлкен мәселелер көтерілген бұл құжат ұлт-азаттық қозғалысының ең алғашқы бағдарламасы еді. Сол уақыттан бастап Әлихан Бөкейхан бастаған қазақ зиялылары патшалық билікпен ашық күреске түсті. Осы саяси күрес барысында олар мүлдем жаңа әдіс-құралдарды пайдаланды (Газет шығару, жұрнал бастыру, кітаптар шығару). 20 ғасырдың басындағы қазақ зиялылары шығарған кітаптарды мазмұндық тұрғыдан талдаған болсақ, қазақ азаттық қозғалысына не керек екенін, қандай мақсат-мүдделерді көздейтінін анық көрген болар едік. Өкінішке қарай, олар әлі де болса терең, теориялық талдаудан өткен жоқ. Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы 1905 жылдан бастап ылғи өсу, өзгеру жолында болды. Қазақ азаттық қозғалысының жаңа сапаға көтерілгеніне Қарқаралы мен қазақ жерінің түкпір-түкпірінде жазылған өзге петицияларды қараған кезде көз жеткізуге болады. 1917 жылы қазақ халқының өмірін дүр сілкіндірген, оған динамика берген бірнеше ірі оқиғалар болып өтті. Олар: ұлт тарихындағы тұңғыш саяси ұйым ? Ұлттық-демократиялық тұғырнамадағы Алаш партиясының өмірге келуі (шілде); Ресей империясы құрамында Алаш автономиясын құру туралы ұсыныстың жария етілуі; Алаш автономиясының Ұлттық Кеңесі - Әлихан Бөкейхан бастаған Алашорда үкіметінің құрылуы еді (желтоқсан). Ол қазақ қоғамының қарқынды даму жолына түсе алатынын көрсеткен және қазақ қоғамының оны бастаған қазақ зиялыларының интеллектуалдық дәреже деңгейін, теориялық даярлығын, белсенділігін танытатын оқиғалар болатын. Осы тұрғыдан алғанда Алаш қозғалысы дегеніміз, бұл - ұлт-азаттық қозғалыс, ұлт өмірімен мәңгі бірге болатын ұлттық идея. Алаш зиялылары ұлт-азаттық қозғалыстың басқарушы күші, тобы болатын. Осы тұрғыдан алған уақытта Алаш қозғалысы қазақ тарихында терең із қалдырды:
- Біріншіден, Алаш идеясы мен қозғалысы белгілі бір саяси топтың қалауымен өмірге келген жасанды, өткінші құбылыс емес. Ол қазақ ұлтымен бірге өмір сүретін, ұлт өмірінен тамыр алған құндылықтар жиынтығы, ұлттың өмір сүру тұжырымдамасы. Большевиктер құрған билік өмірден кете салысымен Алаш идеясының қайта жаңғырып, өзекті тақырыпқа айналуы оның өміршеңдік сипатын айғақтайды. Екіншіден, Алаш идеясының өзегі ? ұлттық мемлекеттілік. Әлихан Бөкейхан айтқандай, мемлекеттігі жоқ халық ? жетім, жетекшіл халық. Сол себепті де кез-келген ертеңінен үмітті ұлт үшін мемлекеттілік - басты құндылық. Міне осы тұрғыдан алғанда бүгінгі Қазақстан Республикасы Алаш идеясының өмірлік шындыққа айналуының нақты көрінісі ретінде бағалануы әбден орынды. Ұлт тарихындағы Алаш қозғалысының орны, әрине, осы тұрғыдан анықталатыны хақ. ҚР Президенті Н. Назарбаев «Тарих толқынында» атты еңбегінде Алашорда үкіметіне байланысты «Қазақ халқы өзінің басты мақсаты ? ұлттық мемлекеттілікті қайта қалпына келтіруге нақты мүмкіндік алды» деп жазған болатын. Үшіншіден, Алаштың қазақ интеллектуалдары бастаған азаттық қозғалысы ұсынған бағдарлама кеңестік билікке балама ретінде ұсынылған ұлттық қоғамдық даму және өзгеру жолы болатын, ол осы мазмұнда мойындалуға тиіс. Ұлттың мұндай ішкі сұраныстарына жауап бере алатын бағдарламалық өзгерістердің кеңестік билік жағдайында іс жүзіне асуы мүмкін еместігін өмірдің өзі көрсетіп берді. Өткен ғасырдың 20-30 жылдарындағы жалпыұлттық қасіреттер алаштық топ ұсынған реформалық бағдарламаның жеңіліске ұшырауының нәтижесі ретінде қарастырылғаны жөн. Ұлттың ішкі сұраныстарына жауап бере алатын билік пен оның мақсатты жүргізген реформалық шаралары ғана елдің болашақ дамуын қамтамасыз ете алады. Билік пен халық арасындағы үйлесімділік ? бұл Алаш зиялылары аңсаған мақсат болатын. Төртіншіден, Алаш қозғалысы қанатын жайған 1917 жылы бүкіл қазақ даласын қамтыған 68 уездік, облыстық және жалпықазақтық деңгейдегі съездер болып өтті. Осы съездердің шешімімен барлық қазақ облыстарында Қазақ комитеттері құрылды. Ал Қазақ комитеттері болашақ ұлттық мемлекеттіктің негізі, бастау көздері болатын. Ол сол тарихи кезеңде қазақ қоғамына өз мүддесін қорғауға және сақтауға мүмкіндік беретін ішкі механизм тетіктерінің бар болғандығын көрсетеді. Алаш зиялылары сол тетіктерді іске қоса білді. Алайда кейін оны кеңестік билік жойды. Мұны 1986 жылғы Желтоқсан қозғалысы анық байқатты. Ендігі уақытта билік пен қоғам өзара мақсатты әрі үйлесімді жұмыс жасай отырып осы жүйені қалпына келтіруге күш жұмсаулары қажет. Бесіншіден, кезінде кеңестік билік Алаш зиялыларының мақсаты мен ұстанымын бұрмалап көрсетуге көп күш салды. Осы бағытта біраз жұмыстар атқарылды. Мемлекеттік тәуелсіздік алған жылдары алаштық топ пен зиялылар шоғырының империялық зорлық пен қиянатқа қарсылығына тиесілі баға берілуін қамтамасыз ете аларлық шаралардың іске асырылғаны әбден орынды болмақ еді. Өкінішке қарай, шығармашылықтағы зиялылар тарапынан байқалған мұндай мазмұндағы әрекет пен талаптарға пәрменді қолдау көрсетілген жоқ. Соның нәтижесінде Алаш қозғалысының жетекші тобының белгілі бір бөлігі ғана ресми түрде ақталып, олар жөнінде арнайы шешімдер қабылданған болса, ал қозғалыстың репрессия құрбаны болған жергілікті белсенділері атаусыз қалды. Басқаша айтқанда, Алаш зиялыларын түгелдей ақтап, есте қалдыруға байланысты бағдарламалық негіздегі мемлекеттік шаралар іске асырылған жоқ.
Кеңестік биліктің Алаш қозғалысының
ұлт-азаттық сипатын жақсы