Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Января 2012 в 15:43, реферат
Қайта жаңғыру мәдениеті (Ренессанс) деп аталатын алғашқы буржуазиялық мәдениет-ΧIV ғ. аяғында ΧV ғ. басында Еуропада, оның ішінде Италияда қалыптасты. Бұл мәдени төңкеріс Венециядан басталып, бүкіл Италияны қамтыды.
Қайта жаңғыру мәдениеті
Қайта жаңғыру мәдениеті (Ренессанс) деп аталатын алғашқы буржуазиялық мәдениет-ΧIV ғ. аяғында ΧV ғ. басында Еуропада, оның ішінде Италияда қалыптасты. Бұл мәдени төңкеріс Венециядан басталып, бүкіл Италияны қамтыды. Қайта жаңғыру дәуірін Еуропаның көптеген мемлекеттері, атап айтқанда: Франция, Испания, Нидерланды, Польша,Чехия, Венгрия, Англия, Балкан елдері және т.б. бастарынан кешрді. Бұл кезеңде итальян қоғамы Грекия мен Римнің көне мәдениетіне ерекше мән беріп, көне мәдени мұралады жаңғыртумен қызу айналыса бастады. Тұңғыш рет Еуропа діни идеялар рухында бірігуге мүмкіндік алды.Бұл дәуір адамзат тарихындағы сындарлы заман болды. Еуропа бастан кешірген бұл өтпелі кезең - қоғамдық-саяси және мәдени өмірде елеулі орын алды:Экономика саласында-бұл географиялық ашулар заманы мен капиталдың алғашқы қорлану заманы, отарларды жыртқыштықпен бөліп, басып алынған халықтарды айуандықпен тонау заманы, отаршылдық соғыстар заманы болды. Саясат саласында-тәуелсіздік үшін күрес заманы болды. Жаңадан қалыптасып келе жатқанжас буржуазия мүдделері басымдылық танытып «бюргерлік мәдениеттің» барған сайын ұлттық сипатқа ие бола бастау заманы.Толассыз соғыстар, отапршылдардың айуандық әрекеттері және соның нәтижесінде тереңдей түскен таптық қақтығыстар, халыққа қырғидай тиген түрлі аурулар эпидемиясы, талай дарынды еркін ой иелерін отқа жаққан инквизиция оттары, толассыз діни соғыстар-осылардың бәрі Еуропа халықтарының өткен тарихы, дәуір сипаты болды.
«Қайта жаңғыру»термині осы дәуірдің белгілі суретшісі, сәулетшісі және өнер тарихының асқан белгілі Джордани Базари өзінің «Жизнеописание наиболее знаменитых живописцев, ваятелей и зодчих» деген еңбегінде алғаш рет қрлданған. Демек, бұл терминнің мағынасы-көне заман мәдениетін жаңғырту болып табылады. Ал одан кейін, дәлірек айтқанда, ΧVIII ғ. бастап Италиялық жаңғыру дәуірі адамның қайта жаңғыруы және гуманизм дәуірі деп сипатталады. ΧIV-ΧV ғ. Италия мәдениетін, былай сипаттаудың тамыры да осы дәуірде жатқандығын атап өткен дұрыс сияқты, өйткені тұңғыш рет «адам» табиғаты, «адамгершілік» деген ұғымдарды енгізген осы дәуірдің алыптары Леонардо Бруни мен Колюччо Салютати болатын. Тереңірек үңіліп қарайтын болсақ, «гуманизм» латынның «адамгершілік» деген сөзінен шыққан. Бұл терминді «жаңа адамдар»-енгізген. Олардың ойынша, гуманизм бүкіл адамзат баласы тудырған мол мәдени мұраларды құныға оқып, зерттеп-білуге ұмтылу болып табылады. Олай болса, Қайта жаңғыру заманының басты жаңалығы-ғасырлар қойнауына көз жүгіртіп, өткен замандардағы көне мәдени мұраларды қайта жаңғарту болып табылады. Белгілі ғалым-гуманист, Леонардо Бруни (1370-1444 ж.) «гуманизмді» адамның өмірі мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне қатысты дүниелерді танып-білумен және адамды рухани жағынан жетілдіріп, оны әсемдікке, ізгілікке баулитын жағдайларды ғылыми тұрғыдан зерттеп білу деп түсінді. Оған: поэзия, грамматика, риторика, тарих, философия, музыка және т.б. жатқызды. Сөйтіп, көне мәдениет құндылықтарын игеруде басты рөлді гуманитарлық ғылымдар атқарады деп есептелді. Бұл кезеңде қоғамды мәдени тұрғыдан қайта құруды мақсат еткен білімді, рухани байлығы мол Еуропа интеллигенциясының қалыптасу процесі басталды. Қоғамда алатын орнына, қызмет дәрежесіне, байлығына, тіпті тұрмыс-тіршілігінің әр түрлілігіне қарамастан оларды ортақ мақсат біріктірген болатын. Мысалы, Лоренцо Медичи-ел басшысы болса, Полициано-университет профессоры, Пико делла Мирандоло-граф, ал Лоренцо Вониконтри-офицер болды. Демек, гуманизм-мәдениеттің басты принциптерінің бірі, оның сапалық өлшемі, оның ақиқаттығының айнасы болды.
Осы орайда, қайта жаңғыру мәдениетінің
өзіндік сипатына тоқтала
Ренессанс мәдениетінің
Қайта жаңғыру мәдениеті төрт кезеңге бөлінеді. Жоғарыда көрсетілген белгілер енді ғана біліне бастаған кезең «проторенессанс» (қайта жаңғыру қарсаңы) деп аталады. Екі ғасырға созылған бұл тарихи кезеңнің әр ғасыры (ΧIII ғ. дученто, ΧIV ғ.-треченто деп аталады) тамаша дарынды адамдарды өнер сахнасына шығарды. Солардың бірі-Қайта жаңғыру мәдениетінің бастауында болған ұлы Данте Алигьери (1265-1321 ж.). Ұлы дарынның қыл өаламынан шыққан атақты комедияларының кереметтігі соншалық, оның талантына бас иген ұрпақтары бұл туындыны «Құдіретті комедия» деп атады. Данте, Франческо Петрарка (1304-1374 ж.) және Джованни Бокаччо (1313-1375 ж.) Қайта өрлеу дәуірінің дарынды өнер қайраткерлері және итальян тілінің негізін қалаушылар болды. Олардың шығармалары дүниежүзілік әдебиетке қосылған тамаша туындылар қатарынан орын алды. Мысалы, Петрарканың Мадонна Лаураның өмірі мен өліміне арналған соннеттері өзінің тірі кезінде-ақ әлемге әйгілі болды. Оның жолын қуушылардың бірі «Декамеронның» авторы атақты Боккаччоның гуманистік идеяларға толы реалистік новеллалары-дүниежүзілік әдебиет саласындағы соны құбылыс болып саналады.
Қайта жаңғыру кезеңінің мәдени дәстүрлері, оның өзіне ғана тән ерекшеліктері айқындала бастаған кезең-ΧV ғасыр, яғни «Бастапқы Қайта жаңғыру дәуірі» (кватроченто). Ал Италия мәдениеті идеялары мен принциптерінің гүлденген кезеңі және оның құлдырау қарсаңын- «Кемелденген жаңғыру кезеңі» (Чинквеченто) деп атймыз. Бұл дәуір ΧVI ғасырды қамтиды.
Қайта жаңғыру мәдениетінің
Қайта жаңғыру мәдениетінде басты назардың
адамға, оның оның табиғатқа аударылу
сырын қалай түсіндіруге болады? Қоғамдағы
мұндай түбегейлі өзгерістің-әлеуметтік-
Бұл мәдени төңкерісінің
Дүниені дүр сілкіндірген, бұл
күндері Париждегі Лувр
Осы орайда өнер тарихындағы ұлылардың бірі - Рафаэль Санти (1483-1520) нағыз кемелді шағында - 37 жасында қайтыс болғанына қарамастан артына мәңгілік өшпес мұра қалдырды. Оның атақты туындысы-«Сикст мадоннасы» Меккедегі қара тас арабтар үшін қандай киелі болса, «Сикст мадоннасы» еуропалықтарға да сонда йқасиетті дүние. Рафаэль өзінің әйгілі болған шығармалары «Афины мектебі», «Конестабиле құдай-ана», «Парнас» және басқаларында гуманиз идеяларын кейінен насихаттап адамның әлі де ашыла қоймаған рухани мүмкіндіктерін ашып көрсетуге тырысады.
Адамзат қоғамына мәңгілік
Италияның даңқын асырған ұлы суретшілердің бірі-Джотто ди Бон доне (1276-1337) болды. «Иуда ишараты»-талантты суретшінің ең әйгілі шығармасы. Көп адам қатысқан бұл композициядағы басты тұлғалар-Христос пен Иуда. Христос бейнесінен ізгіліктің, адамгершіліктің, сабырлылықтың белгілерін байқайтын болсақ, ал екінші бір кейіпкер Иуданың бойынан бір көргенде-ақ озбырлыұ пен сатқындық қасиеттерін жақбай танимыз. Екі жүзділік, күншілдік, зұлымдық сияқты жағымсыз қылықтар кейіпкердің жүзінен де, қимылынан да айқын көрінеді, Ізгілік пен зұлымдық арасындағы ымыраға келмейтін күрес-шығарманың негізгі идеясы. Орасан зор шеберлікпен жазылған бұл туынды Джоттоның есімін бүкіл Италияға йгілі етті. Көзінің тірісінде-ақ ол «Флоренцияның ұлы азаматы» деген ұлы абыройлы атаққа ие болды. Қайта жаңғыру кезеңінде талай өнер саңлақтары өздерінің өшпес туындыларымен әлемді таң қалдырды. Егер орта ғасырларда әлемнің кіндігі-Құдай деп саналса, ендігі жерде адам құдай дәрежесіне көтеріліп, мадақталды.