Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2012 в 19:19, реферат
Aйша бибі (ХІ - ХІІ ғғ.) Қараханидтер әулетінің негізін қалаушы Қараханның қалыңдығы, қазіргі Тараз қаласының жанындағы, сонау скифтер заманынан бастап ақ қазақтың қол өнеріне енген, содан бері қолданылып келе жатқан ою өрнек , әшекей түрлерінің бәрін қамтитын күрделі арихитектуралық әсем ескерткіштің иесі.
Айша – бибі кесенесі
Aйша бибі (ХІ - ХІІ ғғ.) Қараханидтер әулетінің негізін қалаушы Қараханның қалыңдығы, қазіргі Тараз қаласының жанындағы, сонау скифтер заманынан бастап ақ қазақтың қол өнеріне енген, содан бері қолданылып келе жатқан ою өрнек , әшекей түрлерінің бәрін қамтитын күрделі арихитектуралық әсем ескерткіштің иесі.
1 Айша бибінің кім екені жөнінде атадан балаға қалған аңыз болмаса, тарихи деректер жоқ. Ал, аңыз оны төрт түліктің бірі сиыр малының атасы деп есептейтін Зеңгі бабаның қызы еді дейді.
Сол аңыздың айтуынша, Айша бибі Түркістанда жас батыр Қараханмен кездесіп, бірін бірі ұнатқан екі жас бас қосып, өмірлік серік болуға уағдаласады. Жаугершілік заман болса керек, тұс тұстан анталаған жаумен арпалысып, елін, жерін қорғаумен жүргенде Қараханның уәделі мерзімде Айша бибіге баруға мүмкіндігі болмайды. Арада біраз уақыт өтіп кетеді. Ақыры шыдамы таусылған Айша бибі Қараханның мекені Тараз қаласына өзі іздеп бармақ болып, қасына күтушісі Баба әже қатынды ертіп, жолға шығады. Бірнеше күн жол жүріп, Таразға жетеді.
Қаланың төбесі көрінгеннен кейін өзеннің жағасына тоқтап, сол арада суға түсіп, шаң тозаңнан арылып, біраз дем алуға тоқтайды. Күтушісі ас жабдығына кіріседі.
Салқын суға шомылып, денесі сергіп шыққан Айша бибі күтушісі ас әзірлегенше дем ала тұрмақ болып, арнайы өзіне төселген төсенішке келіп жатады. Су сабатының салқын ауасына қосылған таудың самал желі ұзақ жолдан шаршаған жас арудың балғын тәнін аялай сипап, рахат құшағына бөлейді. Сүйіктісінің ауылының төбесін көріп көңілі жайланған, енді аз уақыттан кейін онымен кездесетінін ойлап, тәтті қиял бесігінде тербеліп жатып, маужырап ұйықтап кетеді. Осы ұйқыдан оны даланың улы жыланы шағып оятады.
Денесін у жайлап, тынысы тарылып бара жатқан Айша бибі дереу Қараханға хабар бергізеді. Қарахан тәуіптерін, молдасын алып жеткенде ару қыз ісіп кеуіп екі дүниенің арасында жатыр екен. Қарахан молдаға екеуінің некесін қиғызады. Содан кейін ол қызды қолына алып, жаны үзіліп бара жатқан Айшаның құлағына: « Айша, сен енді бибі болдың!» деп үш рет айқайлапты. Ханның өлі қызбен неке қиысқаны одан бұрын да, кейін де тарихтан кездеспейді.
Қайғырып, қан жұтқан Қарахан сүйген жарының денесін арулап жерлеп, басына әсем күмбез орнатады. Жауын шайып, жел мүжіп, уақыт өз белгісін салғанымен бір бірін шынайы сүйген ғашықтардың махаббатының өшпес белгісіндей болып, сол күмбез әлі тұр Тараз қаласының іргесінде
2 Айша бибі — шамамен 11-12 ғасырларда өмір сүрген ару қыз. Әкесінің есімі — Айғожа. Айша бибі еліне сапарлап келген Қараханмен жүздесіп, бір-бірін ұнатады. Алайда тұтқиылдан елін жау шапқанын естіген Қарахан дереу еліне аттанады. Уәделі кезде хабар болмаған соң, алаңдаған Айша бибі күйеу жігіт еліне барып, бір хабарын білейін, аман болса алдыңызға келіп ақ батаңызды алып қосылармыз деп, әкесінен рұқсат сұрайды. Бірақ қыз әкесі келісімін бермейді. Үш рет өтініп, меселі қайтқан Айша бибі 40 қыз жолдас ертіп, Қараханның еліне өз бетімен аттанады. Ел шетіне таяғанда демалмақшы болып су бойына тоқтап жуынады. Сол кезде сәукеленің ішінде жасырынып қалған улы жылан Айшаны басынан шағып алады. Қыздардың хабарын естіп Қарахан да жетеді. Бірақ Айша тілге келмейді. Ең болмаса о дүниеде қосылайық деп Қарахан осы жерде Айшамен некесін қидырады. Келін болып босаға аттамаса да, уәдеге берік Айшаның соңғы демі өз қолында шыққанына әрі риза, әрі құса болған Қарахан сол Айша бибі қабірінің үстіне күмбез тұрғыздырады. Халық Айша бибіні әулие санатына қосып, табынады. Айша бибі хикаясын зерттеген тараздық журналист Б.Әбілдаев “Айша бибі” деген пьесасын жазды. Қазақтың Мемлекеттік қыздар педагогика институтына Айша бибі аты берілген (1998).[2]
Пайдаланған әдебиет
↑ “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
↑ Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
Қарахан кесенесі
Қарахан кесенесі - Қазақстанда 11 ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Қазіргі Тараз қаласының батыс шетінде. Кесене Қарахан әулетінен шыққан белгілі хан Ша-Махмуд Бұғра Қарахан қабірінің басына орнатылған. Күмбезі ғана құлаған кесененің төрт қабырғасы мен жылтыр кірпішпен өрнектелген қос мұнарасы 19 ғасырдың 90-жылдарына шейін сақталған. 1905 жылы оның құлаған бөлігі түгелдей бұзып алынып, орнына 1906 жылы жаңа кесене салынған. Жаңа құрылысты сол кездегі Ташкент ишаны Сайд Бакханов қаржыландырған. Кейінгі салынған кесене алғашқысына ұқсамайды. Қас беті Айша бибі кесенесіне ұқсас болғанымен, кірпіштерінің өрнектеліп қалануы жағынан Бұқарадағы ортағасырлық Исмаил күмбезіне еліктеушілік байқалады. Қарахан кесенесі төрт бұрышты, ортаңғы кең бөлмеден және үш кіші бөліктен тұрады. Орталық бөлменің төбесі киіз үйге ұқсатылып жабылған. Артқы жағында екі мұнарасы бар. Кесененің қас беті оңтүстікке қараған, ал оның ішіндегі қабір оңт-тен солт-ке қаратыла қойылған. Кірер есігі аркалы қуыспен безендірілген. Қабырғаларының ішкі жағы кесененің бұрынғы өз кірпіштерімен қаланып, сыртқы жағын қалауға жаңа кірпіш пайдаланылған.
Пайдаланған әдебиет: “Тараз энциклопедиясы”.
Бабажы Қатын Кесенесі
Бабажы Қатын Кесенесі – Қазақстандағы — 10 — 11 ғасырлардан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Тараз қаласынан 18 км қашықтықтағы Айша бибі кесенесінің маңында орналасқан. 1897 жылы В.А. Каллаур, 1938 жылы А.Н. Бернштам, 1953 жылы Т.Қ. Бәсенов зерттеген. Текше тәрізді тік бұрышты, қызыл кірпіштен тұрғызылған ескерткіштің ауданы 6,8х6,8 м, биіктігі 5 м-ден астам; қабырғаларына қаланған кірпіштерінің көлемі 24х24х5 см. Қасбеті мен 2 қапталы бір-біріне ұқсас, мәнерлеп қаланған кірпіштен күн тәрізді өрнектер жасалған. Жоғары жағы аркалы, ішке кірер есік шығыс жақ қабырғасында. Қабырғалардан сегізқырлы барабанға ауысатын тромпбелдеу жасалған. Оның үстінен ішкі еңсенің 16 қырлы күмбезі басталады. Ал сыртқы күмбезі биіктігі 86 см қырлы призманың үстіне орнатылған. Мұндай қобылы күмбездер Қазақстандағы Көккесене, Жұбанана сияқты көне ескерткіштерден кездеседі. Бір-біріне қаптай салған қос күмбез ескерткіштің ұзақ сақталуына себепші болған. Күмбез тұғыры аршамен құрсауланып, тақталардан суағарлар жасалуы сол кездегі құрылыс өнерінің өте жоғары дәрежеде болғанын көрсетеді. Ғимаратта шағын көлемдегі архитектура. детальдер ұтымды әрі үйлесімді пайдаланылған. Бабажа қатын кесенесі сыртқы пішімінің жинақылығымен, құрылысының беріктігімен ерекшеленеді.
Cілтеме
↑ Басенов Т.К., Орнамент Казахстана, А.-А., 1957; Бернштам А.Н., К происхождению мавзолея Бабаджи Хатун, Таш., 1959.
↑ Қазақ Энциклопедиясы, 1 том
Тараз
Ел Қазақстан
Статусы Облыс орталығы
Облысы Жамбыл облысы
Координатасы Координаттар: 42°53′00″ с. е. 71°22′00″ ш. б. (G) (O) (Я)
42°53′00″ с. е. 71°22′00″ ш. б. (G) (O) (Я)
Әкімі Қанат Бозымбаев
Алғашқы дерек 568
Бұрынғы атауы Жамбыл, Мирзоян, Әулие-Ата.
Жер аумағы 139 км²
Ресми тілі қазақ тілі
Тұрғыны 352 536[1] адам (2010)
Уақыт белдеуі UTC+6
Телефон коды +7 7262
Пошта индексі 080000
Автомобиль коды H
Ресми сайты http://www.zhambyl.kz/
(қаз.) (орыс.)
Тараз - Жамбыл облысың орталығы. 1938 - 1997 жылдары арасында Жамбыл деп атанған еді, 1938 жылында Мирзоян деп атанған, кейін Әулие Ата деп атанған.Мазмұны [жасыру]
Орта ғасырларда Тараз деген
атауымен әйгілі болды. Қалаға ең бірінші
келгендер - Ферғана алқабының өзбектері
болған. 1997 жылынан бастап тарихи атауы
қалаға қайтарылып қолданылады. 2002 жылы
Тараз өзінің 2000- жылғы мерейтойын
қарсы алды. Орта ғасырларда Тараз
Ұлы Жібек Жолының бойында
орналасқан қалаларының бірі еді. Әсіресе
Қарахан дәулеті кезінде
Ежелгі Тараз қаласы
Тараз қаласында Айша Бибі, Бабаджа
хатун, Қарахан, Тектұрмас кесенелері,
Нәметбай мешіті және орта ғасырлық монша
орналасқан. Қалаға көп деген өзіміздің
және шетел туристері осы
Тектұрмас
Тектұрмас – ерте орта ғасырдағы
қала орны. Жамбыл облысы Талас ауданы
Көшек батыр ауылының солтүстік-батысына
қарай 5 км жерде орналасқан. Алғаш 1898
жылы В.А. Каллаур ашқан. 1949 жылы Жамбыл
облысы тарихи-өлкетану мұражайының
экспедициясы (жетекшісі Л.И. Ремпель),
1980 жылы осы экспедициясы (жетекшісі
Қ. Байбосынов), 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан
кешенді археологиялық
Сілтемелер
↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
↑ Қазақ Энциклопедиясы, 8-том
Нәметбай мешіті
НӘМЕТБАЙ МЕШІТІ – Тараз қ-ндағы 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ. басындағы архитектура ескерткіші. Н. м-нің ауласы 1897 ж. қалыптасып, онда медресеге арналған үй, тұрғын үй сап түзеген. 1998 ж. Н. м-нің кіре берісіне жаңа қақпа салынып безендірілді. Мешіттің қабырғасы сабан араластырылған саз балшықпен сыланған. Бөлме қабырғалары, көк, қызыл, жасыл түстермен безендірілген. Намаз оқитын бөлменің биікт. 5 м. Бөлменің төбесі мен тіреуіш қызметін атқарып тұрған бағаналар ою-өрнектермен айшықталынған
Сыртқы сілтеме
Жамбыл облысы бойынша Республикалық маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімі
Пайдаланылған әдебиеттер "Қазақ Энциклопедиясы