Автор: o************@mail.ru, 27 Ноября 2011 в 12:19, реферат
Өркениетті қоғам құруға бет алған жұрттың бәрі де алдымен өзінің тарихи тамырын танытып, тарихи жадын қалпына келтіруге күш салады. Қазақ тарихы осы күнге дейін отаршылдардың еркінше бұрмаланып келді. Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық құндылықтар бүркемеленіп,оның орнына жасанды, қазақ менталитетіне жат рухани өлшемдер орнатылды. Осының салдарынан халық өз тарихы туралы шындықтан адасып қалды.
Азаттық күрестің жалынды басшысы Абылай ханның асқақ тұлғасы, ақыл-парасаты Бұкар, Үмбетей, Шәді төре Жәңгір ұлы жырларында, ақындар Көпбай Жамантайұлы, Мәжит Айтбаевтың дастандарында, I. Есенберлиннің, Ә. Кекілбаевтың Қ. Жұмаділовтың, т.б. туыңдыларында сомдалды. Оның ұлағатты өмірі мен ішкі, сыртқы саясаты отандық және шетел ғалымдарының (Ш. Уәлиханов, В.В. Бартольд, Н. Мыңжани, Р.Б. Сүлейменов, М. Мағауин, М.Б. Ожотт, Дж. Уилер, т.б.) назарын аударып келеді.
1738-41 ж. Абылай бастаған қазақ қолы жоңғар басқыншыларына бірнеше мәрте соққы береді. 1742 ж. Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына тұтқынға түседі. Қазақтың үш жүзінен Төле би бастап 90 адам елші барып, келіссөз жүргізіп, 1743 ж. 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады. 1740 ж.тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, т.б. 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің «қамқорына» кіруге келісімін білдірді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де қарым-қатынасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырды. Ол Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесіне пайдаланып отырды. 1752 ж ол бастаған қазақ әскері шамасы 15-20 мың адам ойраттар қолының шабуылына тойтарыс берді. 1753 ж желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгерімен жоңғар әскерлерімен шайқасып, бірталай қазақ жерін азат етті. 1754 ж сәуірде Абылай бастаған 1700 қазақ әскері 10 мың қалмақпен соғысуға мәжбүр болса, сол жылдың шілде-тамыз айында 4 мың әскермен Жоңғарияға жорық жасап, 3000 қалмақты тұтқынға алып келді. 1756 ж Абылайдың бастауымен қазақтар қытайлар мен қалмақтардың біріккен күшімен екі рет шайқасып, оның бірінде жеңіліп, екіншісінде жеңіске жетеді. 1757 ж Абылайдың 6 мың әскері Қытайдың 40 мың әскерімен шайқасынан соң, қытайлар Абылайдан бітім сұрады. Абылай бірде Қалдан Серенмен бітімге келсе, бірде Дабашыны (Давациды)шауып, бірде оны және Әмірсананы өзіне паналатты. Сөйтіп Ойрат ұлысының бөлшектене беруін көздеді. 1754-55 және 1764 ж қырғыздар Жетісуда біраз ауылдарды шабады. Осы себепті Абылай 1755, 1765 жылдары Қырғыз ұлысына қарсы жорық жасап, Іленің сол жағасын, Шу бойын тазартады, қазақ пен қырғыздың Нарынқолдан Қордайға тартылған, күні бүгінге дейін сақталып отырған шекарасын анықтайды. Өмірінің соңғы 15 жылында Орта Азия хандықтарына қарсы тынымсыз күрес жүргізеді. 1765-67 ж. Абылай қолының Қоқан билеушісі Ерденбекпен соғысының нәтижесінде Түркістан, Сайрам, Шымкент қалалары қайтадан қазақтар иелігіне өтті. Ташкент алым-салық төлеп тұратын болды.
1771 ж жасы жеткен
Әбілмәмбет хан дүние салды.
Үш жүздің басшы өкілдері
Абылай қазақ
Абылайдың Ақ Туы - Абылай ханның жауынгерлік туы; кезінде бүкіл қазақ халқының атынан айтылатын жауынгерлік ұран ретінде де қолданылған. ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялылары - Алашорда жетекшілері халықты бірлікке шақырып, «Абылайдың ақ туының» астына жиналайық деген үндеу тастаған. Шын мәнінде «Абылайдың ақ туы» – тарихи зат, жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыста көтерілген ту. Қыл шашақты, көлемі 2 шаршы метр ақ жібек мата. Ту 1930 жылға дейін Арыс қалсының маңындағы «Хан қорған» деген жерде, төре тұқымдарының қолында сақталып келген.
Ел басқару екінің бірінің қолынан келе бермейтін бірегей өнер екені баршаға аян. Оның үстіне ел ұстаған екінің бірі есте қала бермейтін де белгілі ғой. Жымысқы жолмен түлкі боп тиген талайларды, көнесөз тарих біледі. Бірақ олардың атын білгенімен, затын ілтипатқа ілмейді. Демек, ақыл парасатына қажыр-қайраты сай, дегдарлығы мен білімдарлығы бірдей, мінезі маңғаз, жүрегі мейірбан жетекші ғана жұрттың жадында ұзақ сақталмақ. Міне екі ғасырдан астам атақ-даңқы аңыз-әңгімелер арқылы – ақ ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып, үдеп бара жатқан Абылай хан осындай қайраткер болған. Рас, Абылай күні бүгінге дейін әділ бағасын ала алмай, тарихтан тиісті орын таппай келген қайраткер. Әйтпесе «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан» кейін көп ұзатпай қазақ халқының басын құрап, жоңғар басшыларына ойсарыта соққы беруді ұйымдастыруы ерен еңбек емес пе? Сындарлы саясатшы, сарабдал мәмілегер ретінде ол көрші мемлекеттердің бәрімен арақашықтықты сақтай отырып, терезесі тең байланыс жасай білген көреген басшы. Жоңғарияға қарсы азаттық күрестегі, халықтың басын біріктірудегі рөлін, Ресей және Қытай мемлекеттерімен дұрыс дипломатиялық қатынас орнатып, іс жүзінде елдің дербестігін сақтап қалу қайраткердің арманы еді. Ол арман орындалды. Қазір біз, қазақ елі, алдыңғы қатарлы елу мемлекет қатарына өту жолындамыз. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев қазақ елі мен жері үшін, ұрпақ пен ұлт болашағы үшін қарқынды еңбек етуде.
Егемен елдің
Сондықтан, күні кешегі «Ханның бәрі қанішер, қанаушы; бай біткен қаныпезер, қарау; би атаулы әділетсіз, алаяқ; батыр болса безбүйрек, басбұзар» - деп бағалаған қасаң заманда алты атасынан уызы арылмаған ақсүйек Абылай ісінің дұрысын, бұрыс деп теріске шығарып, тарихтан сызып тастауға таянған содыр саясат Елбасының арқасында оң бағытқа бет алды. Тек бүгінгі уақыт лебінің самалы ғана тарихымыздағы ақтаңдақтар туралы ашық айтып, ардагерлерімізді арашалап алуға жағдай жасады.
Сол самалдың шипалы лебімен хан Абылайдың, қаһарман Абылайдың туғанына 280 жыл толуын исі алаш баласы торқалы той ретінде атап өтті.
«Абылай ыңғайына қарай біресе орыс үкіметіне, біресе Қытай үкіметіне бағыныштымыз деп жүрді, - деп жазады орыс тарихшысы. А.Левшин – Ал шын мәнінде бұлардың ешқайсысына да бағынбады, өзінше билік, өзінше саясат жүргізді».
Кезінде Қытай Бөгді ханына кепілдікке берген баласы Әділді Ұлы жүздің бір бөлігін билеуге жіберуі де содан. Отырықшылықты арман етіп өткен ханның баласына Талас бойынан қала салып беруінде де мән бар.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз республика деп жариялады. Сөйтіп, екі жүз жылдай патшалы Ресейдің отары, жетпіс жылдан астам Кеңес өкіметінің бұғауында болған Қазақстан егемен ел болды. Бұл күн- Қазақстан тарихына тәуелсіз Қазақстан республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да 16 желтоқстан бүкіл халықтық мереке. Бұл тәуелсіздік республиканың барлық халықтарына еркіндік, бостандық әкелді. Келешекте бұл ел қандай жолмен дамиды, шаруашылықты қандай тәртіппен жургізеді, қай бағыттарда өркендетеді, қайсы елдермен қатынас жасайды, әр ұлт өз тілін, мәдениетін, салт- дәстүрін қалай дамытады - бәрін де халық өзі шешетін болады.
Тарихшы ғалымдар дабыл қағып отыр: Биыл ерекше аталып өтетін даталар тізіміне Абылай ханның 300 жылдығы енбей қалған?! «Аманат» пікір-талас клубына жиылған тарихшылар мұндай келеңсіздікке, біріншіден, үкіметтің немқұрайлылығы себеп десе, екіншіден, бұл қазақ халқының қазіргі бұртұтастығына мін деп отыр. Бірақ Абылай ханның тұлғасы мен өміріне байланысты тарихшылардың өз арасында да ортақ ұстаным жоқ. Белгілі тарихшы Хангелді Әбжанов «Абылай хан 1711 жылы Ташкент қаласында туды» дегенді дұрыс деп білсе, тарихшы Жамбыл Артықбаев белгілі жазушы, әдебиет зерттеушісі Мұхтар Мағауиннің осыған қатысты ұстанымын қолдап, «Абылайдың туған жылы 1713 жыл болуы мүмкін» дегенді алға тартады. Бірақ ғалымдардың басын біріктірген бір ой - Абылай ханның мерейтойына орай Үкімет тарапынан арнайы комиссия құрылып, атқарылатын шаралар тізімі белгіленуі керек дегенге саяды. Ал тарихшы Қадыржан Әбуов мерейтойға орай, Астанадағы Абылай хан даңғылына еңселі ескерткіш қойылып, еліміздегі ең жоғарғы мемлекеттік орден ретінде Абылай хан атындағы орденді қалыптастыру керек деген ұсынысымен шықты. Айтпақшы, бұл мәселе осыдан бірнеше жыл бұрын «Айқын» газетінде де көтерілген еді. Бірақ бас қосқан ғалымдар бұл мәселені аяғына дейін жеткізу үшін жоғары жаққа хат жазып, өз ұсыныстарымен шығуға уағдаласты.
Қазақтың белгілі саяси тұлғаларының бірі, бабамыз Абылай ханның 300 жылдығы ескерусіз қалмауы керек. Шыны керек, қазіргі таңда бұл ұрпақ сабақтастығымен байланыстыратын үлкен бір шараға айналуы тиіс еді. Өкінішке қарай, Абылай хан бабамыздың мерейтойы ескерусіз қалып жатыр. Мемлекеттік деңгейде де, Үкімет деңгейінде де әлі де болса бұл мерейтой аталып өтеді деген үміт бар.
Абылай ханның 300 жылдығы басқа даталардың көлеңкесінде қалып отыр. Бұл - мемлекеттілікке сын. Шын мәнінде, бұл тарихи дата мемлекеттік деңгейде кең көлемде аталып өтуі тиіс. Абылай ханның ұрпағы да қазақ мәдениетіне, тарихына ұлан-ғайыр үлес қосты. Бір Шоқанның өзі неге тұрады?! Одан кейінгі ұрпағы, бүгінгі мемлекеттік Елтаңбаның авторы Шота Уәлихановтың өзі неге тұрады?! Бұл әулет қазақ халқының мемлекеттілігіне, дербестігі мен басқа да құндылықтарына орасан зор үлес қосты. Қай жағынан алып қарасаңыз да, Абылай ханның 300 жылдығы мерекелеуге, ұлықтауға негізі бар дата.
Абылай хан заманы мен бүгінгі тәуелсіздік заманын үш ғасырға жуық уақыт бөліп тұр. XVIII ғасырдың ұлы тұлғасы қазақ елінің экономикалық әлеуетінің әлсіздігіне, халық санының аздығына қарамастан, Ресей мен Қытай сияқты алпауыт елдердің отарлауынан сақтануға, іргелес ортаазиялық билеушілердің басынуынан қорғануға, ата жауы жоңғарды жоюға зор үлес қосқаны белгілі. Ақылы мен қайраты сай туған Абылай жастайынан көзге түсті. Бұқар жыраудан қалған мынандай сөз бар: «Сен 20 жасқа жеткен соң, алтын тұғыр үстінде, ақ сұңқар құстай түледің». 20 жасқа толған Абылайға берілген үлкен баға бұл. Шоқан да осындай пікірді өз еңбектерінде қуаттайды.
Нақты мұрағат деректерінде Абылайдың саяси тұлға екені 1738 жылдары айтыла бастады. 1739 жылы да оның есімі Орта жүздің ханы Әбілмәмбетпен қатар аталады. Ал 1740 жылы Абылай бар болғаны 29-да, Ресей әкімшілігімен Орта жүздің бодандыққа кіру-кірмеуі жайында ресми келіссөзге Әбілмәмбетпен бірге қатысады. Сол 29 жастағы жігіт туралы орыс деректері былай дейді: «Абылай сұлтан ханнан гөрі сөзшең екен және шапшаң жауап береді екен. «Біздің сықылықтарымызға таңғалмаңыздар, орыстармен қарым-қатынасқа үйренеміз, бірте-бірте жақындасамыз» деп қалды. «Үй ішінде баскиімшең отырғанымызды да түсініңіздер, біздің қалыптасқан дағдымыз осылай» деді. Хан да мұны құптады». Тағы бір рәсімге назар аудару керек. Патшаның денсаулығы үшін тост айтылғанда, хан мен сұлтан бұрын әдетінде болмаған нәрседен шаршап қалғандығын айтып, «Патша ағзаның мейірімін сезіп, шарапсыз да көңіліміз көтеріліп отыр» деп шарап ішуден бас тартыпты.
Абылай хан орталықтанған мемлекет құрғысы келді. Бұған барын салды. Осы ойын ол жасырған жоқ, қағазға да түсіріп отырды. Абылайдың орталықтанған мемлекет құру көзқарасымен Қытай да, Ресей де есептесті.
Пайдаланылған әдебиеттер: