7 Куркүйек

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 07:27, реферат

Описание работы

7 қыркүйекте Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай кентінде туған. Отан соғысына қатысқан. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. 1943-1950 жж. Қостанай облыстық радиокомитетінде редактор, "

Работа содержит 1 файл

7 қыркүйекте Қостанай облысы.doc

— 24.00 Кб (Скачать)


7 қыркүйекте Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай кентінде туған. Отан соғысына қатысқан. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. 1943-1950 жж. Қостанай облыстық радиокомитетінде редактор, "Большевиктік жол" газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, 1951-1955 жж. Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редакция меңгерушісі, 1957-1961 жж. Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, "Қазақ әдебиеті" газетінде бас редактордың орынбасары, 1964-1971 жж. "Жұлдыз" журналының, 1955-1957, 1971-1977 жж. "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы болды.{mospagebreak}

Тұңғыш өлеңі Жамбыл облысы "Колхозшы" газетінде 1937 жылы жарияланса, "Өлеңдер" атты алғашқы жинағы 1948 жылы жарық көрді. Қырыққа жуық жыр жинақтарының авторы. "Тандаулы өлеңдер" атты тандамалысы (1958), "Шаңқай түс" жинағы (1966), "Тандамалылары" (2 томдығы, 1972), 1982-1984 жж. үш томдық шығармалар жинағы басылып шықты. Оның "Жаңа көктем" (1956), "Дала таңы" (1957), "Көгілдір таулар" (1964), "Жер нәрі" (1970), "Апрель жапырақтары" (1972), "Таңдамалы лирикалары" (1972), "Жапырақтар жанады" (1972) өлеңдер жинақтары орыс тілінде Мәскеуде басылды.

"Жер нәрі" атты әдеби портреттер мен очерктер жинағы (1966), республика енбекшілерінің халық шаруашьшығын өркендетудегі қажыр-қайратын көрсететін "Үркер төбеде тұр" (1971) кітабы, естеліктер мен портреттер, этюдтер кітабы жарық көрді.

Балаларға арнап "Барлаушы бала" (1961), "Құлыншақ" (1963), "Бала жолбарыс" (1963), "Қорқақ торпақ" (1966), т.б. өлеңцер мен әңгімелер жазды. Орыс және туысқан халықтар әдебиеті шығармаларын қазақ тіліне аударды.

ҚР Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері (1970), Қазақстанның Халық жазушысы. 1-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Ту, Халықтар Достығы, "Құрмет Белгісі" ордендерімен және медальдармен марапатталған. Алматы қаласындағы орталық көшелерінің біріне есімі берілген.

 



Информация о работе 7 Куркүйек