1986 ж. желтоқсан көтерілісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 13:47, лекция

Описание работы

1.1985 жылы республика бойынша ауылдан келген студенттердің төрттен үші ғана жатақханамен қамтамасыз етілді. Әсіресе, Алматыдағы жағдай мәз емес еді. Ондағы студенттердің 57,7 пайызы ғана жатақханаға орналаса алды. Желтоқсан оқиғасы қарсаңында "еңбектен тыс табыс” дегенмен күрес пайда болып, соның салдарынан тек қана Алматыдағы пәтер жалдап оқып жүрген үш мыңдай студент баспанасыз қалды.

Содержание

Жоспар.
1. Көтерілістің себептері мен басталуы.
2. Көтерілістің барысы мен көтерілісті басу.
3. Көтерілісшілерге қарсы шаралар.
4. Көтерілістің тарихи маңызы

Работа содержит 1 файл

1986 ж. желтоқсан көтерілісі.docx

— 15.26 Кб (Скачать)

Лекция № _

1986 ж. желтоқсан көтерілісі

Жоспар.

1. Көтерілістің себептері мен басталуы.

2. Көтерілістің барысы мен көтерілісті басу.

3. Көтерілісшілерге қарсы шаралар.

4. Көтерілістің тарихи маңызы

 

1.1985 жылы республика бойынша ауылдан келген студенттердің төрттен үші ғана жатақханамен қамтамасыз етілді. Әсіресе, Алматыдағы жағдай мәз емес еді. Ондағы студенттердің 57,7 пайызы ғана жатақханаға орналаса алды. Желтоқсан оқиғасы қарсаңында "еңбектен тыс табыс” дегенмен күрес пайда болып, соның салдарынан тек қана Алматыдағы пәтер жалдап оқып жүрген үш мыңдай студент баспанасыз қалды.  
Ең бастысы, бір ғана ұлттың басым көпшілігінен тұратын одақтас елдердің билік органдарымен салыстырғанда біздің республика басшылығы көп ұлттан тұрды. 1920-1986 жылдар аралығында бірен-саран қазақ болмаса ел партия ұйымына орыс пен еврей, поляк пен грузин және армян, ұйғыр жетекшілік етті.  
1985 жылдың дерегі бойынша Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесінде қазақтар үлесі – 36 пайыз, орыстар – 40,8 пайыз болды. Кеңес өкіметі жылдарында республиканың бірде-бір өкілін коммунистер мен халық сайлаған жоқ, оларды орталық тағайындап, іс-қимылын өздері бақылап отырды. Ақыры Қазақстанда шексіз билікке ие болған және орталық мүддесін қорғайтын Г.Колбиннің кезегі келгенде халықтың шыдамы түгесілгендей еді. Наразылық бұрқ ете түсіп, бітеу жараның аузы ашылды да кетті.  
Қазақстанның жоғарғы органдарына орталықтан басшы кадрлар жіберу кеңінен орын алды. Оларды қызметке жібергенде жергілікті жердің пікірі, республиканың тарихи жағдайы, оның салт-дәстүрі есепке алынбады. Мұндай жағдай 1986 жылғы 16 желтоқсан күні Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д. А. Қонаевты орнынан алған кезде айырықша көзге түсті. Пленум мәжілісі небары 18 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Қазақстан Компартиясының бiрінші хатшысы Д. А. Қонаев қызметінен алынып, оның орнына Мәскеу жіберген Г. В. Колбин сайланды. 

17 желтоқсан күні таңертеңгі  сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды.

2. 18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды.

Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Билік басындағылар 1986 жылғы көтеріліс кезінде әдейі арандатушы топ құрып оларды жастарды ортасына жіберген. Олар әдейі күпәйке киіп: «қашанға дейін осыған төзе береміз», «орыстар қашанға дейін бізді басына береді» деп өзеуреп, әскерлерге қарсы мұз лақтырып, бір жағы бұзақылық көрсетіп тұрған. Бұл қасақана ұйымдастырылған топ мүшелері «Метель» операциясына сай құрылып арнайы арандату арқылы ұлттардың арасына жік салу арқылы көтерілісті басу ісімен жүзеге асырылған зымиян жоспардан туындаған еді. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар.

3.Желтоқсан оқиғасы бойынша тергеу барысында 99 адам сотталды, 264 адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан шығарылды. 1164 БЛКЖО мүшесіне, 210 партия мүшесіне әртүрлі жаза берілді, 52 адам КОКП қатарынан шығарылды. Ішкі істер министрлігінен 1200 адам, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінен 309 адам жұмыстан босатылды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды.  
Желтоқсан оқиғасына «ұлт-азаттық саяси қозғалыс» деген баға беріліп отыр. 4. Бұл – қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын көтеріліс. Қазақ халқы өзінің тәуелсіздігі, мемлекеттілігі үшін қай заманда болсын, қозғалысын еш уақытта тоқтатпаған. Бұл - соның айғағы. Егемендікке жетудің жолында жасалған көп қадамның бірі осы Желтоқсан көтерілісі. Шындығы, бұл – ұлт-азаттық күрес. Өйткені бұған тек қазақтар ғана қатысты. Оған саяси дегенді қосуымыз керек. Бұл жердегі қойылған талап – билік басында қазақ отыруы тиіс. 

 


Информация о работе 1986 ж. желтоқсан көтерілісі