Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 08:50, реферат
Бұл жұмыстың өзектілігі жалпы әлемдік саясат ұғымына анықтама бере отырып, өзекті мәселелерді қарастыру болып табылады. Сондай-ақ екінші дүние жүзілік соғыс аяқталғаннан бастап, қазіргі уақытқа дейінгі әлемдік саясаттың бағыттары мен тармақтарын, сипаты мен жүргізілу барысын қамтиды.
Зерттеу жұмысының өзектілігі.
Бұл жұмыстың өзектілігі жалпы әлемдік саясат ұғымына анықтама бере отырып, өзекті мәселелерді қарастыру болып табылады. Сондай-ақ екінші дүние жүзілік соғыс аяқталғаннан бастап, қазіргі уақытқа дейінгі әлемдік саясаттың бағыттары мен тармақтарын, сипаты мен жүргізілу барысын қамтиды. Тарих және саясаттануда қолданатын ұғым, екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан Кеңес Одағының ыдырауына дейін созылған АҚШ басқарған "батыс мемлекеттерінің" және КСРО басқарған социалистік лагерінің идеологиялық қақтығысы (яғни либерал және коммунистік екі идеологиясының қақтығысы) және сол себептен жүргізілген АҚШ пен КСРО арасында қаруландыру бәсекесі.«Қырғи қабақ соғысы» екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Кеңестер Одағы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы ауқымды идеологиялық және геосаяси ұрандағы биполярлық қарама-қайшылығы болып табылады. Бұл қарама-қайшылық сферасына тек екі супер держава ғана түсіп қоймай, сонымен бірге оның ықпалына әлемнің жүздеген елдері тартылды.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Екінші әлем соғысынан қазіргі уақытқа дейінгі дүние жүзілік саясатқа сараптамалық шолу жасап, талдап беру.
Зерттеу жұмысының міндеттері. Әлемдік саясаттағы ірі мемлекеттердің әрқайсысының өзіндік мақсат-мүдделерін ашып беру
Зерттеу жұмысының жаңашылдығы. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі әлемдік саясатқа қандай факторлар әсер еткендігі, қандай саяси ұйымдар құрылып, олардың қандай бағыттарда жұмыс істегендіктері талданып, қарастырылды.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шегі. Жұмыстың хронологиялық шегі екінші әлем соғысы аяқталған уақыттан басталып, қазіргі күнге дейінгі уақытты қамтиды.
Зерттеу жұмысының қысқаша мазмұны: Алға қойылған мақсат пен міндеттерге сәйкес жұмыс ішкі құрылымға бағынады. Ол кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1.Әлемдік саясат ұғымына сипаттама
Әлемдік тәртіптер мен
қатынастар үнемі өзгерісте. Әрбір
мемлекет осы жүйеден өз орнын
алуға тырмысады. Адамзаттың жалпы
дамуы барлық мемлекеттер еріксіз
есептесетін ортақ
Әлемдік саясат мақсаты мемлекеттерді
ғаламшарлық ортақ мәселелерді
ұжымдық шешуге ұйымдастыру, олардың
арасында бейбітшілік пен татулықты
сақтау. Басым державалардың және
трансұлттық компаниялардың ғаламдық
мәселелерді шешуге бағытталған
іс-әрекеттерін ортақ арнаға бұру.
Әлемдік саясаттың түпкілікті, көкейтесті
міндеті-адамзаттың өмір сүруіне жағдай
жасау арқылы, оның тіршілігін қамтамасыз
ету. Қазіргі кезеңде әлемдік
басым державалардың саяси
Әсіресе ядролық және жаппай
қыру қаруларының басқа түрлерін
қолдануға, сынауға тиым салу, оларды
таратпау, сатпау мәселесін әлем мемлекеттері
бірлесіп шешу қажеттілігін түсініп, ортақ
шаралар жасай бастады. Әлемдік
саясат соғыс қаупіне қарсы
Қазіргі әлемдік саясатқа
қатынасатын негізгі акторлар: егеменді
мемлекеттер, мемлекетаралық ұйымдар,
халықаралық үкіметтік, немесе үкіметтік
емес ұйымдар болып табылады. Сонымен
қатар қазіргі халықаралық
1. Сыртқы саясат – мемлекеттің,
немесе жеке халықтың сыртқы
саладағы қызметі. Бұл саясат
мемлекеттің басқа
2. Халықаралық саясат –
3. Мемлекетаралық саясат
– жекелеген мемлекеттердің
4. Ұлттық мемлекет үстіндегі саясат (наднациональная политика) – жекелеген мемлекеттердің өздерінің кейбір егеменді құқықтарын өз еріктерімен халықаралық ұйымдарға беруімен сипатталады. Мысалы, мұнай бағасын халықаралық нарықта реттеу құқығы. Сыртқы, әлемдік саясаттың бұл бағыты Қазақстандық саясаттану ғылымында әлі зерттелген жоқ
5. Мультиұлттық саясат- бірнеше, немесе одан көп мемлекеттерден құралған біріккен саясат субъектілерлінің халықаралық қатынастарға ықпал етуі (ЕЫҚҰ, ЕО, ШЫҰ, БРИК). Бұл саясаттың субъектілері ұлттық мемлекеттер болып табылады.
6. Трансұлттық саясат
– мемлекеттік емес саясат
акторлары мен субъектілерінің:
2. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі әлемде қалыптасқан
саяси-экономикалық жағдай
2-дүниежүзілік соғыс
Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы оғы атылғанда дүние өз дамуының жаңа бір дәуіріне енгендей болды. Адамзат баласының тарихындағы ең сұрапыл, ең ауыр соғыс аяқталды. Осы сұмдықтан кейін жаңа соғыс туралы ойлаудың өзі қылмыс болатын. Ол қайталанбас үшін қолдан келгеннің бәрі істелінді. Германия талқандалып қана қойған жоқ, оны женгендер оккупациялады, енді герман милитаризмінің қайта өрлеуі туралы сөз болуы мүмкін еместей көрінді. Антигитлерлік коалиция мемлекеттерінің арасында орнаған ынтымақтастық деңгейі оптимизм сезімін ұялатты. «Үлкен үштіктің» жоғарғы дәрежедегі кездесулері үнемі өткізіліп отырылды. Соғыс қимылдарын үйлестіру, саяси қатынас келісімдері, экономикалық ынтымақтастықты кеңейте тусу жүзеге асырылып отырды. Осы қатынастардың символы ретінде «Үлкен үштіктің» үшінші кездесуін - Берлин (Потсдам) конференциясын айтуға болады. Ол Берлиннің жанындағы Потсдам калашығында 17 шілде-2 тамыз 1945 жылы өтті. АҚШ-тан 1945 жылы сәуірде қайтыс болған Франклин Рузвельттің орнына болған Гарри Трумэн, Ұлыбритания - Уинстон Черчилль, КСРО - Сталин қатысты. Алайда конференция барысында күтпеген оқиға болды. Соғыстан кейінгі парламент сайлауында Черчилль бастаған консерваторлар жеңіліс тапты. Тұңғыш рет лейбористер көп орынға ие болып, оның лидері Клемент Эттли үкіметті басқарды. Ол жаңа құраммен Потсдамға келді. Қырым конференциясымен салыстырғанда «Үлкен үштік» құрамы жаңарды, Берлин конференциясы Париж конференциясы сияқты бейбіт конференция болған жоқ. Себебі ешкіммен бітім жасалынбайтын еді. Германия оккупацияланды, оның территориясында билікті төрт оккупациялық зонаға бөліп, Ұлыбритания, КСРО, Франция, АҚШ жүргізді. Конференцияның басты мақсаты одақтас державалардын Германияға деген саясатын анықтау болатын. Конференцияның шешімі: барлық ұлтшыл-социалистік ұйымдарды тарату; бұрын тыйым салынған саяси партиялар мен негізгі азаматтық бостандықтарды қалпына келтіру; соғыс өнеркәсібін жою; нацистік Германияға қызмет еткен, өнеркәсіпті милитаризациялаудың құралы болған картельдерді тарату. Сондай-ақ одақтастар қолына түскен нацистердің ең жоғарғы басшыларын арнайы Халықаралық трибунал сотына беруге келіеті. Германияның мемлекеттік шекарасы анықталды. Германиядан Польша мен КСРО-ға Шығыс Пруссия берілді, Польшамен шекара батысқа, Одер-Нейсе өзені сызығына жылжыды. Жалпы айтқанда Германияның территориясы 1938 жылмен салыстырғанда 1/4 азайды. Германияның 1938 жылдан бастап иемденген жерлерінің бәрі ешқандай қарсылықсыз қайтарылатын болды. Конференция осы территориялардан (9 млн-нан астам адам) немістердің жаппай көшірілуіне келісті. Сондай-ақ әр зонадағы соғыс тұтқындарын өзара алмасу туралы да келісім болды. Сонымен қатар КСРО Англия мен АҚШ-ты КСРО-дан батысқа қашқан азаматтардың бәрін еріксіз болса да қайтаруға келісімдерін алды. Олардың КСРО-дағы тағдырының қандай болатындығы айқын болса да, одактастар бұл мәселе бойынша Сталинмен қақтығыскысы келмеді: Трумэн Жапония туралы ойлады, өйткен КСРО-ның қатысуынсыз оны жеңу қиынға түсетін еді, ал Эттли немістер тұтқынында болып, КСРО оккупациялаған территорияда қалған 25 мың ағылшындардың тағдыры туралы ойлады. Репарацияның жалпы сомасы 2 млрд. доллар көлемінде анықталды, оның 50%-ын КСРО алатын болды Германияда репарация төлеуін жоққа шығаратындай финанстық қиындық туғызбау үшін, репарацияны өнеркәсіп құралдарын әкету арқылы алу көзделді. Берлин конференциясында Германияны біртұтас мемлекет ретінде сақтап қалу қарастырылды. Нацизмді құртқан соң елде жалпы сайлау өткізіп жаңа демократиялық Германия үкіметімен бейбіт келісімге қол қою жоспарланды. Оған дейін Германияда билікті оккупациялық үкіметтер атқаратын болды. Осыған сәйкес Германия төртке бөлінді және Берлин Германияның астанасы болып қалды. 1945 жылы қарашада Нюрнбергте соғыс қылмыскерлеріне сот басталды. Ұлыбритания, Франция, КСРО, АҚШ-тың білікті заңгерлері рейх басшыларын соғысты дайындау мен тұтандыруға ғана емес, соғысты жүргізу заңдары мен адамгершілік принциптерін бұзғаны үшін айыптады. Сот процесі он айдан астам созылды, үш ғана айыпталушы ақталды.
КСРО-ның жүргізген саясатына Батыс елдері әр түрлі көзқарас ұстады. Бірқатар саяси қайраткерлер КСРО-мен ымырашылдықты жақтады. Әсіресе бұл позицияны АҚШ сауда министрі Генри Уоллес қолдады. Ол КСРО-ның талабы орынды деп есептеп, КСРО-ның Европа мен Азияның кейбір аудандарында басымдық құқын мойындап, дүниені қайта бөлуді жүргізуді ұсынды. У.Черчилль басқа көзқараста болды. 1946 жылы 5 наурызда президент Трумэннің туған штаты Миссуридың Фултон қаласында президенттің қатысуымен сөйлеген сөзінде Европада қалыптасқан жағдай батыс демократиясы тағдырына қауіпті деп сипаттады. Кеңес халықтарының ерлік күресі мен КСРО-ның қауіпсіз шекараға ие болу құқын мойындай отырып ол кеңес экспансионизмінің етек алуын үрейлене ескертті. Батыс демократиясын қорғау үшін, оның ойынша, АҚШ пен Ұлыбританияның күшін біріктіріп, «англо-саксон дүниесінің бар қуатымен» КСРО-ға тойтарыс беру керек. АҚШ-тың мемлекеттік департаменті де кеңестік әрекеттерге қарсы жауап іздеді. Мұнда американ дипломаты, Ресей бойынша маман Джордж Кеннан маңызды роль атқарды. 1946 жылы ақпанда, Москвада АҚШ елшілігінде жұмыс істей жүріп ол Вашингтонға жолдаған жеделхатында «тежеу» саясатының негізгі принциптерін айқындады. Оның пікірінше, АҚШ үкіметі КСРО-ның өз ықпал аймағын кеңейту әрекетінің әрқайсысына дер кезінде қатты тойтарыс беріп отыруы қажет. Коммунизмнің еніп кетуіне қарсы тұра алу үшін, Батыс елдері өзіне сенімді, қолайлы әрі толыққанды қоғам орнатуға тырысуы керек. «Тежеу» саясатына олар соғыстың алдын алу тәсілі ретінде қарады және КСРО-ны соғыста жеңу көзделмеді. Трумэн, Черчилль, Кеннан КСРО-ны тежеуде АҚШ басты рольді өзі атқаруы керек деген түйін жасады. Бұл Трумэнді қиын жағдайда қалдырды. Соғыс кезінде КСРО-ға катынастың өзгеруі, соғыс ауыртпалығынан шаршау еш нәрсеге қарамай КСРО-мен ынтымақтастықты жалғастыра беруді жақтаған Уоллес типті саясаткерлерге де көбірек қолдау көрсетілді. Осы бағытты жақтайтындар соғыс тәжірибесіне Рузвельт Сталинмен компромисске келе алған жағдайға, Рузвелытің елемеуге болмайтын зор беделіне сүйенді. Сондай-ақ «тежеу» саясатына көшу АҚШ-тың саясатын түбегейлі өзгертетіндігі анық еді, енді Америка Европаның барлық істеріне қоян-қолтық араласатын болды. Трумэн саясатта мұндай бетбұрысты жүзеге асыруға ықпалы мен беделі жетпейтіндей сезінді, өйткені 1944 жылы американдықтар президент Рузвельтке дауыс берген еді. 1946 жылы өткен аралық сайлау қорытындысы да Трумэнге 1948 жылы жеңіс әкелетіндей нәтиже бермеді. Республикандықтар 1930 жылдан кейін алғаш рет конгресте бақылауын орнатты. 1919 жылғы Париж конференциясының кезіндегідей жағдай қалыптасты: президент - демократ, ал конгресс - мемлекет басшысының кез келген сырткы саясат шараларын тоқтата алуға күші жететін республикандықтардан құралды. Трумэннің солқылдақтығын түсінуге болады: бұрынғы саясатты жалғастыру немесе жаңа саясатқа көшу. Алайда оқиғалардың барысы Трумэннің көп ойлануына мүмкіндік бермеді. 1947 жылдың ақпанында ағылшындар Түркия мен Грецияға әскери жоне экономикалық көмек беру мүмкіндігі жоқ екенін АҚШ үкіметіне мәлімдеді. Грециядан ағылшын әскерлерінін шығарылуы мен көмектің тоқтатылуы Жерорта теңізі аймағында стратегиялық жағдайды түбімен өзгертетін кеңес бақылауы орнау мүмкіндігін тудырды. Италияда коммунистердің билік басына келу жағдайы жасалды, Суэц каналына кеңеі бақылауы орнау қаупі төнді. Осы жағдайлар Трумэннің өз бағытын түпкілікті айқындауына итермелемей қоймады. 12 наурызда Трумэн Греция мен Түркияға 400 млн. доллар көлемінде әскери және экономикалық көмек көрсету ойы бар екенін жариялады. Сонымен қатар ол «сыртқы қысым мен қарулы азшылық жағынан езгіге түсіруге қарсы болған ерікті халықтарға көмек көрсетуге бағытталған АҚШ саясатының міндеттерін айқындады. Осы мәлімдемесінде Трумэн АҚШ пен КСРО арасында басталған қайшылықтың мазмұнын демократия мен тоталитаризм арасындағы қақтығыс деп сипаттады. Осылайша соғыстан кейінгі ынтымақтастықтан бәсекелестікке көшудің бастамасы болған Трумэн доктринасы пайда болды.