Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 20:56, реферат
1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс — 1916 ж. шілде айының бас кезінде пайда болды.
Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. маусымдың 25 армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.
Патша үкіметі қазақ халқының ата қонысын мемлекет меншігі деп жариялап, шұрайлы шабындық пен құнарлы егіндікті қоныс аудару қорына, орыс-казак жерлерін (казачествоны) орналастыру және басқа да отарлаудан туындайтын мақсаттар үшін тартып алып отырды. Күштеп өзіне алу саясатының екі ғасырға созылған жылдарында ресейлік отарлаушылар Қазақстанның 45 миллион десятинаға жуық жерін, басқаша айтқанда, ең құнарлы 16 пайыздай бөлігіне иелік етті. 1917 жылы екі революция қарсаңында бұл жерлерге келіп орын тепкен ресейлік қоныстанушылар (негізгі орыс ұлттарының өкілдері) сол кездегі Қазақстанды мекендегендердің 23,1 пайызын құрды [1, 30 бет].
Отарлаушылар
қазақ халқының жері мен табиғи байлығының
айтарлықтай бөлігіне иелік етіп
қана қойған жоқ, олар қазақтарды рухани
жағынан да отарлады. Халықты тілінен.
Дінінен, ділінен біртіндеп айыру
бағында қатыгездікпен
Бұл жөнінде Міржақып Дулатов «Қазағым менің, елім менің» атты мақаласында былай деп ашына жазған еді: «...Ең алдымен қазақ халқы-Россияға тәуелді халық... Оның ешқандай правосының жоқтығы ыза мен кек тудырады. Халықтан жиналатын салық қаражатының көп бөлігі халыққа тіпті керек емес нәрселерге жұмсалады...өздерің көз жазбай байқап отырғандай...чиновниктер, урядниктер кедей қазақтарды ұрып-соғып, малдарын тартып, ойына не келсе соны істеді...
Енді чиновниктер біздің дінімізге, атадан мұра болып келе жатқан әдеп-ғұрыптарымызға, біздің молдаларға ғана тиісті неке мәселелеріне араласа бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды...
Енді
бұл чиновнитер қазақ даласына мыңдаған
мұжықтарды жер аударып, қазақтардың
суы мен шұрайлы жерлерін еркін
иемденуде...Бұлар сорлы
Патша үкіметінің отарлау саясаты өзінің шырқау шегіне жетіп, отарлау саясаты өзінің шарықтау шегіне жетіп, отарлау саясаты күшейген сайын халықтың қарсыласу қозғалысы да арта түсті. Соның бірі - 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы еді.
Ғылыми жұмысты жазудағы мақсатым: биыл 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің болғанына 90 жыл толып отыр. Осы уақыттың ішінде қазақ халқының басынан әр түрлі кезеңдер өтті. Қазақ халқы қайсарлық, қайтпас күрестердің арқасында тәуелсіздікке қол жеткізді. Тәуелсіздікке жету - қазақ халқы үшін даңғыл жол болған жоқ, ол ұлы белестерден, қиын-қыстау асулардан тұрды. Болашақ ұлттық мемлекеттің іргетасы осы тарихи кезеңдерде қалыптасқан болатын, сондықтан да азаттық жолындағы қасиеті де, қасіретті күрестің тарихын зеттеу қазіргі таңда зор маңызға ие болып отыр.
Кеңестік тарихтану 1916 жылғы көтеріліске байланысты оқиғаларды баяндауда, тарихи шындықты ашуды мұрат тұтпай, қалай болғанда да көтеріліске қатысушыларды реакциялық бағыт ұстанған күш ретінде көрсетуді көздеді. Шын мәнінде мәселе анағұрлым күрделірек болатын. Бұрын азды-көп мәлім, сондай-ақ зеттеу жұмыстарына әлі тартылып үлгермеген тың деректік материалдарға сүйене отырып, көтеріліс қарсаңындағы және барысындағы жағдайлар шынайы түрде жазыла бастады. Әрине, Қазақстанның шынайы тарихын жазу- тәуелсіздікке қол жеткізудің жемісі.
Дегенмен
де, осы тақырыпқа тікелей қатысы
бар жекелеген мәселелер әлі
де болса жан-жақты, әрі терең
зерттелген жоқ. Солардың бірі, атап айтқанда,
осы көтеріліске байланысты кезінде
көптеген өлең-жырлар шықты. Олардың
көпшілігі уақыт өте фольклорға
айналып кетті. Көтеріліске тікелей
қатынасушы Көдек Маралбайұлы кезінде
1916 жылға арналған дастан шығарған.
Ол қазақстандық оқырмандарға әлі толық
таныс емес. Осындай дүниелердің
қазақ әдебиеті тарихынан алатын
орны мен олардың көтеріліс
Мен осы ғылыми жұмысты жазуда тың материалдарды пайдалана отырып бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси хал-ахуалын, бірінші дүниежүзілік соғыстың Қазақстанға тигізген кері әсерін, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің басты себептерін және көтерілістің негізгі ошақтары Жетісу мен Торғай өңіріндегі көтерілістің барысын, Әулиеата уезіндегі Меркі бөлімшесіндегі көтерілістің ерекшеліктерін, ондағы Ақкөз батырдың өмірін ашу және көтерілістің тарихи маңызын атап көрсету міндетін алға қойдым.
Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Тарих
толқынында» атты кітабында былай
деп жазған еді: «Тарих бәрін де сыйға
тарта алады, бірақ ішкі еркіндіктің
формасы ретіндегі
1916
жылғы көтеріліс қазақ
1936
жылдан бастап Кеңес Одағында,
әсіресе Қазақстанда, қандай
Тәуелсіздігіміз
бен егемендігіміздің арқасында
гуманитарлық ғылымдардың маңызды
салаларының бірі - тарих ғылымында
да бұрынғы коммунистік