Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2011 в 14:32, реферат
Ресей ХVIII ғасырдың өн бойында өз шекарасын езгіге түскен, сан жағынан аз халықтарды империя құрамына күштеп қосу арқылы кеңейтіп отырды. Сөйтіп патшалық Ресей "халықтар түрмесіне" айналды. Батыс пен Оңтүстіктегі өзге жұрттың жер-суын жаулап біткен соң, Шығысқа - Орта Азияға қарай ойысты.
Тіпті Петр I патшаның өзі Қазақстанды Орта Азия, Индия және Батыс Қытаймен сауда жасауға оңтайлы "кілт – қақпа" деп санаған-ды.
Ресей ХVIII ғасырдың өн бойында өз шекарасын езгіге түскен, сан жағынан аз халықтарды империя құрамына күштеп қосу арқылы кеңейтіп отырды. Сөйтіп патшалық Ресей "халықтар түрмесіне" айналды. Батыс пен Оңтүстіктегі өзге жұрттың жер-суын жаулап біткен соң, Шығысқа - Орта Азияға қарай ойысты.
Тіпті Петр I патшаның өзі Қазақстанды Орта Азия, Индия және Батыс Қытаймен сауда жасауға оңтайлы "кілт – қақпа" деп санаған-ды.
II
Екатеринаның тұсында патшалық
Ресей Орта Азияға саяси
Қазақстанға келсек, патша үкіметі оны жедел түрде түгелдей жаулап болысымен, өндіріс және сауда-саттық мүмкіндіктерін таразылап, сүзгіден өткізуді кезек күттірмейтін міндет деп есептеді.
Десе
де, Ресейдің Қазақстан мен Орта
Азияға байланысты саясаты оның жалпы
саясатының бір бөлшегі ғана іспетті,
әрі патшалықтың Таяу Шығысқа
қатысты мақсат-мүдделері және ағылшын
империализмінің Азияны жаулап алу
ниетіне қарсы күрес
Және
де бұл саясаттың патшалықтың
экономикалық мүдделері, капитализмнің
жылдам дамуы, Ресейдегі кейбір ішкі
ушыққан ахуалдарды бәсеңдету мақсаттарынан
туындайтыны айдан анық-ты. Сондықтан
да орыс ғалымдары мен ғалымсымақтары
әскери-төрешіл топтардың
Қазақ халқының тарихын жазуда Ресейдің дворяндық-буржуазиялық тарихнамасы да көп іс атқарды: архив деректерінің недәуір бөлігі жарияланып, жалпы қорытынды жасалған ірі-ірі еңбектер жазылды. Мұны жоққа шығару — ақиқатқа қиянат. Бірақ, сонымен бірге олардың кейбір ірі кемшіліктері барын елемеу — әділетсіздікке саяды.
"Орыстың
ғалымы – дүниенің кілті. Оның
жақсысын үйреніп, жаманынан
Әрине нұрынан зәрі көп болғанын тек кейінгі жылдары анық жазып жатырмыз. Ал осы қанқұйлы саясатты жүзеге асыру үшін біздің халқымызды жан-жақты зерттеп, қыр-сырын түсініп, соған қарай әрекет ету үшін шенді-шекпенді ғалымдарын арамызға жіберді. Қазір мен оларды жыға жамандап жер-жебіріне жетуді көздеп те отырғаным жоқ. Бірақ осы бір тұсты да есте ұстағанымыз абзал.
Ілияс
Есенберлиннің «Көшпенділер»
Мен кіріспеде айтып өткен сөздерім дәлелді болу үшін мына бір нәрселерді толық айтып отырмын.
17
ғ-дың соңы — 18 ғ-дың басынан
бастап Ресейдiң және Батыс
Еуропаның бiрқатар елдерiнiң
Міне
ғылым алдымен империалистік
пиғылдағы арам ойлы қарекеттерге жұмыс
істеді. Сондықтан ақ пен қараны
ажырата білу керек. Өздеріңіз көріп
отырғандай-ақ жерімізді картаға
түсіруден, қала берді ханзадаларымызды
ұрлап қолға түсіруден
Қазақстан
территориясындағы ғылыми экспедицияларға
қатысқан орыс ғалымдарының зерттеулері
қазақ халқының экономикасы мен
мәдениетін дамытуға қосылған үлкен
үлес болды. Орыс ғалымдары геологиялық,
климаттық карталар, сондай-ақ Каспий
мен Арал теңіздерінің карталарын жасады.
Олар капитан Е. Мейер мен 1715 жылы
ұйымдастырылған А. Бекович-Черкасский
(осы шолғыншыны Хиуа ханы өлтірген)
экспедициясының материалдары бойынша,
сондай-ақ А. Кожин мен В. Урусов түсірген
суреттердің негізінде
XVIII
ғасырдағы Қазақстанның
Сол ғасырда-ақ Россия ғылым академиясының инициативасы бойынша аз зерттелген аймақтарға экспедициялар жіберілді, бұл экспедицияларды П. Паллас, И. Фальк, И. Георги, Н. П. Рычков (П. И. Рычковтың баласы) және басқалар басқарды. Олардың шығармаларында Қазақ даласындағы XVIII ғасырдағы жағдай жөнінде қызғылықты деректер көп, олардың кейбір байқаулары осы күнге дейін өзінің ғылыми мәнділігін жойған жок.
Кіші
және ішінара Орта жүз қазақтарының
Россияға қосылуының бастапқы кезі туралы
юридикалық актілерді жазуда маңызды
роль атқарған әбжылан (башқұрттың арамзасы)
А.И. Тевкелев құрастырған ауқымды
да құнды материалды пайдаланбайынша
XVIII ғасырдағы Қазақстан тарихымен
шұғылдануға бюлмайды. XVIII ғасырда
өмір сүріп, жұмыс істеген Қазақ
өлкесін зерттеу шілер ішінен
Д. Гладышевті, И. Муравинді, К. Миллерді,
М. Араповты, И.К. Кириллов ты, В.Н. Татищевті,
Я. Гуляевті, И. Ураковты және т. б. атауға
болады. Өлкенің тарихын, этнографиясын,
егіншілік жайын, мал шаруашылығын,
табиғат байлықтарын зерттеу
жөнінде маңызды материалдар
қалдырған, капитан И.Г. Андреев, Г.Н.
Ввлошанин, А. Незнаев, майорлар Зеленов
пен Богданов, Иван Мотов, инженерлер
М.Д. Чулков, Литвинов, Бейдам, Телятников,
Стрижков, Снегирев, унтер-офицерлер
Ф. С. Ефремов, С. Матвеев, Я. Гавердовский,
Т. Бурнашев және басқа да бірталай
кісілер басқарған XVIII ғасырдың соңғы
үштен бірінде және XIX ғасырдың бас
кезінде Қазақстанға жіберілген
орыс экспедициялары (байқап та аңғарып
та отырсыздар: экспедиция!!!) назар
аударарлықтай. Олардың еңбектері
орыстың шығыстану ғылымын
Жоғарыда аты аталған Радлов, Даль және Левшин үшеуінің ішінен Даль сынды ғалым туралы бұл жұмыста толығымен жазбауға да болады. Оның бітірген негізгі жұмысы төрт томдық орыстың түсіндірме сөздігі екенін бәріміз білеміз. Тек сол Орал өңіріне келіп «Қозы Көрпеш Баян сұлу» жырын хатқа түсірген орыстың ұлы ақыны А. Пушкинмен танысқан. Және осы өңірдің табиғатын, оның халқының мәдениеті мен тұрмысын зерттеуге, географиялық суретке түсіруге азын-аулақ ат салысқан. Сонда да болса В.И. Порудоминский және Н.Г. Евстратов бірлесе отырып «Даль и Западный Казахстан», (Уральск, 1957) деген кітапша жазып та тастаған. Саны бар сапасы жоқ бірдеңе. Әйтеуір орысқа еңбегі сіңгеннен кейін Қазақстанға да телу керек болғаннан туындаған тіршілік.
Енді оның өмірбаянына аз да болса көз салып өтейік. Сонда сөзіміз де дәлелді бола түсетіндігі айдан анық.
Даль Владимир Иванович (бүркеншік есімі Казак Луганский) (22.11.1801, Ресей, Луганск қ., қазіргі Ворошиловград — 4.10.1872, Мәскеу) — орыс жазушысы, лексикограф, этнограф. Санкт-Петербург ҒА-ның жаратылыстану ғылымдары бойынша корреспондент мүшесі (1838), Орынбор өлкесінен жинаған өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің коллекциясы үшін Санкт-Петербург ҒА-ның құрметті мүшесі (1863) болып сайланған. Теңіз корпусын (1819) Дерпт (қазіргі Тарту) университетін (1929, дәрігер мамандығы бойынша) бітірген. Қазақстандағы, Орал қаласында, Орынборда дәрігер, кейіннен жергілікті әкімшілік кеңсесінде қызметкер (А.С. Пушкинмен осында танысады) болады. Санкт-Петербургте, Төменгі Новгородта қызмет істейді. Ауыр жараланып хал үстінде жатқан Пушкиннің жанында болған. Алғаш 1830 ж. “Цыган қызы” этнографиялық очеркін жариялайды. Дальдің бұл жанрдағы шығармалары 1830 — 40 ж. көпшілікке кеңінен танымал болады. 1832 ж. ол өзінің өңдеуімен “Орыс ертегілері. Бірінші бесеуі”, ал 1833 — 39 ж. 4 кітаптық “Аңыздар мен қауесеттер” жинақтарын бастырады. В.Г. Белинский Дальдің “Петербург аула сыпырушысы” (1844), “Денщик” сияқты очерктеріндегі халықтың тұрмыс-тіршілігін, ой-өрісін жақсы білетіндігін, оның демократиялық шыншылдығын өте жоғары бағалайды. Сондай-ақ ол “Бедовик” (1839), “Павел Алексеевич Игривый” (1847) повестерін, “Жауынгердің тыныс сәті” (1843), “Теңізшінің тыныс сәті” (1853) әңгімелерін жазған. Дальдің “Орыс тілінің ерекшеліктері туралы” (1852) еңбегінде орыс тіліндегі диалектілер тұңғыш рет топталып, оларды зерттеудің үлгісі жасалды. 1861 — 62 ж. 30 мың мақал-мәтел, бірқақпай әзілдерді қамтыған “Орыс халқының мақал-мәтелдерін” жариялады. Даль өз өмірінің 53 жылын “Қазіргі великорусь тілінің түсіндірме сөздігін” (1 — 4 т., 1863 — 66) жазуға арнап, 200 мыңдай сөзге жан-жақты түсінік береді. Бұл еңбегі үшін оған Ресей ҒА-ның Ломоносов атындағы сыйлығы және құрметті академик атағы беріледі (1863). Ол өзінің жинаған көптеген өлең, ертегі сияқты фольклорлық мол қазынасын белгілі ғалымдарға берді. Дальдің қазақ ауылдарын аралап, олардың тұрмыс-тіршілігі туралы жазған “Бикей мен Маулена” повесінің демократиялық сарынын сыншылар атап көрсетті.
Байқап отырғандай-ақ оның Қазақстанға анау айтып сіңірген еңбегі жоқ. Бір повесть жазды екен деп өзеурегеннен ештеңе шықпайды. Сондықтан Дальдің Қазақстанға қатысы тым артықтау айтылған. Өздеріңіз ойлап қараңыздаршы оның жазған повесі қазақшаға аударылыпты ма? Жоқ. Ал қандай еңбегі көп оқылады деген сұраққа жауап табу оңай. Ол Дальдің атақты төрт томдық түсіндірме сөздігі. Сондықтан Дальді амалсыздан бүге-шігесіне дейін ажырата жазып кетіп отырмын.
Ендігі кезек Левшиндікі. Бірақ оған дейінгі орыс ғалымдарының да не істегендері мен не тындырғандары жайында сөз етейін. Әйтпесе жұмыс жарым-жартылай болуы мүмкін.
Қазақстан
Ресейге қосылғаннан кейiн (1731) оны
ғылыми тұрғыда зерттеу iсi неғұрлым
кең түрде және жедел қарқынмен
қолға алынды. 1725 ж. құрылған Ресей
ҒА Қазақстан өлкесiн
Қазақтардың тарихы жөнiнде “Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы” деген (1832) үш бөлiмнен тұратын тұңғыш iргелi еңбек жазған А.И. Левшиндi (1797-1879) Ш.Ш. Уәлиханов қазақ халқының Геродоты деп атады, ал оның монографиясын ғылым үшiн қымбат қазына деп бағалады.
Орыс тарихнамасы шынайы жағдайды егжей-тегжейлі ашпайды, қазақтардың Ресейге бодан болуы тек қана М.Тевкелевтің күш салуы арқасында қабылданды делінеді. Бұл мәселені тек қана П.И.Рычков пен А.И.Левшин тыңғылықты түрде ашып көрсеткен.
А.И. Левшин өздерiнiң еңбектерiнде қазақтардың тарихын, материалдық және рухани өмiрiн егжей-тегжейлi баяндады. Өлке тарихына декабристер, сондай-ақ орыстың ұлы ақыны А.С. Пушкин де зор көңiл бөлдi.
Кең тараған ғылымисымақтық бағытта қазақ халқының мәдени даму сатысының төмендігі айтылып, Ресейдің жаугершілігін «өркениеттік миссиямен» байланыстырады. Авторлар өз жұмыстарында еуропалық өркениеттің маңыздылығын ерекше атап көрсетеді және оны шығыс өркениетінен жоғары қояды.
Либералдық бағыттың өкілдері Ресейдің жаулап алуына қатысты қазақ халқының өз көзқарасына көңіл аударады. Тұрғылықты халықтың тарихын, тұрмысын және шаруашылығын зерттеу қажеттілігі туралы мәселе көтереді.
Информация о работе 17 ғ-дың соңы — 18 ғ-дың басында Қазақстанды орыс ғалымдарының зерттей бастауы