14-15 ғасырлардағы Қазақстан құрамындағы мемлекеттер

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 10:19, реферат

Описание работы

Моғолстан — 14 ғ. орталығында құрылған мемлекет. Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған Тоғлық Темір (1348—1362) болды. Моғолстан атауы моңғол деген сөздің түркіше, парсыша атауы болып табылады. 14—15 ғғ. Моғолстан құрамына Түркістан, оңтүстік-шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір аумақтары кірді. Оған кіретін тайпалар: дұғлаттар, қаңлылар, керейттер, арғындар, барластар кірді. Орталығы — Алмалық қаласы.

Работа содержит 1 файл

XIV-XV ғ. Қазақстан жеріндегі мемлекеттер ИГПРК.docx

— 31.29 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ноғай Ордасы

Ноғай ордасы , Маңғыт ұлысы  – Алтын Орда ыдырап, Ақ Орда әлсірегеннен кейін Бат. Қазақстан жеріне іргелес  аймақта пайда болған мемлекеттік  бірлестік. Негізгі аумағы Еділ мен  Жайық аралығы болғанымен, шығыста  Жайықтың сол жағасына, солт.-шығыста  Бат. Сібір ойпатына дейін, солт.-батыста  Қазанға дейін, оңт.-батыста Арал, Каспий т-не дейін, кейде Маңғыстау  мен Хорезмге дейінгі алқапты  қамтыды. Н. о. алғашында осы бірлестіктің негізін қалаған маңғыттардың атымен “Маңғыт Ордасы” аталған. “Ноғай”  атауы бұдан кейініректе, алғаш  орыс жылнамаларында (1479), кейін шығыс  деректерінде (1500) пайда болған. Бұл  атаудың шығу тегі туралы көптеген зерттеушілер 13 ғ-дың 2-жартысында Алтын  Орда әскерінің қолбасшысы Ноғай  иелігіне қараған ұлыс халқы “ноғай”, “ноғайлы” аталғандықтан деп  санайды. Тарихи жазба деректерге қарағанда Н. оның негізін Едіге қалаған. Ол 15 жыл (1396 – 1411) Алтын Ордадағы билікті түгелдей өз қолына ұстаған тұста иелігіндегі ноғай ұлысы даралана бастады. Кастилия елшісі Р.Г. Клавихоның жазбасында Едіге ордасы 200 мыңнан астам жасақ ұстағаны айтылады. Ол Алтын Орданы өзі қойған хандар арқылы басқарып, “бектер бегі” немесе “ұлы әмір” атағына ие болған. Ибн Арабшахтың айтуынша, оның жиырма баласының әрқайсысы жеке иеліктерде билік жүргізіп, әскер ұстаған. Н. о-ның даралануы 13 ғ-дың 2-жартысында басталып, Нұр әд-Диннің (1426 – 40) тұсында аяқталды. Орт. – Жайық өз-нің төм. саласы, Сарайшық қ. болды. Алтын Орда ыдырағаннан кейін пайда болған өзге де ордалар сияқты Н. о-нда этн. құрылымнан гөрі, саяси құрылым басым еді. Бас билікті “бектер бегі”, әмір атқарды. Негізгі бұқарасы “ұлыс адамдары” (ноян, мырза, князь, т.б.), “қара халық” деп аталды. Хан тағы тек Шыңғыс хан әулетінің ғана үлесі болса да, Н. о-ның саяси үстемдігі, экон. тіршілігі маңғыт әмірлерінің, яғни Едіге ұрпағының қолында болып, билік атадан балаға көшіп отырды. 15 ғ-дың орта шенінде ноғайлар Сырдарияның орта ағысындағы қалаларды басып алып, Шығ. Дешті Қыпшақтың саяси өмірінде Едігінің ұрпақтары Уақас би, Мұса мырза, Жаңбыршы, т.б. басты рөл атқарды. Ұлыстар мен ру-тайпалар арасында билік үшін, жайылымдық жер үшін үздіксіз күрес жүрді. Халқының негізгі кәсібі көшпелі мал ш. болды. Н. о-ның құрамына енген тайпалар ( қоңырат,маңғыт, алшын, жалайыр, қаңлы, керей, қыпшақ, найман, ар-ғын, тама, т.б.) кейіннен қазақ халқының этн. құрамын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Ш.Уәлиханов Н. о. мен Қазақ хандығы халқының туыстығы туралы “бауырлас орда” деп атаған (қ. Қазақ-ноғай қарым-қатынастары). 15 ғ-дың аяғында Н. о. орыс мемлекетімен саяси және сауда-экон. байланыстар орнатып, ноғай билеушілері Мәскеу мен Қазан базарларына жыл сайын мыңдаған жылқы мен қой өткізіп тұрды. 16 ғ-дың 2-жартысында Қазан мен Астрахан хандықтарын Ресей жаулап алғаннан кейін Н. о. әлсіреп, бірнеше ұлыстарға, ордаларға бөлінді. Солт. Кавказда Кіші Ноғай ордасы, Жем, Ойыл жағалауларында Алты ұлыс ордасы құрылды. Исмаил мырзаның қарамағындағы тайпалар Үлкен Ноғай ордасын құрып, 1557 ж. Орыс мемлекетіне бағынды. Еділ қалмақтарының шабуы¬лынан кейін 1634 ж. ноғайлар Еділдің оң жағалауына көшіп, Кіші Ноғай ордасымен бірікті де, Қырым хандығына тәуелді болды. Н. о. ыдырағаннан кейін қазақ жерінде қалған ел Қазақ хандығы құрамына енді. Н. о. түркі халықтары тарихында үлкен із қалдырды. Қазақ, қарақалпақ, өзбек, татар, башқұрт, т.б. түркі халықтарының ұлт болып қалыптасуында Н. о-на кірген тайпалардың үлесі өте мол. Олардан аса үлкен мәдени мұра қалды; қ. Ноғайлы дәуірінің әдебиеті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әбілхайыр Ордасы

          Әбілхайыр Ордасы — 15 ғ. алғашқы  ширегінде Қазақстанның солтүстік-батыс  және орталық аймағында пайда  болған. Қазақстанның орталық, батыс  және солтүстік-батыс бетінде  бірнеше тәуелсіз феодалдық иеліктер  құрылып, олардың арасында билік  үшін күрес толассыз жүрді.  Ноғай Ордасы мен Әбілхайыр  хандығының пайда болуына әкелді. Осындай жағдайда Жошы әулетіндегі  Шайбанның ұрпағы Дәулет Шайхтың  баласы Әбілхайыр саяси өмір  сахнасына шықты. Орталық және  Солтүстік Қазақстан тайпаларын  билеп отырған топтардың қолдауымен  ол 1428 ж. Тура өңірінде (Батыс Сібір)  хан болып жарияланды. Оның хандығының  құрамына Қият, Маңғыт, Шынбай, Найман, Қарлұқ, Үйсін т.б. тайпалар кірді.

          Шығыс Дешті-Қыпшақтың феодалдық  бытыраңқы жерлерін біріктірген  «көшпелі өзбектер мемлекетінің»  яғни Әбілхайыр хандығының Қазақстан  тарихында елеулі орны бар.  Оның иелігі Ноғай Ордасының  шығыс бетін, батыста Жайық,  шығыста Балқаш жерлеріне дейінгі,  оңтүстікте Арал теңізі мен  Сырдың төменгі ағысына, солтүстікте  Тобыл мен Ертіс орта ағыстарына  дейінгі жерлерді қамтыды. Әбілхайыр  басқарған 40 жылдай уақыт ішінде  елдің саяси жағдайында тұрақтылық  пен тыныштық болмады. Оның  қолынан билікті алу үшін күрескен  әр түрлі топтармен күрес жүргізуге  тура келді. Жошы әулетінің  оның ішінде Орда Ежен хан,  Орыс ханның ұрпақтары Жәнібек,  Керей Әбілхайырға үнемі қарсы  шығып отырды. 1446 ж. оған қарсы  болып жүрген күшті шонжарлардың  бірі Мұстафа ханның әскерлерін  талқандады. Сол жылы Әбілхайыр  хан Сырдария мен Қаратау бауырындағы  Созақ, Сығанақ, Аққорған, Үзкент  қалаларын басып алып, Сығанақты  өз хандығының астанасына айналдырды.

          1450 жж.  Әбілхайыр Мәуранахрдағы  Темір ұрпақтарының ішкі тартысына  араласып, Самарқан пен Бұқарға  жорық жасайды.

          1456—57 жж. ойраттармен болған шайқастарда  жеңіліске ұшыраған Әбілхайыр  елдің бірлігін қамтамасыз ете  алмады. Оған наразы Керей мен  Жәнібек сұлтандар бастаған халықтың  бір бөлігі Моғолстан жеріне  қоныс аударып, Шу мен Қозыбасы (Талас) өзендерінің бойына орнықты.

          1468 ж. Әбілхайыр көп жорықтарының  бірінде қайтыс болып, «Көшпелі  өзбектер мемлекеті» ыдырап кетті.

 

 

Қолданған әдебиеттер тізімі:

1.Қазақстан тарихы. Очерктер- Алматы, 1994

2.Күзембайұлы.  Қазақстан тарихы. - Алматы, 1999

3. Ырыспайұлы. Қазақстан  Республикасының тарихы.- Алматы, 2000

4.Қазақстан тарихы. Д.Бабаев.  Алматы «Рауан» 1996.

5.Орта ғасырлардағы Қазақстан  тарихы. Қ.М.Байпақов, Б.Е.Көмеков,        К.А.Пищулина. Алматы «Мектеп», 2001

6.К.Аманжолов. Қазақстан  тарихы- Алматы, 2004

 


Информация о работе 14-15 ғасырлардағы Қазақстан құрамындағы мемлекеттер