Тұрар Рысқұлов

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 19:21, реферат

Описание работы

қсанда патша үкіметінің зорлық-зомбылығына қарсы шыққаны үшін он жыл каторгалық жұмысқа кесіліп, Сахалинге жер аударылады. Он жасар Тұрар да Верныйдағы түрмеде әкесінің қасында болады.
Жастайынан Тұрар жалшылықта жүріп, байлардың малын бақты. 1907 жылы Қырғызбаев деген жалған тек алып Меркідегі бұратаналарға арналған орысша-қазақша бастауыш мектепке түседі. 1910-1914 жылдары Бішкектегі ауылшаруашылық мектебінде оқиды. 1916 жылы Ташкенттегі мұғалімдер институтына қабылданады. Бірақ оны аяқтай алмайды. Қазақстан мен Орта Азияда ұлт-азаттық көтерілісі бұрқ ете қалып, Т.Рысқұлов соған белсене атсалысады. Әулиеатадағы көтерілістің ұйымдастырушысы ретінде тұтқынға түседі. Одан құтылып шыққаннан кейін де өзінің идеялық мақсатынан айнымайды.

Работа содержит 1 файл

Тұрар Рысқұлов.docx

— 90.82 Кб (Скачать)

     ЖОСПАР 

І КІРІСПЕ

ІІ НЕГІЗГІ  БӨЛІМ

   Тұрар  Рысқұлов өмірбаяны

   Ол жөніндегі  еңбектер мен көзқарастар

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ

Қолданылған әдебиеттер 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ 

     Тұрар Рысқұлов (1894-1938) Верный уезіне қарасты Шығыс Талғар болысының (қазіргі Алматы облысы) түлегі. Әкесі Рысқұл Жылқайдаров 1904 жылы желтоқсанда патша үкіметінің зорлық-зомбылығына қарсы шыққаны үшін он жыл каторгалық жұмысқа кесіліп, Сахалинге жер аударылады. Он жасар Тұрар да Верныйдағы түрмеде әкесінің қасында болады.

     Жастайынан  Тұрар жалшылықта жүріп, байлардың малын бақты. 1907 жылы Қырғызбаев деген жалған тек алып Меркідегі бұратаналарға арналған орысша-қазақша бастауыш мектепке түседі. 1910-1914 жылдары Бішкектегі ауылшаруашылық мектебінде оқиды. 1916 жылы Ташкенттегі мұғалімдер институтына қабылданады. Бірақ оны аяқтай алмайды. Қазақстан мен Орта Азияда ұлт-азаттық көтерілісі бұрқ ете қалып, Т.Рысқұлов соған белсене атсалысады. Әулиеатадағы көтерілістің ұйымдастырушысы ретінде тұтқынға түседі. Одан құтылып шыққаннан кейін де өзінің идеялық мақсатынан айнымайды.

     1917-1918 жылдары Әулиеата уездік Совдепі аткомының төрағасы болады. Одан әрі Түркістан денсаулық сақтау халкомы, Түркістан ОАК төрағасының орынбасары, төрағасы, РСФСР Ұлт істері комиссариатының қызметкері, алқа мүшесі, халкомның екінші орынбасары болып істейді.

     1924-1926 жылдары Коминтерн АК Орта-Шығыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары, сонымен қатар 1924 жылдың ортасынан 1925 жылдың шілдесіне дейін Коминтерннің Моңғолиядағы уәкілі, 1926 жылы БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті баспасөз бөлімінің меңгерушісі және өлкелік “Еңбекші қазақ” газетінің жауапты редакторы қызметтерін атқарды. 1926 жылдың маусымынан 1937 жылдың шілдесіне дейін РСФР халкомсовы төрағасының орынбасары болып, репрессияға ұшырады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 

      Қазақ халқының көрнекті перзенті, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов өзі өмір сүрген кезеңде туған елінің болашағы үшін көп нәрсе жасады. Рысқұловтың артына қалдырған өшпес мұрасы – саясат, экономика және рухани құндылықтар тақырыбына жазған публицистикалық, терең зерттеу еңбектері мен мақалалары бүгінде өз ұрпағына қызмет етуде. 

     Тұрар Рысқұлов РСФСР Совнаркомында жүрiп  алты Алашты басқарды. Ол тулары көп жазылды. Ғылыми зерттеулерден бөлек көркем шығармалар да бар. Сексен, тоқсан, жүз, жүз он жылдықтары да аталынып өттi. Ауыз толтырып айтарлықтай баяндамалар да жасалынды. Дегенмен оның мемлекет қайраткерлiгi iстерiнде әлi де түйiндей түсетiн, анықтап ашығын айтатын жайлар жетерлiк. 

     1992 жылы жазда Татарстанның астанасы  Қазанда Мiрсайт Хайдарғалиұлы  Сұлтанғалиевтың 100 жылдығына байланысты  Халықаралық ғылыми-практикалық  конференция өттi. Бұл жиынға алыс-жақын шет елдерден көптеген ғалымдар қатысты. Сонда атақты Беликсонға сөз берiлген. Ол: “Шығыс халықтарында, яғни “үшiншi дүниеде”, қала бердi түркi жұртында дүние жүзiне есiмдерi танылған екi мемлекет қайраткерi бар. Олар Мiрсайт Сұлтанғалиев пен Тұрар Рысқұлов”, – дедi. Беликсонның сол баяндамасы қазiр Қазандағы Тарих зерттеу институтында сақтаулы. Татардың айтулы тарихшысы Рауф Шарафуддинов: “Сiздер Тұрар Рысқұловтың 100 жылдығына шақырсаңыздар, өз қаражатымызбен барып, осы конференцияның жинақталған құнды материалдарын Қазақстан Ғылым академиясына тарту етер едiк. Екеуiнiң қарым-қатынасы, достығы ерекше едi ғой”, –деген. Өкiнiшке қарай Рысқұловтың сол мерейтойына татар бауырлар келмей қалды. Мұндағы билiк басындағылар: “Оларды шақырып қайтесiңдер” деп немқұрайдылық танытты. Сондағы Беликсонның оларға берген жоғары бағасы исi түркiнiң ғана емес, әлемдiк деңгейдегi қайраткерлiк тұлғаларын көрсетедi. 

     Рысқұлов  пен Сұлтанғалиевтiң қоғамдық пiкiрлерi, ұлттық мүдделерi бiр. Сондықтан да бiр-бiрiне ұқсастықтары бар. Сұлтанғалиев кезiнде Наркомнацтың жанынан Мұсылман комиссариятын құрып, оның ролiн көтеруге тырысты. Ал Рысқұлов 1919 жылы 31 наурызда Түркiстан Компартиясы Орталық Комитетi жанынан Мұсылман бюросын құрып, аз уақыттың iшiнде-ақ оның беделiн көтерiп, ел билiгiне елеулi ықпал еттi. Тiптен республикадағы негiзгi мәселелер сол Мұсбюроның қарауына қойылып, шешiмiн тауып жатты. Рысқұлов Мұсбюрода экономика, мәдениет, қаржы, әскер, тiл, шекара, сот жүйесiнен бастап, басқа да өзектi мәселелердi қарап, шешудi қамти бастады. Басшылыққа жергiлiктi ұлт өкiлдерiн тартты. Түркiстан Компартиясы Орталық Комитетiн, Түркiстан Атқару комитетiн Мұсбюромен санасатын жағдайға келтiрдi. Рысқұлов бар мәселенi мұсылмандар мүддесi тұрғысынан қарады. Сол кезде-ақ оған “ұлтшыл”, “панисламшыл” деген айыптаулар таңылып жатты. Бұл айыптаулар негiзiн белгiлi ғалым Мәмбет Қойгелдиев 2004 жылы “Жалын” баспасынан жарық көрген “Ұлттық саяси элита” кiтабында: “Империя жағдайында тек қазақ және татар елдерi арасында ғана емес, жалпыресейлiк мұсылман, түркi халқтары көлемiнде көрiнген бұл табиғи өзiн-өзi сақтау ниетiнен туындаған ынтымақтастыққа ұлыдержавалық ұстанымның идеологтары панисламизм, пантюркизм айдарын тағып, реакциялық мағына беруге тырысты.  
...Басқаша айтқанда, “панисламизм” мен “пантюркизм” идеясы саналы түрде ұлт-азаттық қозғалысқа қарсы қойылған құйтырқы күрес әдiсi болатын 194-бет». 

     Ал қазақ ұлтшылдары кiмдер? Олар қалай пайда болды? М.Дулатов “Қазақ зиялыларына” атты еңбегiнде: “Шынын айтқанда, күнi кеше бәрiмiз де ұлтшыл емес пе едiк? Қазақ оқығандарының ең әуелгi тобы ұлтшылдар емес пе едi?

     ... Бiрақ бiздiң қазақтың ұлтшылдары өзге жуан елдердiң ұлтшылдарындай емес екенi бәрiмiзге белгiлi. Бiздi ұлтшыл қылған нәрсе–бiздiң кемдiкте, қорлықта жүргенiмiз, көрiнгеннен соққы жегенiмiз едi” – деп жазды. Рысқұловтың ұлтшылдығы өзгелерге зорлық көрсету емес, езiлген түркi халықтарына шын жанашырлығында, өз жерлерiнде өздерiн-өздерi билеп, басқаларға есесiн жiбертпеуге мұрындық болуында. Егер Рысқұловтың тегеурiндi басшылығы болмаса, Мұсбюро сондай халықтық билiк дәрежесiне жетер ме едi. 

     Осыдан  бiраз жыл бұрын Алматыға американдық  профессор Карл Доналт келдi. Ғылым академиясының Тарих институтында болып, Тұрар Рысқұлов жөнiнде өз ойларын ортаға салды. Институт директоры Манаш Қазыбаевтың орынбасары Юрий Романов оған Т.Рысқұловтың жаңа шыққан үш томдығын сыйға ұсынғанда: “Рысқұловтың ағылшын тiлiне аударылған бiраз еңбектерi бiздiң белдi университеттерiмiзде бар. Мына үш кiтапқа жинақталған еңбектерiнiң өте құнды екенiнде еш күмәнiм жоқ. Ендi бұларды да аудартып, ғылыми айналысқа түсiремiз”, – деген едi. 

     Иә, Тұрар Рысқұлов туралы аз жазылған жоқ. Алайда оның бар болмысы, қоғамдық-мемлекеттiк қайраткерлiгi тұтас ашылды ма? Бiр жақты айту қиын. Ол қыры мен сыры көп, мұрасы мол, күрделi тұлға. Рысқұловтың тағдыр-талайына үңiлген сайын, әлi де иiнi қанбаған, ғылыми бағасы берiлмеген iстерiнiң көмескi тұстары аз кездеспейдi. 

     Тұрар Рысқұлов Мұсылман бюросы жанынан шетел  коммунистерiнiң секциясын құрды. Оның құрамында чех Людвиг Свобода, түрiк Мұстафа Супки, ағылшын Купер де болды. Олар Мұсбюроның саяси бағытына, атқарған iстерiне, Рысқұловтың басшылығына сын көзбен қараған. Өйткенi Түркiстан Компартиясы Орталық Комитетi мен Түрккомиссия мүшелерi мұсылмандардың Кеңес өкiметiн құруларына күмәнмен қарап, оны еуропалықтарсыз жүзеге асыра алмайды деп келген. Ал iс жүзiнде бәрi де басқаша болып шықты. Мұсбюроның ел басқарудағы ықпалы уақыт өткен сайын күшейе түстi. Жас та болса бас бола бiлген Тұрар Рысқұловты, шетелдiк саясаткерлер сол кезден-ақ тани бастағаны кәмiл. 

     1920 жылы 21 қаңтарда Тұрар Рысқұлов  Түркiстан Атқару комитетiнiң төрағасы  қызметiне көтерiлдi. Ол мұнда да iске батыл кiрiстi. Мәжiлiстерде бiрқатар комиссариаттарды қатты сынға алды. Сырттан келген тоғышар басшыларды босатып, орындарына жергiлiктi ұлт өкiлдерiн тағайындады. Түркiстан Коммунистiк партиясын “Түркi халықтарының Коммунистiк партиясы” деп қайта атауды ұсынып, оны өткiзе де бiлдi. Рысқұловтың көздеген мақсаты, түпкi идеясы – Түркi дүниесiн бiрiктiру. Әуелi автономия құрып, одан кейiн конфедерация жасау. Қысқасы бiртұтас түркi мемлекетiн құру. Ол сонда ғана Түркiстан ұлы державаға айналатынын бiлдi. Бұған Рысқұловтың 1920 жылы Тәшкенде өткен Мұсбюроның lll төтенше конфедерациясында талқылауға ұсынған “Түркiстанның автономиялығы туралы тезистерi” дәлел. Тезистiң 6-бабы былай тұжырымдалған. “Еңбекшiлер мен қаналған халықтарды интернационалды жолмен бiрiктiру мақсаты үшiн, түркi халықтарының: татар, қырғыз (қырғыз және қазақ), башқұрт және т.б. болып бөлiнiп, жеке ұсақ республикалар құруға ұмтылу идеясын коммунистiк үгiт жолымен жою және бiртұтастық мақсаты үшiн РСФСР құрамына кiретiн басқа түркi халықтарын Түркi Кеңес Республикасының төңiрегiне топтастыру қажет. Ал бұған жету мүмкiн болмаған жағдайда жеке түркi халықтарын белгiлерiне қарай өзара бiрiктiруге ұмтылу керек”. М. Қойгелдиев “Ұлттық саяси элита” 212бет. Орталық аппарат Түрккомиссия арқылы оның бұл ойын сезiп, қалайда жүзеге асыртпаудың амалына көштi. 

     Ахмет Байтұрсынов: “Бiз Орынбордан айырылмауымыз  керек”, – деп неге айтты? Бұл сөздiң астарында не жатыр? Орынбордың арғы жағы башқұрттар, оған iргелесiп татарлар орын тепкен. Бергi жағы өзбек, қырғыз, түркiмен. Бiр-бiрiмен ұласып, жалғасып жатқан түркi дүниесi. Өкiнiшке қарай 1925 жылы сол Орынбордан айырылып қалдық. Содан түркi елдерiнiң шекаралық тұтастығы бұзылды. 

     Сол 1920 жылдың 25 мамырында Рысқұлов Лениннiң қабылдауында болды. Ол Ленинге бiрнеше тың ұсыныстармен шықты. Солардың бiрi Түркiстан республикасындағы билiктi Түркi комиссиясына емес, Түркiстан Атқару комитетi мен Түркiстан Халық Комиссарлар Кеңесiне берудi ұсынды. Түрккомиссия мүшелерi комитеттiң, яғни коммунистiк партия өкiлдерi едi. Ленин оның бұл ұсыныстарымен мұқият танысып, арнайы қарауды кейiнге шегердi. Көптеген басылымдарда күнi кешеге дейiн Ленин Рысқұловтың сол ұсыныстарын қабылдамай тастады деп жазылып жүрдi. Бұл дұрыс емес. Қайта Ленин оның сол ұсыныстарының кейбiр тармақтарына аздаған өзгерiстер ендiрiп, өзiнше пайдаланды. 1922 жылы РКП (б) Оталық Комитетiнiң Бас секретарын И.Сталинге берiп, өзi СССР Халық Комиссаралар Советiнiң төрағасы болды. Демек Рысқұловтың ұсынысы iске асты. Бұдан оның өкiмет құрылымын өзгертудегi жаңашылдығын, яғни реформаторлығын, озық ойлылығын көремiз. Кеңестер Одағы кезiнде мұны осылай ашып айту мүмкiн емес едi. 

     Ұсыныстары  кейiнге шегерiлген соң Рысқұлов Түркiстан республикасы Атқару комитетi төрағасы қызметiнен өз еркiмен кету жөнiнде Орталық аппаратқа арыз берген. Осы орайда да рысқұловтанушылардың бiразы жаңсақ пiкiр айтып жүр. Олар Ленин Рысқұловты қызметiнен босатты дейдi. Жоқ. Бұл шындыққа жанаспайды. Ол өз еркiмен босанды. Оған 1920 жылы жазда Тәшкенттен шығатын “Туркистанская правда” газетiне берген сұхбаты дәлел. Ол туралы сол кезде “Известия” газетiнде де жазылды.  
1920 жылы 1-8 қыркүйек күндерi Әзiрбайжан астанасы Бакуде Шығыс халықтарының бiрiншi съезi өттi. Съезд Коминтерннiң Атқару комитетi мен Мәскеуде маусым айында болған Коминтерннiң бүкiләлемдiк 11-шi конгресiне қатысушы делегаттардың ұсынысымен ұйымдастырылды. Оны РКП (б) Орталық Комитетi қолдады. Съезге көптеген шетел коммунистерi де шақырылды. Бұл тарихи жиынның ойдағыдай өтуiне Мәскеуде Сыртқы iстер комиссариатының Күншығыс бөлiмiн басқаратын, әзiрбайжан халқының ардақты ұлы Нариман Наджапұлы Нариманов көп еңбек сiңiрдi.  
Сол съезге Тұрар Рысқұловтың қатысатынын Түркiстан Компартиясының секретарлары Абдолла Рахымбаев пен Нәзiр Төреқұлов қаламаған. Олар РКП (б) Орталық Комитетiне хат жазып, Рысқұловтың ұлттық мәселелердi қоздырушы екенiн айта келiп, оны Тәшкенттен басқа жаққа қоныс аудартуды ұсынады. Алайда Зиновьев, Орджонокидзе, Киров, Нариманов, Махарадзе, Гусейнзаданың қолдауымен Рысқұлов Түркiстан, Бұхара, Хорезм республикаларының делегаттарын бастап барады. 

     Съезге 37 ұлттың 1275 делегаты келген. Қатысушылардың жалпы саны 1891, солардың iшiнен коммунистер 1273, әйелдер 55 болды.  
Нариманов съездi ашып, Тұрар Рысқұлов бастаған 17 коммунистiң, Нарботабеков жетекшiлiк еткен 14 партияда жоқтардың фракциялары құрылғанын хабарлады. Съезд секретарларына коммунистер фракциясынан Островский, партияда жоқтардан Абдул-Хамид Юмусов, Меликов, Махмудхан, Ахмедхан сайланды. Съезд төрағасына барлық фракциялар атынан Зиновьевтiң кандидатурасы ұсынылып, бiр ауыздан қабылданды. Ал съездiң құрметтi төрағалығына Ленин, Зиновьев және Троцкий сайланды.  
Съезд президиумының құрметтi мүшелерiне шетелдiк қонақтар Квелча (Англия), Россмер (Франция), Шаблин (Болгария), Янца (Голландия), Джон Рид (Америка), Бела-Куна (Венгрия), Ходо-Но-Шихро (Жапония), Штейнгардт (Австрия) сайланды. Сталин съезге қатыспаса да сол құрамға ендiрiлдi. Оркестер “Интернационалды” орындады. Рысқұлов үш республикадан барған делегаттар қатарына Әулие Атадан Бибiнұр атты әйелдi қосқан. 

     Рысқұлов  мiнберге көтерiлгенде дабырласқан зал iшi сiлтiдей тына қалды. Ол: “Осы съезде талқыланып жатқан отарлық және ұлттық мәселелердiң бiз үшiн орасан зор мәнi бар. Бұл мәселелердiң капиталистiк құрылыс үшiн де мәнi аса маңызды”,–деп бастап, әрi қарай сындарлы ойларын сабақтаған. Оның сол сөздерiн толық жариялауға да болар едi. Бiрақ газет көлемi көтермегендiктен үзiндiлер келтiрудi жөн көрдiк.  
“... Соңғы елу жылда капиталистiк құрылыстың өмiр сүруi, ең бастысы осы отарлық саясат арқылы болды. Егер бiз өткен елу жылдағы iрi капиталистiк елдердiң даму әрекеттерiн сараптайтын болсақ, онда бiз капиталистiк құрылыстың соңғы даму сатысындағы осы бiр жаңа даму үлгiсiн көргендей боламыз. 

     ... Бiз бұл саясаттың және бұл  бәсекенiң нәтижесiнен отарлау  мен жекелеген сауда орындарын  қамтып, қарпып жатқанын және  бұл отарланған елдер халқын  күшпен құлға айналдырып, адамзатқа  қатыгездiк тәжiрибе жүргiзiп отырғанын  байқаймыз. 

     ... Бiр кездерде, ll Интернационал дәуiрiнде  отарлау саясаты жөнiнде көп айтылды. Бiрақ бұл тек сөз жүзiнде, қағаз жүзiнде ғана болды. Ал нақты жағдайда iрi мемлекеттердiң қарпып, қамтып қалуға ұмтылыстарын мақұлдады. Қазiр Шығыс мәселесi мүлдем басқаша қойылуда.  
... Ендi ll Интернационал көсемдерiнiң Шығыс халықтары Еуропа мәдениетiн жойып жiбередi деген қорқынышы жоқ. ll Интернационал көсемдерi содан қорыққан. Олар буржуазиялық билiктi ұстап тұрғандардың қадiр-қасиетiне тiл тигiзiп аламыз ба деп қорықты. Алайда lll Интернационалда, коммунистiк партияда мұндай қорқыныш мүлдем жоқ. 

Информация о работе Тұрар Рысқұлов