Спандияр Көбеев

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 07:37, доклад

Описание работы

ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің тарихында Спандияр Көбеевтің көрнекті орны бар. Қазақ жерінде ашылған алғашқы орыс мектептерінен тәрбие алған ол өзінің барлық саналы өмірін туған халқының мәдениет пен білім жолында ілгері ұмтылуына жәрдемдесуге арнады. Жаңа үлгідегі қазақ мектептерінде сабақ беріп жас ұрпақты орыстың тілі мен әдебиетін, мәдениетін үйренуге баулыды. Бұл саладағы қызметін Спандияр ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің педагогтік үлгісімен жүргізді. Би-болыстардың қырына ілінген қыңыр әкенің кесірінен мектепке іліге алмай қалған кедей баласын алғаш орналастырған да Торғайдың оқу инспекторы еді. Ұлы ұстазы алдында жаутаңдап, оның мейірімділігі мен кең пейіліне риза болған Спандияр ішінен соған ұқсауды армандаған-ды. Ыбырай секілді халыққа пайдалы азамат болу, өз білімін елін ағартуға жұмсау Спандиярдың өмір бойғы арман-тілегі еді.

Работа содержит 1 файл

Спандияр Көбеев.docx

— 47.38 Кб (Скачать)

                                           

                                                  Спандияр Көбеев

ХХ  ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің тарихында Спандияр Көбеевтің көрнекті орны бар. Қазақ жерінде ашылған алғашқы орыс мектептерінен тәрбие алған ол өзінің барлық саналы өмірін туған халқының мәдениет пен білім жолында ілгері ұмтылуына жәрдемдесуге арнады. Жаңа үлгідегі қазақ мектептерінде сабақ беріп жас ұрпақты орыстың тілі мен әдебиетін, мәдениетін үйренуге баулыды. Бұл саладағы қызметін Спандияр ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің педагогтік үлгісімен жүргізді. Би-болыстардың қырына ілінген қыңыр әкенің кесірінен мектепке іліге алмай қалған кедей баласын алғаш орналастырған да Торғайдың оқу инспекторы еді. Ұлы ұстазы алдында жаутаңдап, оның мейірімділігі мен кең пейіліне риза болған Спандияр ішінен соған ұқсауды армандаған-ды. Ыбырай секілді халыққа пайдалы азамат болу, өз білімін елін ағартуға жұмсау Спандиярдың өмір бойғы арман-тілегі еді.

  Спандияр Көбеев 1878 жылғы қазан айының 1 күні Қостанай облысы, Боровский ауданының Ақсуат ауылында кедей шаруа семьясында дүниеге келген.

   Ыбырай Алтынсарин ұйымдастырған ауылдық мектепте сауат ашып, Қостанай қаласында мұғалімдер даярлайтын курсты 1901 жылы бітірген. Осы жылдан бастап өмірінің соңына дейінгі 55 жылын ұстаздық қызметке жұмсады. Ол өзінің ұзақ та жемісті ұстаздық еңбек жолын «Орындалған арман» (1951) атты мемуарлық кітабында баяндады. Жазушы шығармасында бастан кешкен дәуірдің нақты тарихи деректерін негізге ала отырып, әлеуметтік-қоғамдық құбылыстарды шынайы суреттеді, көптеген адам образдарын бейнеледі.

   Көбеев ұстаздық жұмысы мен жазушылық қызметін тығыз байланыстыра жүргізді. Өзі оқытқан шәкірттерінің кластан тыс оқуына арнап орыс жазушылары мен ағартушыларының бірқатар шығармаларын қазақ тіліне аударып, «Үлгілі тәржіме» деген атпен жеке кітап етіп бастырды.

   1912 жылы Спандиярдың «Үлгілі бала» атты кітабы шықты. Бұл – бастауыш мектептегі қазақ балаларына арналған оқу кітабы еді. Ұлы ұстазы Ыбырай үлгісін пайдалана отырып ол бұл кітапқа өзі аударған Крылов мысалдарын, орыс классиктерінің балаларға арналған шығармаларын, қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін, табиғаттың түрлі құбылыстарымен таныстыратын, өсімдік, жануарлар әлемі туралы білім беретін әр алуан қызықты қысқа әңгімелер кіргізді.

   Спандияр Көбеевтің қазақ әдебиеті тарихындағы үлкен орны – оның революциядан бұрынғы әдебиетте прозаның тууына, ондағы роман жанрының қалыптасуына сіңірген еңбегімен байланысты. 1913 жылы Қазанда басылған жазушының «Қалың мал» романы қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш көлемді прозалық туынды болып саналады. «Қалың мал» (дәстүр кәде). «Мен ат-тон айыбымен қалың мал қайтартпақшы болдым ғой» (С.Көбеев). Құда түсу рәсімі кесілген соң дала заңы бойынша  күйеу жағы «қалың мал» төлеуге тиіс. Бұл қазақ , қазақ болғалы бұлжымаған ежелгі дәстүр. Оның мөлшері құдалардың дәрежесі мен дәулетіне байланысты екі жақ келісе отырып шешеді. «Бұрынғы кедейлер арасындағы қалың мал мөлшері 5-6 малмен тынса, ірі байлар арасында екі жүз, бес жүз, мың жылқыға  дейін жеткен.Би мен байлар, хан төрелер арасында қалың мал үстіне «бес жылқы» деп аталатын бес түйеге қосып бір «жетім қыз»(күң ), «аяқ жақсы» деп бкрктін үш түйеге қоса бір «еркек жетім»(құл) бергендігі кейбір деректер арқылы белгілі. Қалың малдың «қырық жеті», «отыз жетінің бүтіні», «отыз жеті», «отыз жетінің жартысы», «жақсылы отыз жеті», «жиырма жеті», «он жеті», «домалақ қалың мал», «домалақ бата»сияқты түрлері болған. (КСЭ,6-том).Мұның сыртында той мал, сүт ақы, күйеу апаратын ілу, өлі-тірі апаратын,тағы басқа көптеген бағалы кәде, жоралар да болады.Бұған кеңес үкіметі кезінде «қызды малға сату» деп қара күйе жағылып келді. Ал шындығында қыздың жасауы  «қалың мал» мөлшерінен кем болмаған.

     Әрине «қалың мал» құдалардың дәулетіне байланысты болған. Бұрынғы заманда «қалың мал» байлық пен мырзалықтың дәрежесін әйгілейтін көріністің айғағы.ХIХ ғасырдың алғашқы ширегінде Кіші жүзде Байсақал мен Орта жүзде Сапақ құда болған. Сонда Байсақалдың қызының «қалың малы» 500 жылқы болған.300 жылқы-қара малы,100 жылқы үйге кіргізер, 100 жылқы той малына кетіпті (М.Ж. .Көпеев).

  Романда Революция алдындағы қазақ ауылында болған қат-қабат әлеуметтік өзгерістер шынайы суреттелген, дәуір шындығы боямасыз көрсетілген. Романда қалың мал әлегі, қазақ қызының аянышты да арманды тағдыры нанымды бейнеленумен қатар дала тіршілігіндегі әлеуметтік теңсіздіктің, жолсыздықтың сан алуан көрінісі батыл әшкереленген. Ел билеуші әкімдер мен үстем тап өкілдеріне қарсылық білдірген кедей бұқарасының әрекеті шыншылдықпен суреттелген. «Қалың мал» романы – тілінің тазалығы, көркемдігі жағынан да өзімен тұстас прозалық туындылардан өзгеше шығарма. Жазушы романында халықтың сөз байлығын, мақал-мәтелдерді орынды пайдаланған, кейіпкерлер мінезін даралап көрсеткен. Спандияр Көбеев екі рет Ленин орденімен марапатталған.

1939 жылы ол оқу-ағарту саласындағы ұзақ жылғы еңбегі үшін Ленинорденімен марапатталды.

1944 жылы "Қазақ КСР-на еңбегі сіңген мүғалім"атағы берілді. 1949 жылы екінші рет "Ленин" орденін кеудесіне тақты.Көрнекті қоғам қайраткері өзінің халық ағарту қызметіне арнаған өмірін "Орындалғанарман" өмірбаяндық кітабында өрнектеді.

    Өз дәуірінің прогресшіл талап-тілектеріне жауап беруге тырысқан, орыс мәдениетінің жаршысы бола білген және ұлттық әдебиетте тұңғыш роман жазған Спандияр Көбеевтің есімі ХХ ғасыр басындағы қазақ мәдениетінің тарихынан құрметті орын алады.

  — Қалай, қарт оқытушы, жүрексініп отырсың-ау деймін. Партия мүшесі деген атақ зор

атақ. Бірақ бұл зор міндет те жүктейді. Ол оп-оңай орындала қалатын міндет емес. Ол өте

қиын болады. Бірақ сіз совет адамысыз, совет адамына кедергі болатын ешбір

қиыншылық болмасқа тиісті ғой. Жасы келіп қалған кісіге партиялық міндеттің қиын

соғатыны рас. Бірақ қиындықты жеңе білу шарт. Ойлан, оқытушым, сіз әлі көп жұмыс

істей аласыз, сіз өз халқыңызға, коммунизм ісіне әлі де көп қадірлі еңбек сіңіре аласыз.

Сіздей адам партияға керек. Тартынбай, қайта партияға тезірек от,— деп тұрған сияқты

болады.

   Мен партия қатарына алындым. Бұл менің өмірімдегі көңілімді мақтан мен қуанышқа

толтырған тарихи шат шағым. Сөйтіп мен Ленин партиясының мүшесі болдым! 1940 жыл

еді. Бұған да оннан аса жыл болды. Осы оннан аса жылдың ішінде мен партия мүшесі

деген атақты ақтау жолында қолдан келген жұмыстар істеп келемін.

Соғыс жылдарында

Революциядан кейінгі жылдарда, аурулы болған себепті, бұрынғы ойланып жүрген

романдарды жазуға мүмкіншілік болмайтындығына көзім жеткендіктен мен басқа бір екі

еңбек жазбақшы болып ойлап жүрдім. Мұның бірі — осы «Орындалған арман» еді де,

екіншісі — педагогика мәселелері жөніндегі өз тәжрибем еді. Мен бұларды 1940—1941

жылдарда жазуға кірісе бастадым.

«Орындалған арманның» жоспарын жасап, керек мәліметтерді жинастырып бола келген

шақта, гитлершіл Германия кенеттен елімізге тап беріп, Ұлы Отан соғысы басталды.

Сондықтан бұл жұмысты тоқтата тұруға тура келді.

Әрине, соғыс жылдарында барлық жұмыс майдан мүддесіне, жауды талқандап, ұлы

жеңіске жету мүддесіне бағындырылды. Көптеген оқытушылар, олардың ішінде Ақсуат

орта  мектебінің оқытушылары — Біләл Төбеев. Жақия Бермұхамбетов тағы басқа осылар

сияқты мұғалімдер майданға аттанды. Олардың көбі елге оралғанда майданда ерлік

күрестің үлгісін көрсетіп, омыраулары орден медальдарға толып қайтты.

Соғыс жылдарының ауыр жағдайына қарамастан оқу жасындағы балаларды тегіс оқуға

тартып, жеті жылдық мектепті он жылдық мектепке айналдыруға байланысты сан алуан

жұмыстармен оқудан бос уақыттарды оқытушыларды да, оқушыларды да колхоз

шаруашылығына көмекке шақырып отыру сияқты істермен қарттықты да ұмытқан, ауруға

да  қол тимеген қаһарлы жылдар да өтті.

1943 жылдың күзінде, демек, Ұлы Отан соғысы қызу жүріп жатқан кезде, мен егіс

басында болдым. Өйткені әрі бригадада үгітші боп, әрі балаларды масақ теруге бастап

шыққан едім. Бригадада газет оқып беріп, енді масақ теріп жатқан балалардың қасына

барып тұрғанымда, Қостанайдан келе жатқан жазушы Сәбит Мұқанов жолдас кездесті.

—Секе, не ғып жүрсіз ? — деп сұрады ол.

—Бригада  басында үгітші едім, содан қайтып келе жатып, мына өзімнің

шәкірттерімнің жұмыстарын байқап тұрғаным ғой,— дедім мен.

Сәбитпен біраз әңгімелестік. Ол біздің үйге барды. Бір сөздің үстінде Сәбит маған:

—Енді мектеп жұмысын қоймайсыз ба, жасыңыз келіп қалды ғой? — деді.

Ол 1956 жылы 78 жасында қайтыс болды.


Информация о работе Спандияр Көбеев