Шоқан Уәлиханов

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 19:43, доклад

Описание работы

Шоқан Уәлиханов 18351 жылы ноябрь айында, Көкшетау облысы, Сырымбет тауына жақын Қошмұрын деген жерде туған. Шоқан - Абылайдың шөбересі. Өз әкесі - Шыңғыс, қарт әкесі - Уәлихан. Абылай тұқымдары өзара хан-сұлтандық тізгінге тартысқанда, Шыңғыс - орыс еліне арқа сүйеген адам.

Работа содержит 1 файл

Шоқан Уәлиханов 18351 жылы ноябрь айында.doc

— 107.50 Кб (Скачать)
 

Шоқан Уәлиханов  

       Шоқан Уәлиханов 18351 жылы ноябрь айында, Көкшетау облысы, Сырымбет тауына жақын Қошмұрын деген жерде туған. Шоқан - Абылайдың  шөбересі. Өз әкесі - Шыңғыс, қарт әкесі - Уәлихан. Абылай тұқымдары өзара  хан-сұлтандық тізгінге тартысқанда, Шыңғыс - орыс еліне арқа сүйеген адам.

       Шоқан балалық шағында өзінің туып-өскен  жері Көкшетау, Сырымбетте өзінің ата-анасының қолында тәрбиеленеді. Мұсылманша оқып хат танып, кітап оқи алатын халге  жетеді. Бірақ мұның білім болып  жарытпайтындығына көзі жеткен әкесі Шыңғыс Сотников деген бір оқымысты адамның кеңесі бойынша, Шоқанды 1847 жылы Омбыдағы Кадет корпусына оқуға береді.

       Шоқанмен  бірге оқыған оның жолдастары: «Шоқан Кадет корпусына кірген кезде  орыс тілін білмейтін еді, бірақ  зерек еді, әсіресе, оның ерекше көзге түсетін өнері - сурет салғыштығы еді», - деп жазады. Алайда, ол алғашқыда орысша білмесе де, өзінің зеректегі арқасында орыс тілін тез үйреніп, өзі шамалас оқушылардан анағұрлым озық шығып отырады. Өткір, алғыр, ізденгіш, талапты, зерек Шоқан сабақты жақсы үлгеріп, өз бетімен де әртүрлі кітаптарды көп оқып, өз класында озық қатарда саналады. Сол оқушы кезінің өзінде-ақ Пушкин, Гоголь, Лермонтов, т.б. орыс классиктерін және батыс әдебиетінен Диккенс, Теккерей, тағы басқаларды үзбей оқиды. Сонымен қатар, сол кездегі әдебиетпен танысып отырады, «Современник» журналын үзбей оқып, әлеумет өмірінің және әдебиет ағымының қай бағытта, қалай дамып бара жатқандығын аңғара алатын өз кезінің саналы кітап оқушысының бірі болды. 

       1Бұрынғы  басылған кітап, еңбектерде Шоқанның туған жылын 1837 жыл деген мәліметтер кездеседі. Бірақ соңғы зерттеулер бойынша, Шоқанды 1835 жылы ноябрьде туды деген қорытындыға келіп отыр. Шоқанның негізгі зерттеушілерінің бірі академик Ә.Марғұлан бұл туралы бұлжытпай мойындатарлық екі дәлел келтіреді. Біріншісі, Шетелдер министрлігінің архивінде сақталған дата да, екіншісі - Шоқан Уәлихановты орыстың географиялық қоғамының толық мүшесі етіп сайлардағы өзі толтырған анкета. Сондықтан мұнан былай осы Шоқанның туған жылы туралы датаны шексіз дәлелденген деп санауымыз керек. 

       Шоқанның  оқушылар арасындағы айнымас жақсы  досы болашақ үлкен оқымысты, этнограф Г.Н.Потанин болған. Бұл екеуі  оқуды бітіргеннен кейін де шын  дос болып қалады. Бұлардың өмірі  мен еңбектерін зерттеушілердің  қайсысы болсын бұл жайға ерекше тоқталып, атап көрсетіп отырады. Шоқан 14-15 жасында-ақ өзінің оқытушылары мен мектеп бастықтарының көңілін аударып, болашақ ғалымдығының ұшығын сол күнде-ақ көрсете бастайды. Бұл туралы Г.Н.Потанин былай деп жазды: «Шоқан білім жағынан тез өсті. Өзінің бірге оқыған жолдастарынан білімі озық болды... Кадет корпусының бастықтары 14-15 жасында-ақ Шоқанға болашақ зерттеуші, яки болашақ ғалым деп қарайтын... Ол кезде Шоқан көп оқитын. Бұл көп оқуы оның сыншылдық қабілетінің артуына себепші болды. Оның адамгершілік жөніндегі және кейіннен өзінің мамандығы болып кеткен шығыс филологиясы жөніндегі пікірлері бізді таңғалдыратын еді».

       Шоқанның  оқып жүрген кезіндегі өзінің міндетті сабақтарынан тыс терең шұғылданып, көп оқыған еңбектері сол кездегі саяхатшылардың өмірі мен ісі туралы жазылған еңбектер болады. Мұның өзі Шоқанға үлкен әсер етеді. Ол саяхатшы болуды, ең алдымен Орта Азияны кезіп шарлауды, оны зерттеуді арман етеді.

       Шоқан 1853 жылы өзімен оқитын жолдастарынан  бір жыл бұрын Омскідегі Кадет корпусын бітіріп, офицер атағын алып шығады. Кадет корпусының соңғы курсында әскери ғылымнан оқылатын мамандық сабақты оқуға Шоқанның мүмкіншілігі болмайды. Өйткені басқа ұлттың адамы болғандықтан, оның ол курста сабақ тыңдауға правосы жоқ еді. Сөйтіп, оқуды бітіріп шыққаннан кейін офицер атағын береді де, сол жылы 25 мартта Батыс Сібірдің генерал-губернаторының адъютанты етіп тағайындайды. Осы қызметті атқара жүріп, Шоқан өзінің оқу-зерттеу жұмыстарын тастамай, ұдайы ізденумен болады. Әсіресе Орта Азияның тарихына, оның географиялық, этнографиялық жақтарына көп көңіл бөледі.

       Ол 1856 жылы қырғыз елін зерттеу мақсатымен құрылған экспедицияға қатысады. Экспедицияны Хоментов басқарады. Шоқан экспедициямен  қырғыз елінің көп жерін аралайды, халықтың тұрмыс-салтымен жақсы танысып, қырғыздың атақты эпосы «Манастың» мазмұнын жазып алады, кейін осы эпосты орыстың даңқты ғалымдарына бірінші рет таныстырушы да Шоқан болады. Бұл сапарында ол қырғызбен шектес Ұлы жүз қазақтарының мекендеп отырған жерлерін, олардың шаруашылыққа жайлы-жайсыз жақтарын жақсы зерттеп, елдің әдет-ғұрпымен, тұрмысымен, ескіден қалған әңгіме-ертегі, жырларымен танысып, оларды да жинай жүреді2.

       Сол экспедициядан қайтқаннан кейін, 1856 жылдың август айында Шоқан орыс өкіметінің Құлжадағы сауда-саттық жұмыстарын басқаратын арнаулы өкілі болып тағайындалады. Қытай еліндегі арнаулы өкіл болып жүрген кезінде ол Қытай елінің тарихын, тілін, этнографиясын зерттейді.

       1Чокан  Валиханов в воспоминаниях современников.  Казгосиздат, А-Ата, 1964, стр. 41

       2Шоқан Уәлиханов. Шығармалары /ред. басқарған Н.И.Веселовский, басып шығарған Империялық географиялық қоғамы, С-П, 1904ж. - 12-бет. 

       Ол  Құлжада 3 ай тұрып, Омскіге қайтып келеді. Мұнда келгеннен кейін шығыс  тарихын терең зерттесем, ол үшін білімді молайтсам деген оймен әскери жұмысты тастап, Петербургке оқуға бармақ болады. Шоқанның бұл ойын 1856 жылы 5 декабрьде Ф.М.Достоевскийге жазған хатынан, Достоевскийдің оған қайырған жауабынан анық көруге болады.

       Шоқанның  бұл ойын атақты географ П.П.Семенов-Тянь-Шанский  де мақұлдайды. Ол Шоқанның Петербургке барып, университеттің шығыс факультетіне түсуіне кеңес береді. Шоқан өзінің ғылыми еңбегінің, зерттеулерінің және орыс ғалымдарының оған көңіл аударуларының арқасында, 1857 жылы 20 жасында орыстың императорлық географиялық қоғамының толық мүшесі болып сайланады.

       1857 жылы Шоқанды қырғыз еліне  әртүрлі материал жинауға жібереді. Ал 1858 жылы Қашқарға жөнелтілген  экспедициямен бірге көп тапсырмалар  беріп, оны Қашқарияға жібереді. Ол 1858 жылдың 27 сентябрінде Қашқарияға  барып, 1859 жылдың 11 мартына дейін сонда болады. Ол жердің жаратылысы, этнографиясы, тарихы, экономикалық және саяси тұрмыстары жөнінде көп материалдар жинап, өзіне тапсырылған міндеттерді толық орындап қайтады. Сол 5-6 айдың ішінде ұйғыр тілін үйренеді, шығыс тарихы жайында сирек кездесетін кітаптарды қолға түсіріп алады. Қысқасы, аз уақыттың ішінде көптеген ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізеді. Шоқанның бұл экспедиция кезінде жинаған материалдары патша өкіметінің сол кездегі сыртқы саясатына және соғыс мақсатына пайдалануы үшін аса құнды мәліметтер берді, сонымен қатар Орта Азияның әлі мәлімсіз, зерттеліп жетпеген түкпір-түкпірін білу, тану ісіне көмектесті, география ғылымына зор еңбек боп қосылды. 

       Шоқан Қашқар экспедициясынан қайтқан  соң, 1860 жылы март айында Петербург қаласына келеді. Мұнда келгендегі негізгі мақсаты - оқып, білімін толықтыру болады. Ол күн-түн демей оқып, үлкен оқымыстылардың лекцияларына қатысып, өзінің білімін көтереді. Сонымен қатар, ғылыми жұмыстар да жүргізеді. Әскери министрдің тапсыруы бойынша, Кіші Бұхара мен Қырғыз Ыстықкөлінің картасын жасайды және императорлық география қоғамының ғылыми жұмыстарымен танысып, оларға қырғыздардың этнографиясы, географиясы, тарихы, тұрмыстары жайлы көп мәліметтер береді. Сөйтіп, ол бұл жолы өзінің «Алты шардың жай-жапсары», «Жоңғар тарихы» және қырғыз жайындағы басқа да біраз ғылыми еңбектерін баспаға әзірлейді. Осымен бірге сол кездегі әлеуметтік-саяси мәселелерді көбірек жазатын журналдарды үзбей оқып, айналасында болып жатқан тартыстар мен әлеумет өмірінің ағымын толық түсінуші, саяси көзі ашық білімпаздардың бірі болып саналады. 

       Шоқан Петербургте көптеген ірі оқымыстылармен, жазушылармен танысып, пікір алысады. Өз кезінің озат пікірлі ірі адамдарымен  достық қарым-қатынас жасауы Шоқанға  көп нәрселерді аңғартады.

       1861 жылы ескі өкпе ауруы қайта  қозғандықтан, Шоқан елге оралады,  бірақ елге келгеннен кейін  де Петербургтегі пікірлес достарымен  хат арқылы хабарласып отырады. 1862 жылы Шоқан Атбасарға аға  сұлтан болғысы келеді. Ондағы  мақсаты - елге шектен тыс әкімшілік қысымын көрсетіп, зорлық-зомбылық істеп, парақорлыққа салынып, жүгенсіз кеткен жергілікті өкімет орындарына қарсы шығу, сөйтіп, қиянатшыл әкімдердің тепкісінде отырған бұқараға жәрдемін тигізу болады. Бірақ Шоқанның бұл ойы іске аспайды. Қазақтың бай-феодалдары, Омскідегі патша өкіметінің ұлықтары қарсы шығып, Шоқанды аға сұлтандыққа бекіткізбей тастайды.  

       Шоқан бұл жылдарда да ауылында қарап жатпайды. Өзінің дағдылы әдеті бойынша, ғылым  ісімен шұғылданып, халықтың ауыз әдебиетін  жинау, зерттеу жұмыстарын жүргізеді.  

       «Бақсылық туралы», «Қазақтың шежіресі», «Қазақтың  Ұлы жүзінің ертегі, аңызы туралы»  атты еңбектерін жазады. Шоқан өзінің осындай істері, ғылыми еңбегі, ақыл-кеңесі арқылы бұқараға әсер етіп, оларды жаңалықпен таныстырмақ болады. Бірақ сол кездегі қазақ даласын қоршаған қараңғылық қай жағынан болсын Шоқанға бөгет жасайды. Әйтсе де, Шоқан өзінің алған бағытынан қайтпай, Омск, Петербургтегі достары Достоевский, Майков тағы басқалармен хат арқылы байланыс жасап, қазақтың әдет-ғұрпы, ауыз әдебиеті туралы жазылған еңбектерін бастырмақшы болып, баспаға дайындайды.   

       1863 жылы Омскінің генерал-губернаторы  Дюгамельдің шақыруы бойынша,  Шоқан Омскіге келіп, 1864 жылға  дейін сонда болады. Сол кезде  Омскіде қазақ елін басқару,  билеу жүйесіне өзгерістер кіргізу жөнінде құрылған комиссия болатын. Шоқан комиссия жұмысына көмектесу үшін шақырылады. Бұл комиссияның жасаған жобаларын сынап, Дюмагельге Шоқан өз жобасын ұсынады және оның бұл ұсынысы қабыл алынады. Бұл жылдары Шоқанның өте шұғылданған мәселесінің бірі - көшпелі қазақтардың мал жайылымдарын қайткенде дұрыс пайдалану деген мәселе болады. Ол жөнінде Шоқан «Қазақтың көшіп-қонуы туралы» деген мақала жазады. Қысқасы, бұл кезде де Шоқан ғылыми жұмыстан қол үзбейді. 

       1864 жылы 24 мартта Ташкент қаласын алуға аттанған Черняевтың шақыруы бойынша, Шоқан Әлиеатаға (қазіргі Жамбыл қаласына) барады. Бірақ Ташкентке шабуыл жасау кезінде Черняевпен келісе алмай, сол жылдың жазында Верный (қазіргі Алматы) қаласына келеді. Одан кейін Жетісу қазақтарының бір бөлігін басқарушы Тезек төренің ауылына барып, осы кезде Тезектің қарындасына үйленеді. Мұнда да Шоқан өзінің дағдылы ғылыми жұмысын тастамайды. Жетісу қазақтарының өмірін зерттей бастайды. Албан, дулат елдерін басқару мәселесіне үлкен өзгерістер кіргізу туралы жоғарғы орындарға ұсыныстар жасап, ірі-ірі мәселелер жөніндегі өз пікірін генерал-губернаторға білдіріп отырады. 

       1864 жыл мен 1865 жылдың арасында  Шоқанның денсаулығы күн санап  нашарлап, көкірек ауруы асқына  береді. Ақырында, 1865 жылдың күзінде сол аурудан қайтыс болады. Сүйегі Алтын-Эмель маңындағы Кошен-Тоған деген жерге қойылады.

       Қазақ тарихында өз кезіндегі әлеумет  өмірінің әр алуан мәселелеріне зор  көңіл бөліп, оларды терең зерттеп, сол дәуірдегі мәдениетті елдердің алдыңғы қатарлы демократ интеллегенттерінің пікірлерімен өрістес, солардың көзқарастарына жақын пікірлер айтқан қазақтың тұңғыш ғалымы және демократ интеллегенті Шоқан болды. 

       Біз жоғарыда Шоқанның жас кезінен-ақ ғылымға  бейім, әртүрлі мәселелермен шұғылданғыш, іздемпаз оқушы болғанын айттық. Оның болашақтағы демократиялық пікірлері де сол шәкірттік кезінен-ақ қалыптаса бастайды. Шоқанның демократиялық идеясының да бір тамыры осы Кадет корпусында оқып жүрген кезінде жатқан сияқты.   

       Г.Н.Потаниннің айтуынша, «Кадет корпусы ол кезде Сібірдегі таңдаулы оқу орындарының бірі болды». Демек, Шоқанның бойына біткен табиғи талант, ізденімпаз қасиетінің үстіне, оның сол кездегі «таңдаулы оқу орнында» оқуының мәні де зор болғаны сөзсіз. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың» дегендей, Шоқанның он жасынан бастап тәлім-тәрбие алған оқытушыларының жас Шоқанға, оның ғылымға талпынуында болсын, келешектегі демократиялық идеясының қалыптасуында болсын еткен әсері аз емес. 

       Шоқан оқушы кезінің өзінде-ақ оқытушыларымен тығыз байланыста болып, олармен әрдайым пікірлес болған. Потаниннің айтуынша, Шоқанның ой-пікіріне көбірек әсер еткен оқытушылары Гонсевский және Костылецкий екен. 

       Г.Н.Потанин  Шоқанның оқушылық кезін еске түсіре келіп: «Гонсевскиймен жақын болып, пікір алысуларының арқасында Шоқан  сол кездегі саяси көзқарастармен танысты. Бұл оның жолдастарына, соның ішінде маған, қолға түспейтін кітап тәрізді болатын. Бізден жасы кіші болса да, өзімізбен салыстырғанда ол үлкен сықылды еді де, біздер оған қарағанда, бала тәрізді едік. Өзінің бізден артық білетіндігін, не бізден білімі жағынан жоғарылығын білдіруге тырыспаса да, жолдастардың арасында болатын жай әңгімелердің өзінде-ақ оның білімінің бізден артығы танылып қалатын. Жалпы жолдастарына, соның ішінде маған, ол еріксіз «Европаға ашқан терезе» сықылды болды»1, - дейді.  

       Шоқанның  «Современник» журналын оқып, Россияда күнбе-күн болып жатқан саяси  ағыммен таныс болуы да жоғарыда айталған Гонсевскийдің әсері болса  керек. Кадет корпусын бітіріп шығып, губернаторға адъютант болып істеп  жүрген кезінде де Шоқанның Омскідегі жоғарғы интеллегенттердің ортасында болуы оның болашағына үлкен әсер етті. Потаниннің айтуы бойынша, оның саяси бетінің айқындалуына тағы бір әсер еткен адам С.Ф.Дуров болады.  

       Дуров - Петрашев ағымының беделді адамдарының  бірі, өз кезіндегі Россияның саяси-әлеуметтік құрылысын, оның төрешілдік сүйегіне сіңген аппаратын, мәдениет жағынан артта қалушылығын қатты сынап, демократиялық және социалистік идеяны көпшілікке таратушы адам болған. Оның әр алуан ісі, үгіт-насихат жұмысы, шығармалары өзінің жолдастарына да, онымен қарым-қатысы болған басқа адамдарға да үлкен әсер еткен. Сондықтан да патша үкіметі Дуровты Сібірде айдауда болған жерінен босатылғаннан кейін Омскіге жер аударған. Дуров пен Шоқанның үлкен дос және көп мәселелер жөнінен пікірлес болғандығын оның өз сөзінен де байқауға болады. Г.Н.Потанинге Дуровты сырттай таныстырғанда Шоқан: «Ол - толық білімді және жаны жақсы адам ...», - дейді. Осы екі ауыз сөздің өзінен де Дуровқа оның қалай қарағандығын аңғаруға болады.  

Информация о работе Шоқан Уәлиханов