Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2011 в 19:58, реферат
Шоқанмен бірге оқыған оның жолдастары: «Шоқан Кадет корпусына кірген кезде орыс тілін білмейтін еді, бірақ зерек еді, әсіресе, оның ерекше көзге түсетін өнері - сурет салғыштығы еді», - деп жазады. Алайда, ол алғашқыда орысша білмесе де, өзінің зеректегі арқасында орыс тілін тез үйреніп, өзі шамалас оқушылардан анағұрлым озық шығып отырады. Өткір, алғыр, ізденгіш, талапты, зерек Шоқан сабақты жақсы үлгеріп, өз бетімен де әртүрлі кітаптарды көп оқып, өз класында озық қатарда саналады.
І. Кіріспе. Ш.Уәлиханов өмірбаяны.
ІІ. Негізгі бөлім. Шоқан Уәлиханов – шығыстанушы ғалым.
1.Қазақтың тұңғыш ғалымы және демократ интеллегенті – Шоқан
2.«Шоқан Уәлиханов шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келген...»
3.Шоқан мұрасы – халық қазынасы
ІІІ. Қорытынды.
Жоспар
І. Кіріспе. Ш.Уәлиханов өмірбаяны.
ІІ. Негізгі бөлім. Шоқан Уәлиханов – шығыстанушы ғалым.
ІІІ. Қорытынды.
Кіріспе
Ш.Уәлиханов өмірбаяны
Шоқан Уәлиханов 1835 жылы, Көкшетау облысы, Сырымбет тауына жақын Қошмұрын деген жерде туған. Шоқан - Абылайдың шөбересі. Өз әкесі - Шыңғыс, қарт әкесі - Уәлихан. Абылай тұқымдары өзара хан-сұлтандық тізгінге тартысқанда, Шыңғыс - орыс еліне арқа сүйеген адам.
Шоқан
балалық шағында өзінің туып-
Шоқанмен бірге оқыған оның жолдастары: «Шоқан Кадет корпусына кірген кезде орыс тілін білмейтін еді, бірақ зерек еді, әсіресе, оның ерекше көзге түсетін өнері - сурет салғыштығы еді», - деп жазады. Алайда, ол алғашқыда орысша білмесе де, өзінің зеректегі арқасында орыс тілін тез үйреніп, өзі шамалас оқушылардан анағұрлым озық шығып отырады. Өткір, алғыр, ізденгіш, талапты, зерек Шоқан сабақты жақсы үлгеріп, өз бетімен де әртүрлі кітаптарды көп оқып, өз класында озық қатарда саналады. Сол оқушы кезінің өзінде-ақ Пушкин, Гоголь, Лермонтов, т.б. орыс классиктерін және батыс әдебиетінен Диккенс, Теккерей, тағы басқаларды үзбей оқиды. Сонымен қатар, сол кездегі әдебиетпен танысып отырады, «Современник» журналын үзбей оқып, әлеумет өмірінің және әдебиет ағымының қай бағытта, қалай дамып бара жатқандығын аңғара алатын өз кезінің саналы кітап оқушысының бірі болды.
Бұрынғы басылған кітап, еңбектерде Шоқанның туған жылын 1837 жыл деген мәліметтер кездеседі. Бірақ соңғы зерттеулер бойынша, Шоқанды 1835 жылы ноябрьде туды деген қорытындыға келіп отыр. Шоқанның негізгі зерттеушілерінің бірі академик Ә.Марғұлан бұл туралы бұлжытпай мойындатарлық екі дәлел келтіреді. Біріншісі, Шетелдер министрлігінің архивінде сақталған дата да, екіншісі - Шоқан Уәлихановты орыстың географиялық қоғамының толық мүшесі етіп сайлардағы өзі толтырған анкета. Сондықтан мұнан былай осы Шоқанның туған жылы туралы датаны шексіз дәлелденген деп санауымыз керек.
Шоқанның
оқушылар арасындағы айнымас
жақсы досы болашақ үлкен
Шоқанның оқып жүрген кезіндегі өзінің міндетті сабақтарынан тыс терең шұғылданып, көп оқыған еңбектері сол кездегі саяхатшылардың өмірі мен ісі туралы жазылған еңбектер болады. Мұның өзі Шоқанға үлкен әсер етеді. Ол саяхатшы болуды, ең алдымен Орта Азияны кезіп шарлауды, оны зерттеуді арман етеді.
Шоқан
1853 жылы өзімен оқитын
Ол
1856 жылы қырғыз елін зерттеу
мақсатымен құрылған
Сол
экспедициядан қайтқаннан
Ол Құлжада 3 ай тұрып, Омскіге қайтып келеді. Мұнда келгеннен кейін шығыс тарихын терең зерттесем, ол үшін білімді молайтсам деген оймен әскери жұмысты тастап, Петербургке оқуға бармақ болады. Шоқанның бұл ойын 1856 жылы 5 декабрьде Ф.М.Достоевскийге жазған хатынан, Достоевскийдің оған қайырған жауабынан анық көруге болады.
Шоқанның бұл ойын атақты географ П.П.Семенов-Тянь-Шанский де мақұлдайды. Ол Шоқанның Петербургке барып, университеттің шығыс факультетіне түсуіне кеңес береді. Шоқан өзінің ғылыми еңбегінің, зерттеулерінің және орыс ғалымдарының оған көңіл аударуларының арқасында, 1857 жылы 20 жасында орыстың императорлық географиялық қоғамының толық мүшесі болып сайланады.
1857 жылы
Шоқанды қырғыз еліне әртүрлі
материал жинауға жібереді. Ал 1858
жылы Қашқарға жөнелтілген
Шоқан Қашқар экспедициясынан
қайтқан соң, 1860 жылы март айында
Петербург қаласына келеді. Мұнда
келгендегі негізгі мақсаты -
оқып, білімін толықтыру болады.
Ол күн-түн демей оқып, үлкен
оқымыстылардың лекцияларына
Шоқан Петербургте көптеген ірі оқымыстылармен, жазушылармен танысып, пікір алысады. Өз кезінің озат пікірлі ірі адамдарымен достық қарым-қатынас жасауы Шоқанға көп нәрселерді аңғартады.
1861 жылы ескі өкпе ауруы қайта
қозғандықтан, Шоқан елге оралады,
бірақ елге келгеннен кейін
де Петербургтегі пікірлес
Шоқан бұл жылдарда да ауылында қарап жатпайды. Өзінің дағдылы әдеті бойынша, ғылым ісімен шұғылданып, халықтың ауыз әдебиетін жинау, зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
«Бақсылық туралы», «Қазақтың шежіресі», «Қазақтың Ұлы жүзінің ертегі, аңызы туралы» атты еңбектерін жазады. Шоқан өзінің осындай істері, ғылыми еңбегі, ақыл-кеңесі арқылы бұқараға әсер етіп, оларды жаңалықпен таныстырмақ болады. Бірақ сол кездегі қазақ даласын қоршаған қараңғылық қай жағынан болсын Шоқанға бөгет жасайды. Әйтсе де, Шоқан өзінің алған бағытынан қайтпай, Омск, Петербургтегі достары Достоевский, Майков тағы басқалармен хат арқылы байланыс жасап, қазақтың әдет-ғұрпы, ауыз әдебиеті туралы жазылған еңбектерін бастырмақшы болып, баспаға дайындайды.
1863 жылы Омскінің генерал-
1864 жылы 24 мартта Ташкент қаласын алуға аттанған Черняевтың шақыруы бойынша, Шоқан Әлиеатаға (қазіргі Жамбыл қаласына) барады. Бірақ Ташкентке шабуыл жасау кезінде Черняевпен келісе алмай, сол жылдың жазында Верный (қазіргі Алматы) қаласына келеді. Одан кейін Жетісу қазақтарының бір бөлігін басқарушы Тезек төренің ауылына барып, осы кезде Тезектің қарындасына үйленеді. Мұнда да Шоқан өзінің дағдылы ғылыми жұмысын тастамайды. Жетісу қазақтарының өмірін зерттей бастайды. Албан, дулат елдерін басқару мәселесіне үлкен өзгерістер кіргізу туралы жоғарғы орындарға ұсыныстар жасап, ірі-ірі мәселелер жөніндегі өз пікірін генерал-губернаторға білдіріп отырады.
1864 жыл
мен 1865 жылдың арасында Шоқанның
денсаулығы күн санап нашарлап,
көкірек ауруы асқына береді. Ақырында,
1865 жылдың күзінде сол аурудан қайтыс
болады. Сүйегі Алтын-Эмель маңындағы
Кошен-Тоған деген жерге қойылады.
Негізгі бөлім
Шоқан Уәлиханов – шығыстанушы ғалым
Қазақтың тұңғыш ғалымы және демократ интеллегенті - Шоқан
Қазақ
тарихында өз кезіндегі
Біз жоғарыда Шоқанның жас кезінен-ақ ғылымға бейім, әртүрлі мәселелермен шұғылданғыш, іздемпаз оқушы болғанын айттық. Оның болашақтағы демократиялық пікірлері де сол шәкірттік кезінен-ақ қалыптаса бастайды. Шоқанның демократиялық идеясының да бір тамыры осы Кадет корпусында оқып жүрген кезінде жатқан сияқты.
Г.Н.Потаниннің айтуынша, «Кадет корпусы ол кезде Сібірдегі таңдаулы оқу орындарының бірі болды». Демек, Шоқанның бойына біткен табиғи талант, ізденімпаз қасиетінің үстіне, оның сол кездегі «таңдаулы оқу орнында» оқуының мәні де зор болғаны сөзсіз. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың» дегендей, Шоқанның он жасынан бастап тәлім-тәрбие алған оқытушыларының жас Шоқанға, оның ғылымға талпынуында болсын, келешектегі демократиялық идеясының қалыптасуында болсын еткен әсері аз емес.
Шоқан оқушы кезінің өзінде-ақ
оқытушыларымен тығыз
Г.Н.Потанин Шоқанның оқушылық кезін еске түсіре келіп: «Гонсевскиймен жақын болып, пікір алысуларының арқасында Шоқан сол кездегі саяси көзқарастармен танысты. Бұл оның жолдастарына, соның ішінде маған, қолға түспейтін кітап тәрізді болатын. Бізден жасы кіші болса да, өзімізбен салыстырғанда ол үлкен сықылды еді де, біздер оған қарағанда, бала тәрізді едік. Өзінің бізден артық білетіндігін, не бізден білімі жағынан жоғарылығын білдіруге тырыспаса да, жолдастардың арасында болатын жай әңгімелердің өзінде-ақ оның білімінің бізден артығы танылып қалатын. Жалпы жолдастарына, соның ішінде маған, ол еріксіз «Европаға ашқан терезе» сықылды болды», - дейді.