Міне осындай ұлы тұлғаларымыздың ерен еңбегінің арқасында біздің Қазақстан Республикасы-ның рәміздері өмірге келді

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 20:50, доклад

Описание работы

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемл. туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков.

Работа содержит 1 файл

egemenelim.ppt

— 1.41 Мб (Скачать)

 

 

 

 

Егеменді еңселі елім  менің!

 

  • Мақсаттары:
  • 1. Білімділік: Оқушыларға еліміздің рәміздерінің мағынасын терең түсіне білуге мемлекеттік рәміздердің авторларының өмірбаяндарын, еңбек жолдарын үйрету.

 

  • 2. Дамытушылық: Оқушылардың мемлекеттік нышандарды оқып- үйренуде өзіндік дағды қалыптастырып және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

 

  • 3. Тәрбиелік: Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адалдыққа, адамгершілікке, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, кұрметтеуге тәрбиелеу.

 

  • Сабақтың түрі: Ауызша журнал

 

  • Тәрбие сағатының әдісі: іздену, сұрақ-жауап, әңгімелеу
  • Көрнекілігі: ҚР-ның рәміздері және олардың авторлары туралы стенд, компьютер, проектор, дыбыс күшейткіш аппараттар.

  

 

 

 

 

  • Тәрбие сағатының барысы:
  • Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу,назарларын сабаққа аудару. Құрметті оқушылар, бүгін біз Мемлекеттік Рәміздеріміз жайлы терең, жан-жақты білуге және Мемлекттік Рәміздеріміздің авторлары жайлы , олардың өмірлері жайында, еңбек жолдарымен таныса отырып, өз білімімізді ой өрісімізді кеңейтеміз.

 

 

 

 

Қазақстан-еңселі елім  менің!

 

Егеменді еңселі

 

 елім менің!

 

 

 

 

Қазақстан - айтылар жаз  әнім,

 

Қазақстан - керемет ғажап  ел,

 

Қазақстан  ғаламға әуеле.

 

Қазақстан  атыңды мен  жазамын.

 

 

 

 

Егеменді еңселі

 

 елім менің!

 

 

 

 

Қазақстан – кешегі  әз әуен,

 

Қазақстан – бүгінгі  ғажап үн.

 

Қазақстан құшқан кеудесін  ғасырлар,

 

Қазақстан – қастерлі  қазағым.

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ

 

 

 

 

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемл. туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.

 

 

 

 

                  Шакен Ниязбеков – Қазақстан Мемлекеттік Туының авторы және суретші.       Ол 1938 жылы 12 қазанда  Тараз қаласында өмірге келген. Шакен Ниязбеков анасы жағынан кеңес одағының батыры Бауыржан Момушылының  туысы, сонымен қатар арғы ата-бабалары Төле би болған екен. Ол 10 жасында ата-анасынан, апасынан айрылған. Мектепті бітіргеннен кейін Ленинградтағы  В.И.Мухин атындағы жоғарғы сурет-өнеркәсіп училищесін бітірген. Студент болып жүрген кезінен-ақ ол Эрмитаждағы, Петродворец-тегі Исаакиев соборын қайта өндеу жұмыстарына қатысқан. Ол өзінің басты ұстазы суретші Әбілхан Қастеев деп есептейді.

              

 

 

 

 

 

 

 

Егеменді еңселі

 

 елім менің!

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ЕЛТАҢБАСЫ.

 

 

 

 

         Елтаңба — ҚР-ның негiзгi Мемлекеттiк рәмiзі. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемл. гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — гербтiң жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қ. р. м. елтаңбасының авторлары — Ж.Мәлiбеков пен Ш.Уәлиханов.

 

 

 

 

         Мәлібеков Жандарбек Мәлібекұлы – ҚР-ның Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, Өзбекстанның еңбегі сіңген архитекторы.

           Ол 1942 жылы 24 наурызда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Екпінді ауылында дүниеге келген. Ол Ташкенттегі архитектуралық Политехникалық институтты бітірген. Өзбекстаның ғылыми – зерттеу институты өнеркәсібінің және қала кұрылысының басты жобасының архитекторы. Ж.М.Мәлібеков Андижан  қаласының аэровокзалының, Самаркандта облыстық администрацияның, драма театрдың, орталық кітапхананың және Ангрена, Ферғана, Самарканд қаласындағы шағын аудандардағы үйлердің жобасын құруға белсене қатысты. Қазір Астана қаласында тұрады

 

 

 

 

  • Уалиханов Шота-Аман Ыдырысұлы Қазақстан Республикасының Мем-лекеттік Елтанбасының авторы. Қазақстанға еңбегі сіңген архитек-тор, Қазақстан Республикалық Мемлекеттік сыйлығың лауреаты. Ол 1932 жылы 26 сәуірде қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Айыр-тау ауданы, Сырымбет ауылында дүниеге келген. Ол Мәскеудегі ар-хитектуралық институтын бітірген. Ол Қазақстан жобалау институтында қалақұрылысы бойынша Алматы қаласының бас архитекторының орынбасары болып істеген. Қазіргі уақытта Мемлекеттік тарихи мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамының бастығы.
  • Негізгі жұмыстары: Шоқан Уалиханов, Әліби Жангельдин, Тоқаш Бокин ескерткіштерін және  «Динамо» стадионның жобасын құрастырған.

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік әнұраны  
сөзі: Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев, әні: Ш.Қалдаяқовты

 

  •                               Алтын күн аспаны,  
    Алтын дән даласы,  
    Ерліктің дастаны,  
    Еліме қарашы!  
    Ежелден ер деген,  
    Даңқымыз шықты ғой.  
    Намысын бермеген,  
    Қазағым мықты ғой!
  • Қайырмасы:
  • Менің елім, менің елім,  
    Гүлің болып егілемін,  
    Жырың болып төгілемін, елім!  
    Туған жерім менің – Қазақстаным!
  • Ұрпаққа жол ашқан,  
    Кең байтақ жерім бар.  
    Бірлігі жарасқан,  
    Тәуелсіз елім бар.  
    Қарсы алған уақытты,  
    Мәңгілік досындай.  
    Біздің ел бақытты,  
    Біздің ел осындай!
  • Қайырмасы:  
    Менің елім, менің елім,  
    Гүлің болып егілемін,  
    Жырың болып төгілемін, елім!  
    Туған жерім менің – Қазақстаным!

 

 

 

 

  • Жұмекен Нәжімеденов – ҚР-ның Мемлекеттік әнұранының авторы. «Менің Қазақстаным» өлеңінің сөзін ол 21 жасында жазған екен.
  • Ол 1935жылы 28 қарашада қазіргі Атырау облысы, Құманғазы ауданында Қошалақ жерінде өмірге келген. Ол атасы Нәжімеден Стамгазиевтің қолында өскен. Сөз өнеріне  сүйіспеншілігін, Отанның тарихын және Қазақ елінің салт-дәстүрін біліп өсуге жеке адам болып қалыптасуына атасының әсері мол болған. Атасы немересіне олардың әйгілі ата-бабалары Қартпанбет жырау (алтыншы ата- бабалары) болғанын оның үлкен әпкесі Қосуан. Қосуан Махамбет Өтемісұлының шешесі болғанын айтып берген. Жұмекен Нәжімеденов Қазақстан Мемлекеттік консерваторияда оқыған. Кейінірек «Жазушы» баспасында редактор болып, «Лениншіл жас» газетінің бөлім меңгерушісі, «Қазақстан» жазушылар одағының әдеби кеңесшісі, Мемлекеттік баспа комитетінің редакторы, «Мектеп» баспасының меңгерушішісі болып істеген. 1961жылы Ж. Нәжіме-деновтің ең алғашқы лирикалық «Егіс» жинағы шықты. Кейінірек төрт жылдан кейін «Жоқ, ұмытуға болмайды» атты жинағы жарық көрген.Ж. Нәжіме-деновтың тірі кезінде барлығы оншақты өлең жинағы және үш томдық  «Ақ шағыл» («Белые пески» 1973 жыл)   «Кішкентай» (Маленький) (1975 жылы) «Даңқ пен уақыт» (Известность и молва) (1975 жылы) шыққан. 48 жасқа алты күн қалғанда 1983 жылы 22 қарашада қайтыс болған. Ақынның қайтыс болғаннан кейін тірі кезінде жарық көрмеген он жинақ өлеңдері, поэмалары, повестері, романдары, статьялары, аудармалары және тоғыз күй шығармалары жарық көрді. Оның шығармалары көптеген тілдерде аударылған.  
  • Жұмекен Нәжімеденов  А.Вознесенскийдің, Е.Евтушенконың, Н.Хикметтің және А.Файзидің шығармаларын қазақ тіліне аударған.

 

 

 

 

  • Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
  • 1940 ж. шілденің 6 Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.
  • 1967 ж. Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқы орнын бітірді. Экономика ғылымдарының докторы.
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
  • Кезінде Жұмекен Нәжімеденов жазған ән сөзіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің бастамасымен кейбір түзетулер еңгізілді. Елбасының ұсынысы бойынша біріншіден, әнұранның мәтінінде ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрініс тапты. Екіншіден, мәтінде асыл мұрамыз – еліміздің кеңбайтақтығы, үшіншіден, жер мен ел байлығы біздің ұрпақтарымыздың болашағына айқын жол ашатыны көрініс тапқан. Ең бастысы – тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі – ел бірлігі баса айтылған.

 

 

 

 

  • Шәмші Қалдаяқов (1930-1992) композитор. ҚР Мемелекеттік әнұраны әнінің  авторы.
  • Ол 1930 жылы 15 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылқұм ауданында дүниеге келген. 1956-62 жылдары Алматы консерваториясында оқыған. 
  • Ш. Қалдаяқов көптеген жастар жайлы лирикалық өлеңдердің авторы. Қазіргі таңда халық арасында ерекше орындалып жүрген әндер. Мысалы; «Қара көз», «Қайықта», «Ақ сұңқарым», «Ана туралы жыр», «Сырдария сұлуы» және т.б өлеңдері.Композитордың твочествосында 3000 астам өлең бар. Сол өлеңдерін Қазақстанның белгілі әншілері Б.Төлегенова, Р. Рымбаева, Н.Нүсіпжанов т.б. орындап жүр. «Менің Қазақстаным» әні оның творчествосындағы маржаны деп есептеледі.Осы әні ең алғаш рет 2006 жылы қаңтар айында Ақордада Н.Назарбаев президенттік қызметіне кіріскенде салтанатты түрде орындалды. Алматының орталық концерт залы және бір көшесі композитордың есімімен аталады.

 

 

 

 

   Міне осындай ұлы тұлғаларымыздың ерен еңбегінің арқасында біздің Қазақстан Республикасы-ның рәміздері өмірге келді.

  

 

 

 

 

 

 

 

Назарларыңызға

 

 рахмет!

 

23


Информация о работе Міне осындай ұлы тұлғаларымыздың ерен еңбегінің арқасында біздің Қазақстан Республикасы-ның рәміздері өмірге келді