Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2011 в 11:27, реферат
Мөде (Мөте) қаған (ж.ж.с.д. 228-174) - ғұн (қытайша хунну) империясының негізін қалаушы. Қытай жазбаларында оның есімін «Маудун», ал билік лауазымын «чәниүй» деп атайды. Чәниүй атауының жеке сөз ретінде не мағына беретіні әлі күнге белгісіз, ал лауазым ретіндегі мағынасы ғұнлар үшін ортағасырлық түркілердің «Қаған» дегенімен мәнзелдес. Қазіргі тарихшылардың чәниүйді «тәңірқұт» деп аударады.
Мөде (Мөте) қаған (ж.ж.с.д. 228-174) - ғұн (қытайша хунну) империясының негізін қалаушы. Қытай жазбаларында оның есімін «Маудун», ал билік лауазымын «чәниүй» деп атайды. Чәниүй атауының жеке сөз ретінде не мағына беретіні әлі күнге белгісіз, ал лауазым ретіндегі мағынасы ғұнлар үшін ортағасырлық түркілердің «Қаған» дегенімен мәнзелдес. Қазіргі тарихшылардың чәниүйді «тәңірқұт» деп аударады.
Мөде шамамен 18-19 жасында, ж.ж.с.д. 209 жылы, әкесі Тумәнді өлтіріп, ғұн хандығының тағына отырып, өзін ғұн елінің дара билеушісімен деп жариялайды. Содан көп ұзамай шығыста дунху, батыста жыужы (юечжи), терістігінде хуниүй, чуйшы, динлиң, гыгун және шыңли, оңтүстігінде лыуфаң, бай - иән секілді елдерді жаулап алып, шағын ғұн хандығын Шығыста теңдесі жоқ далалық ұлы империяға айналдырады. Осыдан кейін елі оны «ақылы асқан дана» деп мойындап, оған «Чиңтижы» деген ат береді. Бұл қазіргі түсінікте «Тәңірінің күші», яғни «Құдайдың қаһары» деген мағынаны білдіреді.
Ел билігінің басына көсемдік дарыны аса жоғары, қолбасшылық қабілеті тым ерен, көздеген мақсатына жетпей тынбайтын жігерлі жас Мөденің келуі тек ғұн халқының ғана емес, бүкіл Шығыс халықтарының тағдырына үлкен өзгеріс әкеледі. Бұрын жеке жеке хандықтарға бөлініп, өзара қырқысып жатқан түркі халықтарының басы бірігіп, бәрі тарихқа танылған үлкен бір далалық империяның құрамына енеді. Елді басқарудың жаңа жүйесі қалыптасады. Бұл жүйе елді үш әкімшілік аумақтық құрылымға бөліп басқару арқылы жүзеге асырылып, бар билік бір адамның чәниүйдің қолына көшеді.
Мөде қаған тұсында мемлекетті басқару жүйесінің шен дәрежесі де белгіленеді. Мемлекеттің шығыс бөлігін Сол тужи уаң, батыс бөлігін Оң тужи уаң басқарды. Қытайша аталған бұл лауазымдардың билік пәрмені кейінгі түркілердің «кіші хан» деген ұғымына келеді. Бұдан кейінгі лауазым иелерін Сол лули уаң, Оң лули уаң деп атайды. Бұлар кіші хандарға бағынышты азық түлікке жауап беретін уәзірлер. Кезінде осы төрт лауазым иелерін топтастырып ортақ бір ақ атаумен чәниүйдің «төрт мүйізі» деп атаған. Мұның сыртында «түмен басы» деп аталатын 24 әкімшілік басшылары болған. Тәрізі қазақтың қария сөзінде жиі айтылатын «24 баулы ел» деген тіркес сол бір шалғай кез кезеңнен келе жатқан үрдіс болуы әбден мүмкін.
Мөденің реформасынан кейін мемлекетте әскери шен жүйесі де (бас қолбасшы, түменбасы, мыңбасы, жүзбасы, онбасы) бір қалыпқа түседі. ғұн империясы азаматтарының бәрінің бірдей әскер қатарына шақырылуға міндетті болуы, шақырылғандардың әскери бастықтарына сөзсіз бағынуы, әскердің үнемі жауынгерлік рухта болуы үшін әскери жаттығулардың жүйелі жүргізіліп тұруы ғұндың тұрақты армиясы болғанын дәлелдейді. Оның саны бір деректе «300 000, екіншісінде 400 000 еді» деп көрсетіледі.
Ғұндардың ата-баба
дәстүріне негізделген
Ғұндарға шын ниетімен беріліп, өлгенше чәниүй ордасында тұрып, адал қызмет атқарған қытай оқымыстысы Жүншин Иөннің айтуына қарағанда: «олардың заңдары орындауға жеңіл» көрінеді. Бұл, әрине, оның ғұн мемлекетінің заңын Хән патшалығының заңдарымен салыстырудан шығарған қорытындысы еді.
Ғұн империясы
билігінің тізгінін 35 жыл уысында
ұстаған Мөде қаған ж.ж.с.д. 174 жылы
қайтыс болғаннан кейін де, кезегімен
билік басына келген оның ұрпақтары
ол орнатқан ел басқару тәртібі мен
заңдылықтарды қатаң сақтап, жарты әлемді
жалпағынан басқан алып мемлекеттің үш
ғасыр бойы өмір сүруін қамтамасыз ете
алады.