Магжан Жумабаев

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2012 в 12:47, реферат

Описание работы

Мағжан Жұмабай(Әбілмағжан) Бекенұлы (1893 – 1938) – Жұмабай Мағжан (Әбілмағжан) Бекенұлы (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабай ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938, Алматы) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі.

Содержание

1.Биография
2 Еңбектері
2.1 Философ ақын
2.2 Қазақ лирикасына үлес қосуы
2.3 Қазақ поэмасына үлес қосуы
2.4 Аудармалары
2.5 Шығармалар
3 Қайтыс болғаннан кейін
3.1 Мағжан Жұмабайұлының мемориалдық мұражайы
3.2 Қазақтың Ұлы ақыны Мағжан Жұмабайұлының ескерткiшi
3.3 Мағжан туралы фильмдер
4 Сыртқы сілтемелер
5 Пайдаланған әдебиет

Работа содержит 1 файл

Мағжан Жұмабай.doc

— 72.50 Кб (Скачать)

     Түркияда ақын кітаптары жарық көргенімен, олар қазақ оқырмандары қолына тимеді. 1969 жылы Жұмабайұлымен қызметтес, таныс болған адамдар Жұмабайұлын ақтау, шығармаларын жариялау керектігі жөнінде Қазақстан басшыларына хат та жолдаған болатын.

     Бірақ Жұмабайұлының шығармалары 1989 жылы ғана қайтадан жариялана бастады. 1995 жылдан М.Базарбаев, С.Қирабаев, Х.Абдуллин, Ш.Елеукенов, Б.Дәрімбет, Ш.Сариев бастаған ғалымдар тобы Жұмабайұлының 3 томдық шығармаларын шығаруды қолға алды.

     Жұмабайұлы  шығармашылығын тереңірек зерттеу еліміздің егемендік алуынан бергі кезеңде ғана нақтылы жолға қойылды. Жұмабайұлы есімін мәңгі есте қалдыру бағытында да біршама жұмыстар атқарылды. Алматы және Петропавл қалаларында бір-бір көшеге Жұмабайұлы есімі берілді. Петропавл қаласында және ақынның туған ауылында ескерткіш қойылған. Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы Булаев ауданы Мағжан Жұмабайұлы ауданы болып аталды (2000).Мағжан Жұмабайұлының мемориалдық мұражайы

     Ақынның 100 жылдық мерейтойына арналып 1993 жылы ашылған. Ол Мағжан Жұмабайұлы аудандағы өзінің туып-өскен Сарытомар ауылында орналасқан. Мұражай бұрынғы Мағжан Жұмабайұлы атындағы кеңшардың мектебінде. Ондағы жиналған қорлар мен материалдар ақынның шығармашылық өміріне арналған. Құжаттардың көшірмесі Алматы, Петропавл, Омбы қалаларында және кейбір аудандарда сақталған. Мұражайдың жалпы аумағы 60м2.

     Қазақтың  Ұлы ақыны Мағжан Жұмабайұлының  ескерткiшi 
Қазақтың Ұлы ақыны Мағжан Жұмабайұлының ескерткiшi

Мағжан  Жұмабайұлы және Интернационал көшелерiнiң  қиылысында орналасқан алаңда Солтүстiк Қазақстан жерiнде туған көрнектi қазақ ақыны Мағжан Жұмабайұлының ескерткiшi орнатылған. Оның авторы — Қазақстан Республикасының жетекшi мүсiншiсi, халықаралық конкурстардың лауреаты және дипломанты, Суретшiлер одағының мүшесi Марат Әйнеков.

     Ескерткiш Мағжанның граниттен жасалған отырған бейнедегi үшметрлiк мүсiнiн ұсынады. Ақынның иығында ұшқыр ойдың нышаны — қаршыға. Ақын ой үстiнде отыр, оның ойы болашаққа бағытталған. Мүсiн қоңыр түстi күртi гранитiнен орындалған. Мүсiнмен жұмыс iстегенде авторға Мағжанды көрген және жадында ұстаған ақынның жалғыз туысы — Ғадылша Қаһарманов көмек қылған. Оның кескiн-келбетi Мағжанға өте ұқсас. Ескерткiш 1993 жылы ақынның 100-жылдығына ашылған. 

     Мағжан  туралы фильмдер

1990 —  «Мағжан» режиссері: Қ.Умаров

Жанр: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”

1994 —  «Алаш туралы сөз» Алашорда  режиссері: Қ.Умаров

Жанр: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”

2009 —  «Алашорда» Алашорда режиссері:  Қ.Умаров

Жанр: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақфильм” Шәкен  Айманов атындағы 
 

     Пайдаланған әдебиет

↑ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. –  Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6 
↑ Қазақ энциклопедиясы, 4 том; Әдеб.: Аймауытов Ж., Мағжанның ақындығы туралы. “Лениншіл жас” журналы, ғ5, 1923; Тоғжанов Ғ., Жүсіпбектің сыны, Мағжанның ақындығы туралы, М., 1926; Тоғжанов Ғ., Әдебиет және сын мәселелері, Қ.-О., 1929; Мұқанов С., ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. І-бөлім, Ұлтшылдық, байшылдық дәуірі, А., 1932; Мағжан Жұмабайұлының, Ахмет Байтұрсынұлының және Жүсіпбек Аймауытұлының творчестволық мұрасын зерттеу жөніндегі комиссияның қорытындысы. “Социалистік Қазақстан” газеті, 1988, №298; Елеукенов Ш., Мағжан, А., 1995; Қойгелдиев М., Алаш қозғалысы, А., 1995; Нұрпейісов К., Алаш һәм Алашорда, А., 1995.

↑ Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 ж., 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3 


Информация о работе Магжан Жумабаев