Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2011 в 14:07, реферат
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Еуразия университетіне Лев Николаевич Гумилевтің атын берді. Бұл бізге, ЕҰУ оқытушылары мен қызметкерлеріне айрықша жауапкершілік жүктейді. Біз ғалымның мұрасына үстірт қарамай, өзіне тиесілі бағасын беріп, ұқыптылықпен терең зерттеуге міндеттіміз.Мемлекет басшысы – Қазақстанның ұлттық өрлеуінің және еуразия идеясының қолдаушысы. Дәл осы себеппен елордамыздағы университетке көрнекті еуразияшыл-ғалым Л.Н.Гумилевтің аты берілді. Еуразия университеті өз мәніндегі символикалық аумақты білдіру үшін зерттеу саласы бір ғана мемлекет емес, күллі Еуразия континенті болып табылатын ойшылдың, ғалымның тұлғасы қажет болғаны ақиқат.