Кереку өмірінің белгілі адамдар

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 18:53, биография

Описание работы

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899-1964) - аса көрнекті қазақ геологі, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы.
Жүсіпбек Аймауытов (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы,драматург,публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. 1918 —19 ж. М.Әуезовпен бірге Семейде «Абай» журналын шығарып, «Екеу» деген бүркеншік атпен, Әуезовпен бірлесіп, «Абайдың өмірі және қызметі» (1918, №2), «Абайдан кейінгі ақындар» («Абай», 1918, №3) деген мақалалар жазды.

Работа содержит 1 файл

Кереку өмірінің белгілі адамдар.doc

— 31.50 Кб (Скачать)

Кереку  өмірінің белгілі  адамдар. 

Кереку  өмірінен шыққан белгілі адамдар  көп. Біз олармен мақтан етеміз. Мысалы: Қаныш Сатпаев – тұңғыш академик,  Жүсіпбек Аймаутов – ақын, сыншы, аудармашы, Әлкей Марғулан – ғалым, Сұлтанмахмұт Торайғыров – ақын, т.б.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899-1964) - аса көрнекті қазақ геологі, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы.

Жүсіпбек  Аймауытов (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы,драматург,публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.  1918 —19 ж. М.Әуезовпен бірге Семейде «Абай» журналын шығарып, «Екеу» деген бүркеншік атпен, Әуезовпен бірлесіп, «Абайдың өмірі және қызметі» (1918, №2), «Абайдан кейінгі ақындар» («Абай», 1918, №3) деген мақалалар жазды.

Оның  пед., псих. және методика саласында  жазған ірі еңбектері өз уақытында  елеулі рөл атқарды. Олардың ішінде «Тәрбиеге жетекші» (1924), «Психология» (1926), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926) т.б. бұл бағыттағы ғылымның бастауында тұрған ірі ғылыми еңбектер Жүсіпбек аз ғана ғұмырында әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді еңбек етіп, құнарлы шығармалар қалдырған. Бес томдық шығармалар жинағында оның өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасы, «Рабиға», «Мансап қорлар», «Сылаң қыз», «Ел қорғаны», «Қанапия Шәрбану», «Шернияз» атты пьесалары, көптеген әңгімелері мен «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, балаларға арналған ертектері, сын мақалалары мен аудармалары енген.

Бұлардың сыртында «Тәрбиеге жетекші» (1924 ж.), «Психология» (1926 ж.), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926 ж.), т.б. ірі ғылыми еңбектері бар.

Әлкей Хақанұлы Марғұлан (1904—1985) — Қазақстан археология мектебінің негізін салушы, ғылымның көптеген салалары: этнография, тарих, шығыстану, әдебитетану, өнертану бойынша көрнекті қайраткер. Филология ғылымдарының докторы (1945), Бүкілодақтық География қоғамының толық мүшесі, Қазақ ССР ҒА академигі (1958), профессор (1960), Казақ ССР ғылымының еңбек сіңірген қызметкері (1961).1904 ж. мамырдың 11 Ақпеті болысында (қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы) дүниеге келді. Əкесі Хақан – атақты Олжабай батырдың тікелей ұрпағы. Əлкейдің əкесі Хақан мен шешесі Нұрила көптеген халық ертегілері мен аңыздарын білген, үйде халық əндері мен Абай əуендері жиі шырқалатын. Əлкей бес жасында оқып, жаза білуді үйренді, бала кезінде «Қобыланды», «Алпамыс», «Көрұғлы», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» дастандарын жатқа білген.

Ол қазақ  халқының тарихы мен әдебиетін зерттеуге  зор еңбек сіңірді. Оның қаламынан  туған тарих, археология, этнография, әдебиет және өнер салаларына қатысты  ондаған кітап, үш жүзден астам ғылыми зерттеу және жүзден астам энциклопедиялық  мақалалар жарық көрді. Көшпенділер мен ата-тегіміздің өмірі, аңыздар мен миф дүниесі, кең дала, ашық ғарыш, киіз үй етене жақын болды. Академик Ә.Х. Марғұлан берілген мәліметтер бойынша 14 томдық негізгі еңбектерінен тұратын зор ғылыми мұра қалдырды. Тек қана шығармаларының толық жинағы, орасан еңбегі ғалымның ұлы мақсатын түсінуге мүмкіндік береді.

 Әлкей  Марғұланның ұзақ жылғы қоғамдық  өмірдегі және ғылымдағы үлкен  еңбегі жоғары бағаланып, ол  Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен  және бірнеше медальдармен марапатталды

Сұлтанмахмұт Торайғыров – ақын, жазушы, философ және атақты адам. Ол 1893 жылы кедей шаруаның отбасында туған. Ол Баянауыл ауданында туған.

1906 жылы  Торайғыров бірінші өлеңдерін  жаза бастады. Оның шығармаларының  басты тақырыбы – бұл қазақ  әйелдердің әлеуметтік жағдайы.

С.Торайғыров қайырымды адам, патриот болған. Ол 1920 жылы  қайтыс болды. Сұлтанмахмұт Торайғыров ұлы адам болды. Оның атымен көшелер, университеттер, мұражайлар аталады.

Майра Уәлиқызы Шамсутдинова - – халық әншісі, композитор. 1896 ж. 6-мамырда Кереку (қазіргі Павлодар) қаласында дүниеге келген. Майра жасынан гармон тартып, ән салған. Кереку, Баянауыл, Семей аймағындағы жәрмеңке, той-думандарда өнер көрсетіп, есімі елге жайылған.  Оның репертуарында

“Ахау, Семей”

“Гауһар тас”

“Ертіс”

“Сәулем-ай”

“Мақпал”, т.б. халық әндері болды.

Ол өз орындауында жаздырған “Майра”, “Қызыл гүл”, “Өкшесі етігімнің  айнала жез”, “Бақша” әндерінің  авторы. Әншілік өнерді кәсіби дәрежеде меңгеріп, өзіндік нақышпен сырнайға қосылып айтқан. Қазақ әндерімен  қатар татар, орыс әндерін де нақышына келтіре орындаған. 1927 ж. 1-мамырда Керекуде қайтыс болды. Майраның әндерін композиторлар Евгений Брусиловский “Қыз Жібек” операсында, Александр Зильбер “Қайта туған Қазақстан” симфониясында, Бақытжан Байқадамов “Майра” хор капелласында пайдаланды. Әбділда Тәжібаев “Майра” атты пьеса, поэма жазды. Майраның әндері Ахмет Жұбановтың, Мақсұтбек Майшекиннің, т.б. назарына ілігіп, жазбаға түсіп өңделген. Бүгінде оның 20-ға тарта әндері белгілі болып отыр. “Майра және өнер” атты жинақ шықты. Майра Уәлиқызы атындағы әншілер байқауы өткізіліп тұрады.


Информация о работе Кереку өмірінің белгілі адамдар