Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 19:06, реферат
Джон Фитцджеральд Кеннеди 1917 жылы 29 мамырда Массачусетс штатының Бостон қаласы, Бруклин ауданында дүниеге келді. Ол отбасында Джозеф пен Роза Кеннеди тоғыз баланың ішіндегі екінші ұлы еді. Оның атасы Патрик Кеннеди ХІХ ғ. 50ж. Ирландиядан қиыншылық көргендіктен Құрама штаттарға қоныс аударуға мәжбүр болады. Джонның әкесі Джозеф Кеннеди АҚШ-тағы жағдайға тез бейімделді.
Сонымен қатар, Сенат арқылы еңбек қатынастарын реформалау туралы заң жобасын өте шебер жүргізе білді. Алжир мен Үндістанға экономикалық көмек беру мәселелерінде өз тағдырын өзі шешуін талап етіп, сыртқы саясат саласында өз беделін көтеріп алды.
1960 жылдың басында Кеннеди өз кандидатурасын ресми түрде ұсынған кезде, оған Миннесоталық сенатор – Х. Хэмфри, Миссурилік сенатор – Саймингтон, Техастық – Л. Джонсон және Э. Стивенсон қарсы тұрды. Екі апта өткеннен кейін республикалықтар өз кандидаты етіп вице – президент Никсонды таңдады. Кеннеди өз серіктесі сенатор Джонсон оңтүстіктен дәстүрлі қолдауды қамтамасыз еткеннен кейін, өз күшін халық тығыз орналасқан солтүстік – шығыс штаттарға салуға кірісті. Бұл стратегия табыс әкелді, бірақ бұл басымдылық маңызды болмады. Кеннеди Никсонды 119 мың дауыс басымдығымен жеңді. Кеннеди мен Джонсон сайлаушылардың 303 дауысын алды, Никсон иен Лодж – 219, сенатор Бирд – 15 дауыс жинады.
Кеннеди 1961 жылы 21 қаңтарда АҚШ президентінің антын қабылдады. Жаңа президенттің жоспары «Жаңа шекара» бағдарламасы деп аталды. Конгресс бейбітшілік корпусын құруды, ең төменгі жалақыны көтеруді, әлеуметтік сақтандыруды, ымыраға келтіруді мақұлдады және тұрғын үй, елдің кедейленген аудандарына көмек беру, жұмысшы күшін қайта даярлау және уақытша жұмыссыздарға жәрдем ақы тағайындау туралы заңдарды қабылдады. Президентке импортқа тарифті төмендету туралы келіссөз жүргізуге теңдессіз өкілеттілік берілді.
Конгресс оның бірқатар қарттарға медициналық көмек көрсету, қала істері жөніндегі министірліктер құру, білім беру саласына жан-жақты көмек беру туралы ұсыныстарын қабылдамады.
Конгресс Ақ үймен салыстырғанда либералды және белсенділікке ынталы болмады. Маңызды комитеттердің басшылығының орнын бақылап отыратын оңтүстік демократтар, республикандық одақтастарының көмегімен атқарушы биліктегі өзінің тежеуіш әрекетін сақтап қалды. Президент өзінің заң шығарушы бағдарламасымен қоғамдық қолдауға ие бола алмады. Жеке тұрғыдан алғанда, ол өте танымал болды. Дегенмен, ел өркендей түсті және сайлаушылардың қалың топтарын билікті ауыстыру қажет екенін сендіру қиын болды. Президенттің жоғары бағаланған екі заң жобасы бірнеше айлар бойы жүзеге асырылмады. Бұл заң тек президент өлгеннен кейін қабылданды. Бұл заңның бірі жеке және корпоративтік кіріс салығының мөлшерін төмендету жолымен экономикалық өсуге жағдай жасауды көздеді. Екінші жоба азаматтық құқықты қорғауға байланысты еді. Бұл салада президент анағұрлым кешігіп әрекет етті. 1960 жылы демократиялық платформадағы өзінің сайлау алдындағы уәдесіне және сеніміне қарамастан, ол басқа бағдарламада, әсіресе сауданы либерализациялау барысында оңтүстік штаттардың конгресмендерімен ара-қатынасты шиеленістіріп алмау үшін тәуекелге бара алмайтынын білдірді. 1963 жылы бүкіл елді афроамерикандық тұрғындардың ірі –ірі ереуілдер толқыны жайлады. Администрация жұмысқа жалдау және жергілікті қоғамда қолдану барысында дискриминациялауға қарсы тарауларды қарастыру, сонымен қатар, федералдық жәрдем қаржы беру бағдарламасын тоқтату сияқты заң жобаларын талдауда толық құқылы серіктес ретінде Конгресстің республикандық мүдделерін бірлесіп жұмыс істеуге шақырады.
1963 жылдың аяғында алдынғы сайлауға дайындалу мақсатымен, президент Кеннеди АҚШ қалаларына сапарға шықты. 22 қараша күні Техас штатында іс– сапармен жүргенде Даллас қаласында атып өлтіріледі. Полиция бұрынғы теңіз жаяу әскері, біраз жылдар бойы КСРО – да өмір сүрген, кейіннен АҚШ– қа оралып, Жаңа Орлеанның мафия топтарымен тығыз байланыста болған және бір жағынан өзін «солшыл» деп атаған 24 жастағы Ли Харви Освальдты тұтқындады. Тұтқындағаннан екі күн өткен соң Освальд Далластағы түнгі клубтардың қожайыны, қылмыс әлемімен байланыста болған Дж. Рубидің қолынан қаза тапты. Кеннедидің өлімінен кейін президенттік антты қабылдаған, вице – президент Л. Джонсон президент өлімін зерттеу үшін Жоғарғы соттың төрағасы Уорреннің басшылығындағы комиссияны тағайындады. Комиссия 1964 жылы 27 қыркүйекте жариялаған баяндамасында Кеннеди Ли Харви Освальдтің қаласынан қаза тапқанын дәлелдеді. Бұл оқиға ХХғ. ең шулы, құпия қылмыстардың бірі. Бұл қылмысқа әлі күнге дейін нүкте қойылған жоқ.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Қазақ Совет Энциклопедиясы Алматы-1980
2. Громыко А.А. 1036 дней президента Кеннеди. Москва-1968
3. Маттиас Л. Оборотная сторона США. Москва-1968
4. Комов Ю. Охота на президента [К историй расследования убийства Д.Ф.Кеннеди]. В мире книг.-1988 №12-52-бет.
5. Александров В.В. Новейшая история стран Европы и Америки. Москва-1988
6. Островцова М.А. Сто великих правителей ХХ века. Москва-1988
Информация о работе Джон Фитцджеральд Кеннедидің өмірі мен саясаты