Амир темир

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 23:12, творческая работа

Описание работы

Әмір Темір (Темір бін-Тарағай Барлас, парсыша- Тимур-е Ләнг, Ақсақ Темір, Темірлан) 1336-1405жж-өмір сүрген. Ол Орталық Азия жаһангері. Әмір Темір Темуридтер империясының негізін қалаған Барлас руынан шыққан. Кеште (Өзбекстан,Қашғария обл. Шахрисабыз қаласы) дүниеге келген.Барлас руы түркі тілдес тайпаларына жатқан, қазіргі ұрпақтары өзбек халқының ішіне кіреді. Барластар Шыңғысханның жаулануы кезінде, қазіргі Моңғолия жерлерінен Орта Азияға көшкен.
Қаражер бек  Ижил бек  Әйлеңгір бек  Беркел бек  Мұхаммед Тарағай бек  Әмір Темір.

Содержание

I.Кіріспе.
II.Негізгі бөлім:
2.1.Әмір Темір.
2.2.Әмір Темір жорықтарыңың саясаты.
III.Қорытынды бөлім.
IV.Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

Толганова А.116 жмф.амир темир жорыктары.pptx

— 986.69 Кб (Скачать)

 ҚАЗАҚСТАН   РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ДЕНСАУЛЫҚ   САҚТАУ  МИНИСТРЛІГІ 
                        СЕМЕЙ   МЕМЛЕКЕТТІК   МЕДИЦИНА   УНИВЕРСИТЕТІ 
                        ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ  ПӘНДЕР  КАФЕДРАСЫ 
 
 
                                                            СӨЖ  
 
                Пән: Қазақстан тарихы 
                Тақырыбы: Әмір Темір жорықтары  
 
                                                                                                                   Орындаған:Толганова Айдана 
                                                                                                                                   ЖМФ,116 топ студенті 
                                                                                                                  Тексерген: Қасымханова А.Ы.  
 
 
 
                                                                                      Семей – 2013 ж. 

                          Жоспар: 
 
   I.Кіріспе. 
   II.Негізгі бөлім: 
     2.1.Әмір Темір.  
     2.2.Әмір Темір жорықтарыңың саясаты.  
   III.Қорытынды бөлім. 
   IV.Пайдаланылған  әдебиеттер. 
 

 Әмір Темір  (Темір бін-Тарағай Барлас, парсыша-  Тимур-е Ләнг, Ақсақ Темір, Темірлан) 1336-1405жж-өмір сүрген. Ол Орталық Азия жаһангері. Әмір Темір Темуридтер империясының негізін қалаған Барлас руынан шыққан. Кеште (Өзбекстан,Қашғария обл. Шахрисабыз қаласы) дүниеге келген.Барлас руы түркі тілдес тайпаларына жатқан, қазіргі ұрпақтары өзбек халқының ішіне кіреді. Барластар Шыңғысханның жаулануы кезінде, қазіргі Моңғолия жерлерінен Орта Азияға көшкен. 
      Қаражер бек  Ижил бек  Әйлеңгір бек  Беркел       бек  Мұхаммед Тарағай бек  Әмір Темір.  

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Темір-барластардың бір бөлігінің бегі, жетекшісі еді. Кейін өзіне басқа бектерін қаратты. Шағатай ұлысының хандары - Моғолстанның билеушілеріне қарсы көтеріліс бастаған. Жас кезінде Түркістан маңындағы бір шайқаста аяғынан жарақаттанған. Осыған байланысты Ақсақ Темір (парсыша Темірленг) атанған.  

 1361 жылы ол тек шаһар әмірі емес, Тұқылықтың Мәуенахрды билеген ұлы Ілияс қожаның сенімді серіктерінің біріне айналды. Уақыт өте келе Әмір Темір көреген сұңғылық танытады да моңғолдармен атқұйрығын кесісіп, түрік әмірі Қазағанның немересі Құсайынмен бірігу арқылы бұрынғы достарына соққы бере бастайды. Осының арқасында 1364 жылы Мәуенахр түбі түрік Құсайын ханның қолына өтті. Бірақ анасынан қан уыстап туған Темір өзіне бұрынғы Кеш шаһарының қайтарылғанын ғана қанағат тұтпай, Құсайынға қарсы екі мәрте соғыс ашады.  
1370 жылы 34 жасында Құсайынды өлтіріп, бар тізгінді қолына алады. Бірақ, ол хан деген атақтан қашқақтап, Ұлы - Әмір дегенді қалайды. Асқақ Темір билікті алысымен әуелі өз тәртібін қабылдамаған көрші билеушілерді мойынұсындыра бастайды. 

   XIV ғ Темір империясы – Қазақстан мен Орта Азиядағы ірі мемлекет. 
  Ол 14-ғасыр 60-жж. Мауараннахрда етек алған феодалдық ішкі қырқыстар мен соғыстар кезінде жұлқынып алға шығады. 
  1370 жылы Мәуереннахрдағы билікке ие болып Орта Азияны 35 жыл бойы басқарды. 
   Астанасы – Самарқанд қаласы. 
   Темірдің Орта Азияны біріктіруі 18 жылға созылды. 
 

Темірдің мақсаты – Шағатай ұрпағының бұрынғы иеліктерінде, бір орталыққа бағынған мемлекет құру мақсатына кедергі болатын моғол билеушілерін әлсірету Әмір Темір варварлық әдістермен жүргізген жорықтарын Ақ Орда мен Моғолстан мемлекеттерінен бастады..

  

 

 Әмір Темір жорықтарының мақсаттары:

Әмір  Темір жорықтары

 

    1365 жылы Моғолстанның ханы Ілияс Қожа бұрынғы Шағатай иелңктерін біріктіруге әрекет жасайды. Темір әскерімен оны Чиназ бен Ташкент аралығында Сырдарияның жағасыеда Батпақты деген жерде қарсы алады. Бұл жерде өткен белгілі <<Батпақ шайқасында>> Әмір Темір жеңіліп, қашып құтылды. Шайқас кезінде екі жақтан 10 мыңға жуық адам қаза тапты. Ілияс Қожа Самарқандты қоршауға алды. Қала халқы кескілескен қарсылық көрсетті. Монғол әскерінің аттарының арасында жамандат ауруы пайда болып, қырылып қалды. Сондықтан хан Моғолстанға қайтуға мәжбүр болды. Ілияс Қожаның қайтып оралуын күтіп отырған Қамар-ад-дин бастаған Дулат тайпасының әмірлерін өлтіріп, билікті өз қолына алды.

  Әмір Темірдің Моғолстанға жасаған алғашқы жорығы 1371 жылы басталды.Оның жіберген әскерлері Алмалық маңына дейін жетіп,осы өңірдегі Керей тайпасын талан-таражға салып,кері қайтады. 1372 жылы Әмір Темірдің өзі Моғолстанға қайта жорық жасап, Ыстықкөл маңындағы Сегізағашқа дейін барып, сансыз тұтқын, сан жетпейтін олжа әкеледі.

  1375 жылы Жетісу жеріндегі Шарын өзені бойында бойында Моғол әскері талқандалды. Дулат әмірі Камар-ад-дин Үш турфаға дейін қашты.

   1376 жылдың көктемінде Хорезмді жаулап алумен айналысып жатқан Темір Моғолстанға Каиар-ад-динге қарсы 30 мың әскерімен әмір Сасы-Бұға қыпшақты, Әділ-шақты аттандырды.

   1377 жылы Камар-ад-дин екі рет: біріншісінде- Қаратау етегінде, екіншісінде- Бұғым шатқалында Темірден жеңіліске ұшырады.

  1380-1390 жж. арасында Темір балаларымен бірігіп, Моғолстан жеріне бірнеше рет ұйымдасқан жорық жасады.

   1379 жылы Қызыр Қожа Ақ Орда ханы Тоқтамыспен Темірге қарсы одаққа оырды. Бұнысынан еш нәтиже шықпады. Темір әскері Оңтүстік Шығыс Қазақстан жерін, Алакөл маңын, Күнгес пен Текес өзендерінің аралығындағы Жұлдыз жазығын, Ыстықкөл, Алмалы, Қаратал өзенінің бойына жетті.

  1389, 1391, 1394-1395 жылдар аралығында Алтын Ордаға қарсы бірнеше жорықтар жасады. Соның нәтижесінде Алтын Орда күйреді.

1390 жылдары Әзербайжан, Дағыстан, Гүржістан (Грузия), Ирак Әмір Темір мемлекетінің құрамына енді. 1398 жылы Үндістан басып алынды. Сирия мен Лубнан (Палестина) мамлүктері бағындырылды. Алдыңғы Азияның басқа мемлекеттері де Әмір Темірдің билігін мойындады. Әмір Темірдің үздіксіз соғыстарының нәтижесінде алып империя – Темір мемлекеті құрылды.

   1402 жылы Темір Анкара түбінде түрік сұлтаны Баязидті талқандады.

 1398 жылы Ауғанстан арқылы Үндістанға жорық жасады. Делиді жаулап алды. 1398 жылы Үндістан басып алынды. Сирия мен Лубнан (Палестина) мамлүктері бағындырылды. Алдыңғы Азияның басқа мемлекеттері де Әмір Темірдің билігін мойындады. Әмір Темірдің үздіксіз соғыстарының нәтижесінде алып империя – Темір мемлекеті құрылды.

   1402 жылы Темір Анкара түбінде түрік сұлтаны Баязидті талқандады.

 

 

  Әмір Темір ислам дініндегі халықтардың рухани біртұтастығын көрсетіп,өз империясының күш-қуаты туралы түсінік беру үшін Ахмет Иассауи кесенесін салуды бұйырды.

Әмір Темір- өте діндар, білімді, білікті қолбасшы, тегеурінді саясаткер болған. Орталық азиядағы бірқатар сәулетті ғимараттардың пайда болуы, қалалардың өркендеуі, шөл даладағы жер суландыру құрылыстарының салынуы, қолөнермен сауданың дамуы Әмір Темірдің есімімен тығыз байланысты. Ол ғылымға және ғалымдарға лайықты құрмет көрсеткен. Тарихи деректер оның қол астындағы аймақтардағы түркі, парсы, арап мәдениетімен өнерінің өкілдері, ғалым ойшылдары Әмір Темір тарапынан үлкен қолдау тапқандығын растайды. Өте көп медреселермен кітапханалар аштырды. Әмір Темір қазақ жеріне мәңгілік өшпес ескерткіш – қасиетті Қожа Ахмет Иассауи кесенесін салып қалдырды.

 

Қорытынды

Әмір Темір 1405 жылы Қытайға  жорыққа шыққанда жолай Отырарда қайтыс болды. Сүйегі Самарқандағы Гүр - Әмір кесенесіне жерленді. Әмір Темірдің төрт ұлы болды.

  • Жиһангер (1356-1376)
  • Әмір Шейһ (1356-1394)
  • Мираншаһ (1366-1408)
  • Шаһруһ (1377-1447)

 Әмір Темір әулетінен  ұлы ғалым Ұлықбек (1394-1449), Моғол  империясын құрушы Бабыр 

(1483-1530) сынды атақты адамдар 

шықты.

  XIV ғасырдың соңында Азия мен Еуропа құрылығының елеулі бөлігін жаулап алып Әмір Темір құрған орасан зор  мемлекет, ол өлгеннен кейін бытырап тарап кетті. Оның басты себебі Әмір Темір ұрпақтарының билікке таласып қырылысуы еді.

  1941 жылы өзбек СССР ғылым академиясының археологиялық экспедициясы  Гур-Эмир кесенесіне жерленген Әмір Темір мен Ұлықбектің мүрдесін ашып, сонда шынымен де аталмыш екі ұлы адам қойылған ба,жоқ па екенін тексермек болды. Археологтар табытты көрген екен. Табыт алтын жіпті паршаға оралған екен. Мүрдені ашқан антрополог, тарихшы - М.М.Герасимов.

  Темірдің кезеңі сан қилы оқиғаларға толы. Шағатай мемлектінің құлауы, Мәуенахрды түрік әмірлерінің тулақтай етіп тартысқа салуы, моңғолдардың тұтас шығыс  Түркістан мен Құлжа аумағын, Жетісуді қарамаққа алып, Тұқылық Темірді таққа отырғызатын осы тұс. Қарақшылармен келіп Кеш шәрінің билеушісі Қажыға қызмет ете бастаған Ақсақ Темірдің билікке қол жеткізуіне Тұқылық Темірдің Мәуереннахрға жорық жасауы ықпал еткен.

   Әмір Темір ХIV ғасырдың 90-жылдары Иран, Ирак, Ауғанстан, Үндістан, Кіші Азия, Еділ бойы, Кавказ, Қазақстан, Орта Азияны қамтитын империя құрды (барлығы 27 мемлекетті жаулады).

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1.«Қазақстан тарихы», Мусин Чапай, Алматы 2005 ж.

2. «Қазақстан тарихы», Бес томдық, І том. Алматы, 1996 ж.

3. «Қазақстан тарихы» Мұхамедов М.Б.,       Сырымбетұлы Б. Алматы 2009 ж.

4. Интернет желілері.


Информация о работе Амир темир