Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 08:22, доклад
АБЫЛАЙ, Әбілмансұр (1711 [Ресейдеректеріңде 1713] - 23.5.1781, Оңтүстік Казақстан, Арыс жағасы) - ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі - Жошы хан, бергі бабалары Қазақ ордасының негізін салған Әз Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. А. - Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда, Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыкқана жауы шақ келмейтін батыр болып, Канішер Абылай атаныпты
АБЫЛАЙ ХАН
(1711-1781)
АБЫЛАЙ, Әбілмансұр (1711 [Ресейдеректеріңде
1713] - 23.5.1781, Оңтүстік Казақстан, Арыс жағасы)
- ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы
және дипломат. Арғы тегі - Жошы хан, бергі
бабалары Қазақ ордасының негізін
салған Әз Жәнібек, одан соң Еңсегей
бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан.
А. - Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір
ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі
ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа
Тәуке отырғанда, Уәлибақы хандыққа
өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы
атасы Қайып ханның қолына барады.
Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке
шыкқана жауы шақ келмейтін батыр
болып, Канішер Абылай атаныпты. Осы
Абылайдан Көркем Уәли туады. Оның баласы
Әбілмансұр (кейін қазаққа хан
болып Абылай атанған) "ақтабан
шұбырынды" жылдарында жетім қалып,
үйсін Төле бидің қолына келеді.
Аш-жалаңаштықтан жүдеген
Үмбетей жыраулардың, т.б. ауыз әдебиетінің
ірі өкілдерінің мәліметтеріне
қарағанда, Абылай 20 жасында қан
майдвнда ерлігімен танылған. Бұқардың
Абылайға "Сен жиырма жасқа жеткен
соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар
құстай түледің" деуі осының дәлелі.
Қай жылы туса да, 1730 - 33 ж. аралығында
болған бір ұрыста бұрын белгісіз
жас жігіт Әбілмансүр жекпе-жекке
шығып, қалмақгың бас батыры, қоңтажы
Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір
деректерде: күйеу баласы) Шарышты
өлтіреді.
Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға
Абылайлап ат қойған Әбілмансүр жеңісті
ұрыстан соң, Орта жүздің сүлтаны
деп танылып, қазақ даласындағы
ең беделді әміршілердің біріне айналады.
Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр
есімі ұмытылып, Абылай атанады. Абылайдың
20 жасы қай жылға сәйкес келуіне
байланысты, қай шайкасқа қатысқаны
туралы болжам айтуға болады. Бұл, әрине,
Абылай катысқан алғашқы соғыс емес.
Ел әңгімелері, тарихи жырлар Сабалақ
әуелде Бөгенбай жасақтарының құрамында
жорық-жортуылдарға қатысқанын айғақтайды.
Аңырақай шайкасына катыспады дегеннің
өзінде де, Абылайдың 1730 - 33 ж. болған бір
ірі шайқаска қатысқаны дау тудырмайды.
Тарихи деректерден Орта жүз жасақтары
мен жоңғарлардың арасында 1930 ж. да,
1731 ж. да бірнеше үлкен ұрыстар
болғаны белгілі. 1732 ж. жоңғарлардың
7 мыңнан астам әскері Орта жүздің шығыс
шетіндегі ауылдарына шабуыл жасап,
тегеурінді тойтарысқа тап болады (Ресей
сыртқы саясатының архиві, Жоңғар істері
қоры, 113/1-т., 1-іс, 95—96 парақ). Абылайдың
жиырма жасы 1733 жылға сәйкес келсе,
дәл сол жылы қазақ пен қалмақ
арасында үлкен майдан болғаны қытай
деректерінде атап көрсетілген. Абылайдың
әскери қайраткерлігі, қолбасылық қабілеті
30 - 40 жылдардағы шайқастарда ерекше
көрінді. Осындай жан алысып жан
беріскен соғыстардың бірін Бүқар
жырау "Калданменен ұрысып, Жеті
күндей сүрісіп..." деп суреттейді.
Ол соғысқа Абылайдың қанды көйлек
жолдастары: Каракерей Қабанбай, Қанжығалы
Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Қарақалпақ
Қылышбек, Шапырашты Наурызбай, т.б.
қазақгың белгілі батырлары тізе
қоса катысады. Бұл да Абылайдың
жауға карсы қазақ халқының басын
біріктіре білгендігінің дәлелі
болып табылады. Бірте-бірте ұлыстағы
бар өкім Әз-Тәуке ханның немересі
Әбілмәмбет ханнан (ол да Салқам Жәңгірдің
әулеті) өтіп, Абылайдың қолына көшеді.
Абылайдың ерлігі мен ақыл-парасатына
бас үрған Әбілмәмбет ақылшы аға
болып калып, кеңесші хан дәрежесімен
шектеледі.
18 ғ-дың 30-жылдарының аяғында
1745 ж. Орта жүздегі Әбілмәмбет,
Абылай және Барақ сұлтан
1756 ж. Абылайдың бастауымен
1757 ж. Абылайдың 6 мың әскері
Қытайдың 40 мың әскерімен шайқасынан
соң, қытайлар Абылайдан бітім
сұрады.
1753 - 54 жылдардағы шайқастарға
Саяси ахуал тұрақталған шақта Абылай
қазақ жерінің бүтіндігіне қол сұққан
басқалармен ымырасыз күрес жүргізді.
1754 — 55 және 1764 ж. қырғыздар Жетісуда біраз
ауылдарды шауып, Жауғаш, Көкжал Барақ|
пен Шынқожа батырлар бастаған әскерлерді
Ақсу, Көксу| және Шу бойында талқандайды.
Осы себепті Абылай 1755, 1765І жылдары Қырғыз
ұлысына карсы жорық жасап, Іленің сол
жағасын, Шу бойын тазартады (қ. Жайыл ,қырғыны
пен қырғыздың Ңарынқолдан Қордайға тартылған,
күні бүгінге дейін сақталып отырған шекарасын
анықтайды. Өмірінің соңғы 15 жылында Орта
Азия хандықтарына қарсы тынымсыз күрес
жүргізді. 1765 — 67 ж. Абылай қолының Қокан
билеушісі Ерденбекпен | соғысының нәтижесіңде
Түркістан Сайрам, Шымкент қалалары қайтадан
казақтар иелігіне өтті,| Ташкент алым
төлеп болды.
Екі жүз жылға созылған халкының
жоңгар шапқыншылығына қарсы азатгық
күрессінің соңғы жаңғырығы алаш
жұртының санасыңда "Шанды жорық"
деген атпен белгілі. Бұл 1771 ж. Еділ
калмақтарының (170 - 180 мың адам; 40 мыңдай
әскері бар) жоңғарға қазақ жері арқылы
үдере көшуі еді. Кіші жүздің ханы
Нұралы асығыс әскер жиып, Жем бойында
қалмақтарға алғашқы соққы
1771 ж. жасы жеткен Әбілмәмбет
хан дүние салды. Қалыптасқан
дәстүр бойынша Орта жүздің
ханы болып не Әбілмәмбетгің
інілерінің бірі, не үлкен үлы
Әбілпейіз сайлануға тиіс еді.
Алайда басты сұлтандардың, старшындардың,
Әбілпейіздің өз калауымен үш
жүздің басшы өкілдері
Ш. Уәлиханов Абылайдай шексіз билікке
ие болған бір де бір қазақ ханының болмағанын,
оның мемл. билігін орталықтандырып, нығайту
бағытындағы әрекеттерін, "ханның бшлігін
алкалы кеңес арқылы шектеп отыратын ру
басылар мен сұлтандардың өркөкірек үстемдігін"
тыйғандығьш жазды. Шоұадн: "Қазақтардың
аңыз-әңгімелерінде Абылай айры
Абылай каһарлы хан болуымен
қатар, қазақ халқының рухани касиетінен
еркін сусындаған дарынды күйші ретінде
де белгілі.Ол — "Ақтолқын", "Алабайрақ",
"Бүланжігіт", "Дүние қалды",
"Жетімторы", "Қайран елім", "Қара
жорға", "Қоржынқақпай", "Майда
жел", "Садаққаққан", "Сары бура",
"Шандыжорық", т.б. күйлердің авторы.
Абылай өмір жолын ат үстінде жорықтарда
өткізіп, Арыс өз. жағасыңда қайтыс болды.
Сүйегі Түркістан қ-ндағы Қожа Ахмет Иасауи
кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақсарай
арасындағы дәлізде жерленген. Абылайдың
артында 12 әйелінен 30 үл, 40 қызы қалды (қ.
Абылай хан әулеті). Қазақ халқының жадында
Абылай қажырлы мемл. қайраткері, батыл
қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып
келді. Оның есімі тәуелсіздік символына,
жауынгерлік үранға айналды.
Азаттық күрестің жалынды басшысы Абылай ханның асқақ тұлғасы, ақыл-парасаты
Бұкар, Үмбетей, Шәді төре Жәңгір ұлы жырларында,
ақындар Көпбай Жамантайұлы, Мәжит Айтбаевтың
дастандарында, I. Есенберлиннің, Ә. Кекілбаевтың
Қ. Жұмаділовтың, т.б. туыңдыларында сомдалды.
Оның ұлағатты өмірі мен ішкі, сыртқы саясаты
отандық және шетел ғалымдарының (Ш. Уәлиханов,
В.В. Бартольд, Н. Мыңжани, Р.Б. Сүлейменов,
М. Мағауин, М.Б. Ожотт, Дж. Уилер, т.б.) назарын
аударып келеді.