Тәуелсіздік символикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 12:07, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне 20 жыл Шаңырақ- тіршіліктің, мемлекеттің бастауы, отбасының негізі. Нұрын шашқан күн, тұнық аспан, бейбіт өмір, қанатты тұлпар,қайсарлық, биік мақсат,көрегендік-ерліктің нышаны. Шаңырақ- тіршіліктің,мемлекеттің бастауы, отбасының негізі. Шоқ жұлдыз- болашаққа деген талпыныс,ардақты арман, мәңгілік өмір бірліктің бейнесі. Қазақ елінің бойтұмары әлем мойындаған Елтаңба. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне 20 жыл.

Работа содержит 1 файл

тәуелсіздік символикасы.doc

— 179.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  рәміздеріне 20 жыл Шаңырақ- тіршіліктің, мемлекеттің бастауы, отбасының  негізі. Нұрын шашқан күн, тұнық аспан, бейбіт өмір, қанатты тұлпар,қайсарлық, биік мақсат,көрегендік-ерліктің нышаны. Шаңырақ- тіршіліктің,мемлекеттің бастауы, отбасының негізі. Шоқ жұлдыз- болашаққа деген талпыныс,ардақты арман, мәңгілік өмір бірліктің бейнесі. Қазақ елінің бойтұмары әлем мойындаған Елтаңба. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне 20 жыл.

 

Биыл Мемлекеттік рәміздерге – 20 жыл. Тәуелсіз еліміздің Көк байрағы мен Елтаңбасына, Әнұраны мен Ата Заңына әр азамат ерекше құрметпен қарауы тиіс. Оларды табан асты еткен кез-келген адам жазаға тартылады. Бұл іске, әсіресе, мемлекеттік құрылымдар үлкен жауапкершілікпен қарағаны абзал. 

 

Бүгін Астанада Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті. Онда Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдіктері мен бірқатар министрліктердің мемлекеттік рәміздерді пайдалану, қолдану және насихаттау жөніндегі есептері тыңдалды. Комиссия төрағасы, ҚР Мемлекеттік Хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед әрбір анықталған заң  бұзушылық  ісіне заңнамаға сәйкес, қатаң шара қолдану керектігін қадап айтты. Және де Мемлекеттік органдар заң бұзушылықтар бойынша БАҚ немесе қоғамдық ұйымдардың немесе депутаттардың қалай әрекет ететінін күтіп отырмай, өздері реттеуі тиіс. Бүгінде Мемлекеттік Рәміздер туралы заңнаманы жетілдіру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Білім және ғылым министрлігіне Мемлекеттік нышандарды қадірлеуді балабақшадағы бүлдіршіндерден үйретуден бастау жүктелді.   

 

Мұхтар Құл-Мұхаммед, ҚР Мемлекеттік Хатшысы, Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның төрағасы:  

Мемлекеттік рәміздер - еліміздің ең киелі символдары. Сондықтан, Елбасымыз өз сөзінде, «Біз Тәуелсіздігіміздің нышандарын көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек.  Еліміздің әрбір азаматы Қазақстанның туы, Елтаңбасы, Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті. Өйткені, олар біздің ең киелі құндылықтарымыз», деп атап өткен  болатын. Ендеше, Елбасымыздың осы ұстанымын мектеп оқушыларынан бастап, ардагер азаматтарымызға дейін өзінің ұдайы басты назарында ұстауы керек.

 

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздеріне – 20 жыл

Қайсы елдің болмасын Мемлекеттік рәміздері - Елдіктің, Тәуелсіздіктің, Ұлттың дербестігін паш ететін мақтанышы екені даусыз. Сондықтан да оны әрбір азаматтың құрмет тұтуы - міндеті.

Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік рәміздердің бекітілгеніне биылғы жылдың 4 маусымында 20 жыл толады.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1992 жылдың 4 маусымында Тәуелсіз Қазақ мемлекетінің тұңғыш мемлекеттік рәміздерін бекітсе, тура 15 жылдан кейін нақ сол күні, яғни 2007 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы қабылданды.

Заңға сәйкес ресми түрде Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері болып табылады.

Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасында біріңғай көк түске аса мән  берілуі тегін емес шығар. Өйткені көк түс бұлтсыз ашық аспанның, бейбітшілік пен тыныштықтың, ал қыран бейнесі биіктіктің, өрліктің, асқақтықтың нышаны болса керек. Тудағы алтын күн қыран бейнесі бір-бірімен үндестік тауып, терең түңғиық аспанға жетелегендей. Қазақта «шаңырағың шайқалмасын» деген аталы да астарды сөз бар. Мемлекеттік елтаңбаның негізі шаңырақ бейнесі осы сөзге орай, елдіктің түп-тамыры мықты, шаңырағы берік болсын деген ниеттен туындаған. Елтаңбадағы күн шашағы, жұлдыз, түркі аңыздарындағы қанатты пырақтар мәңгіліктің бейнесі іспетті.

Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік рәміздерін және олардың  бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру  тәртібін айқындау мақсатында Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазанда  №873 Қаулысы қабылданды.

Мемлекеттік рәміздердің  пайдалануын бақылайтын тиісті органдар Заңмен белгіленген. Заңға сәйкес жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында пайдаланылуын (тігілуін, орналастырылуын ) бақылауды жүзеге асырады.

ҚР Конституциясының 34-бабына сәйкес, әркiм Республиканың  мемлекеттiк рәміздерін құрметтеуге  мiндеттi деп баяндалған.

Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігімен бірге жасасып  келе жатқан мемлекеттік рәміздеріміз 20 жыл ішінде өз өміршеңдігі мен елінің айбынын асқақтатты. Қолданыстағы заңнамалар мен халықаралық шарттарға сәйкес, халықаралық мемлекеттік немесе спорттық іс-шараларда мемлекеттің әнұраны ойнатылып, туы көтерілетіні белгілі. Тәуелсіздік алған уақыт ішінде көптеген халықаралық іс-шаралар мен спорттық жарыстарда қазақ елінің Гимні өзге де алпауыт елдермен иық тіресіп, талай елдердің аспанында шалықтап, көк туымыз талай желбіреді.

Алайда, кейінгі  кездері сол мемлекеттік рәміздерімізді қорлайтын, елдігімізге нұқсан келтіріп, Алаш атына кір келтіретін оқиғалардың орын алып, қоғамда дау-дамай туындатып отырғаны ақиқат. Ол турасында мерзімді бұқаралық ақпарат құралдатында дер кезінде мәселе көтеріліп, айтылып жүр. 

Еліміздің Мемлекеттік  рәміздері біздің арғы-бергі тарихымыз. Онда ата-бабаларымыздың сан ғасырғы асқақ арманы, мұңы мен қайғы-қасіреті, қараңғылықтан сәуле іздеп, Тәуелсіздікке ұмтылып, елім деп еңіреген талай боздақтардың төгілген қаны жатыр.

Мемлекеттік рәміздер, Егемендігіміздің, Елдігіміздің белгісі. Сондықтан Қазақстанның барлық азаматтары Мемлекеттік рәміздерімізді қастерлей білуі, оны кейінгі ұрпақ мәңгілік мақтаныш тұтатын символ екенін ұғындырып, ұрпақтан ұрпаққа жалғастыруы қажет.

 

 

Ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздер - егіз ұғым. 

 

Міне, биыл егеменді ел болғанымызға да 20 жыл. Өз тәуелсіздігімізге аяқ басқан кезеңде төл рәміздер дүниеге келді. Кез келген ел тәуелсіздігіні оның мемлекеттік рәміздерінен бөліп қарауға болмайды. Әрбір мемлекет үшін отаншылық рухта тәрбие беру азаматтың мемлекетімізге, оның даңқты да қиын тарихына, алдағы болашағына өзінің қатысты екендігін сезініп, еліміздің мұң-мұқтаждарын ойналуынан басталады.

Бұл міндеттің  күрделілігін Елбасы нақты пайымдап, « ... Бұл міндет білім берудің, мәдениет органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық жүйесіне, әрбір отбасына қатысты. Ал оны елдің туын, елтаңбасын, әнұранын қастерлеуден, заңды өкіметті құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек. Әрбір адам бала кезінен Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей еткен жөн», -деген болатын. Халық жүрегін желпіген еркіндік самалы ғажайып шығармашылық белсенділікке жол ашты. Елбасымыз жаңа мемлекеттік рәміздерді қабылдауға зор мән берді.

Атырау  облысы Жылыой ауданында Қазақстан  Республикасының Рәміздері күніне  орай  мәдениет- көпшілік шаралар өткізілді.

Атап  айтсақ, Жаңа Қаратон поселкесінде «Еліміздің рәміздері – тәуелсіздік белгісі» тақырыбында, Қосшағыл селосында «Туы биік, мәртебесі жоғары Қазақстан» атты көпшілік-танымдық кеш, аудандық прокуратурасымен Құлсары қаласында орналасқан №9 кәсіптік лицейдің оқушыларына Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы, соның ішінде «Мемлекеттік рәміздердің тарихы» тақырыбында дәріс өткізілді.

Рәміздер  саяси тәуелсіздік пен мемлекеттік  егемендіктің  бірегей белгілері болып табылады. Демек, мемлекеттік рәміздер – белгілі бір елдің өмір салтын, бүкіл болмыс – ерекшелігін, айрықша арман – аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі. Әр елдің мемлекеттік рәміздері географиялық, мәдениет-тарихи жағдайларына байланысты қалыптасады. Біздің мемлекеттік рәміздерімізге шетелдік мамандар жоғары баға берген, сонымен қатар рәміздеріміз әлемдік каталогқа кірген. Мемлекеттік рәміздердің ұлттық патриотизмді және жалпы Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы қызметі, орны ерекше екені даусыз.

Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекетті мемлекеттік  саяси рәміздерсіз елестету мүмкін емес.

№20 мектеп-лицейі » Мемлекеттік рәміздері

Мемлекеттік рәміздері

                                         

Мемлекеттік әнұран (1,71Mb)

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемл. ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемл. туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемл. тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi. 

 

Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк елтаңба — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемл. гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — гербтiң жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қ. р. м. г-нiң авторлары — Ж.Мәлiбеков пен Ш.Уәлиханов. 

 

Сөзін жазғаңдар:

Нұрсұлтан Назарбаев

Жұмекен Нәжімеденов 

Әнін жазған:

Шәмші Қалдаяқов  

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерлікеің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мақты ғой! 

 

Қайырмасы: 

 

Менің елім, менің елім.

Гүлің болып егілемің,

Жырың болып төгілемің, елім!

Туған жерім менің – Қазақстаным!  

 

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай,

Біздің ел – бақытты,

Біздің ел – осындай! 

 

Қайырмасы: 

 

Менің елім, менің елім.

Гүлің болып егілемің,

Жырың болып төгілемің, елім!

Туған жерім менің – Қазақстаным!



Информация о работе Тәуелсіздік символикасы