Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 11:04, реферат
Казакстан Республикасы сайлау жүйесi деп Конституция мен сайлау туралы зандарда көрсетiлгендей республика Президентiн, Мәжлiс пен Сенат депуттатарын, ауылдық әкiмдердi, төте не жанама сайлау тәртiбiн айтамыз.
Сайлау жүйесiнiңтепе-тең және мажоритарлы сияқты екi түрi бар. Тепе-тең сайлау жүйесi дегенiмiз сайлау барысында берiлген дауыс пен жеңiп алынған мандат арасындағы тепе тендiк қағидасына негiзделедi. Тепе-тең сайлау жүй есiнің әрекет етуi үшiн бiрнеше iрi аумақтық округтер және екiден кем емес калыптасқан саяси партиялар болуы қажет.
Кіріспе.......................................................................................................................3
Сайлау құқығы, қағидаттары…………………………….……………………….4
Орталық сайлау комиссиясы……………………………………………………..5
Сайлау органдары....................................................................................................9
Қорытынды............................................................................................................11
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................12
Округтiк сайлау комиссиясы: 1) тиiстi сайлау округiнiң аумаында сайлау туралы зандардың аткарылуын бакылауды жүзеге асырады; 2) Парламент Мәжiлiсi және мәслихаттар депутатгарын сайлаудың өткiзiлуiн ұйымдастырады; З) учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiн ұйымдастырып, үйлестiрiп отырады; олардың шешiмдерiнiн күшiн жояды және тоқтата тұрады; учаскелiк сайлау комиссияларының кызметiне қажеттi материалдық-техникалық жағдай жасалуын бақылайды; учаскелiк сайлау комиссияларының шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) түскен арыздар мен шағымдарды қарайды; осы Конституциялық заңның бұзылғанын анықталған кезде сайлау комиссиясының қызметiн тоқтату туралы өтiнiшпен сайлау комиссиясын құратьтн органға немесе сотқа жүгiнедi; 4) Парламент Мәжiлiсiнiң және мәслихаттардың депутаттығына ұсынылған кандидаттарды, олардың сенiм бiлдiрген адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi, жергiлiктi бұқаралык акпарат құралдарында кандидаттарды тiркеу туралы хабар жариялайды; 5) сайлаушылар тiзiмдерiнiң уақтылы әрi дұрыс жасалып, барша жұрттьщ танысуына ұсынылуын бақылайды; б) учаскелiк сайлау комиссияларын сайлау бюллетендерiмен қамтамасыз етедi; 7) сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты мәселелер бойынша учаскелiк сайлау комиссияларының және округтiң аумағында орналасқан мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың есептерiн, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың сақталуы меселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер органдарының хабарламасын тыңдауға хакьтлы; 8) учаскелiк сайлау комиссияларынан дауыс берудiң нетижелерi туралы хаттамаларды алады, солардың негiзiнде округ бойынша сайлау нетижелерiн анықтайды, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды; 9) қайта дауыс беру, кайта сайлау және Парламент Межiлiсiнiң шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өткiзедi; 10) қайта сайлау және мәслихаттардың шығып қалған депутатарынын орнына сайлау өткiзедi; 11) Республика зандарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады. Учаскелiк сайлау комиссиялары. Учаскелiк сайлау комиссиялары тиiстi сайлау учаскелерiнде Президенттi, Парламент Мәжiлiсiнiң және меслихаттардың депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауды ұйымдастыру мен өткiзудi қамтамасыз етедi. Учаскелiк сайлау комиссиялары жетi мүшеден тұратын құрамда құрылады.
Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының сайлауы жөнiндегi учаскелiк сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалганнан немесе хабарланғаннан кейiн — жетi күннен, ал жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiндегi аумақтық комиссиялардың құрамы үш күннен кешiктiрiлмей бұқаралық акпарат құралдарында жарияланады.
Учаскелiк
сайлау комиссиясы: 1) сайлау учаскесiнде
Президентi, Парламент Межiлiсiнiң, мәслихаттардың
депутаттарын және жергiлiктi өзiн-озi басқару
мүшелерiн сайлау жөнiндегi сайлау шараларын
жүргiзедi; 2) учаскелiк комиссияның орналасқан
жерi туралы сайлаушыларды хабарландырады;
З) тиiстi сайлау учаскесiнде сайлаушылардың
тiзiмiн нактылайды; 4) азаматтарды сайлаушылардың
тiзiмiмен таныстырады, тiзiмдердегi қателiктер
мен жасактыктар туралы арыздарды карайды
және оған тиiстi өзгерiстер енгiзу туралы
мәселелердi шешедi; 5) сайлаушыларды дауыс
беру күнi, уақыты және орны туралы хабарландырады;
б) дауыс беруге арналған үй-жай дайындайды,
кабиналар мен жәшiктердiң жасалуын қамтамасыз
етедi; 7) сайлау кунi сайлау учаскесiнде
дауыс берiлуiн ұйымдастырады; 8) дауыс
санауды жүргiзедi және учаскедегi дауыс
беру нәтижелерiн анықтайды; 9) дауыс берудi
әзiрлеу мен ұйьщдастыру мәселелерi жөнiндегi
арыздар мен шағымдарды қарайды және солар
бойынша шешiмдер кабылдайды; 10) Республика
зандарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi
жүзеге асырады.
Сайлау органдары.
Казакстан Республикасында сайлауды әзiрлеу мен өткiзудi ұйымдастыратын мемлекеiттiк сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылады. Қазақстан сайлау комиссияларының бiртұтас жүйесi төьендегi сайлау комиссияларынан құралады: 1) Орталық сайлау комиссиясы; 2) аумақтық сайлау комиссиялары; З) округтiк сайлау комиссиялары; 4) учаскелiк сайлау комиссиялары. Сайлау комиссияларының өкiлеттiк мерзiмi — бес жыл.
Аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының мүшелерiн саяси партиялардың ұсыныстары негiзiнде тиiстi мәслихаттар сайлайды. Әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынады. Ұсынылған кандидатура ұсынып отырған партияның мүшесi болмауы қажет. Егер, мәслихат белгiлеген, сайлау комиссияларын құру мерзiмiне дейiн бiр айдан кем болмауға тиiс мерзiмі саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясының мншелерiн озге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған адамдар оның жұмысына қатысуға келiсетiнi туралы отiнiштерiн қоса бередi. Сайлау комиссиясының төрағасы, төраганын орынбасары, хатшысы сайлау комиссиясыньиң алғашкқы отырысында сайланады. Сайлау комиссияларының жаңа кұрамын кұру сайлау комиссияларының өкiлеттiк мерзiмi аяқталардан кемiнде екi ай бұрын басталады жене өкiлеттiк мерзiмiнiң бiтуiне кемiнде үш кун калғанда аякталады. Сайлау комиссияларын құратын органдар сайлау комиссияларының өкiлеттiк мерзiмi iшiнде олардың құрамына өзгерiстер енгiзуге құқылы.
Сайлау
комиссияларын құру туралы шешiм, олардың
құрамы мен орналасқан жерi туралы бұқаралықақпарат
құралдарында хабарланады. Сайлау комиссияларының
өз құзыретiнiң шегiне қабылдаған шешiмдерi
тиiстi аумақтары барлық мемлекеттiк органдардың,
ұйымдардың, жергiлiктi өзiн-өзi баскару
органдарының, сондай-ақ олардың лауазымды
адамдарының орындауы үшiн мiндеттi. Сайлау
комиссиялары өз өкiлеттiктерiн жүзеге
асыруы кезiнде олардың кызметiне араласуға
жол берiлмейдi. Сайлау комиссиясының қызметi
сайлау комиссиясын құратын органның
шешiмi бойынша немесе жоғары тұрған сайлау
комиссиясы өтiнiшiнiң негiзiнде сот шешiмiмен
тоқтатылуы мүмкiн.
Қорытынды
Конституцияда еркіндік пен еріктілік жөнінде жалпы жазылған. Бірақ, бұл тәртіп барлық жерде сақталған ба? Сақталмаған. Біріншіден: Кандидаттың жерлестерін мәжбүрлеуі. Екіншіден: Кандидаттардың өз арасында келеңсіз жағдайлар болып жатады. Мысалы Қазақстан Президенттікке кандидат оппозициялық қайраткердің үгіт материалдары тиелген автокөлік жанып кетті. Үшіншіден: Сайлау учаскелерінде құқықбұзушылықтар болып жатады. Мысалға, Ж.Тұяқбайдың сайлау штабының төрағасы Төлен Тоқтасыновтың айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы Жармахан Тұяқбайға жинаған қолдың жартысын қарамаймыз деп қабылдамай тастаған. Төртіншіден: Кандидаттардың халықты алдауы. Мысалы, сайлау қарсаңында Қазақстан сары түске боялды. Өйткені қазіргі президент Н.Назарбаевтың жақтастары да, оған қарсы оппозициядан шығып отырған кандидат Жармахан Тұяқбайдың сайлау командасы да сары түсті таңдап алған. «Билік сары түсті әдейі пайдаланып отыр. Себебі, менің естуімше, Жармахан Тұяқбайдың адамдары шетелге сары түсті шарф, сары түсті қалпақ және сары түсті күртешеге тапсырыс берген екен. Сонда «Отан» партиясы да сары түсті киім киеді. Содан ел қайсысының оппозиция, қайсысының билік екенін білмей шатасады. Бұл биліктің жасап отырған технологиясының қулығы», - дейді Ерасыл Әбілқасымов.
Қазақстанның
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы
Оңалсын Жұмабековтің мәліметінше,
үміткерлерді тіркеу жұмыстары барысында
көптеген заңсыздықтар орын алған. Бесіншіден,
алтыншыдан, жетіншіден деп кете береді.
Жалпы қорыта айтатын болсам, «Қолдардың
дені бақылауды желеу етіп, азаматтарды
алдау жолымен жиналған. Қол қою парағына
нақты мәліметтер көрсетілмеген. Жасы
кәмелетке толмаған адамдардың қолын
жинағандар болған. Қайтыс болған адамдардың,
сондай-ақ тұрақты тұру үшін шет мемлекеттердің
аумағына көшіп кеткен адамдардың да қолдары
қойылған», - дейді О.Жұмабеков мырза. Сонымен
қатар Оңалсын Жұмабеков келтірген мәліметтерге
қарағанда, ресми тіркелген бес үміткердің
ішінде кандидаттығына ең көп қол жинаған
қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаев
екен. Оны қолдап сайлау жасындағы халықтың
1,92 пайызының қолы жиналыпты. Екінші орында
сайлаушылардың 1,22 пайызның қолдауына
ие болған «Ақ жол» партиясының төрағасы
Әлихан Бәйменов тұр. Ал үшінші орында
Қазақстанның демократиялық күштері біріккен
«Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының
жетекшісі Жармахан Тұяқбай. Орталық сайлау
комиссиясының жетекшісі О.Жұмабековтің
айтуынша, оған жиналған қол 1,21 пайызды
құрайды. Бірақ, «Әділетті Қазақстан үшін»
қозғалысы сайлау штабының жетекшісі
Төлен Тоқтасынов Орталық сайлау комиссиясының
әлгіндей мәліметімен келіспейтіндігін
айтады. Ол «президенттік сайлау барысы
Ақорданың алдын ала жүзеге асырған лас
жоспары бойынша жүріп жатыр» деген өз
уәжін айтады:
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
Е.Баянов
«Мемлекет және құқық негіздері»
Алматы 2001ж
Нарбинова,
М, М, Зиятова, Ж. К. Конститутциялық құқық
[Мәтін]: әдістемелік нұсқаулар / Шығыс
Қазақстан мемлекет- тік ун-ті.-
Өскемен: ШҚМУ, 2003.- 50 б.
А. Ибраева,
Г. Әлібаева, Қ. Айтхожин «Құқықтану»
Алматы 2006 ж.
Қазақстан
Республикасының заңы (Алматы, 1997 жылғы
21 қаңтар)
Алаш айнасы» газеті автор - Анар Қуанышбекова, мақаланың аты – «Сайлау жүйесі».
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі