Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 17:57, доклад
Қазіргі кездегі түсінік бойынша, Жер шарының жалпы дамуы жерді құрайтын мантиялық алғашқы заттардың біртіндеп жіктелуі-мен (дифференциация) түсіндіріледі: массасы ауыр заттар, меншікті салмарының ауырлығына байланысты төмен шөгіп, жердін, ядро қабатын құрайды, ал жеңіл заттар жоғары көтеріліп, мантия қабатын және жер қыртысын құрайды.
Жердің геологиялық даму кезеңі - Жер қыртысының алғаш қалыптаса бастау сәтінен қазіргі кезеңге дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Осы аралықта жер кыртысында әр түрлі тау жыныстары түзіледі. Жер қыртысы ғаламшарымыздың ішкі күштері әсерінен сан рет күшті қозғалыстарға ұшырап отырған. Бұл қозғалыстар жер қыртысының өзгеруіне ықпал еткен. Екінші жағынан, тау жыныстары сыртқы күштер әсерінен ұдайы үгіліп отырған. Үгілген борпылдақ жыныстар бір орыннан екінші орынға тасымалдануы нәтижесінде шөгінді жыныстарының жаңа қабаттары қалыптасқан. Жердің ішкі қабатында өте жоғарғы температурада пайда болған лавалар жер бетінің жарықтары аркылы көтеріліп жанартаулар пайда болған. Оның сыртқа тегілген лава жыныстары біршама жерге таралған. Мұны эффузиялық тау жыныстары дейді. Магманың жер бетіне шықпай қалған бөліктері жер астында бірте-бірте пайда болған мөлшеріне қарай суынып қатайған, сөйтіп олардың есебінен магмалық интрузиялык тау жыныстары қалыптасқан. Осылайша, Жер қыртысының қүрамы біртіндеп күрделене түседі. Бүл құбылыстар мезгіл-мезгіл түрақты түрде байқалады. Материктердегі ойыстар мен теңіз табанындағы шөгінді қабаттарында әр түрлі өсімдіктер мен жәндіктердің тасқа айналған қалдықтары ұшырасады. Бұл әрбір геологиялық дәуірдің тек өздеріне ғана тән тіршілік дүниесі болғандығын дәлелдейді.
Жердің жасын және оның геологиялық даму тарихын анықтау үшін салыстырмалы және абсолюттік есептеу (геохронология) әдістерін пайдаланады.
Тау жыныстарының салыстырмалы жасын анықтауда шөгінді тау жыныстарын кұрайтын қабаттарының ретті орналасу заңдылығына сүйенеді. Бұл заңдылық, бойынша, тау жыныстарының бұзылмаған қабаттарының жоғарғысы төменгісімен салыстырғанда жасырак болады. Бұл заңдылык дәлелдеуді қажет етпейді, егер астыңғы қабат болмаса, онда оны жауып жатқан үстіңгі қабат та түзіле алмайтыны түсінікті.
Тау жыныстарының салыстырмалы
жасын анықтау үшін ежелгі геологиялық
дәуірлерде тіршілік еткен жәндіктер мен өсімдіктер
Жер қыртысының даму тарихындағы эралар үзақ кезеңдерге топтастырылған. Жер тарихы бес эраға бөлінеді. Ең алғашқы тіршілік бастамасы - Жердің көне тарихына байланысты. Бұл уақыт архей (гр. ἀρχαῖος «археос» - көне тіршілік деген мағынада) деп аталады. Одан кейінгі уакыттар:
Геохронологиялық кестедегі кезеңдердің атаулары шегінді жыныстардың алғашқы табылған орындарына қарай, жергілікті жер атауларына (кембрий, девон, пермь, юра) немесе халыктардың атына (ордовик, силур), жыныстардың құрамына (тас көмір, бор) байланысты аталады. Хронологиялық кестенің жүйелерін ажырата білу үшін шартты белгілер қабылданған. Геологиялық карталарда индекстері (белгілері), оның латынша аттарының алғашқы әріптері арқылы белгіленеді (мысалы, архей - AR), кезеңдердің индекстері оның латынша атының бірінші әріптерімен белгіленеді (мысалы, пермь - Р).
Тау жыныстарының абсолюттік жасын анықтау ісі ғалымдар XX ғасырдың басында радиоактивті элементтердің ыдырау заңын анщаннан кейін басталды. Әр элемент әр түрлі, бірақ қашан да тұракты жылдамдыкпен ыдырайтынын ғалымдар тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Мысалы, уран (торий) ыдыраған кезде қорғасын атомдары түзіледі. Уранның ыдырау жылдамдығын пайдалану арқылы тау жынысының жасын анықтауға болады, 100 грамм ураннан 74 млн жылда 1 грамм қорғасын бөлінеді.
Радиологиялық әдістерді
қолдану нәтижесінде жер
Яғни жердің
жасын анықтауда салыстырмалы ж
Жер қыртысындағы әртүрлі геологиял
Кез келген тау
жынысының пайда болған кезінен бергі
геологиялық уақыт оның абсолюттік жасы деп есептеледі. Жер қойнауында
кейбір радиоактивті элементтердің ыдырау
жылдамдығы сыртқы өсерге тәуелсіз болғандықтан,
тау жыныстарының дәл жасын анықтауға
мүмкіндік береді. Бұл мақсатта, әдетте, уранның ыдырауына қатысты деректер
пайдаланылады. Уранның гелий мен қорғасынға ы
Геологиялық уақыт аралығында жер қыртысы жиі өзгерістерге ұшырап, ұдайы дамып отырады. Оған, ең алдымен, Жердің ішкі энергиясы мен қысым әсерінен жүретін түрліше козғалыстар әсер етеді. Жер қыртысындағы құрылымдарды қалыптастыратын бұл ішкі күштерді тектоникалық қозғалыстар деп те атайды. Тектоника — жер қыртысының дамуын және оның ішкі күштер мен әртүрлі дәрежедегі иіліп-майысулар өсерінен өзгеруін зерттейтін геологияның бір саласы.
Тектоникалық қозғалыстардың ең маңыздыларының бірі — материктердегі тау құрылу процестері. Олар қарқынды жанартау атқылаулары, күшті жерсілкінулері, тау жыныстарының құрамы мен құрылымының күрделі езгерістерімен қатар жүреді. Жер қыртысының геологиялық даму тарихында бірнеше рет күшті тау құрылу кезеңдері болған, оларды тау қатпарлықтары деп те атайды.
Жер қыртысының
архей мен протерозой эраларында
қалыптасқан неғұрлым тұрақты құрылымдарын платформа
Тектоникалық деректер бойынша, жер қыртысы дамуындағы ең ежелгі тау қатпарлығы ретінде байкал қатпарлыгын атайды. Бұл қатпарлық протерозойда басталып, палеозойдың басында аяқталды.
Байкал қатпарлығының
құрылымдары мен олардың
Палеозойдың силур, девон дәуірлерінде каледон қатпарлығы жүрді. Бұл таулар кейінгі герцин қатпарлығында көтерілген таулармен жымдасып, біртұтас тау жүйелерін түзді. Палеозойлық құрылымдардың басым көпшілігі кейінгі тектоникалық қозғалыстар әсерінен майысуларға ұшырап, ұзақ уақыт теңіз табанына айналды.
Теңіздік шөгінділерің
қарқынды жиналуы жүрген бұл құрылымдар
қазіргі кезде мұнай мен газға
бай аудандар қатарына жатады. Палеозойлық
іргетас мезозой және кайнозой жыныстарымен
жабылған, салыстырмалы түрде тұрақты,
жер бедері тегіс, жазық болып келетін
мұндай құрылымдар жас платформалар немесе
эпигерциндік (герциннен кейінгі)плиталар деп аталады. Олардың
ең ірілеріне: Еуразияда Батыс Сіб
Мезозой эрасында
бірнеше тау түзілу кезеңдерін біріктірген,
жалпы атпен мезозой қатпарлығы
Палеогеннің соңы
мен неогенде жүрген қарқынды тау
жасалу қозғалыстары альпі қатпарлығы
деп аталады. Бұл қатпарлықта Еуразиядағы ас
Бұл күштер неотектоникалық
қозғалыстар деп аталады, себебі
бұл қозғалыстар әсерінен терең
тектоникалық жарықтар пайда болып,
салыстырмалы түрде ежелгі құрылымдар қозғалмалы
(сейсмикалық) аудандарға айналды. Неотектоникалық
қозғалыстар Тянь-Шань, Алтай,
Кейбір аудандарда терең жарьщтар жердің терең кыртысы аркылы мантияға дейін жетіп ,рифтілер қалыптасты. Мүндай рифтілер катарына Байкал көлі мен Өлі теңіз табанындағы жөне Шығыс Африкадағы Үлы жарьщтар жатады. Терең тектоникалық жарьщтар бойында көл казаншүңкырлары орналасады. Дүниежүзілік мұхит табанында рифтілердің ең ірі жүйесі таралған, олар суасты орта жоталарына сәйкес келеді.
Материктердің Тынық мұхитпен жалғас бөліктері қазіргі кездегі тау жасалудың ең қарқынды жүріп жатқан аудандары болып табылады, бұл аймақ Тынық мұхиттық жанартаулық белдеу деп аталады. Бұл белдеуде қарқынды жанартау атқылаулары, күшті жерсілкінулер тоқтаусыз жүріп жатыр. Жанартаулық белдеу бойымен материктік литосфералық тақталардың аумағы біртіндеп ұлғаюда.
Қазіргі кезде құрлық пен мұхит табанда
Эон (эонотема) |
Эра |
Кезең |
Дәуір |
Басталуы, |
Основные события | |
Фанерозой |
Кайнозой |
Төрттік кезең |
Голоцен |
11,7 мың |
Мұз дәуірінің соңы . Өркениеттің пайда болуы | |
Плейстоцен |
2,588 млн |
Ірі сүтқоректілердің қырылуы. Қазiргi адамның пайда болуы | ||||
Неоген кезеңі |
Плиоцен |
5,33 млн |
||||
Миоцен |
23,0 млн |
|||||
Палеоген кезеңі |
Олигоцен |
33,9 ± 0,1 млн |
Адам тәрізді маймылдардың пайда болуы. | |||
Эоцен |
55,8 ± 0,2 млн |
Қазіргі сүтқоректілердің пайда болуы. | ||||
Палеоцен |
65,5 ± 0,3 млн |
|||||
Мезозой |
Бор кезеңі |
145,5 ± 0,4 млн |
Бірінші плацентарлық сүтқоректілер. Динозаврлардың | |||
Юра кезеңі |
199,6 ± 0,6 млн |
Қалталы жануарлар және бірінші құстардың пайда болуы. Расцвет динозавров. | ||||
Триас кезеңі |
251,0 ± 0,4 млн |
бірінші динозаврлар және жұмыртқа салатын сүтқоректілер. | ||||
Палеозой |
Перм кезеңі |
299,0 ± 0,8 млн |
Жаппай пермдiк қырылу. | |||
Тас Көмір Жүйесі |
359,2 ± 2,8 млн |
Ағаштардың және Бауырымен жорғалаушылардың пайда болуы. | ||||
Девон кезеңі |
416,0 ± 2,5 млн |
Қосмекенділердің және Споралы өсімдіктердің пайда болуы. | ||||
Силур кезеңі |
443,7 ± 1,5 млн |
Құрлықта шығуы : Сарышаян ; Жа | ||||
Ордовик кезеңі |
488,3 ± 1,7 млн |
Ракоскорпион, Тамырлы өсімдіктер. | ||||
Кембрий кезеңі |
542,0 ± 1,0 млн |
Организмдардың жаңа топтарының үлкен санының пайда болуы («Кембриялық жарылыс»). | ||||
Докембрий |
Протерозой |
Неопротерозой |
Эдиакарий |
~635 млн |
Көпклеткалылар жануарлардың па | |
Криогений |
850 млн |
Ірі масштабты жердің қатаюы | ||||
Тоний |
1,0 млрд |
Родиния суперконтиненттің ыдыраудың басталуы | ||||
Мезопротерозой |
Стений |
1,2 млрд |
Суперконтинент Родиния, супермұхит Мировия | |||
Эктазий |
1,4 млрд |
Бірінші Көпклеткалы өсімдіктер | ||||
Калимий |
1,6 млрд |
|||||
Палеопротерозой |
Статерий |
1,8 млрд |
||||
Орозирий |
2,05 млрд |
|||||
Риасий |
2,3 млрд |
|||||
Сидерий |
2,5 млрд |
Оттек апаты | ||||
Архей |
Неоархей |
2,8 млрд |
||||
Мезоархей |
3,2 млрд |
|||||
Палеоархей |
3,6 млрд |
|||||
Эоархей |
4 млрд |
Қарапайым бiр клеткалы организмдардың пайда болуы | ||||
Катархей (Гадей) |
~4,6 млрд |
~4,6 млрд жыл бұрын — Жердің құрылуы. |
(ағыл.) (сентябрь 2010, датировки округлены)
Информация о работе Жер қыртысының негізгі даму заңдылықтары