Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 21:08, реферат
Арал аймағының балықшылары 3,8 мың тонна балық аулауды межелеуде
Кіші Арал теңізінің кенересі кеңейіп, айдыны тола бастауы бұл өңірден соңғы жылдары шығып бара жатқан ата кәсіп - балық шаруашылығын қайта жандандыра бастауға басты себеп болып отыр.
Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының басында Сырдың төменгі құярлығы аумағында көлемі 160 мың гектар алқапқа жететін көлдер жүйесі бар еді. Кейін Арал теңізі арнасын кеміте түскен су тапшылығы оның ауқымын мүлдем азайтып жіберді. Бір кездердегі мұндағы 1100 көлдің оннан бірі ғана сақталып қалды. Ал кейінгі жылдары дариядағы судың көбейе бастауы көлдер жүйесінің мөлшерін 41 мың гектарға дейін көтерді. Өз кезегінде бұл аймақта ауланатын балықтың салмағына да сан қоса бастады. Рас, бұрынғыдай мұнда әзірге 10 мың тонна шамасында балық ауланбайды. Дегенмен, қазіргі аяқ алыс жаман емес. Оның көлемі жыл сайын артып келеді. Соның арқасында биыл Арал аймағының балықшылары 3,8 мың тонна балық аулауды межелеп отыр. Ал облыс басшылығы таяу келешекте бұл көрсеткіштің 15 мың тоннаға жететініне сенімді.