Тағайындалуы мен қолдану облысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 19:53, курсовая работа

Описание работы

Технологиялық ұңғыларды пайдаланудың басым көпшілігінде сүзгіде немесе сүзгі маңы аймағында меңгеру кезіндегі бұрғылау ерітіндісін сапасыз тазалау, сүзгіде құмды тығынның қалыптасу, ұңғыманың механикалық кольматациясы, сілті ертініділер құрамында механикалық қоспалардың болуы, сүзгі мен сүзгі маңы аймағында химиялық немесе сазды бөлшектердің болуы салдарынан дебиттің немесе сыйымдылығының төмендеуі байқалады.

Работа содержит 1 файл

159.docx

— 32.82 Кб (Скачать)

Технологиялық ұңғыларды пайдаланудың басым көпшілігінде сүзгіде немесе сүзгі маңы аймағында  меңгеру кезіндегі бұрғылау ерітіндісін  сапасыз тазалау, сүзгіде құмды  тығынның қалыптасу, ұңғыманың механикалық  кольматациясы, сілті ертініділер  құрамында механикалық қоспалардың  болуы, сүзгі мен сүзгі маңы аймағында  химиялық немесе сазды бөлшектердің болуы салдарынан дебиттің немесе сыйымдылығының төмендеуі байқалады.

Бұл регламентте  сүзгі колоннасы мен сүзгі  маңы аймағын эрлифт арқылы сору әдісінің көмегімен сору, айдау ұңғыларының  дебитін, қолдану жабдығының техникалық параметрлерін қалпына келтіру  бойынша жөндеу-қалпына келтіру  жұмыстарының жүргізілу тәртібі  мен осы жұмыстарды жүргізудің қауіпсіздік  ережелері айтылған.

 

Қазіргі регламент ТОО «Кызылкум»полигонындағы технологиялық ұңғыларда жөндеу –қайта қалпына келтіру жұмыстарын орындайтын инженерно-техникалық жұмыскерлер мен персоналға арналған.       

Бұл регламенттің талаптарын бұзған кіналі адамдар дисциплинарлы  жауапқа тартылады.           

 

1. Тағайындалуы мен қолдану облысы

 

Эрлифтті сору – ұңғы сұйықтық бағанындағы сулы горизонт ауаға қанығу арқылы өлшемі бойынша өзгеретін депресияны жасау негізінде ұңғы өнімділігін қалпына келтіру әдісі.

Эрлифтпен ұңғыны сору, сүзгінің механикалық  кольматациясы салдарын жою үшін. Сондай-ақ пневмоимпульсті өңдеу, химиялық өңдеу, гидродіріл сияқты ұңғы өнімділігін  қалпына келтірудің басқа әдістерін  қолдану кезіндегі жөндеу-қайта  қалпына келтіру жұмыстарының міндетті аяқтаушы бөлігі болып табылады.  

 

1.1. Жабдықтардың техникалық сипаттамалары 

 

Ұңғыны  эрлифтпен сору жұмыстары сериялы  қозғалмалы комперссорлы станциялар көмегімен  жүзеге асырылады.

Су көтергіш құбырлар ретінде технологиялық  ұңғылардың  шегендеуіш құбырлары  қолданылады

 

 

 

 

 № 1 Кесте – XRVS 336 Компрессордың техникалық сипаттамасы

 

Параметр аталуы

көрсеткіш

1. Номинальды жұмыс кысымы

25

2. жұмысшы қысымның диапозоны бар

15-20

3. өнімділік, м3/мин

19,9

4. компрессорлы сатылар саны

2

5Қозғалтқыш қуаты, кВт

224

6. қондырғы салмағы, кг

5240

7қоршаған ортаның жұмысшы температура интервалы й среды, 0С

-25 - +50


 

  

1.2. Жабдық пен жұмыс

 

Эрлифттің әрекеті, екі байланысқа сауытта (сукөтергіш құбыр мен сулы қабат) сұйықтық деңгейінің жағдайы меншікті салмағы әр түрлі болған жағдайда, меншікті салмағы аз сұйықтық меншікті салмағы жоғары сұйықтықтың деңгейі жоғары.

Компрессор  ұңғыға сығымдалған ауаны ауаүрлегіш шлангының төмен жағында орналасқан араластырғышқа беру үшін арналған. Ауа  араластырғышқа  түсе отырып, меншікті салмағы судың меншікті салмағынан әлдеқайда төмен ауасулы қоспа  түзеді. Ол жіберілетін ауаға туәелді. 

Суқаныққан  қабаттан сүзгі мен сүзгі маңы аймағын тазалай отырып, кольматация  өнімі мен ұсақ құмды шығаратын  су қарқынды ағады.

 

2. Эрлифтті соруды жүргізудің регламенті  

 

2.1. Жұмыстарды ұйымдастыру

2.1.1. технологиялық ұңғыларды эрлифтті сору жұмыстары қажетті техникасы мен дайындалған персоналы бар кеніштің ГТП алаңында жүргізіледі.

2.1.2. технологиялық ұңғыларды эрлифтті сору жұмыстарын жүргізу туралы шешімді кеніштің геолого-геотехникалық бюросы қабылдап, немесе блокты өңдеудің технологиялық талаптары мен ҰГЗ, дебиті (сыйымдылығы) бойынша мәліметтер негізінде жасалады.

2.1.3. Үңғылардың эрлифтті сору реттілігі «Жөндеу қайта қалпыаһна келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарына» келісімді жүргізіледі.

2.1.4. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесі «ЖҚК жүргізу нәтижелері» журналына енгізіледі.

2.1.5.Жұмыстарға техникалық басшылық етуді ГТП алаңының техникалық қызметі атқарады.         

2.1.6. Эрлифт қондырғысының қызмет көрсету мен жұмыс істеуін арнайы квалификациясы бар компрессорлы қондырғысының машинисті қамтамасыз етеді.   

 

2.2. Жұмысқа дайындық 

 

2.2.1.Компрессорлы станцияны орналастыру үшін алаңды қажетсіз жабдықтардан және өзге заттардан босату, ал сығымдалған ауа жіберілетін маҰГЗтраль өтетін жерлерді шыны сынығынан, гравийден және басқа да ұсақзаттардан тазарту.

2.2.2. Компрессорлы станцияны ұңғы сағасынан 5м ден қашық емес аралықта орналастыру

2.2.3. Ұңғының орнықтылығын монтаждау және сору үшін арнайы жүген орналастыру

2.2.4. Жинау сыйымдылығын орнату және оны жүген басының ағызып апаратын келте құбырымен құйынды шлагысымен жалғау. Шлангының аяғын нығайтқыш фитингпен немесе конструкциясы қарастырылған жалғамамен бекіту;

2.2.5. ауабергіш шлангтың кіру соңын компрессор ресиверінің үлестіру вентилімен жалғау және хомутпен бекіту;

2.2.6. Ауабергіш шлангтың кіру соңына араластырғыш орналастыру;

2.2.7.   Қозғалтқышты  қосып өшіру арқылы компрессор жұмысын тексеру;

2.2.8. Ауабергіш шлангтың кіру соңын жүген басының монтажды келте құбырына түсіріп, сальниктың тартылуын реттеу;

2.2.9.  ұңғы қатарындағы көршілес соруды тоқтату.

 

2.3. Сорып алуды жүргізу тәртібі

 

2.3.1. Ауабергіш шлангты ұңғыға түсіру, араластырғыштың түсу тереңдігі ұңғыдағы ерітіндінің статикалық деңгейінен 40-50 м төмен болу керек. Ұңғыдағы араластырғыштың орналасу жағдайын анықтау үшін ауабергіш шлангтың ұзындығы бойынша белгісі болу керек.

2.3.2. Компрессордың үлестіру вентилін біртіндеп ашу арқылы ауабергіш шлангқа ауа жіберу

2.3.3. Сору сұйықтығында құмның, механикалық қоспалардың кездесуі кезінде соруды шығарылатын ерітінді толықтай ағарғанша (үзіліссіз)тоқтатпау.

2.3.4. механикалық қоспаларды көзбен шолу мақсатында әр сағат сайын шығарылған ерітіндіден үлгі алу (тараға көлемі 1÷2 л кем емес).

2.3.5. Шығын өлшегіш мәліметтері бойынша ұңғы дебитіне бақылау жүргізу

2.3.6. Ашық түсті ерітінді алынған жағдайда, ұңғыға ауа беруін жауып, ауабергіш шлангты қолданылатын компрессордың немесе ұңғы конструкциясының техникалық мүмкіндіктерімен анықталатын максималды 180-200м тереңдікке түсіру

2.3.7. ашық түсті ерітіндіні алған кезде, ұңғыға ауа берілуін тоқтату, сору шараларын 15-25 минутқа тоқтатып, осы уақыт өткен соң қайтадан эрлифтті түсіру

2.3.8.  8 пунтке қарастырылған жұмыстарды  берілген дебит пен механикалық қоспалардың нормативті мөлщерін алғанша қайталау

2.3.9. Берілген параметрлерге қол жеткізген кезде, ұңғыны соруды тұрақты режимде 1 сағат  жүргізу, эрлифтті демонтаждау, орнықтыру монтажы арқылы тағайындалуы (сору, айдау) бойынша ұңғыны қалпына келтіру .

2.3.10. 24 сағат ішінде талап етілген параметрлерге қол жетпеген жағдайда, соруды тоқтату. Ұңғыны пневмоимпульсті, химиялық өңдеу немесе қайта сору жүргізу туралы шешімді ГТП техникалық қызметі шығарады.  

2.3.11. 2  не одан да көп сору жүргізілген кезде қатар орналасқан ұңғыларда дебитті өлшеуді тек көршілес ұңғыларды тоқтатқаннан кейін 2 сағат кейін жасау керек.

2.3.12. Техникалық параметрлер (дебит, түсіру және жұмысшы қысым, араластырғыштың түсу тереңдігі, динамикалық деңгей, кезең бойынша уақыт шығыны) жұмыс журналына енгізіледі.


Информация о работе Тағайындалуы мен қолдану облысы