Оборудование фонтанных скважин

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 15:24, реферат

Описание работы

Атмосфераның ластануы тектес заттар— әр түрлі газдардың, қатты және сұйық заттардың немесе табиғи булар мен қалдықтардың ұсақ түйіршіктерінің ауаға қосылуы. Бұлардың ішінде газ атмосфераға шығарылатын ластағыштардың шамамен 90%-ін құрайды. Көп тараған атмосфера ластағыштарына күкіртті газ (SO2), азот оксидтері(NO2) , кеміртек оксидтері (иіс газы СО), хлор, формальдегид (НСНО), фенол-бенз(а)пирен, шаң-тозаң жатады..

Содержание

Атмосфераның ластануы тектес заттар
Атмосфераны ластайтын қауіпті көздер
Қышқыл жаңбырлардың түзілуі және оның әсері

Работа содержит 1 файл

elmira.doc

— 88.50 Кб (Скачать)
 
 

ЖОСПАР: 
 

  1. Атмосфераның ластануы тектес заттар
  2. Атмосфераны ластайтын қауіпті көздер
  3. Қышқыл жаңбырлардың түзілуі және оның әсері
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

         Атмосфераға шығарылатын заттардың түрлері. «Қышқыл жаңбыр түзілуінің себептері және оның салдары» 

     Атмосфераның ластануы тектес заттар— әр түрлі газдардың, қатты және сұйық заттардың немесе табиғи булар мен қалдықтардың ұсақ түйіршіктерінің ауаға қосылуы. Бұлардың ішінде газ атмосфераға шығарылатын ластағыштардың шамамен 90%-ін құрайды. Көп тараған атмосфера ластағыштарына күкіртті газ (SO2), азот оксидтері(NO2) , кеміртек оксидтері (иіс газы СО), хлорформальдегид (НСНО)фенол-бенз(а)пирен, шаң-тозаң жатады..               Адамның шаруашылық іс- әрекетінің салдарынан көшктхана эффектісі, озон қабатының бұзылуы, қышқыл жаңбыр, тұмша сияқты қолайсыз құбылыстар тудыратын метан, азот оксидтері, т.б. газдардыңмөлшері өсуде. Атмосфера мен жер бетінің арасында жылу, ылғал және химиялық элементтер тұрақты алмасып отырады. Атмосфера арқылы жердің ғарышпен заттектер айналымы іске асады. Атмосфера мен жер беті арасында жылу мен ылғалдың алмасуы тұрақты болады. Оттектен, көмірқышқыл газынан, азоттан басқа ластушы компоненттерін атмосферда көп мөлшерде ьолуы биогеохимиялық циклдардың бұзылуына әкеп соғады. Атмосфера ластанған жағдацда жаңбыр суына онда еріген азот және күкріт  
Оксидтері, тұздар қосылып ерітінді түзеді де « қышқыл жаңбыр» немесе « тұзды жаңбыр» жауады, тұмща да орын алады.                                                                                                                                      Өнсркәсіпте және көлікте отын жанған кезде түзілетін азот оксидтері  
( N2O. NO. NO2)   АТМОСФЕРАНЫ ЛАСТАЙТЫН ҚАУІПТІ КӨЗДЕРДІҢ БІРІ.  Күн сәулесінің  әсерінен олар күрделі химиялық реакцияға қатысып, нәтежиесінде уытты фотооксидантты (озон, азот қышқылы) түзілуіне үлес косады. Атмосферада азот оксидтерінің фотооксиданттардың концентрациасы жоғары болған кезде адам улануы мүмкін. Соның салдарынан өкпесі ісінеді, сілемейлі қабығында жара пайда болады, басы ауырады, ұйқсы қашады. Құрамында азоты бар  зиянды шығындылардың мөлшерін іштен қанатын қозғалтқыштар шығаратын газды жағу үшін каклизатор қолданып, ал өнеркәсіпкәсіпорындардың түтін шығаратын құбырларында азоатсыздандыратын қондырғыларды орнату арқылы азайтуға болады. 
          Ауадағы зиянды заттектердің мөлшері олардың турбулентті ағыспен шашырауына, жауын-шашынға немесе гравитациялык күш арқылы төмен түсуіне байланысты. Атмосфераның ластануы мен негізгі биогенді элементтер айналымы арасында анық байланыс бар.

      Қалаларда атмосфералық ауаның күкірт пен азот тотықтарымен жедел ластануы қышқылды жаңбырлардығ көбеюінен әкеліп соқты. Қышқылды жаңбырлар ауада топырақ пен шөптерге шөккен бір қатар металдардың ерігіштігін арттырады және олардың улы (жылжымалы) түрлерінің пайда болуына ықпал жасайды. Олардың су қоймаларына, өсімдіктерге, адам және жануарлар организіміне судағы тіршілік организдеріне (Бентос) енуін жылдамдатады. Қышқылды су қоймаларындағы балықты тағамды пайдалануға болмайды, өйткені балықтар организімінде металдар көп мөлшерде жинақталады.  «ҚЫШҚЫЛ ЖАҢБЫРЛАРДЫҢ ТҮЗІЛУІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘСЕРІ» деген тақырыпта жаңбыр суы ең таза сулардың бірі болуы керек, бірақ олай емес.Атмосфера   құрамына еңген өндіріс қалдықтары күкірт диоксиді және азот оксидтері ондағы ылғалмен әрекеттесіп күкірт және азот қышқылдарын түзеді.Соның әсерінен жерге жауатын жаңбыр мен қар қышқылданады.Әдетте рН  5,6 кем болса жауын- шашын «қышқыл жаңбыр» деп аталады.Күкірт және азот оксидтері металургия өндірісінде және көмір, мұнай мен әр түрлі газдар жиналған кезде түзіліп атмосфера құрамына енеді, күкірт оксиді жылу электр станциясынан бөлінсе ,азот оксиді  автомобиль көлігінде жанармай жанаған кезде түзіледі.Ғалымдардың зерттеуіне  сүйенсек бір тонна отын жанғанда , жылу электр станциясында орта есеппен 150кг, ал автомобиль моторында 1кг бензин жанғанда , 270 г ластағыш заттар бөлінеді. Көмірді және мұнайды жаққан кезде түзілетін күкірт диоксиді газы атмосферада  күкірт триоксидіне дейін тотығады.Түзілген оксид ауадағы су буымен әрекеттесіп , күкірт қышқылын түзеді.                                        

2SO→ 2SO3                                            

SO2О→ НSO4

Күкірт қышқылы ауа құрамында аэрозоль және майда тамшы түрінде болады. 

Азот оксиді де ауадағы ылғалмен әрекеттесіп,азот қышқылына айналады.                                         

2 NO + O→2 NO2                                         

                4 NO+ 2 Н2О+О→ 4 Н NO3

Қышқыл жаңбырлар топырақ құрамына еніп,өсімдіктердің өсіп-жетілуіне қорекболатын қажетті заттармен бірге улы ауыр және жеңіл металдардың еруіне  мүм-кіндік туғызады. Өз кезегінде улы заттар келеңсіз жағдайларға алып келеді.  Мысалы, аздап қышқылданған судағы алюминий мөлшерінің 0,2 мг/л балықтарүшін өте қауіпті, сонымен қатар ағаштардың өсуін тежейді.Қышқыл жаңбыр әсерінен ормандардың құрғақшылыққа және ауруға төзімділігі нашарлайды.Ал орман – табиғат санитары.Барлық тірі ағзаның тыныс алуына қажетті оттегінің  мөлшеріне де әсер ететіні белгілі. Жаңбыр тамшыларында еріген күкірт қышқылы атмосферада тұман түзіп, адамдардың аллергия және басқа аурулармен науқастануына әкеледі. Қышқыл жаңбырларды болдырмаудың негізгі тәсілі техникалық  қондырғыларды қолдану арқылы  күкірт және азот оксидтерін атмосфераға жібермеу.   

      Бақылау сұрақтары:

1.Атмосфераны  ластайтын негізгі көздерді ата?

2.Қышқыл жаңбырлардың түзілуін түсіндір? 
 

ЖОСПАР: 
 

1.Суды  тазалаудың әдістері

2.Суды  физика – химиялық  тазалау

3.Механикалық тазалау 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Судың сапасын нормалау және зиянды заттардың  түрлері. Суды тазалаудың тәсілдері 

     Суды  тазалаудың биохимиялық әдістері- кейбір микроорганизмдердің дамуы үшін ақаба сулардағы коллоидты және еріген органикалық заттарды пайдалану қасиетіне негізделген әдістер. Су минералды және ерімеген органикалық заттардан тазаланған соң қолданылады. Бүл әдістер суды органикалық ластаушылардан толық дерлік тазартады.Биохимиялық тазалауды табиғи жағдайда суармалы егінжайларда, сорғыту аландарында немесе биологиялық тоғандарда, әуіттерде, сонымен қатар жасанды жағдайда да, биологиялық сорғыларда және аэротенкттерде жүргізіледі.

     Суды  тазалаудың химиялық және физикалық-химиялық тәсілдері — коллоидтық және ерітінді заттармен ластанған өнеркәсіптік ақаба суларды тазалау үшін қолданылатын тәсілдер. Бүл үшін ластану сипатына сәйкес суға арнайы реагенттер қосылады, су қабатынан бу немесе ауа өткізіледі, электролиз және ион алмастырғыш материалдар колданылады.

    Суларды тазалау –  суларды зиянды заттардан тазалау және жойып өңдейді. Ластану тазартылған ағын суларды күрделі өндіріске жіберіледі. Онда басқа өндіріс сияқты шикізат (ағын су) және дайын өнім (тазартылған су) бар. Ағын суларды тазалау әдістерін механикалық, химиялық, физико-химиялық және биологиялық деп бөледі. Олардың барлығы бірдей қолданылса онда ағын суларды тазалау және залалсыздандыру комбинирленген деп аталады. Осы немесе басқа әдістерді қолдану нақты жағдайда ластану сипатымен және қоспалардың зияндылығының дәрежесімен анықталады. 

    1. Су тазалаудың механикалық  әдісі: сорып тастау және тұндыру ағын суларды гидроциклонда тазалау, сүзгілеу, микросүзгілеу.

    Өндірістік  ағын суларды тазалауда судан  минералды және органикалық қоспаларды шығару үшін механикалық тазалау  қолданылады. Механикалқ тазалаудың қолданылуы өндірістік ағын суларды дайындауда.

    Механикалық тазалау жаңа станцияларында торда  өткізуден, құм аулаудан, сорып тастаудан  және сүзгілеуден тұрады. Бұл қондырғылардың түрлері және өлшемдері негізінен  өндірістік ағын судың құрамына, қасиетіне және шығынына байланысты. 

    Механикалық тазалау алдын ала өндірістік ағын суларды тазалаудың бірінші  сатысы болып табылады. Ол осы сулардан 90-95%-тен 20 мг/л тартылған заттарды алуға мүмкіндік береді. 

    Биологиялық әдіс - лас судың құрамындағы органикалық және коллоидты қоспаларды тазарту үшін қолданылады.

    Лас суды биологиялық тазалау әдісінің екі түрі бар: табиғи және жасанды.

    Табиғи  биологиялық әдістің құрамында  қолданылатын ғимараттар: сүзу алаңдары, суландыру алаңдары, биологиялық  тоғандар, циркуляциясы бар тотықтырғыш каналдар. Жасанды биологиялық әдістердің құрамында қолданылатын ғимараттар: аэротанктер және биофильтрлер, олардың әртүрлі моделдері.

Су айдындарының ластануын былайша топтайды:

  • биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар;
  • химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер;
  • физикалық ластану: жылу-қызу, электр-магнитті өріс, радиоактивті заттар.

Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі  бақылауға алынып отырады. Судың  құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін.

Дүниежүзілік  денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін  ұсынған.

Су бассейнінің  ластануының негізгі себептері - тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері:

  • тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар;
  • өнеркәсіп орындары;
  • ауыл шаруашылығын химияландыру:
  • халық шаруашылығының басқа да салалары.

Ағын  суларға құйылатын лас сулар  да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді.    
 
 
 

  
 

Бақылау сұрақтары: 

1.Ағын  суға құйылатын лас сулар қандай  топтарға жіктеледі?

2.Биохимиялық  тазалау әдістерін түсіндір? 
 
 
 
 
 
 
 
 

ЖОСПАР: 

  1. Топырақты ластатйын компоненттер
  2. Топырақтың физикалық ластануы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Топырақтың  сапасын нормалау және зиянды заттардың түрлері. Суды тазалаудың тәсілдері 

Топырақтың ластануына байланысты қазіргі уақытта құрлықтың жартысына жуығын антропогендік ландшафт алып жатыр. Ғалымдардың арасында тараған пікір бойынша дүниежүзіндегі шөлдердің барлығының шығу тегі де анторпогендік. Анторпогендік шөлдің аумағы жылдан-жылға үнемі ұлғаюда, оның көлемі қазіргі шақта 10 млн км2 – ден асып отыр. Бұл бүкіл құрлықтың 7%-ын құрайды. 
Топырақты ластайтын компоненттерге қарай топырақтың ластануының түрлері: физикалық, химиялық және биологиялық. 
Физикалық ластану – радиактивті заттармен байланысты. Мысалы, уран рудаларын ашық әдіспен алғанда, жер қыртысында активтілігі жоғары сәуленетін сұйық және қатты қалдықтар алады.  
Биологиялық ластану – ауру тудыратын және де басқа жағымсыз жағдайға итеретінмикроорганизмдердің қоршаған ортада болуы. Мысалы, ластанбаған топырақта дизентерия, сүзек және тағы басқа да ауру қоздырғыштары 2-3 тәулік бойы сақталса, ластанғыштармен әлсіреген қоздырғыштар бірнеше ай мен жылдарға дейін сақталып, едәуір аймаққа таралады. 
Топырақты ластайтын көздерге өнеркәсіпті кәсіпорындардың шығарымдары, көлік, ауылшаруашылығында қолданылатын шапжойғыштар мен минералды тыңйтқыштар, қалдықтар, жылу энергетика кешендері, атмосфералық жауын-шашын апатты жағдайда тасталатын шығарындылар әскери өндірістік кешендері жатады. 
Түсті металл кендерін алу, байыту және таза металдар алу процестерінен шыққан өнімдерден және қалдықтармен топырақ көп ластанады. Ауыр металдардан топырақтың ластануының зардабы тұрақты болып келеді. Түсті металлургия кәсіпорындарының маңындағы топырақта қорғасын мен ауыр металдардың мөлшері нормадан 10-20 есе алып отырған жерлері белгілі. 
Ауыл шаруашылығында улы химикаттар көп қолданылатын және өндірісі дамыған аймақтарда улы заттектер ана сүтінде қанның құрамында болатыны байқалған. Топырақ көптеген аурулардың (ботулизм, күйдіргі, дизентерия, аскоридоз және т.б. ) қоздырғыштарын сатайтын ортаға жатады.  
 Соңғы он жылдың ішінде өте қауіпті ластағыштар қатарына мұнай және газ скважиналарын бұрғылағанда, флотация кезінде, жуғыш заттектердің, лактар мен бояулардың, пестицидтердің, тамақ өнімдерінің т.б. құрамына кіреті, өндірістерде кеңінен қолданылып келе жатқан беттік активті заттар құйылып келеді. Олар суқоймаларға түскенде көбіктенеді, орта қасиетін күшті өзгертіп, тіршілік процестеріне теріс әсерін тигізеді. Кейбір беттік активті заттардың судағы мөлшері 1мг/лден жоғары болса, балықтардың жансыздануы байқалады. Пестицидтер сияқты бұларды химиялық және биологиялық тазалау әдістерімен ыдырату өте қиынға түседі.  
Суда ерімейтін кейбір пестицидтер мұнай өңдейтін өндіріс қалдықтарында ерігіш келеді, еру нәтижесінде бір түрден екінші түрге айналады. Осының нәтижесінде олар бірте-бірте су түбіне шөгудің орнына тұщы су көздерінің не теңіздердің бетіне жиналады. Сонан соң оларды балықтар, ал балықтарды құстар жем етеді. Сөйтіп біртіндеп көптеген жануарлар әлемінің өкілдері уланады. Егерде су қоймалары қазіргі қарқынмен пестицидтермен және т.б. ластағыштармен ластана берсе, басқа да суда сүзгіш құстар жойылады, ең бастысы адамдар үшін өте қауіпті жағдайлар туады.   

Информация о работе Оборудование фонтанных скважин