Батыс Қазақстандағы Су ресурстарына мониторинг

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 17:51, лекция

Описание работы

Су тірі организімдердің тіршілік жасауында ең маңызды рольдердің бірін
атқарады. Су мен минералдық тұздардың қатысуындағы организімдегі
тіршілікке қажетті процестер іске асады. Бұл биохимиялық реакциялар жүретін
негізгі орта. Организімге қажетті заттар, негізінен су ерітіндісі түрінде
циркуляцияланып, тасымалданып тұрады.

Работа содержит 1 файл

Махамбетова Р.К. batys Kazakhstannyn su resurystaryna monitoring zhurgizu+.pdf

— 666.69 Кб (Скачать)
Page 1
1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК
ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ИНСТИТУТЫ
МАХАМБЕТОВА Р.К.
БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СУ РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ.
ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
АҚТАУ Қ. 2011Ж

Page 2

2
ӘОЖ 614.78
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Махамбетова Р.К. «Батыс Қазақстандағы су
ресурстарына мониторинг» - Қоршаған ортаны қорғау пәнінен оқу-әдістемелік
нұсқау – КМТжИУ, 2011- 35 бет.
Пікір жазғандар: к.п.н. Мамаева Ж.Ж.
Маңғыстау ӛңірінде су тапшылығының ӛзектілігіне байланысты су
ресурстарына мониторинг жасау қазіргі үлкен мәселелердің бірі. Сондықтан
экология мамандығында оқитын студенттер мен қоршаған орта туралы кеңірек
білім алушыларға батыс Қазақстандағы су кӛздеріне, су пайдаланушылардың
жұмыстарына мониторинг жасаудың маңыздылығы зор.
Ш.Есенов
атындағы Каспий мемлекеттік
технологиялар және
инжиниринг университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің шешімі бойынша
баспаға ұсынылған.
© Ш.Есенов атындағы КМТжИУ, 2011

Page 3

3
Кіріспе
Су тірі организімдердің тіршілік жасауында ең маңызды рольдердің бірін
атқарады. Су мен минералдық тұздардың қатысуындағы организімдегі
тіршілікке қажетті процестер іске асады. Бұл биохимиялық реакциялар жүретін
негізгі орта. Организімге қажетті заттар, негізінен су ерітіндісі түрінде
циркуляцияланып, тасымалданып тұрады. Су құрамындағы минералдық
заттардың иондары, қанның активті реакциясын сақтап тұруға және ондағы
қышқылдар мен негіздердің тиісті қатынасының сақталуына мүмкіншілік
туғызады; су мен тұздардың қатысуында организімде деффузия, осмос және
түрлі тамақ ӛнімдерінің сіңуі жүреді. Зат алмасудың организімге қажеті жоқ
ыдырау ӛнімдері де сыртқа негізінен суда еріген күйінде шығарылады. Ыстық
бӛлмелерде немесе далада жұмыс істегенде тер шығып, су буланып және
энергия жұмсалып, осының негізінде дене температурасы реттеледі.
Ӛсімдік және жануар организімдері ткандарының негізгі массасы су
құрайды, оның салыстырмалы мӛлшері – 50-80% , ал кейбіреу түрлерінде бұдан
да жоғары болады. Мысалы медузаның массасының -85% су, ал кӛптеген
молускаларда (жұмсақ денелі омыртқасыз жәндіктер)-92% дейін жетеді.
Су, азық-түлікке жатпайды, энергия кӛзі де емес. Соған қарамастан
ересек адамның денесінің 65% судан тұрады. Балаларда бұл мӛлшер 80% ке
жетеді. Адам денесіндегі ең қатты нәрсе сүйек болса, оның құрамында да 22%
су бар, ал қан плазмасында 90-92%, етте 76%, адам миында 89%,3 айлық іштегі
нәрестеде 95%, ал 5 айлығында 86%, жаңа туылған балада 70% су болады екен.
Осы
айтылғандар
судың
организімінде
қаншалықты
роль
атқаратындығын кӛрсетеді. Егер организімде су жетпесе, онда оның негізгі
органдары қалыпты жұмыс істей алмай, қызметі бұзылады да, ақырында
организімдер ӛлімге душар болады. Салмағы 65кг адамның организімінде 40л
су болады екен, оның 25л клетка ішінде, ал 15л организімнің клеткадан тыс
сұйықтарында. Клетка құрамындағы 25л судың 95% су түрінде. Кейбір
есептерге қарағанда, адам ӛз ӛмірінде 25 тонна шамасында суды сіңіруі керек.
Тағы да мысал келтіретін болсақ, адам су болмаса 2-3 күн ішінде ӛледі.
Ал егер сол адамға су беріп, бірақ тамақ бермесе, адам 40-45 күнге дейін
шыдайды. Су ғана беріліп ашықтырылан организм ӛз салмағының 40%
жуығын жоғалтады, бірақ тіршілік ете береді. Ал сусыз тіршілік еткен
организім дене салмағының 20-22% ғана жоғалтса ӛтеді.
Организімде су алмасып тұрады. Бір жақтан судың организімге қажеттілігі
есепке алынса, екінші жағынан оның сыртқы шығатын мӛлшерін есептеліп,
олардың бір-біріне қатынасы анықталады.
Денеде химиялық таза су болмайды, ол минералдық заттар еріген күйде
немесе колойдты байланысты болады.
Су электрополярлы, сондықтан кӛптеген тұз кристалдарын және полярлы
қосылыстарды (қант, жәй спирттер, альдегидтер кетондар) басқа сұйықтарға
қарағанда жақсы ерітеді.
Организмде судың үш түрі кездеседі; ӛзінде органикалық емес
қосылыстарды ерітетін клетканын сыртындағы және ішіндегі сұйықтармен

Page 4

4
байланыспаған су; коллойдтар құрамындағы және оның ісінуіне қажетті
байланысқан су, молекулалардың ішіндегі констетуциялық су, бұл-белок, май,
кӛмірсутектер тотыққанда сулардың құрамынан босайтын су.
Организімде, су бірде кӛбейіп, бірде азайып отырады. Соған қарамастан
қанның осмостық қысымы әр уақытта тұрақты болады. Ӛйткені дене
клеткаларындағы
су мен сұйықтарының арасындағы су мӛлшері, үнемі
реттеліп, ауысып отырады. Егер адам кӛп су ішсе, ол қанға ӛтіп қан қысымын
жоғарлатып жіберуі керек еді, бірақ іс жүзінде олай болмайды, яғни қан
қысымы ӛз қалпында сақталады. Ӛйткені судың ортақ мӛлшері, қанның тері
астындағы клетчатканың дәнекер ткандеріне ӛтеді. Оған қалғаны бүйрек
пентері арқылы сыртқа шығарылады. Керісінше денеден сыртқа кӛп су бӛлінсе,
осы су мен тұздардың депосының есебінен, организімінде айналып жүретін
судың мӛлшері тағыда қалыпты дәрижесіне келеді.
Ересек адамның организіміне тәулігіне 2-3 литр су керек. Мұның 1,0-1,5л
су ішкенде, ал 1 литр су тамақпен бірге организімге енеді; 0,3-0,35л су денедегі
органикалық заттардың химиялық ӛзгеріске ұшырау негізінде түзіледі. Толық
тотыққан 100г майдан 107 мл су осы мӛлшердегі крахмалдан 55 мл, блоктан
41мл су пайда болады.
Организімнің суға қажеттілігі, қоршаған ортаның температурасына,
тамақтың сипатына тамақтағы тұздың аз кӛптігіне байланысты ӛзгеріп
отырады. Организімнен суды сыртқа шығаратын негізгі органдар –бүйрек, тер
бездері, ӛкпе, ішек. Бүйрек арқылы тәулігіне 1,0-1,5 несеп құрамымен бірге
сыртқа шығады, ал тер бездері арқылы 0,5-1,0 л су ӛкпе арқылы- 0,35, несеппен
бірге 0,15 л су организімнен шығарылады. Организімге кіретін су мӛлшарі
арасында су балансы сақталуы керек. Сондықтан шығарылатын судың
шамасына қарай организімге кіретін су шамасы да ӛзгеріп отырады. Қара
жұмыс істегенде тыныс алудың жиілеуі нәтижесінде ӛкпе арқылы бӛлінетін су
мӛлшері кӛбейеді. Ыстық цехтарда жұмыс істегенде тері арқылы бӛлінетін су
мӛлшері 6-10 л дейін жетеді. Бұл кезде адам шӛлдегендіктен кӛп су ішуді қажет
етеді. Шӛлдеудің себебі денеден кӛп су бӛлінгенде тканьдердегі осмос қысымы
жоғарылайды. Осмос қысымы ӛз қалпына келу үшін, организімге белгілі
мӛлшерде су енгізу керек. Міне, сондықтан адам немесе жануарлар,
шӛлдегенде су іздеуге мәжбүр болады.
Шӛлдегенде организімде
су балансын сақтауға бағытталған біраз
ӛзгерістер байқалады. Тері және бүйрек арқылы, судың сыртқа шығуы азайып,
адамның ауызы кебеді.
Барлық адамдардың денесінің температурасы 36,6 °С болып тұрады. Ал
қатты науқастанып қалған кездің ӛзінде, 35°С тӛмен және 42°С жоғары
кӛтерілмейді. Мысалы, Орталық Қазақстанда жаздың ыстық күндерінде ауаның
температурасы 40°С жоғары, ал қыстың қақыраған суық күндерінде «минус»
40°С тӛмен болады. Қоршаған ортаның температурасының 80°С кӛп мӛлшерде
ауытқып тұруына қарамастан, адамдардың дене температурасы бір қалыпты
болып тұрады. Табиғаттың осы ғажайып құбылысты түсіндіру қиын, бірақ

Page 5

5
бұны адам денесіндегі кӛп мӛлшерде болатын судың арқасында деп түсінуге
болады.
Кейбір ғылыми деректерге қарасақ, түйенің ӛркешінің құрамындағы май,
тотығу нәтижесінде 40 л дейін суға айналады. Сӛйтіп тірі организімдегі майдың
тотығу негізінде кӛмірқышқыл газы және су (СО2+Н2О) түзе ыдырауы,
жануарлар әлемінде
кең
тараған.
Осылай пайда
болған суды
«метабалистикалық су» деп атап жүр. Бұндай процестердің түйенің ӛркешіндей
құйрықты қойлардың құйрығында суыр тышқандарының терісінің астындағы
майларда жүретіндігі айқындалған.
Егер салыстыра қарастыратын болсақ, әдетте ӛсімдіктің жапырақтары
арқылы ӛте кӛп су сыртқа бӛлінеді. Ӛсімдіктердің 1г тканьы ттүзілу үшін, 400г
су буланады. Ӛсімдіктің тамыр арқылы келген 1кг судың 1г ғана
(1/1000
бӛлігі) ткань құруға қолданылады, ал қалған 99% булануға кетеді. Бұл ӛте
құрғақ климатта, ал ылғалды климатта, тамыр арқылы келген ылғалдың 97%
шамасы буланады екен.
Ӛте қызықты нәрсе, теректің тамыр жүйесі ылғалды 2-3 м тереңдіктен
алады, ал қара сексеуіл
8 метірден. Биіктігі 152 м жететін, ал негізгі
жуандығы 8м эвкалипт ағашын сумен қамтамасыз ету үшін қанша су керек
десеңізші. Осындай биіктікке су кӛтеріп ылғалмен қамтамасыз ету, ӛте кӛп
энергия қажет ететін сору насостың жұмысымен бара бар.
Жоғарыда кӛрсетілген мәліметтерден, планетамыздағы организімдердің
тіршіліктері үшін оның ішінде адамның ӛмірі және денсаулығы үшін судың
қаншалықты маңызды екендігін түсіну қиын емес. Сол себептен адам
қоғамында судың орны ерекше, сондықтан планетамыздағы су, халықтың
негізгі байлығы деп түсінуіміз керек.
Жерде су пайда бола бастағаннан, онда ӛмір сүру мүмкіншілігі туды. Сол
сулы ортада тірі органикалық заттар ӛмірге келеді. Судың адам ӛміріндегі және
табиғаттағы шексіз орны, бұл қосылысқа ғаламдардың үлкен назарын аударуда.
Бірақ судың барлық қасиеттері бүгінге дейін зерттеліп біткен емес.
Қазіргі күні оның құрлысы және де басқа қасиеттер туралы
бетінің 71% (3/4) бӛлігін су қаптап тұр, оның мӛлшері 1500 млн. км3
шамасында. Кейінгі мәліметтер бойынша:
Мұхит пен теңіздерде 1350 млн. км3 құрамында 3г/л шамасында тұз
бар.
Полярлы мұздарда 30-50 млн.км3 бұл ішуге ішуге жарамы сулар , бірақ
оларды пайдалану ӛте қиын.
ӛзен мен кӛлдерде 0,4 млн. км3 тұщы және кеңінен қолдануға жарайды.
Жер асты, немесе минералданған, 800м дейінгі тереңдіктегі сулар 4
млн.км3 және 1600 тереңдікке дейінгі 4млн.км3.
Жер бетінде осынша кӛп су болғаны мен, қазақтың суды қастерлейтінін
«судың да сұрауы бар» деген мақалынан ақ байқауға болады. Бұны қазақтың
судың қадірін білгені деп түсіну керек. Сондықтан кӛптеген соғыстар суы бар
жерге ие болу үшін жүргізілген,

Page 6

6
Бұдан басқа су балшық, иісі және т.б. тау жыныстары және минералдың
құрамына кіреді, барлық ӛсімдік, және жануарлар организімдерінің құрамында
болып, кейбір жағдайда олардың салмағының 99% құрайды.
Осылармен қатар су, су буы және бұлт бӛлшектері түрінде атмосфера
құрамында болады, кейбір мәліметтер бойынша онда он мың миллиард тонна
су бар, бұл жер шарындағы барлық судың 0,001% бар.
Еліміздегі табиғи байлықтарды ӛндіріске қатыстыруға, ӛнеркәсіп
орындарын қарқынды дамытуға бірнеше факторлар әсер етеді. Олар шешуші
құрал есебінде табиғи ресурстарға қоғам қажеттілігін және табиғат
мүмкіндігінің тапшылығындағы қарама - қарсылықты шешеді.
Бүгінгі таңда әлемде 1 млрд. жуық адам таза ауыз судың жетіспеушілігін
сезінеді, 2,5 млрд. адамға санитарлы мақсаттар үшін су қоры жетіспейді, 900
млн. адам ауыз суға қол жеткізе алмайды, 1 мен 5 жас аралығындағы балалар
ӛлімі 50% құрайды (ЮНЕСКО-ның мәліметтері). Сонымен қатар, ЮНЕСКО-
ның болжамы бойынша, таяуда Жер тұрғындарының 47% су жетіспеушілігінен
тапшылық кӛреді. Қазақстанда басқа мемлекеттерден су тәуелділігінен ауыз
сумен қамтамасыз ету мәселесі бойынша қауіпті жағдай орын алды. Сондай-ақ,
Батыс Қазақстандағы бір қатар қалалар мен ауылдар пайдалынатын ресей суы
1986-1987 жылдары соғылған жасанды су тартқыш құбыры арқылы жеткізіледі.
Ресейде ӛткен жылдан бері ӛте жоғары - европалық бағамен -суды сату туралы
айта бастады, әсіресе Қазақстанға. Яғни бұл мәселе Қазақстанда үлкен
әлеументтік проблема деңгейіне ие болуы мүмкін.
Геологиясы және кен байлықтары. Жер қыртысы бор кезеңінің мергелінен,
палеогеннің құмтастарынан, әктастарынан түзілген. Олардың бетін Каспий
ойпатының тӛрттік кезең шӛгінділері жапқан. Ӛзен аңғары аллювий
шӛгінділерінен құралған. Облыс жерінде тұз күмбездерінен құралған ірі
тектоник. құрылымдар (Сантас, Сасай, т.б.) кӛп. Облыстың жер қойнауы
мұнайға, әсіресе, газға (газ-конденсат) мейлінше бай. Мұнда Қазақстандағы
зерттелген газ-конденсаты қорының 90%-тен астамы шоғырланған
(Қарашығанақ газ конденсаты кен орны). Одан басқа облыс аумағында жанғыш
тақтатас (Чернозатон, Тоғай, Новошаново), калий, магний тұздары (Шалқар
кӛлі), цементтік шикізат (Ақсуат, Шаново), керамзиттік саз (Тұйықсай,
Погодаев), т.б. құрылыс материалдары кен орындары бар.
Батыс Қазақстан облыстағы ӛзендер Каспий теңізі алабында жатыр.
Ұзындығы 100 км-ден асатын 14 ӛзен бар. Басты су артериясы — Жайық ӛзені
солтүстік-шығыстан оңтүстіке қарай ағады. Оның облыс жеріндегі ұзындығы
500 км-дей. Жайыққа облыс аумағында Емболат, Шаған, Дерқұл, Елек,
Шыңғырлау, Барбастау ӛзендері құяды. Облыстың шығыс жағындағы шағын
Ӛлеңті, Қалдығайты, Жақсыбай ӛзендері Орал үстіртінен басталып құмға сіңіп
жоғалады. Ӛзендері қарашаның 2-жартысында қатып, сәуірдің 1-жартысында
мұзы ериді. Б. Қ. онда 140-тан астам кӛл бар. Оның 9-ның су айдыны 10 км
2
-ден
асады. Суы тұщы маңызды кӛлдері: Қамысты Самар, Итмұрынкӛл, Сұлукӛл; ірі
тұзды кӛлдері: Шалқар, Аралсор, Жалтыр, Жалтыркӛл, Боткӛл, т.б. Жер
бетіндегі ағынды суды реттеу үшін облыс аумағында бірнеше бӛгендер

Page 7

7
салынған. Олар негізінен Кӛшім суландыру жүйесінде және Қараӛзен
(Үлкенӛзен) бойында (Бітік, Дӛңгелек, Киров, Пятимар, Сарышаған, Айдархан)
орналасқан.
Мониторинг туралы жалпы түсінік
Экологиялық мониторинг-табиғи құбылыстардың және антропогендік іс-
әрекеттердің әсерінен қоршаған орта жағдайының ӛзгеруін, бақылау, бағалау,
тексеру және болжау жүйелері.
“Мониторинг” деген термин “монитор”-сақтандырушы, қадағалаушы
деген латын сӛзінен алынған. Бұл термин БҰҰ-ның қоршаған орта жӛніндегі
Стокгольм конференциясының алдында (1972 жылы маусымда) ―бақылау‖
ұғымын толықтыру ретінде пайда болды. Табиғи және антропогендік
әсерлердің ерекшеліктері жеткілікті.
Биосфера және оның жеке бӛліктерінің, элементтерінің жағдайының
антропогенді әсерден болатын ӛзгерістерін болжау,бағалау мен бақылаудың
комплексті жүйесі. мониторингте биосфераның жағдайы геофизикалық,
физико-географиялық, геохимиялық және биологиялық кӛрсеткіштері бойынша
сипатталады.
Мысалы,
биологиялық мониторинг
қоршаған
ортаның
функционалдық (уақыт бірлігіндегі биомасса ӛсімі, ӛсімдіктер мен
жануарлардың әртүрлі заттарды сіңіру жылдамдығы бойынша) және
құрылымдық (түрлердің саны мен құрамы, жалпы биомасса және т.б.)
биологиялық белгілері бойынша жүргізілуі мүмкін.
Мониторинг қызметінде дистанционды және автоматтық бақылау
әдістерінің ролі артып келеді (ӛте алыс, қиын жететін жерлерден мәліметтер,
радио, спутник және т.б. арқылы білдіреді). Мониторинг жүйесі ақпараттық
болып табылады, оның міндетіне қоршаған табиғи ортаның сапасын басқару
кірмейді. Экологиялық мониторинг – ХХғасырдың 80-ші жылдарында ғылым
ретінде
Ю.А.Израэль негізгі ұғымды енгізді. Қоршаған орта жағдайын
бағдарлап, және бағалау, кешенді бақылау есептерін шығаруға арналған
кӛптеген қызметтегі біріктіретін Мемлекеттік экологиялық мониторинг жүйесі
Қазақстан Республикасында 1994 жылы құрылды.
Экологиялық мониторингте қоршаған ортаның мемлекеттік басқару
жұмыстарын жүргізеді. Бұрын бұл жұмысты ауа райын болжау, ауыл
шаруашылығындағы министрлігі, ӛндіріс орындары, ғылыми зерттеу
институттары жүргізіп келген, ол тікелей экологиялық мекеменің міндеті емес
еді. Олар әр түрлі әдістермен, әдетте ескі құрал-жабдықтарын жүргізіліп келеді.
Оны құрудағы мақсат – орындаушы органдар мен халықты объективті
экологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету.
Біртұтас қоршаған орта объектілерінің жағдайының біртұтас мемлекеттік
мониторингін жасау қажет. Бұл жұмыстың бірінші кезеңінде орындалатындары
– табиғат ресурстарының мемлекеттік кадастырын жүргізу, қоршаған ортаны
ластау кӛздері мен ластанған бӛліктерін, ӛнеркәсіптік және тұрмыстық
қалдықтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу.
Зиянды заттар, радиоактивті қалдықтарды кӛму және шайынды суларды
жіберудің мемлекеттік кадастрларын жасау бекітілген.

Page 8

8
Экологиялық мониторинг жүргізу үшін тӛмендегі кадастрлар тізімі
жасалған:
Атмосфераны ластаушы кӛздердің кадастры
Суды ластаушы кӛздердің кадастры
Шайынды сулардың (ағызу) жіберу кадастры
Техногенді ластанған учаскілердің кадастры (ӛндірістік типіне және
ластаушы заттардың түрлеріне байланысты)
Техногенді қалдықтардың кадастры
Радиоактивті қалдықтардың кадастры
Жоғары улы қалдықтардың кадастры
Зиянды заттардың кӛму кадастры
Тұрмыстық қалдықтарды кӛму кадастры
Зиянды элементтердің концентрациясы, жоғары табиғи геохимиялық
аномалиялар кадастры
Табиғи радиоактивті аномалиялар кадастры
Экологиялық қауіпті қызмет түрлерінің тізімі
Потенциалды қауіпті химиялық заттардың кадастры
Республиканың әкімшілік облыстары бойынша жалпы мемлекеттік
кадастры
Қазақстан республикасының біртұтас жиынтық мемлекеттік кадастры
Құрама экологиялық мониторингтің мақсаты жинақталып алынған
мәліметтерді негізге алып :
– адам тіршілік ететін ортаның және экожүйелердің жағдайын
сипаттайтын кӛрсеткіштер мен функционалдық бүтіндігінің сақталуына баға
беру, яғни экологиялық нормативтердің сақталуын бағалау;
– осы кӛрсеткіштердің ӛзгеруі себептерін анықтау және осы
ӛзгерістердің тигізетін зардабын бағалау, сонымен қатар тіршілік ортаға және
экожүйе жағдайына диагностика жасап, кӛрсеткіштерді түзетуге қажетті
шараларды белгілеу;
– зиян тигізілмей тұрып, қолайсыз жағдайлардың болмауын алдын-ала
ескертетін шараларды анықтап, солармен қамтамасыз ету.
– Қоршаған ортаның жер бетіндегі мониторинг жүйесін И.П.Герасимов
бірнеше ӛзіне тән мақсаттары мен қамсыздандыру базалары бар блоктарға
бӛлуге болатынын №1-ші кестеде келтірілген мәліметтер арқылы айқын
кӛрсетілген.

Page 9

9
№1-кесте
Приоритеттік ластағыш заттектерді топтастыру мен олардың
мөлшерін әртүрлі ортада өлшеу туралы мәліметтер.
Приор
итеттік
класы
Ластағыш заттектер
Орта
Өлшеу
бағдарламасыны
типі
1
2
3
4
I
Күкірт диоксиді және қалқыма
бӛлшектер Радионуклидтер (Sr-90,
Cs-197
Ауа
Тамақ
И, А, Б, Ғ
И, А
II
Озон
ДДТ және басқа
хлорорганикалық қосылыстар
Ауа
Биота, адам
И, Б
(стратосферада)
И, А
II
Кадмий және оның
қосылыстары
Тамақ, адам,
су
И
III
Нитраттар, нитриттер Азот
оксидтері
Ауыз
су,
тамақ,
Ауа
И
И
IV
Сынап және оның қосылыстары
Қорғасын
Кӛміртек диоксиді
Тамақ, ауа
Ауа, тамақ,
ауа
И, А
И
Б
V
Кӛміртек оксиді Мұнай
кӛмірсутектері
Ауа
Теңіз суы
И
А, Б
VI
Фторлы қосылыстары
Ауыз су
И
VII
Асбест
Мышьяк
Ауа
Ауыз су
И
И
VIII
Микротоксиндер
Микробиологиялық ластану
Реактивті кӛмірсутектер
Тамақ
Тамақ
Ауа
И, А
И, А
И
И – импактылық, А – аймақтық, Б – базалық, Ғ – ғаламдық.
Қоршаған ортаның құрама экологиялық мониторингі мынадай түрде
атқарылады:
бақылау объектісін белгілеу;
бақылауға белгіленген объектіні тексеру;
бақылау объектісіне информациялық модель құрастыру;
ӛлшеуді жоспарлау;

Page 10

10
бақылау объектісінің жағдайын бағалау және оның информациялық
моделін ұқсастыру;
бақылаудағы объектінің жағдайының ӛзгеруіне болжам жасау;
мәліметтерді қолдануға ыңғайлы түрде дайындап қолданушыларға
тапсыру;
Табиғи және антропогендік әсерлердің ерекшеліктері жеткілікті .
Антропогендік әсердің деңгейін шектеуші кӛрсеткіш болып экологиялық
шектеулі рауалы жүктеме саналады (ЭШРЖ) былайша айтқанда, бұл
экожүйенің тұрақтылығы шегінен аспайтын адамның шаруашылық қарекеті.
Бұл шектен асушылық экожүйенің тұрақтылығының бұзылуына және
ыдырауына апарып соғады. Барлық экологиялық жүктемелердің жердегі бүкіл
жиынтығы биосфераның шаруашылық сиымдылығы шегінен асып кеткенде
ғана қауіпті ахуал, экологиялық дағдарыс басталып, ол бүкіл биосфераның
азуына, қоршаған ортаның адамның денсаулығы мен оның шаруашылығының
тұрақтылығы үшін ауыр зардаптары болатындай болып ӛзгеруіне апарып
соғады.
Қазіргі уақытта бұл шектен асушылық орын алып отыр деп пайымдауға
барлық негіз бар, яғни жергілікті экологиялық шектеулі жүктемелердің
жиынтығы ғаламдық экологиялық шектеулі жүктеме шамасынан асып кетті.
Табиғи факторлардың әсерінен биосфера жағдайының үздіксіз ӛзгеруі
қайтадан әдетте бастапқы жағдайға оралып отырады. Мысалы ауа мен
топырақтың температурасының, қысымының, ылғалдылығының ӛзгеруі кейбір
тұрақты орташа шамалар шегінде ӛтеді. Не болса да дағдыдағыдай, табиғи
процестердің әсерінен аумақты экожүйелер ӛте баяу түрде ӛзгереді. Себебі
қоршаған ортаны ӛзгертетін сыртқы әсерді жоюға бағытталған экожүйенің
ӛзіне тән тұрақтылық қабілеті бар. Ғаламдық экожүйе қоршаған ортаның
тұрақтылығын антропогендік әсерлерге тӛтеп бере алатын жағдайға дейін, яғни
тұрақтылық шегінен шықпағанға дейін сақтай алады. Биота мен қоршаған орта
ӛздерінің тұрақтылығын кез-келген геологиялық кезеңдерде мыңдаған жылдар
бойы ӛзгеріссіз сақтап отырды.
Биосфераның абиоталық құрамының антропогендік ӛзгеруін және осы
ӛзгерістерге биоталардың жауабын, сонымен қатар, антропогендік әсердің
арқасында кезектегі экожүйелерде болатын ӛзгерістерді ӛлшеуге, бағалауға,
болжауға экологиялық мониторингтің информациялық жүйесі жасалады.
Антропогенді әсерлердің экологиялық мониторингінің негізгі міндеттері;
антропогендік әсер тигізетін кӛздерді бақылау;
антропогендік әсер факторларын бақылау;
антропогендік факторлардың әсерінен табиғи ортада жүретін процестерді
және оның жағдайының ӛзгеруін бақылау;
табиғи ортаның физикалық жағдайын бағалау;
антропогендік факторлар әсерінен табиғи ортада болатын ӛзгерістерді
болжау және болжамдалған табиғи ортаның жағдайын бағалау.
Мониторинг жүйесін топтастыру. Экологиялық мониторинг үш
сатыдан тұрады: жағдайды бақылау, бағалау және болатын ӛзгерістерді болжау.

Page 11

11
Мониторинг объектілеріне атмосфера, атмосфералық жауын-шашын,
құрғақ жердің беткі сулары, мұхит пен теңіздер, жер асты сулары, криосфера
(климаттық жүйені құрушылар) жатады.
Бақылау объектілері келесі түрге бӛлінеді: атмосфералық, ауалық,
гидросфералық (жиынтықты түрде гидрометеорологиялық), топырақтық,
климаттық мониторинг, сейсмикалық, ионосфералық, Күн, магнитометриялық,
биологиялық, ӛсімдіктер, жануарлар, тұрғындар, денсаулығының мониторингі
және т.с.
Мониторинг жүйесі факторларға, кӛздерге, және әсер ауқымына
байланысты да топтастырылады.
№1 –сурет
Мониторинг схемасы
Әсер факторларының мониторингі - әртүрлі химиялық ластағыштардың
(ингредиенттік мониторинг), түрлі-түрлі табиғи және физикалық факторлар
әсерлерінің (электр магнитті сәулену, күн радиациясы, шу, діріл) мониторингі.
Ластағыш көздердің мониторингі – нүктелі стационарлы кӛздер
(зауыттардың мұржалары), жылжымалы (кӛлік), кеңістік (қалалар, химиялық
заттектендірілетін егістік жерлер) кӛздер.
Әсер аумағына байланысты мониторинг кеңістік және уақытша
мониторингтерге бӛлінеді.
Мәліметтерді ортақтастыру сипаттамасына қарай мынадай мониторинг
жүйелерін құрайды:
ғаламдық (биосфералы) – халықаралық ынтымақтастық негізінде Жер
биосферасындағы әлемдік құбылыстар мен процестерді зерттеу арқылы назарға
ұстап , экстремалды қолайсыз жағдайлардың болуы туралы уақытылы ескерту
жасап отыру.
Бақылау
Нақты жағдайды
бағалау
Ортаның сапасын
реттеу
Жағдайды
болжау
Болжамдалған
жағдайды бағалау

Page 12

12
базалық (фондық) – жалпы биосфералық, табиғи құбылыстарды
бақылау.
ұлттық – бір мемлекеттің шегінде арнайы құрылған органдар арқылы
жүргізілетін мониторинг;
аймақтық – халық шаруашылығын қарқынды игеру барысында ірі-ірі
аудандардың кӛлемінде құбылыстар мен процестерді зерттеу арқылы бақылау;
жергілікті (локальды) – елді мекендерде, ӛнеркәсіп орталықтарында,
кәсіпорындарда қоршаған ортаның сапалық ӛзгеруінің бақылау жүргізу;
инпактылық – ерекше қауіпті зоналар мен жердегі аймақтық және
жергілікті антропогендік әсерлердің мониторингі.
Дүние жүзінің 140 елі қатысатын қоршаған орта мониторингінің ғаламдық
жүйесі 1970 ж. құрылған. Бұл жүйенің мақсаты:
– қоршаған ортаның жай-күйінің халықаралық мониторингі мен
бағалануын ӛткізуді үйлестіру және оған жәрдемдесу;
– мониторингтің жаңа станцияларын құруда кӛмек кӛрсету;
– атмосфера мен климаттық жай-күйі, қоршаған ортаның ластануы
туралы мәліметтерді жинау және тарату.
Ғаламдық жүйенің негізгі атқаратын міндетіне геоақпараттық жүйелердің
технологиялар негізінде жерді пайдалану, климат, әлеуметтік-экономикалық
даму жӛніндегі кӛптеген мәліметтерді біріктіру мен ақпаратты ресурстарды
басқару жӛнінде кеңестік қызмет кӛрсету жатады.
Ғаламдық мониторинг Жердің барлық табиғи жүйесінің қазіргі жағдайын
бағалауға мүмкіндік беріп отыр. Әлемнің әр аймағында бақылауды 40-қа жуық
құрлықтағы және 10-ның үстіндегі мұхиттың базалық станциялар жүргізеді.
Олардың кейбірі биосфералық құрықтарда орналасқан.
Локальды мониторингті жүзеге асыратындар тұрақты, жылжымалы
немесе шырақ астындағы тексеру орындары. Осындай жүйелер кӛбіне
Қазақстанның ірі қалаларында. Мысалы, Алматы қаласында атмосфералық
ауаның мониторингі 6-7 орында жүргізіледі.
Қазақстанда бірнеше ведомствалық мониторинг жүйелері қызмет
атқарады,
мысалы,
қоршаған
ортаның
ластануын
анықтайтын
гидрометеорологиялық торап, яғни гидрометеорология жӛніндегі мемлекеттік
комитет жүйесіне енетін барлық обсерваториялар, бекеттер, құрлыстағы,
кӛліктегі бақылау пунктері мен тұрақтар жиынтығы, жылжымалы және тұрақты
лабораториялар, инспекциялық қызмет орындары және басқалар.
Экологиялық мониторинг жүйесі арқылы алынған мәліметтер дұрыс
қолданылса, табиғатты тиімді пайдаланылатын жолдарды тауып, іске асыруға
болады. Қазіргі кезде Қазақстанда экомониторингтің бірлестірілген жүйесінің
жоқтығы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты әртүрлі басқару
органдардың қызметін біраз қиындатып отыр. Адам мен объектілерінің,
топырақтың, атмосфералық ауаның, жануарлар мен ӛсімдіктер әлемінің, т.б.
Бағытталған зерттеу жұмыстарының маңызы зор.
Мониторинг зерттеулерінің негізгі бағытына қоршаған орта сапасына баға
беру жатады. Қоршаған орта сапасы- адам организмінің физиологиялық

Page 13

13
қажеттілігіне табиғи жағдайдың сәйкестілігі. Ол ӛмір сүру ұзақтығымен,
денсаулық ӛлшемімен және белгіленген табиғи жағдайлармен шектеледі. Адам
кез-келген табиғи жағдайда ӛмір сүруге қабілетті. Ол табиғи жағдайларға тек
ғана физикалық жағынан ғана емес, сондай-ақ сол табиғат жағдайларына
ыңғайлы тұрмыстық заттектер кӛмегімен де бейімделеді.
Экологиялық мониторингтің бірлестірілген жүйесін ұйымдастырған кезде
оның құрамына кіргізуге қажетті негізгі элементтер мен тақырыптық
мәліметтер №2 - №3 суреттерде келтірілген.
Сонымен бірлестірілген экологиялық мониторингтің болуы экологиялық
ережелер мен нормаларды сақтауға бағытталған талаптарды күшейтумен қатар,
белгілі жүйелердің нақтылы қауіпсіздігіне аналитикалық болжам жасау арқылы
қорғау шаралары жүйесін іске асыруға және экологиялық қауіп-қатерлілікті
тӛмендетуге мүмкіндік туғызады.
Мониторинг түрлеріне сипаттама. Мониторинг жүйесін тәсілдерге
(физикалық- химиялық және биологиялық кӛрсеткіштердің мониторингі аралық
мониторингі) сүйене отырып топтастыруға да болады.
Химиялық мониторинг – атмосфераның, жауын-шашынның, жер беті
мен жер асты суларының, мұхит пен теңіз суларының, топырақтың, түпкі
тұнбалардың, ӛсімдіктердің, жануарлардың химиялық құрамдарын (табиғи
және антропогендік жолмен пайда болған) бақылайтын және химиялық
ластағыш заттардың таралуын тексеретін жүйе. Химиялық мониторингтің
негізгі ең басты міндеті қоршаған ортаның ӛте улы заттектермен нақтылы
ластану деңгейін анықтау. Тӛменгі 11.1-ші кестеде қоршаған ортаны ластайтын
кейбір зиянды компоненттер мен олардың мӛлшерін бақылайтын деңгейі
келтірілген.
Физикалық мониторинг – қоршаған ортаға физикалық процестер мен
құбылыстардың (су тасқыны, жанартау атылыстары, жердің сілкінуі,
құрғақшылық, топырақ эрозиясы және т.с.) тигізетін әсерін бақылау жүйесі.
Биологиялық мониторинг – биоиндикаторлар кӛмегімен жүргізілетін
мониторинг (яғни ортаның ӛзгеруін, ағзалардың күйі мен жүріс-тұрысына
қарап пішіп-кеседі).
Экобиохимиялық мониторинг – қоршаған ортаның екі құрам бӛлігін
(химиялық және биологиялық) бақылауға негізделген мониторинг.
Дистанциялық (аралық) мониторинг – зерттейтін объектілерді барлауға
және тәжірибелік мәліметтерді тіркеп жазып алуға арналған радиометриялық
қондырғылармен қамтылған ұшқыш аппараттар қолданылған авиациялық,
космостық мониторинг.Топтастыру принципіне қарай әртүрлі мониторинг
жүйелері бар.

Page 14

14
№2-кесте
Қоршаған ортаның жер бетіндегі мониторинг жүйесі.
Монито
ринг блогы
Мониторинг
объектісі
Сипатталатын
көрсеткіштер
Бекініс нүктесі мен қызмет
атқаратын орындар
Биологи
ялы
(санитарлық)
Жармен жанасқан
ауа қабаты Жер бетіндегі
және жер астындағы сулар
Ӛнеркәсіптік және
үй-жәй ағындылары мен
шығарындылары
Радиоактивті
сәулелену
Улы
заттектердің мӛлшері
Физикалық
және биологиялық
қоздырғыштар
Радиосәулелену
дәрежесі
Гидрометеорологиялық,
су шаруашылық ,
санитарлық
эпидемиологиялық
Геожүй
елік
(шаруашылық)
Жануарлар
мен
ӛсімдіктердің құрып бара
жатқан түрлері
Табиғи экожүйелер
Орман экожүйелері
Ӛсімдіктер мен
жануарлардыңпопуляц
иялық жағдайы
Табиғи
экожүйелердің
функционалдық
құрылымы және оның
бұзылуы
Ауылшаруашыл
ық
дақылдарының
ӛнімділігі
Кӛшет
ӛнімділігі
Биосфер
алық
(ғаламд
ық)
Атмосфера
(тропосфера) және
озон қалқасы
Гидросфера
Радиациялық
баланс,
жылумен
қатты
ысу,
газдық
құрамы және шаңдану
Үлкен ӛзендер,
су
қоймаларының
ластануы,
суаттар,
құрлықтағы және су
жиынтығындағы
айналым
Халықаралық биосфералық
станциялары
Биосфер
алық
(ғаламд
ық)
Ӛсімдіктер
мен
топырақ
жамылғылары,
жануарлар
Топырақтың,
ӛсімдіктер
жамылғыларының
және
жануарлардың
жағдайына ғаламдық
сипаттама.
Кӛмірқышқыл
газы,
оттектің
ғаламдық балансы.
Заттектердің
айналымы
Халықаралық биосфералық
станциялар
Олардың ішінде түрлі қажетке ең жарамды болып саналатын қоршаған
ортаның құрама (комплексті) экологиялық мониторингі.
Қоршаған ортаның құрама экологиялық мониторингі – бұл қоршаған
орта объектілерінің ластану деңгейіне баға беруге және адам мен басқа да тірі
ағзалардың денсаулығына зиян тигізетін ӛте қиын жағдайдың тууы туралы

Page 15

15
ескертуге арналған бақылаужүйесін ұйымдастыру. Ол жергілікті (локалды),
аймақты және фондық болып бӛлінеді.
Мониторингтің маңыздылығы. Атмосфералық ауаның шектен тыс
ластануы, ӛнеркәсібі дамыған аймақтарда ауыл шаруашылығы ӛндірістеріне
жарамды жерлердің ауқымды бӛлігін тау қоқыстар, құрамында әртүрлі зиянды
ингредиенттер табиғи жер бетіндегі және жер асты сулары, азып тозып құрыған
және сиреген ӛсімдік жамылғысы сияқты негативті процестер соның айғағы.
Осы тұрғыдан келгенде, табиғи ортаны қорғау ӛзінің маңызы жағынан
адамзаттың келешегін сақтау проблемасымен теңеліп отыр. Сондықтан
болашақ эколог мамандардың экологиялық мәдениетін кӛтеруге бағытталған
мақсатты жұмыс жүргізу қажеттілігі туындайды. Экологиялық мәдениетті
кӛтеріңкі жоғары білімді мамандар ғана табиғи ортаның жағдайын қалыпты
деңгейде сақтай отырып, оның қорларын үнемдеп және тиімді пайдаланатын
мүмкіндіктерді іске асырады. Сонда ол «табиғаттың қоры тек тұтыну үшін ғана
керек және табиғи қор таусылмайды» деген қажет ұғымнан ӛз бойын аулақ
салады және ӛзгелердің санасынан оны алыстауға тырысады. Ол үшін студент
қоршаған ортаға ӛз міндеті есебінде кӛп назар бӛлу керек.
Табиғат пен оның байлықтары Қазақстан Республикасы ӛмірі мен
қызметінің олардың тұрақты әлеуметтік-экономиаклық дамуы мен әл-ауқатын
арттырудың табиғи негізі болып табылады.
Осы заң қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған
ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтәк негіздерін
белгілейді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге т.б., экологиялық
жүйелерге бағытталған.
Геоэкологиялық зерттеу Қазақстан Республикасының алдында тұрған
үлкен міндет болып табылады. Кӛпшілік қабылдаған табиғи мониторингтің
программасы, бағдарламасы жоқ геологиялық ортада да. Жалпы геожүйенің
мониторингінің концепциясы методологиясы және методикасы, жер асты
суларының мониторингті және олардың қоршаған ортаға әсерін толық
қарастыру тапсырмасы тұр. Мониторинг – комплексті жүйені бақылауды
бағалау және қоршаған ортадағы ӛзгерістер мен жағдайын антропогендік
факторлардың әсері арқылы болжау болып табылады.
1972 жылы болған Стокгольмдегі «Қоршаған ортаны қорғау туралы»
ООН-ның конференциясында қаралғандай «Қадағалау» - деген ұғымды енгізді.
Адам баласының тіршілік әрекетіне мониторинг қолдану немесе оны
пайдалану жолдары күннен-күнге артып келеді. Мысалы, соңғы 10 жыл ішінде
4 млн астам синтездік жолмен әртүрлі қосылысы бар заттар алынды. Бұл
шамамен алғанда жылына 30 мыңдай әртүрлі химиялық заттар оның
әрқайсысына мониторинг етуін және пайдалану мүмкіндігін немесе
пайдалануға мүмкін еместігін анықтайды. Сондықтан мониторинг пайдалану
арқылы осы шығарылған заттардың адам ӛміріне қауіпті қауіпсіздік дәрежесіне
қарай оның табиғатқа пайдасы зияндылығына қарай тоқтап, біріктіріп
пайдалануды кӛздейді. Сондықтан мониторинг топқа бӛлу арқылы
пайдалануды қабылдаған:

Page 16

16
1. Базалық мониторинг.
2. Ауқымды мониторинг.
Маңғыстау облысы. Облыс республиканың оңтүстік-батысында, Каспий
теңізінің шығысында орналасқан. Құрамынды 3 аудан, 3 қала, 11 елді мекен
бар. Орталығы-Ақтау қаласы.
Маңғыстау облысы теңіз деңгейінен едәуір тӛмен жатқан жазықта
орналасқан. Обылыстың орталық
бӛлігінде солтүстік-батыстан оңтүстік
шығысқа қарай мезозой, кайназой шӛгінділерінен тұратын жазықтар мен
Маңғыстау тауының жотасы созылып жытыр. Тау жотасы терең аңғарлармен
тілімделген. Маңғыстау обылысының солтүстік-шығысында теңіз деңгейінен
тӛмен Қарақия -132м ойысы бар.
Маңғыстау тауының оңтүстік-шығысында Маңғыстау үстірті орналасқан.
Қазына түбегі... Осылай адамдар қазақстанның ең бай жерлерінің бірі –
Маңғыстауды атайды. Бұл мекен мұнайға, газға, құрылыс материалдарына және
минералдарға ӛте бай. Қазіргі уақытта мәдени мұраларға бай Маңғыстау туризм
және демалыс мекені болып есептелінеді. Каспий теңізі - Қазақстанның
батысын жуып-шаятын дүние жүзіндегі ең үлкен жабық су қоймасы. Теңіздің
атауы кӛне заманда жағалауда қоныс тепкен Каспий тайпасымен байланысты.
Ол бұрын Гиркан, Хазар, Хвалын теңізі болып та аталған. Каспий теңізі
және оның тайпалары туралы Геродот жазбаларында айтылған. Ресей
теңізшілерінің Каспий теңізіне келуі жайлы құжат IX-X ғасырларға жатады.
XVIII ғасырдың басында 1-ші Петр Каспий теңізін зерттеуді бастады (Бекович-
Черкасский экспедициясы және т.б.). Содан кейін Семенов И.Ф., Иванышев
Н.А., Паллас П.С., Гмелин С.Г., Карелин Г.С. және басқалар Каспий теңізін
зерттеді. Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке 1200 км-ге созылған, ортасы 320
км, жағасының ұзындығы шамамен 7000 км (оның 6000 км Ресей және басқа
мемлекеттер территорияларында). Су кӛлемінің аумағы 371000 шаршы км,
теңіз деңгейі мұхит деңгейінен 28,5-ке (1971) тӛмен. Максималды тереңдігі –
1025 м (оңтүстігінде), Қазақстан жағы терең емес, солтүстік Каспийдің
тереңдігі – 15-20 м.
Ең үлкен шығанақтары – Комсомолец, Мангышлакский (Маңғыстау),
Кендерлі, Қазақ, Қара Боғаз Гол және т.б. 50 аралдың толық ауданы 350 шапшы
км. Еділ, Жайық және Ембі ӛзендері Каспий теңізіне солтүстік жақтан құяды.
Теңіз түбі рельефі және гидрологиялық сипаттарына байланысты Каспий теңізі
Солтүстік, Орта және Оңтүстік болып бӛлінеді.
Каспий теңізінің түбінде мұнай және газ кеніштері бар.Каспий теңізі
кӛптеген ауа рай зоналарын қиып ӛтеді: солтүстігінде – континенталды,
батысында – бір қалыпты жылы, оңтүстік-батысында – ылғалды
субтропикалық, шығысында – құрғақ. Солтүстік ауа температурасының қауырт
ӛзгеруімен және атмосфералық жауын-шашынның аздығымен ӛзгешеленеді.
Қазан айынан бастап сәуір айына дейін солтүстік пен орталықта жел шығыс
жақтан соғады, мамыр айынан қыркүйек айына дейін муссонды жел солтүстік
батыстан оңтүстікке қарай соғады, орталық шығыста, солтүстік батыста және
солтүстікте желдің жылдамдығы 24 м/с-тан асып кетеді. Шілде және тамыз

Page 17

17
айларындағы орташа температура +24+26’C, ал максималды температура
шығысында +44’C-ке дейін жетеді. Қыс айларында температура солтүстіктен
батысқа қарай –10’C –12’C болып ӛзгереді. Шамамен 200 мм атмосфералық
жайын-шашын теңізге түседі. Судың орташа булануы жылына 1000 мм.
Жазғы уақытта су бетінің орташа температурасы - +24+26’C, оңтүстікте -
+29’C. Қыс кезінде судың орташа температурасы - –0,5’C, орталықта - –3’C-тан
–7’C-қа дейін, оңтүстікте - –8-10’C. Солтүстікте су беті қараша айынан бастап
наурыз айына дейін қатып тұрады, мұздың қалыңдығы – 2 м. Судың орташа
тұщылығы - 12,7-12,8%, шығыс жағалауда - 13,2%, Еділ мен Жайық ӛзендерінің
құяр аясында 0,1-0,2%. Теңіз деңгейі кей уақытта 2-2,5 м-ге дейін кӛтеріліп, 2
м-ге дейін түседі. Маусым кезіндегі жалпы ауытқу – 30 см. Ең тӛмен су деңгейі
VII-XI ғасырларда болғаны белгілі (қазіргі кезден 2-4 м-ге тӛмен). Су
деңгейінің соңғы тӛмендеуі 1929 және 1057 жылдар аралығында болды. Су
деңгейі құрғақ ауа рай, ӛзен жағасында ірі гидротехникалық және суғару
құрылғыларын салу нәтижесінде тӛмендейді. Каспий теңізіндегі флора мен
фауна, салыстырмалы түрде, ӛте аз. 500-ден астам ӛсімдіктер, балықтар мен
жануарлардың 854 түрі және су құстарының кейбір түрлері бар.
Каспий теңізінің маңайында Атырау, Ақтау, Ералиев, Балықшы, және т.б.
сияқты ел кӛп қоныстанған мекендер бар. Алайда мұның бәрі ірі су
айдындарының күннен-күнге тартылуына себепші болып отыр. Сондықтан
жерді суландыру мәселесін қоймалар жасау арқылы шеше отырып, су қорын
қорғауды да естен шығаруға болмайды. Алайда жер асты суын кӛп
пайдаланатын жерлерде бос воронкалар пайда болып, оларға бактериялар,
кейбір химиялық элементтер еніп кететіндігі анықталды. Бұл табиғат
қорғаудың ережелерін бұлжытпай сақтауды талап етеді.
Маңғыстау облысы - еліміздегі мұнай мен газ ӛндіретін ең ірі аудан.
Мұнай кәсіпшілігінің негізгі орталықтары- Ӛзен және Жетібай.
Облыстың ӛндіріс құрылымында жетекші орынды мұнай ӛндіру, мұнай
мен газ ӛңдеу алады. Жанаӛзен қаласындағы қуаты 2млрд м ―Қазақгаз ӛңдеу‖
Ӛндірісінің ӛнімі Ақтау қаласындағы пластмасса зауыты үшін шикізат болып
табылады. Облыс жартылай шӛлейтті шӛл аймақта орналасқан. Бұл ауыл
шаруашылығын ӛркендетуді қиындатады. Ауыл шаруашылығының жетекші
саласы- мал ӛсіру, оның ішінде қой және түйе шаруашылығы.
Бұл облыста балық ӛнеркәсібі жақсы дамыған. Балық шаруашылығының
ірі орталықтары-Баутино және Ералиев балық зауыттары.
Тамақ ӛнеркәсібінің басқа саласынан елеулі орынды ет комбинаты мен
Ақтау қаласындағы сүт зауыты алады. Ақтауда сонымен қатар химия зауыты,
құрлысқа
керекті
қабыршақ
тас
ӛндіретін
карьер,
темір-бетон
канстукцияларыын ӛндіретін зауыт, жылу және атом электр станциясы
орналасқан.ералиев қала типтес елді мекенінде тоқыма фабрикасы бар.
Ақтау – Маңғыстау облысының орталығы тез ӛсіп келе жатқан мұнай
ӛнеркәсібін ұйымдастырушы орталық.
Жылу электр орталығы табиғи газбен жұмыс істейді. Қалада су
тұшыландыратын қондырғы, атом электр станциясы, пластымасса, тіс пастасын

Page 18

18
шығаратын зауыттар, құрылыс кәсіпорындары бар. Мұнда 1992 жылы мұнай
ӛңдейтін зауыт салынып, іске қосылды.
Каспий теңізі- Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы
ең үлкен тұйық кӛл. Үлкендігіне қарап,оны теңіз деп атайды . Аты 16 ғасырдың
аяғында осы теңіз жағасында қоныстанған Каспий тайпаларына байланысты
қалыптасқан. Грузияда Каспий қаласы қазір де бар.
Каспий теңізі неоген дәуірінің аяғында жер қыртысының кӛтерілуінен
Қара теңізден бӛлінді. Бұл кезде Каспий теңізінің пайда болған уақыты деп
есептеуге болады. Каспий теңізінің жалпы ауданы 376 мың км. Оның беті теңіз
деңгейінен 28 м тӛмен жатыр. Теңіз солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км-ге
созыла орналасқан. Теңіздің ендірек жері -435 км, ал енсіз жері-193км. Каспий
теңізінің жағалау сызығының ұзындығы-7000км. Оның суы 5мемлекеттің
жағалауын шайып жатыр. Жағалау сызығының Қазақстан үлесіне 29, Ресейге-
16, Әзербайжанға-20, түрікменстанға -21, Иран исылам Республикасыныа -14
тиеді.
Каспий теңізіне 130-ға жуық ӛзендер мен ағынды сулар құяды. Олардың
теңізге құятын жиынтық ағыны жылына орташа есеппен 300 км. Осы
мӛлшердің 80-ы Еділ ӛзенінің, 5-ы –Жайықтың үлесіне тиеді.
Каспий теңізі қазаншұңқырларының бедеріне қарай үшке бӛлінген.
Солтүстік бӛлігінің шегі Маңқыстау түбегі бойымен ӛтеді. Ортаңғы бӛлігі
содан Апшерон түбегіне дейіе созылған, қалған жері оңтүстік бӛліктің үлесіне
келеді. Солтүстік бӛлігі таяз, кӛп жерінде 5м-ден аспайды, ең терең жері 26м,
жалпы теңіз ауданының 24-ын алады. Орталық Каспийдың орташа тереңдігі
200 м, ең терең жері 788 м, жалпы теңіз ауданының 36-ын қамтиды. Оңтүстік
бӛлігінің орташа тереңдігі 345 м,ең терең жері 1025м, теңіз ауданының 40-ын,
ал теңіз суының 66-ын алып жатыр. Қазақстанға жататын солтүстік және орта
бӛлігінің солтүстігі анағұрлым тайыз болып келеді.
Теңіз екі климаттық белдеуде орналасқан. Солтүстіктігі қоңыржай
континентті климатта, оңтүстік батысы-құрғақ субтропиктер, шығысы Орта
Азия шұғыл континенентті климатты, оңтүстік батысы –құрғақ субтропиктер,
шығысы Орта Азия шұғыл континентті климаттар арасында жатыр. Жазда
Каспий теңізінің беті қатты қызады, температура барлық бӛлігінде де бірдей:
шілдеде орташа температура 24-26 С. Қыста температура ӛзгеше. Солтүстігінде
қысы аязды болып келеді. Қаңтар айының орташа температурасы-7-11 С. Орта
бӛлігінде 1-5 С,ал оңтүстікте 8-10 С. Қаңтардың ең тӛменгі температурасы-38
С-қа жетеді. Теңіздің шығыс жағалауының қысы барлық ендікте де батыс
жағалауға қарағанда суықтау келеді. Қыс айларында Каспий теңізінің тек
солтүстік таяз бӛлігі ғана қатады. Мұздың қалыңдығы 2 м-ге дейін жетеді.
Судың жоғарғы қабаттарының қысқы температурасы солтүстігінде -1-тан 0-қа
дейін, оңтүстігінде 10-11 С-қа дейін жоғарылайды. Тамыз айында температура
айдынның бірқатар бӛлігінде 24 С,ал оңтүстікте 28 С-қа дейін кӛтеріледі.
Судың тұздылығы Солтүстік Каспийде құбылмалы, ал Еділ мен Жайық
сағасына жақын жерде 0,2-2 болса , орталық бӛлігі 10-12-ге дейін кӛбейеді

Page 19

19
Орталық және оңтүстік бӛліктерінде тұз құрамы онша ӛзгермейді, әдетте 13-14
болады.
Теңіз деңгейі үнемі ӛзгеріп тұрады. 1830-1929жылдары 25,5және 26,6 м
кӛрсеикішінен айнымады. 1926 жылдан 1977 жылғы дейіе деңгейдің күрт
тӛмендеуі -29м байқалады. 1978 жылдан бастап Каспий қайта кӛтерілді,
1995жылдың басында-26,5 м-лік кӛрсеткішке жетті. Жағалауды теңіз суы қайта
басты. Еділ сағасында 4-5 км, Жайық сағасында 6-12 км, Қаратон, теңіз,
прорвада кен орындарының тұсында 35-45 км, Бозащы түбегінде 4-10 км жер су
астында қалды. Теңіз суының қазіргі деңгейінің жоғарылауын климаттық
жағдайға байланысты түсіндіреді. Каспий суының кӛтерілуі 45-ы теңізге
құятын ӛзендер, 16-ы айдынға жауатын жауын-шашынның молаюы, 25-ы теңіз
үстінен булану мӛлшерінің азаюы және 14-ы Қарабұғазкӛл шығанағына
құйылатын суды шектеуге байланысты.
Теңіз құятын ӛзендер мен қоректік заттың мол тасымалдануына
байланысты, Каспий теңізі балыққа бай, итбалық та кӛп кездеседі. Итбалық
теңіздің бір кезде Солтүстік Мұзды мұхитпен байланыста болғаның кӛрсетеді.
Балықтар мен итбалықтың үлкен кәсіптік маңызы бар. Ең бағалы балықтар
бекіре тұқымдастары жатады. Дүние жүзінде жыл сайын ауланатын бекіре
тұқымдасы балықтың 80-ынан астамы Каспий теңізі үлесіне тиеді. Каспийде
ауланатын бекіре тұқымдас балықтардың Қазақстан үлесіне 40-ы тиеді
Атырау облысы. Үлкен ӛзендер – Жайық пен Ембі. Үлкен кӛлдер –
Индер, Аралсор, Қамыс-Самарские. Каспий теңізі бұл аймақта ең маңызды рӛл
атқарады. Мұнай шығару 100 жылдан бері дамып келеді. Атырау қара
уылдырықты дайындау және сақтау орталығы болып табылады. Бұл жердің
климаты – қатаң континенталды, құрғақ. 2000 жыл бойы Ұлы Жібек Жолы
бүкіл Маңғыстау аймағынан ӛткен.
Қазіргі таңда бұл жол туристердің қызығушылығын туғызуда. Әдемі
табиғат кӛріністері пен Үстірт қорығының әр түрлі жануарлары, Маңғыстау
жеріндегі кӛптеген ерекше тарихи және мәдени ескерткіштер, Каспий
жағалауының кӛркем кӛріністері туристердің айрықша қызығушылығын
туғызатыны сӛзсіз. Атырау облысы 400 метрлі жыраларға және диаметрі 2 метр
болатын аппақ, домаланған тастарға толы. Бұл жерлерді кӛне заманғы мұхит
түбінен қалған әктасты қыраттар құрайды. Каспий теңіздері осы мұхиттың
қалдықтары. Шӛлді жазық дала Урал ӛзенімен (қазақша - Жайық) тоғысады да,
кейбір жерлер Флорида саз батпақтарын еске түсіреді. Бұл шынымен де су
құстарына жұмақ жер болып табылады. Бұл жерлерде тек ауалық жастықшалы
қайықтардың жүруі рұқсат етілген. Аққу, үйрек және қаздар тобы туристердің
үстінен ұшып ӛткенде, олардың кӛптігі әркімді таң қалдырады.
Атырау облысы экономикасының ӛсуі, әлеуметтік инфрақұрылымның
дамуы мен халықтың әл-ауқатының артуы мұнай-газ секторының қарқынды
дамуымен тікелей байланысты. Кӛмірсутегі шикізатын ӛндіру мен ӛңдеуді
ұлғайту есебінен экономиканы дамытудың астарында қоршаған ортаға
техногендік әсер етудің күшеюі, мекендеу ортасының нашарлауы мен ӛңірдің
экологиялық жай-күйінің нашарлауы жатыр. Қоршаған ортаны қорғауға

Page 20

20
жеткілікті назар аудармауға, мемлекет тарапынан экологиялық бақылаудың
жеткіліксіз болуына және қоғамда экологиялық мәдениет пен сана деңгейінің
тӛмендігіне қоса табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаға эмиссияларды
айтарлықтай ұлғайтуы елеулі экологиялық проблемалардың пайда болуына
әкеп соқтырды.
Теңіз кешенінің алауларында газ жағу ӛнімдері (күкірт диоксиді, азот
оксиді, кӛміртегі қышқылы, күкіртсутегі) қоршаған орта мен облыс халқының
денсаулығына мейлінше үлкен зиян келтіріп отыр. Компания Атырау
облысындағы барлық табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаға жиынтық
эмиссиясының жартысына жуығын шығарады.
2007 жылы 335 млн текше метр ілеспе газ алауда жағылды, бұл ӛңірдің
табиғи ортасына елеулі экологиялық залал келтіреді. Жабдықтардың жоғары
авариялық күйде болуы, электрмен жабдықтау жүйесіндегі кемшіліктер газды
алауда жағудың негізгі себебі болып отыр.
Теңіз мұнайын тазалау нәтижесінде түзілетін күкіртті кәдеге жаратуды
уақытынан кеш бастағаны және жылдық сатудың жеткіліксіз кӛлемі облыс
аумағында 8,4 млн тонна ашық сақталатын күкірттің жинақталып қалуына алып
келді. Бұл аумақтың жайылым ретінде пайдаланылуы халықтың денсаулығына
қауіп тӛндіріп отыр.
Теңіз кешенінің ӛндіріс алаңдарындағы темір жол тығырықтарында
қажетті сыйымдылықтың болмауы салдарынан Компания Құлсары қаласының
қоныстану аймақтарындағы темір жол тығырықтарында кӛп санды (барлығы
600 бірлікке жуық) күкірт тасуға арналған вагондар мен мұнай тасуға арналған
теміржол цистерналарын ұстап отыр, бұл атмосфералық ауаға және
тұрғылықты халықтың денсаулығына теріс әсерін тигізіп, тұрғындардың
жаппай шағымдануын туғызуда.
Полигонды, вахталық кенттің кәріздік тазарту құрылыстарын және
Қарабатандағы құрылыс алаңын жобалау кезінде туындаған қателіктерді жою,
сондай-ақ қалалық коммуналдық құрылыстар жүктемелерін азайтуды
қамтамасыз ету мақсатында қатты-тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату мен
ағынды суларды тазарту жӛніндегі қауттылықты ұлғайту мәселесін шешуді
жеделдету шаралары қабылданбай отыр.
Әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мерзімдерінің
бұзылуына жол берілуде. Әлеуметтік және инфрақұрылымдық маңызы бар
жобаларды іске асыру қарқынының тым тӛмен болуынан Атырау облысы жыл
сайын Компаниялардың Атырау облысына бӛлген соманың 60-70%-ін
алмайды. Олар мектептер, ауруханалар, бала бақшаларын және басқа да
әлеуметтік маңызы бар объектілер салуға жұмсалар еді.
Каспий теңізіне, облыс орталығына, ӛнеркәсіп аймақтарына мониторинг
жүргізудің кенже қалуы және Мониторинг жүргізу орталығының болмауы.
Қоршаған ортаға техногендік әсер етудің ұлғая түсуі жағдайында Атырау
облысы үшін ең ӛзекті проблемалардың бірі - жүргізілетін мониторингтің
жетілмегендігі. Алдағы уақытта Каспий қайраңының кӛмір сутегі ресурстарын

Page 21

21
ірі кӛлемде игеру, жаңа кең орындарын игеру қалпына келтірілмейтін
процестерге және биологиялық ресурстардың жойылуына әкеп соғуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және
оның Қазгидромет бӛлімшесі су ресурстарының ахуалына мемлекеттік
мониторинг жүргізу жӛніндегі экологиялық заңнаманы тиісті деңгейде
орындалмаған.
Каспий теңiзi қайраңының ресурстарын қарқынды игерумен байланысты
проблемалар .Каспий теңiзi бассейнi мемлекеттерiнiң кӛмiрсутегi ресурстарын
кеңiнен игеруi теңiз және жағалау маңы экожүйелерiне терiс әсер ауқымын
ұлғайтады. Теңiз мәртебесiнiң айқындалмаған жағдайында трансшекаралық
сипаттағы сыртқы экологиялық қатерлер елеулi мәнге ие болады.
Теңiздiң қазақстандық секторында кӛмiрсутегi шикiзатын алдағы кезде
баса игеру елдiң экологиялық қауiпсiздiгiне ықтимал қатер тӛндiредi.
Каспий теңiзiнiң қоршаған теңiз ортасын қорғау жӛнiндегi үлгiлiк
конвенциясы және басымдық iс-қимылдардың ӛңiрлiк стратегиясы Каспий
теңiзiнiң коммерциялық ресурстарын пайдалану және Каспий маңы елдерiнiң
Каспийдiң экожүйесiн қорғау жӛнiндегi алдағы iс-шараларға қатысты ӛзара
ортақ iс-қимылы бойынша негiзгi бағыттарын айқындайды.
Каспий теңiзiнiң қазақстандық
секторын
игерудiң мемлекеттiк
бағдарламасында 2005 жылдың аяғына дейiн теңiз және жағалау маңы
экожүйелерiне залал келтiрместен кӛмiрсутегiн ӛндiрудiң мүмкiн болатын
шектi деңгейiн айқындау жӛнiндегi арнаулы зерттеулердi жүргiзу,
геодинамикалық мониторингтi iске асыру, иесiз мұнай ұңғымаларын және
басқа да байырғы ластануларды жою, iлеспе газды алауларда жағуды және
мұнай құбырлары мен радиоактивтi ластанған жабдықтарды рұқсат алынбай
кӛмудi тоқтату жӛнiнде шаралар қабылдау кӛзделедi.
Зерттеулер нәтижесi Каспий қорық аймағын аймақтарға бӛлудi қоса
алғанда, теңiздегi экологиялық қауiпсiз шаруашылық қызметiн қамтамасыз
ететiн нақты нормативтiк экологиялық талаптар әзiрлеу болуы тиiс. Бұл
проблемаларды шешу үшiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 21
қаңтардағы N 71 қаулысымен су ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану
проблемаларын шешудiң негiзгi жолдары айқындалған Экономиканың су
секторын дамытудың және Қазақстан Республикасы су шаруашылығы
саясатының 2010 жылға дейiнгi тұжырымдамасы қабылданды. Сондай-ақ
халықты жеткiлiктi кӛлемде және кепiлдi сападағы ауыз сумен тұрақты
қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 23
қаңтардағы N 93 қаулысымен "Ауыз су" салалық бағдарламасы бекiтiлдi,
Қазақстан Республикасының Су кодексi және "Cу пайдаланушылардың
ауылдық тұтыну кооперативтерi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы
қабылданды, 2005 - 2010 жылдары негiзгi су бассейндерiнiң су ресурстарын
кешендi пайдалану мен қорғаудың схемаларын әзiрлеу жӛнiндегi жұмыстар
жүргiзiлетiн болады.
Қабылданған бағдарламалық құжаттардың щеңберiнде 2005 жылы iске
асырылуы суды қажет ететiн ӛндiрiстер дамуының қарқыны мен кӛлемiн

Page 22

22
шектeугe, су үнемдейтiн технологияларды, су пайдаланудың айналымды және
тұйық жүйелерiн жаппай енгiзуге, ӛнiм бiрлiгiне және пайдалану шығындарына
жекелей су пайдалануды азайтуға, су шаруашылық жүйелерiн есепке алу мен
реттеудiң қазiргi заманғы құралдарымен жарақтандыруға мүмкiндiк беретiн
сумен қамтамасыз ету жӛнiндегi республикалық мақсатты бағдарлама әзiрлеу
қажет. Бағдарлама су ресурстарын пайдаланғаны үшiн тӛлемнiң қолданыстағы
ставкаларын саралау, су шаруашылық объектiлерiн ұстау мен жӛндеу жӛнiндегi
шығыстарды ӛзiн-ӛзi ақтауға
кезең-кезеңмен кӛшiре
отырып,
су
пайдаланушыларға су жеткiзу жӛнiндегi қызмет үшiн баға белгiлеудi
оңтайландыру жӛнiндегi iс-шараларды да қамтуы тиiс.
Ӛзен экожүйелерiне ауыртпалықты азайту мақсатында және олардың
ластануы мен қоқыстануының алдын алу үшiн 2005 - 2010 жылдар барысында
пайдаланылатын барлық су объектiлерi үшiн су қорғау аймақтары мен
жолақтарының жобалары әзiрленетiн болады,
2005 - 2006 зиянды әсердiң мүмкiн болатын шектi нормативтерiн және
судың жай-күйiнiң мақсатты кӛрсеткiштерiн әзiрлеу жӛнiндегi ғылыми-
қолданбалы зерттеулердiң кешенi жүргiзiледi, ол су объектiлерiне ластаушы
заттар тӛгiндiлерiн таңбалыдан жиынтық нормалауға кезең-кезеңмен кӛшiрудi
жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi. Осының бәрi ағынды суларды тазартатын
құрылыстарды салу мен қайта жаңғырту кезiнде жаңа технологияларды енгiзудi
жеделдетедi.
Қолда бар су ресурстарының санын ұлғайту мен сапасын жақсарту үшiн су
жетiспеушiлiгiн тартып отырған ӛңiрлерде ӛзен ағынын реттеу жӛнiндегi, оның
iшiнде бассейн аралық қайта бӛлу, сондай-ақ жер асты ауыз суларын
пайдалануды жеделдету жӛнiндегi жұмыстарды жалғастыру қажет.
Каспий теңізiнiң биоресурстарын қорғау жӛніндегі нормативтiк- құқықтық
кесiмдердi, оның iшiнде, мұнай операцияларын жүргізу кезiнде және мұнайдың
апатты тӛгілуi нәтижесiнде балық қорларына келтiрiлген залалды айқындау
жӛнiндегi, сондай-ақ су бетiне жайылған мұнай ӛнiмдерiнiң кӛлемiн айқындау
жӛнiндегi әдiстемелiк нұсқамаларды әзiрлеу аймақтың бiрiншi кезектегі табиғат
қорғау iс-шарасы ретінде қаралады.
Теңiз деңгейiнiң кӛтерiлуiмен байланысты Солтүстiк-Батыс Каспий маңы
аумағының экологиялық жай-күйiн бағалау және болжау гидродинамикалық
және субалансы моделдерiнiң негізiнде кӛмiрсутегі шикiзатының кен
орындарын жедел барлауды ескере отырып, Атырау облысының шегіндегi
Каспий теңiзi жағалауының қазiргі заманғы экологиялық жағдайын зерттеудi
қамтиды.Қазақстан Республикасы жер үстi су ресурстарының жай-күйiне
талдау жүргізу, қорғау және пайдалану "Жер үсті сулары" мемлекеттік су
кадастрын жүргізудi қамтиды және жекелеген су шаруашылық бассейндерi
үшін, сондай-ақ тұтастай алғанда, ел үшiн су ағысының жыл сайынғы бағалау
әдiстемесiн әзiрлеудi, негiзгi ӛзендердiң бассейндерiнде су тұтыну туралы
деректердi жинауды. Қазақстанның ӛзен ағысының жыл сайынғы су
ресурстарының бюллетенiн шығарудың технологиясын әзiрлеудi кӛздейдi.
Жердiң мұздық қабатының бағытталған еру процесi бӛлігінде тау

Page 23

23
аумақтарының табиғи ресурстарын экологиялық тұрақты пайдалану негізi
ретіндегi гляциосфераның жай-күйiне талдау жӛнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу
қажеттiгі тӛте кӛкейкесті. Қоршаған ортаның жай-күйіне олардың әсерiн
бағалаумен ағынды сулар жинақтаушыларының жай-күйін зерттеу
жинақтаушылардың мүмкін болатын толуымен байланысты қоршаған ортаның
ластануы мен тӛтенше жағдайлардың алдын алу жӛніндегi күрделi проблеманы
шешуге бағытталған. Жайық ӛзенін бірлесіп қорғау – бүгінгі күннің ең ӛзекті
мәселелерінің бірі.
Соңғы кезде жасалған сараптамалар нәтижесі Жайықтың әбден
ластанғанын кӛрсетіп отыр. Мәселен, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су
ресурстары комитеті жасатқан осы ӛзенге қатысты су шаруашылығының 2020
жылға дейінгі даму тұжырымдамасында су кӛзінің ауыр металдармен, хром,
мыс, мырыш, бормен ластануы санитарлық-гигиеналық және балық
шаруашылығы нормасы кӛрсеткіштері бойынша шектеулі концентрациядан ӛте
жоғары екендігін дәлелдеді.Бұл жерде ӛзеннің жоғары тұсында орналасқан
ӛнеркәсіп ошақтары су кӛзіне кері әсерін тигізуде. Мәселен, Ресейдегі Орынбор
газ ӛңдеу зауыты, Ақтӛбе хром қоспалары, Алға химия зауыты тастамалары
жеткілікті тазаланбаған күйінде Елек ӛзеніне тасталады. Ал, бұл су кӛзі
Жайыққа құйылып, одан әрі Каспий теңізіне жетеді. Ӛткен жылы Ауыл
шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің тапсырмасы
бойынша «Касгипроводхоз» институты ӛзеннің сапасына зерттеу жүргізген
болатын. Оның нәтижесі Жайықтың экологиялық жағдайы ӛте ауыр екендігін
және оны сауықтыруға жедел шара алмаса, онда су кӛзінің сарқылуы, мұндағы
ӛсімдіктер мен жануарлар әлеміне қатер тӛнетіні анықталған.
Жайық ӛзенінің экологиялық проблемалары, басқа да ӛзендер сияқты,
кешенді табиғи, антропогендік және техногендік үрдістермен байланысты.
Жайық ӛзенінің тозып ӛзгеруінің бірінші себептері болып, толассыз су
ағынының табиғи үрдістердің механикалық үрдістер түріндегі әсерінен
болатын арнаның бұзылуы болып табылады. Оның жағымсыз салдары болып
табылатындар:
- Арнаның лайлануы, ӛзеннің тайыздалуы мен оның гидрологиялық режимінің
нашарлауына соқтыратын қайраңдардың пайда болуы;
Жағалаулардың иреңдері мен топырақты жерлерінің жеңіл механикалық
құраммен шайылуы. Бұл ӛзеннің арнадан шығып және үлкен аумақты басып
кетуіне қауіп туғызады. Осы үрдістер Жайықтың кӛктемгі қатты тасқынымен
тіптен тереңдей түседі. Қазақстандық аймақта ӛзен арнасының лайлануына
теріс әсер ететін факторларға: ағысты баяулатын даланың жазықтылығы және
арнаның кӛп ирелеңдігіне әсер ететін жер бедерінің сәл жотылығы жатады.
Осыған байланысты ӛзеннің тұрастығы мен қызметі оның тұрақты
күтімсіздігінсіз мүмкін емес. Ӛзен арнасының лайлануына оның салалары мен
бастау кӛздерінің тазаланбауы әсер етеді. Батыс Қазақстан облысындағы
Жайық ӛзенінің алабына кіретін кіші ӛзендерге Шаған, Деркӛл, Елек, Утва,
Рубежка, Быковка, Емболат, Барбастау және т.б. кіреді.

Page 24

24
Бұдан басқа, Жайық ӛзенінің табиғи экожүйесінің тозуына оның су,
ӛсімдіктер, жануарлар мен балық ресурстарын пайдаланатын шаруашылық
қызметтерде ӛзіндік әсерін тигізеді. Елді мекен жерлердегі жағалай ӛзеннің
жағалаулары мен су алатын алаңдарда, тасқын кезінде ӛзенге шайылатын
қалдықтар тӛгіледі. Жайық бойында орналасқан үлкен қалалардың арналы
тазалық құралғылары ескірген, қайта жаңғыртуды қажет етеді және арналық
ағындарды қажетті дәрежеде тазартуды қамтасыз етпейді.
Жайық ӛзенінің беткі суларының ластануының маңызды факторы
ӛндірістік кәсіпорындарының қызметі, суалатын алаңдар аумағындағы ескіден
бергі ластар, қалалық, және кенттік шайынды сулар болып табылады.
Жайық ӛзені мен аңғарлардың суының азайына ӛсімдіктер мен жануарлар
дүниесінің бұзылуына, сонымен бірге , рұқсатсыз ағаштар кесу және далалық
ӛрттер әсер етуде. Шекарааумақтық Жайық ӛзені суға тапшы Қазақстан ғана
емес , Ресейдің де ерекше мемлекеттік маңызды негізі су күретамыры болып
табылатыны сӛзсіз.
Тіпті одақтық мемлекет кезінде де осылай болған. Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 21.01.2004 жылғы №159 қаулысымен «Ерекше мемлекеттік маңызы
бар су нысандары тізбесі мен ерекше мемлекеттік маңызы бар су
нысандарының шаруашылық қызмет режимін құқықтық реттеу ерекшеліктері»
бекітілген. Ӛкінішке орай, Жайық ӛзені осы аталған құжаттағы ӛлшемдерге
сәйкес келседе, ерекше мемлекеттік маңызы бар су нысандарына
жатқызылмаған, осыған байланысты оған дәрежесінде кӛңіл бӛлінбей келеді.
Жайық ӛзені алабы ежелгі ӛркениет орталығы және қазіргі уақытта Қазақстан
мен Ресей Федерациясының әлеуметтік-экономикасында аса маңызды орын
алады. Жайық ӛзенінің ландшафтты-экологиялық жән су кешенін қалыпқа
келтіру мен сақтау басты міндет. Жайық ӛзенінің кӛп ғасырлық бай тарихы
біздің ұрпақтар үшін жоғалмауы керек.
Атырау облысндағы тағыда бір су көздерінің бірі Сағыз. Сағыз суы ішуге
жарамсыз. Сайып келгенде, ӛңірде үлкенді-кішілі бірнеше су кӛздері бар.
Алайда, солардың ішінде Жайықтан ӛзгесін ауыз су ретінде пайдалануға
болмайды. Ойыл, Сағыз, Жем, т.б. су кӛздері қолданысқа жарамайды. 2007-
2008 жылдары Жайық-Каспий бассейні бойынша су қорын пайдалану және
қорғауға қатысты 256 тексеру жүргізілді. Олардың нәтижесінде де бірқатар
кемшіліктер анықталып, кінәлі адамдарға әр түрлі жаза тағайындалды.Оның
үстіне, кӛктемгі ағыс кезінде су кӛздерін әр жерден орынсыз бӛгеу кездеседі.
Ал, орынсыз үйілген топырақ арнаны құм басуына соқтырады. Немесе,
жайылған су далаға кетіп, текке шығын болады. Қазір ӛңірдегі барлық каналдар
суға толған кезде облыс бойынша келетін судың 56 млн. текше метрі немесе 21
пайызы шығындалады екен. Бұл ӛңірде жерасты сулары мол, оларды қазып
шығаруға да болады. Бірақ, әлі жете зерттелмегендіктен ауыз су ретінде
пайдалануға ұсынуға болмайды.
Ақтөбе облысы. Су ресурстары сапасының қазiргi заманғы талаптарын
ескере отырып, судың жай-күйінің мақсатты кӛрсеткіштерін және зиянды әсер
етулердің рұқсат етілген нормативтерiн әзiрлеу жӛнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу
қажет.Ағынды суларды тазарту және су ресурстарын ластаудың алдын алу

Page 25

25
мақсатында алты валенттi хроммен және бормен Ақтӛбе облысының Елек
ӛзенін қорғау жӛніндегi жобаны iске асыру бойынша ұсыныстарды енгізу
қажет.
Елек ӛзенінің бормен ластануы Ақтӛбе химия зауытының (1941) іске
қосылғанынан басталды. Ластаушы кӛзі - Елек ӛзені жайылмасындағы сүзгіші
жоқ зауыттың шлам жинаушылары болып табылады.
«Казводоканалпроект»
институтының
мәлімдеуінше,
жер
асты
горизонтында 890 тонна бор жиналған.
Қазіргі уақытта ӛзен алабының жер асты суының ластану ареалы 32,5 км
2
жетті, тіпті бұдан да ұлғайып бара жатыр.
Ақтӛбе гидрометеорологиялық орталығының мәлімдеуінше,2009 жылдың
қаңтарында Елек ӛзеңінің ластануы шегіне жеткен, яғни шектеулі жіберілген
концентрация 129 есеге жеткен.
Бордың санитарлы - уландырғыш 2 класс кӛрсеткішіне сай келуі және оның
шектеулі жіберілген концентрациясы мӛлшерінің шектен тыс кӛп болуы
флораға, фаунаға және адам денсаулығына ӛте зиянды.
Елек ӛзенінің бормен ластануы ҚР - ның жоғары органдарының алдындағы
жыл сайынғы ӛз шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі.
Хром қосындылары зауыты ӛзінің жұмысын 1957 жылдан бастады. Зауытқа
пайдаланған суды шлам тоғандарына жібереді. Зауытқа барлық кезеңдерге
пайдалану үшін жалпы ауданы 278,4 га болатын 10 шлам тоғандары
тұрғызылған, қазірде олардың тек бесеуі жүмыс жасайды.
Жер үсті және жер асты суын алты валентті хроммен ластаушы кӛне шлам
тоғандары болып табылады.
Елек ӛзенінің ластануы тек Ақтӛбе қаласына ғана емес, Жайық ӛзенінің
саласы ретінде Орынбор облысының (РФ), Батыс Қазақстанның және Атырау
облысының халқына қауіп туғызып отыр.
Елек ӛзенің ластаушы заттар хром, бор, фенол, фтор, мұнай ӛнімдері болып
отыр, ал ластаушы кӛздер бұрынғы Ақтӛбе химия зауытының шлам -
жинауыштары, сонымен бірге Елек ӛзені жайылмасында тұрғызылған сүзгілерге
қарсы қалқасы жоқ «АХҚЗ» ОАҚ - ның кӛне шлам тоғандары болып отыр.
Елек суындағы бор концентрациясы орнынан сынауға алуға байланысты
ауытқып отырады. Бор концентрациясы Ақтӛбе су қоймасы тұсында және
Бестамақ елді мекенінде барынша кӛп байқалады. Мұнай ӛнімдерінің
концентрациясы жыл бойы 6-13 ШЖК - ға байқалды. Елек ӛзені суының
физикалық қасиеті және минералдануы болып есептелетін қалған компоненттері
нормаға сай екендігі анықталды.
Шалқар көлі - тарих пен табиғат ескерткіші, туризм, демалыс және емдеу
нысаны. Орал ӛңіріндегі кӛнеден қалған тамаша ескерткіштің бірі, ол - Шалқар
кӛлі. Шалқар кӛлі айрықша экологиялық, ғылыми, мәдени, рекреациялық және
эстетикалық құндылығы бар кӛл. Кӛл Орал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай
75 шақырым жерде, Теректі ауданында орналасқан.
Бұл Батыс Қазақстан облысындағы ең терең, ірі су айдыны.
Бұл табиғат су айдыны ӛте кӛне болып саналады, оның қашан пайда болғаны
күні бүгінге дейін талас тудырып келеді. Алайда бір «версия» мейлінше кӛңілге
қонымды. Кӛл Каспий шегінен мың жыл бұрын тартылған бұрынғы Хвалын
теңізінің жұрнағы, сол себепті де тарихқа дейінгі кезде бүкіл қазіргі Каспий
маңы
ойпаты
орнында
жоғарыда
айтылған
теңіз
болған.
Есте жоқ ескі заманнан бері Шалқар кӛлі адам назарын ӛзіне тарқан, оның
жағасын оғыздар, печенег тайпалары мекен етсе, кейіннен қыпшақ, түрік
тайпалары
-
қазақ
халқының
ата-бабалары
қоныс
тепкен.
Бұған 921-922 жылдарда Волга Бұлғариясына жасаған сапары туралы
араб кӛпесі-ғалым Ахмед Ибн-Фадланның шығармалары куә. Ахмед Ибн-
Фадлан Хорезмнен Бұлғарияға дейінгі маршрутын сипаттай келе, ерте дамыған
ортағасырда Еуразия кіндігі палеографиясына кӛп кӛңіл бӛлген. Шалқар кӛлі

Page 26

26
айналасындағы аумақта оғыз мен печенег тайпалары қоныстанғаны туралы
оның әңгімелерінде ішінара кездеседі, кӛлге құятын Шамар, Анкоты, Вабна,
(кіші Аңқаты) және кӛрсетілген - «бұның бәрі үлкен ӛзендер» деп ӛзендерге
сипаттама берген. Шалқар кӛлі айналасына Х ғасырдың ӛзінде елді мекендер
мен қалалар орналасқан. Әртүрлі кезеңдерде кӛпестер, миссионерлер қонақ
болған. Кӛл жануарлар мен ӛсімдіктер әлеміне бай болған.
Бұл туралы 1968-1970 жылдарда және 2002-2003 жылдарда жүргізілген
археологиялық қазба жұмыстары куә. Сантас үстіртінің дәл оңтүстік жиегінде
орналасқан. Бұл су айдыны айналасында печенегтер қоныстанған деген фактіні
нақтылай түсті. Қалалық типті мекендердің ірісі - Ақ мешіт мекені. Ол Шолақ
Аңқаты ӛзені жағасында орналасқан. Қаланың қалыптасқан уақытын XVIII-XIX
ғасырларға жатқызуға болады. Ӛңірдегі отырықшы қала мәдениеті
ескерткіштерінің ең ірісі.
Бұған ұқсас ескі қала Атырау облысындағы Сарайшық қаласын алуға
болады. Табиғат нысаны ретінде, кӛлдің маңызды кӛрінісі 1768-1774 жылдары
академик П.С.Палластың басқаруымен Ресей Академиясы ғылымдарының
зоологиялық экспедициясы кезінде зерттеле бастады. П.С.Паллас кӛлдің жан-
жақты сипаттап қана қоймай, балық аулау, оны ұйымдастыру мен реттеуге
байланысты да жазды. Су айдынының шикізат базасы туралы, су айдынын
реттейтін ғылыми-қорытынды шаралар туралы терең білім алу қажеттілігін,
ХІХ ғ. ортасында ӛнеркәсіптің қарқында ӛсуі анықтап берді. Географиялық
қоғамның ұсынысымен 1952 жылы академик К.М.Бэрдің басшылығымен
ихтиофаунаны зерттеу мен балық аулау кәсібінің жағдайы бойынша экспедиция
ұйымдастырылды (Бэр, 1860). Бэрдің экспедиция бойынша кӛмекшісі
Н.Я.Данилевский Шалқар кӛліне келіп, оның морфологиясын, грунт құрамын,
тереңдігін баяндап, судың сұлбалық жоспарын жасады. Сонымен қатар оның
ихтиофаунасы туралы кейбір мәліметтерді де келтірді (Данилевский, 1853).
Балық ӛсіру тиімділігін сақтаудың алғы шарттарының бірі ретінде
Н.Я.Данилевский: «Тұщы судың құйылуының ағымын азайтады, оның сапасын
бұзады, түбінің қасиеттілігін ӛзгертеді, су ӛсімдіктерін құртады, бүкіл
бассейннің байлығын жойып жіберуі мүмкін» - деп, су жүйесінің
тұрақтылығын анықтаған. Шалқар кӛлінің физикалық-географиялық шарттары
туралы қысқаша сипаттамасы, оның жаға желілері, грунт құрамы, тереңдігі,
ихтиофаунасы мен гидробиологиялық кешендері бассейнде балық аулау кәсібі
жағдайын
зерттеген
Н.А.Бородин
еңбектерінде
қамтылған.
Н.А.Бородин - біздің жерлесіміз, 1861 жылы Орал қаласында дүниеге
келген. Орал әскерлер гимназиясын алтын медальмен тәмамдап, Петербург
университетіне оқуға түседі. жаратылыстанушы, кейіннен Кеңес ғалымы,
Гарвард және Кембридж университеттерінің профессоры. Кӛптеген жылдар
бойы балық ӛсірумен, оның ішінде Шалқар кӛлі мен Солянка ӛзеніне бекіре
тұқымдас балықтарды ӛсіру тәжірибелерімен айналысқан. Оған шалқар
селедкасы мен шалқар торта балығы туралы алғашқы сипаттамалар тиесілі.
Шалқар кӛлінің гидрофаунасын зерттеу негізінде ғалымдармен кӛл генезисі
бойынша Понто-Каспий су айдындарының қалдық су айдыны, бұрынғы
геологиялық дәуірдің реликтісі болып табылады деген пікірлер айтылды.
Кейбір қазіргі заманғы ихтиофауна ӛкілдері алғаш рет 5-7 млн. Жыл бұрын
шекарасы қазіргі Жерорта теңізі, Қара теңіз, Азов теңізі, Каспий теңізі және
Арал теңіздері шекара шегінен асып, тұзы аз Понтикалық кӛл-теңізде пайда
болған.
Кӛлдің қазіргі кӛрінісі дӛңгелек-жұмыртқа тәрізді формада, солтүстіктен
оңтүстікке қарай созылып жатыр. Солтүстіктен оңтүстікке дейінгі ұзындығы -
18 километрге жуық, батыстан шығысқа дейінгі ұзындығы - 14 км. Максималды
тереңдігі 18 м, тереңдігі 10-нан 12 метр тереңдікті кӛл түбінің 30 %, ал екі
метрден кем тереңдікті 30 % алып жатыр. Кӛлде 1,4 млрд. куб.м.-ға жуық су
жиналады, кӛлдің ең үлкен ауданы 24000 га. Желді күндері судың бетін ақ

Page 27

27
бұйра толқындар жауып, оның шуылы нағыз теңізді еске түсіреді. Шалқар
кӛлінің суы тұзды хлоридті-натрийлі минералды су типіне жатады. Су
құрамында тұз қышқылы, кальций гидрокарбонат, магний және ӛмірге қажетті
басқа да минералды элементтер бар. Бұның ӛзі оның құрамы теңіз суымен ұқсас
екендігін кӛрсетеді, ал экологиялық жағдайы демалушылардың сауығуына
септігін тигізгендіктен, кӛптеген теңіз суларынан артық та. Кӛлге шығыс
жағынан 2 ӛзен құяды: Есен Аңқаты (Үлкен Аңқаты) және Шолақ Аңқаты (Кіші
Аңқаты), ал бір Солянка ӛзені Жайық ӛзеніне құяды. Шекарааралық Жайық
ӛзені Орал тауы оңтүстік сілемдері (Орал-Тау жотасы) әлем мұхитының
деңгейінен 640 м биіктігінен басталады.
Ол Ресей Федерациясы аймағын, Қазақстан Республикасының Батыс
Қазақстан мен Атырау облыстарынан ӛтеді. Ӛзеннің ұзындығы 2534 км.
Қазақстан Республикасы ішінде - 1084 км. Суды жинау кӛлемі - 220 мың км².Су
сақтағыш, алқап, арна сипаттары бойынша Жайық ӛзенін 3-ке бӛледі (ағыстар):
жоғарғы, орта және тӛменгі. Басында ӛзен оңтүстікке Орск қаласына дейін
ағады. Бұл жоғары ағыс болып саналады. Содан соң кенет батысқа бұрылады.
Ендік бағытта 850 км Орал қаласына дейін (орта ағыс), қайтадан оңтүстікке
бұрылады, осы бағытты Каспий теңізіне дейін сақтайды(тӛменгі ағыс,аралығы
840 км.). Орск қаласынан басталардағы, жоғарғы ағыс шегінде, ӛзен
солтүстіктен оңтүстікке меридионалдық бағытта Оралдың шығыс баурайы
бойы енсіз алқапта, ізбестерден салынған құздар арасынан ағады. Ең терең
жерлері - 3 м..Ӛзеннің бұл жері таулы сипатта болады. Орск қаласынан 70 км
жерде Ириклин су торабы салынған . Бұл бӛген Жайық ӛзенінің деңгейін 30
метрден астамға кӛтереді. Кӛктемгі тасқын кезінде толып, Ириклин бӛгені жыл
бойы біртіндеп ӛз кӛлемінің, шамамен жартысын ӛзенге береді. Орск
қаласынан Орал қаласына дейін ӛзен кең алқапта орташа ағыста ағады. Енсіз
таулы табалдырықты жерлері сирек кездеседі. Ӛзен тегіс саяз жерлерге
айналады. Орынбор қаласы аумағында Жайық ӛзеніне ең ірі оң тармағы Сақмар
ағады . Оның ұзындығы 761 км, алқап кӛлемі 29,1 мың км. Сақмар алабын кӛп
қарлы және тармақтанған ӛзен жүйесі бар орман жабады. Тек Орынбор облысы
шеңберінде Сақмарға құйылатын 290 ӛзен саналады.
Сақмардың су айдауы Оралдан шамамен 1,5-2,0 рет артық, одан қалыпты
ағуымен және кӛктемгі тасқынының ұзақтылығымен ерекшеленеді, сонымен
қатар Жайық ӛзенінің режиміне маңызды ӛзгерістер енгізеді. Орал қаласынан
жоғарыда Жайық ӛзеніне сол жағынан Елек ӛзені ағады, оның ұзындығы 730
км. Орал қаласы маңында Жайық ӛзеніне 2 сала - Шаған мен Барбастау
ӛзендері- құяды. Тӛменгі ағысында Жайық ӛзені Батыс Қазақстан мен Атырау
облыстары аумағынан Каспий теңізі маңы ойпатынан ӛтеді,бұнда үш табиғи
аймақтан ӛтеді: дала, шӛлейтті- дала және шӛл. Даланың аймақ ұзындығы 250
км Батыс Қазақстан облысында солтүстік жағында орналасқан. Бұл аймақтың
оңтүстік шекарасы Жайық ӛзен бойы Чапаев ауылы жанынан ӛтеді. Әрі қарай
оңтүстікке 220 км шӛл-дала аймағы созылып жатыр. Ол Каспий теңізі
ойпатының солтүстік бетінен Батыс Қазақстан облысының Чапаев , Атырау
облысының Индер ауылдары аралығында белдеулей ӛтеді. Индерден теңізге
дейін шӛл аймағы ені 400км-ге созылады. Жайықтың тӛменгі ағысының
тереңдігі, жыл сайын кӛктемгі судың кӛтерілуінен ӛзен арнасының шайылуына
қарай, барынша қалыпты. Кӛктемде тасқында судың кӛтерілу деңгейі сабадан
3-7 м-ге асады. Фарватер бойындағы Жайықтың орта тереңдігі сабасында
(саяздар мен шұңқырларсыз) 3-5 м құрайды. Жайық ӛзенінің сағалық
ауқымының жоғарғы шекарасы атыраудың басымен ұласады (Атырау
қаласынан тӛмен), теңіздік - теңіз кемеріне 3 м изобатта кіреді. Бұл шектегі саға
аумағының кӛлемі 1500 км ² тең. Ӛзен атырауы кӛлемі 600 км².Жайық ӛзені тек
қана қар суларына қоректенетін жай ӛзендерге жатады. Оның ағыны, негізінен,
ӛзендер жүйесі дамыған, жоғарыдан қалыптасады. Жайық ӛзенінде Оралдан
тӛмен теңізге кұйғанға дейін, суы аз Барбастаудан басқа, сала жоқ Жайық

Page 28

28
ӛзенінің балықшаруашылық зор маңызы бар. Аймақтағы табиғи факторлар
жиынтығы жылдың мезгіліне байланысты, сәуірден шілде айлары аралығында,
балық ӛсіруді жоғары деңгейде дамытуға қолайлы жағдайлар туғызады.
Қазіргі кезде Жайық ӛзені Каспий алабындағы бекіре балықтың табиғи кең
уылдырық қоры сақталған бір ғана ӛзен. Күзде 15 тамыздан 15 қараша
аралығында Жайық ӛзенінде балықтың балықшаруашылық шұңқырларына
жылыстауы жүреді,
яғни күздегі қыстаққа
қоныстануы болады.
Содан соң Жайық ӛзені арнасында мамырдан шілде айларына дейін балық
шабақтарының уылдырықтайтын және ӛсетін орынынан ӛзеннің сағалық
кеңестігіне жылыстауы жүреді. Жайық ӛзенінде балықтардың 38-ден астам түрі
бар: бекіре тәрізділер, майшабақтар, шортантәрізділер, тұқытәрізділер және
басқалары кездеседі. Жайық ӛзенінің жайылмасы мен аңғарлары Батыс
Қазақстанның биологиялық алуан түрлігінің интроаймақтық орталығы болып
табылады. Дала мен шӛлейт ланшафттың біртекті тӛсегі Жайық аңғарының
кіретін
жайылма
ормандардың
жасыл
желегімен
алмасады.
Жайықтың жайылма ормандары: емендер, қара ағаштар, ақтеректер,талдар
қайың, шегіршендермен сипатталады. Тіршілік ортасының жағдайына қарай
бұл ормандар алуан түрлі болып құралуы мүмкін. Жайылмалардың солтүстік
бӛлігінде кӛктеректер мен аққайындар таралады және шағын тоғайлар құрайды
Жайылмалардағы ӛсімдіктердің таралуына тасқын сулардың тұру ұзақтығы
үлкен әсер келтіреді. Ӛзеннің қазіргі арнасынан жайылманың жоғары
беткейінің экологиялық қатарын мына ӛсімдіктер бірлестіктері құрайды.
Облыстың солтүстігінде ӛзен бойының құмайт қайрандарында бұтақты талдар
ӛседі, ал Қызыл - Жар еңдеуінде оларға жыңғылдар араласады. Олардан жоғары
қаратал, арнадан әрі талдық екпелер орналасқан.
Жер бедерінің биіктеу жерлерінде, жағалаулардың ӛнбойы мен ескі
арнасында қара терек пен ақ терек тоғайлар орналасқан. Орман тұқымдарының
осы екі түрі барлық орман алқаптарының 50 % құрайды.
Шегіршін орман алқаптары орталық жайылманың жоғары телімдерінде
орналасқан, тасқын сумен басу кезеңі 30 күннен аспайды. Шегіршін бұталар
мен ақтерек жазықтар арасында орналасады. Шегіршін орман алқаптары
оңтүстікке қарай азаяды, ал Антонов ауылынан оңтүстікке қарай ол жоғалады.
Экологиялық қатардың жоғарғы бӛлігін емендер алады. Мұнда тасқын
сулардың тұру ұзақтығы үш аптадан аспайды. Еменді ағаштар тек ӛзеннің
солтүстік жағында шоғырланған. Жайылмалы ормандар бұта қопасымен
жамылған шабындық пен алаңдарға ауысады. Ӛзен жайылмасындағы
экологиялық жағдайдың алуан түрлілігі: жер бедері түрліше қиылысып
отыратындығы, су қорларының кӛптігі, бай жануарлар дүниесінің тіршілігі мен
сақталуына ӛсімдіктер топтастығының алмасуы қолайлы әсер туғызған. Ӛзен
жайылмасында бұлан, елік, жабайы қабан, қоян, түлкі, тіпті орман сусары мен
сілеусіндерді кездестіруге болады. Ӛзеннің солтүстік бӛлігінде қоныс аударған
камшаттардың мекендейтін үйшіктер мен жасанды бӛгеттері кездеседі.Әсіресе,
құсқанаттылардың саны мен түрлері ерекше кӛп. Жайылмалық ормандарда
саршымшықтар, сайрақтар, шыбынқырғыштар, тоқылдақтар, мысықторғайлар,
бақтар мен қамыстардағы сұлыкештер, ормандағы жадырақтар, құрлар,
бӛденелер, байғыздар және т.б мекендейді.
Айрықша биологиялық әртүрлілікті, қызыл кітаптық және сирек түрлерді
сақтап және қайта қалыпқа келтіру мақсатында Батыс Қазақстан облысы
аумағының Жайық ӛзені аңғарында Кирсанов және Бударин қорықшалары
құрылған.
Бударин зоологиялық қорықшасы, жер кӛлемі 80 мың га, бұлан
елік,қабан,құндыз, ондатра, қоян және басқа жануарларды сақтау және кӛбейту
үшін құрылған. Бұдан басқа қорықша территориясы ӛте сирек бара жатқан
реликта- су жаңғағы (чилим) мен су папортнигінің( сальвиния) оңтүстіктегі
мекені. Қорықшада омыртқалы жануарлар дүниесінен құстардың 56 түрі,

Page 29

29
сүтқоректілерінің 21 түрі, 6 түрлі рептилия, амфибияның 4 түрі және балықтың
9 түрі есептеледі. Кирсанов кешенді қорықшасы ,жер кӛлемі 61 мың га,
қамшатты жерсіндіру және елік,бұлан және басқа жануарлардың санын кӛбейту
үшін құрылған. Қорықшаның территориясының ӛзен жайылмасында далалы
Орал ӛңірінің тамаша табиғи кешені - әсем емен мен ақтерек ормандарын
сақталған. Бұл жерде, Батыс Қазақстанда тек осында кездесетін, сиректеп бара
жатқан ӛсімдіктері мен жануарларына ӛте қолайлы жағдай жасалған. Бұнда
Қызыл кітапқа еңгізілген кӛптеген түрлер ӛседі (қарапайым емен, мамыр
маржангүлі).
Сирек кездесетін сәлемшӛп,
аюбалдырған,
шерменгүл,
қоңырауша, субидайық, қабыржық, қара мойыл тағы басқалары әрдайымда
болады.
Батыс Қазақстан облысы. Облыстың климаты тым континенттік. Қысы
суық, жазы ыстық әрі құрғақ. Қаңтар айының орташа температурасы –11 — 14
0
С, кейде —40
0
С-қа дейін тӛмендейді, шілде айындағы темп-ра 22 — 25
0
С,
кейде 40
0
С-қа дейін кӛтеріледі. Жауын-шашынның кӛп жылдық орташа мӛлш.
190 (оңт-те) — 350 мм (солт-те). Қар жамылғысы 70 күннен (оңт-те) 140 күнге
(солт-те) дейін жатады. Жыл бойына екпінді желдер (кейде 15 — 20 м/с-қа
дейін) болып тұрады. Ӛсімдіктердің вегетациялық кезеңі 150 — 170 тәулік
.
Табиғаты. Батыс Қазақстан облысы аумағының басым бӛлігі Каспий
ойпатының солтүстігінде орналасқан. Жер бедері, негізінен, құмды алқаптар
мен сор ойпаңдар алмасып жатқан жазық болып келеді. Бұл ӛңірдің абсолюттік
биіктік 10 — 25 м-ден аспайды. Солтүстігіндегі қырат бӛлігі (абс. биікт. 45 —
65 м) Сырт қырқасы арқылы Орал үстіртіне ұласады. Жалпы Сырттың осы
тұстағы ең биік жері 259 м (Ешкі тауы). Орал үстіртінің облыс жеріндегі бӛлігі
— құрғақ арналармен тілімденген жонды-белесті ӛңір. Оның абс. биікт. 110 —
260 м, ең биік жері — Ақтау тауы (263 м).
Батыс Қазақстан облысының солт. бӛлігі далалық белдемде, қалған
жерішӛлейт және шӛл белдемдерде жатыр. Облыс жерінің 15%-ін құмды алқап
алады. Қиыр солт., Сырт суайрықтарында қара, Сырт және Орал үстіртінің
қыратты бӛліктерінде қызыл қоңыр, ӛзен аңғарларында шалғынды сортаң,
шӛгінді (құмдақ-сазды) топырақ түрлері тараған. Облыстың оңт. бӛлігін құмды
алқаптар (Нарын, Кӛкӛзенқұм, Аққұм, Қарағандықұм, т.б.) алып жатыр. Солт.
бӛлігінде бетегелі дала ӛсімдіктері мен шӛлейт белдемнің ӛсімдік түрі басым.
Ӛзен жайылымдарында астық тұқымдасты шӛп түрлері, кей жерлерде қалың
қамыс, құрақ ӛскен. Жайық аңғарында терек, емен, қайың, тал, Сырт және Орал
үстіртінде, Елек ӛз. алабында шоқ қайың орманы кӛптеп кездеседі.
Жануарлар дүниесі.Батыс Қазақстан облысының тоғайлы-орманды
ӛңірлерінде бұлан, елік, ӛзендер бойындағы қалың қамыс арасында қабан, оңт-
ндегі құмды жағында ақбӛкен, түлкі, қарсақ, қасқыр, қоян, күзен, құндыз;
кеміргіштерден сарышұнақ, құм тышқаны, т.б. мекендейді. Облыста құстардың
кӛптеген түрлері (аққу, қоңырқаз, сұрқаз, тырна, бірқазан, балықшы, құр,
ақиық, кезқұйрық, безгелдек, қаршыға, т.б.) кездеседі. Ӛзен-кӛлдері балыққа
бай (сазан, кӛксерке, аққайраң, табан, жайын, шортан, т.б.). Жайық ӛзенінде
қызыл балық түрлері (бекіре, шоқыр) кездеседі.
Батыс Қазақстан облысы экономикасында ауыл шаруашылық ӛндірісінің
үлесі басым. Мұнда астық егу, жайылымдық мал шаруашылығы, етті-сүтті
сиыр ӛсіру дамыған. Облыс шаруашылығының негізгі саласының бірі —
ӛнеркәсіп. Облыста мұнай, газ ӛндіру, металл ӛңдеу және машина жасау, тамақ,
жеңіл, құрылыс материалдары, ауыл шаруашылық техникасын жӛндеу, халыққа
тұрмыстық қызмет кӛрсету, т.б. салалар жақсы дамыған. Ірі ӛндірістерден
Қарашығанақ газ-конденсат комб., ―Металлист‖, ―Зенит‖, ―Металл ӛңдеу‖,
―Омега‖ зауыттары, жеңіл және тамақ ӛнеркәсібінде ―Надежда‖ тігін-тоқыма
комб., былғары аяқ киім зауыты, аң терісін ӛңдеу, балық комбинаттары, арақ-
шарап, сыра з-ты, нан комб., сондай-ақ, ―Жайықжылужарық‖, Оралоблгаз,
―Диана‖, ―Орал-Алма‖, ―Нұржанар‖, Оралагрореммаш, т.б. кәсіпорындары

Page 30

30
жұмыс істейді. Б. Қ.О-нда республикадағы табиғи газдың 30%-тен астамы
ӛндіріледі. Облыстағы а. ш.-на тиімді жер 13,9 млн. га (1997). Оның ішінде
жыртылатын жер аум. 1,4 млн. га, шабындық 940 мың га, жайылымы 8,2 млн.
га. Астық дақылдары 934 мың га жерге, тех. дақылдар 34,1 мың га, картоп және
кӛкӛніс-бақша дақылдары 7,6 мың га, жемшӛп дақылдары 222 мың га жерге
егіледі. Мал ш-нда сиыр саны 444 мың, қой мен ешкі 904 мың, шошқа 28,5 мың,
жылқы 94 мың, түйе 3,9 мың, құстың саны 371 мың (1997). Облыстағы а.ш.
бағытындағы ӛндіріс кооперативтері мен шаруа қожалықтарының жалпы саны
2467 (1997). Олар мемлекет қарауындағы ұжымдық шаруашылықтарға (25),
ұжымшарларға (3), серіктестіктер мен ӛндірістік кооперативтерге (400-ге
жуық), акцион. қоғамдарға (21) және шаруа (фермер) қожалықтарына (2017)
біріктірілген. Сонымен қатар шет елдермен бірлескен кәсіпорындар да (17)
жұмыс істейді (1997). Батыс Қазақстан облысында темір жол, автомобиль жолы
және су жолы кӛлігі дамыған. Темір жолдың жалпы ұзындығы 417 км.
Автомоб. жолдарының ұз. 8,5 мың км, оның ішінде 2,5 мың км жол
асфальттанған. Олармен 4,8 млн. т жүк тасымалданған (1997). Негізгі
автомагистралдары: Орал—Атырау, Орал—Ақтӛбе, Орал—Орынбор. Жайық
ӛзеннен Атырауға дейін кеме қатынайды. Қазақстанның ірі қалаларымен және
кейбір шет ел қалаларымен әуе қатынасы бар.
Батыс Қазақстан облысындағы қала тұрғындарын орталықтандырылған
сумен қамтамасыз ету 97,7 % құрайды.Қаладағы сумен қамтамасыз ету
жүйесінің қашықтығы 99,0 км. Сумен қамтамасыз ету жүйесінің техникалық
жағдайы нашар жағдайда: құрылыстың бұзылу кӛрсеткіші орташа (су қамалы,
су тазалау станциясы және сорғылар) – 70 %, олардың инженерлік
инфрақұрылымы – 90 %, сыртқы магистралдық субұрғыштар және тарату
жүйелері, олардың арматуралар және ӛрттік гидранттар 80 % дейін тозған және
осының салдарынан кӛп мӛлшерде суды жоғалтуға, жоғарғы апатқа және
шығындарға әкеп соғады.
Су қамалы құрылысының жағдайы нашар жағдайда:
- қазғыш акваториясы, су қабылдағыш сақиналары тұнбаланған және
жауын-шашынды ұстап, сорғыш құбырлардан ӛздігінен су ағу жүйесі бітеліп
қалуы мүмкін. Осы себептерден 1-ші кӛтерімде апатты жағдайлар болуы,
Ұлттық ядролық орталықтың ӛнеркәсіптік алаңын және
қаланы сумен
қамтамасыз ету тоқтатылуы мүмкін;
- ӛздігінен ағу жүйесінің жылжытқыштарын жӛнделмеуінен, құдық
қабырғаларының толық бұзылуынан суды құм басады;
- балықтан қорғау торларының, қамалдардың және қақпақтар таттанып,
тазалау жүйесі жұмыс істемейді;
- су кӛтеру шығындарының түйіндерінде шығын ӛлшегіші жоқ.
Ауыз суға сағат сайын талдау жүргізетін химиялық лаборатория
құралдары құрылысы жүргізілгеннен бері аралықта (1963 жыл) жаңартылмаған.
Суды тазалау бойынша құрылыстарына су жуу және коагулираттауға шығын
жоғары (20 % дейін РВЧ-тан суды тазалау фильтрда жуу ӛтеді).
Құралдарды ылғалдау және хлорлау жұмыстары телемеханизациялау және
автоматтау жүйесінің істен шығуына әкеп соқты.
Осы суды хлорлау технологиясы толықтай залалсыздандырылмайды және
инфекциялық аурулардың болмайтындығына кепілдік жоқ, қарапайым
потагенді және
вирустарға
қатысты эпидемиологиялық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету шаралары толық жасалмайды. Құрамында хлор араласқан ауыз
суды пайдалану әр түрлі ауруларға, атап айтқанда бүйрек, орталық жүйке
жүйесі, бауыр, асқазандағы темір, қалқанша без ауруларына әкеліп соғады. Су
кӛзінде қалған хлорлар Ертіс ӛзеніне ағады.
Су құбырларын эксплуатациялау және қызмет кӛрсетумен «ККЭК» МКК
айналысады, бұнда кадрмен қамтамасыз ету жеткіліксіз, құрал-жабдықтардың

Page 31

31
жоғары пайызы бұзылған. Осыған байланысты алдағы уақытта нысандарды
ауыз сумен қамтамасыз етуді тасымалдау мәселесі туындайды.
Сумен қамтамасыз ету жүйесі жұмысының келесі себептер бойынша
шығындары жоғары:
- су қамалы құрылысынан суды тазалау станциясына дейін маңызды су
құбырларының қашықтығы;
- тазалау құрылыстары және қамал кешені ұлғайған;
- суды тазалау технология реагентін тазалау маңызды шығын, оның ішінде
су қамалына ұдайы құюы Ертіс ӛзені суының ластануын жоғарлатады,
- Сумен қамтамасыз ету жүйесінің барлық арматуралары және
құбырлардың техникалық жағдайы ескі болғандықтан апаттар және кӛп
мӛлшерде су ағуы болады.
2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 25,3 млн. теңге сомада
сумен қамтамасыз ету нысандарына ағымдағы жӛндеу (1857 метр су
құбырларына ауыстыру) жүргізілді. 2010 жылы 3-ші кӛтерімнен 4-ші
Сала жағдайын бағалау үшін SWOT талдау жүргізілді:
Күшті жақтары:
1. Су қорының жеткілікті деңгейі;
2. Ауыз су қажеттілігінің жоғарылығы;
3. Сумен қамтамасыз ететін жұмыс істейтін жүйе бар;
4. Жұмыс істеп тұрған пайдалану қызметі бар.
Әлсіз жақтары:
1. Сумен қамтамасыз жүйесі және кӛп нысандардың бұзылуы және осының
салдарынан ауыз су сапасының тӛмендеуі, апаттар болуы;
2. Оларды жаңартудан бұрын, ӛндіріс қоры негізінің ескіруі қарқынды
жүруде;
3. Сумен қамтамасыз ету жүйесін жаңартуға мемлекеттік және жеке
инвестицияның жетіспеушілігі.
Қауіптері:
1. Ертіс ӛзенінің ластануына байланысты судың азаюы;
2. Құралдардың тозуына байланысты жұмыс жасалмай қалуы, қоршаған
ортаға қауіп тӛндіру мүмкіндігі;
3. Су қоймаларының техникалық ұзақ мерзімде пайдалану жағдайында
болғандықтан қанағаттандырмаушылық жағдайы;
4.Тұрғындардың денсаулығына зиян келтіретін ескірген су дайындықтары;
5.Апаттың ӛсуі;
6. Инфекциялық аурулардың ӛсуі.
Мүмкіндіктері:
1. Жер астында жаңа тұщы суларды игеру;
2. Тұрғындарды сапалы сумен қамтамасыз ету;
3. Сумен қамтамасыз ету жүйелерінің техникасын жаңарту, суды тазартуға
және су даярлауға шығындарды арттыру;
4. Заманауи тиімді технологиялар ендіру мүмкіндігі;
5. Материалдық техникалық базаны жарақтандыру арқылы пайдалану
қызметін жетілдіру.

Page 32

32
Қорытынды .
Осыған орай, Республикада ауыз су қорларын тиімді пайдалануын кӛтеру
бойынша ісшараларды жүзеге асыру және су ресурстарының есебі күрделі
мәселелердің бірі болып тұр. Әлі күнге дейін мемлекеттік ұйымдармен
Қазгидрометпен, Геология және жер қойындарын пайдалану комитетімен, су
ресурстары бойынша комитетімен ӛткізілетін су есебінің проблемалары
шешімін таба алмай жатыр. Қазгидрометтің гидрологиялық желісінің
гидробекеттері 506-дан 172 дейін қысқарды, олардың кӛлемі Арал теңізі
бассейінінің қазақстан бӛлігінде 50 пайызға қысқарды. Геология және жер
қойындарын пайдалану Комитетінің бақылаушы орындарының кӛлемі 44
пайызға қысқарды. Су ресурстары бойынша комитеттің гидропосттары
автоматтандырылған суды есептеу және суды бӛлу құралдарымен
жабдықталмаған, олардың 42 пайызы - аттестатциядан ӛтпеген. АӚКС (ауыл
ӛндіріс кооперативтерінің су тұтынушылары) жүйелеріндегі гидропосттармен
қамтамасыз етілу 5% құрайды. Г идропосттардың қазіргі жағдайы
бақылаусыздығы суды бұруға, суды тастауға, санитарлы-эпидемиологиялық
жағдайдын нашарлауына, суды тұтынуды басқару бойынша шаралдардың
жылдамдықтарын тӛмендеуге, суару графиктерін бұзуға, шаруашылық
далалары мен жүйелерінде судын жоғалуына алып келеді.
Проблеманы шешу үшін барлық сушаруашылық объектілерді қажетті
кӛлемде жаңа конструкциядағы гидропосттармен жабдықтау, әрекеттегі
гидропосттарды автоматтандырылған, метрологиялық құралдармен қамтамасыз
ету қажет. Қазақстанда қалаларды және басқа елді мекендерді сумен
қамтамасыз етуші кәсіпорындардың суды тарату және су алу есебінің
проблемалары толық шешілмеген.
Бұл проблеманы шешу үшін бірінші кезекте тұтынушылар 100-пайыз
есептеу құралдарымен қамтамасыз ету, су шығының бақылауда жүйелеу, су
ресурстарын тиімді
пайдалануының жаңа
технологияларын еңгізу,
кӛрсеткіштерді дистанциялық кӛшіру есебінің заманауи құралдарын орнату, су
есебінің автоматизациялау керек.
Жер суландыратын жүйелерде су есебі проблемаларының шешімі
заманауи суды есептеу жүйесін қолданып, соның ішінде гидротехникалық
құрылыстарды жобалауда ақылы суды пайдалануды еңгізуде. Су қорына аса
қауіп-қатер туғызатындар: мұнай, пестицидтер, түсті металдардың, күрделі
химиялық қосылыстары. Әсіресе, оның құрамында әртурлі зиянды заттар кӛп.
Ӛнеркәсіптік ӛндіріс орындарымен қатар ауыл шаруашылығы ӛндіріс
орындарының су қорына тигізетін әсері де молшылық. Ал лас суларды ауыл
шаруашылығына пайдаланудыңда зияны ӛте кӛп. Мысалы, ауыл шаруашылығы
дақылдарын ластаған сулармен суару, біріншіден олардың шығымдылығы ӛте
тӛмен, ал екіншіден адам денсаулығына қауіпті болады. Сонымен қатар
топырақтың тұздылығы кӛтеріледі, топыраққа биохимиялық процестердің
жүруі тӛмендейді. Сулардың ластануы әсіресе балық қорына тікелей зиян
келтіреді.
Соңғы кездерде республикада суды ластандырудан қорғауды күшейтуге
байланысты біршама маңызды шаралар қабылданды. Еліміздің кӛптеген ірі
қалаларында ірі-ірі су тазалайтын құрылыстар салынады. ӛнеркәсіп
салаларында суларды екінші қайтара пайдалану жұмыстарына кӛңіл бӛліне
бастады және ӛнеркәсіп мұқтаждарын қанағаттандыру үшін таза суларды
жұмсау азайды. Алайда бұл мәселелер жӛнінде кемшілік баршылық.
Сондықтанда тұщы ауыз суларды таза ұстау, оларды ластамау, орынды
пайдалану, үнемдеп жұмсау жұмыстары бүкіл халықтық кӛкейтесті мәселеге,
актуалды проблемаға айналып отыр.
Су байлықтарын сақтау- бүкілхалықтың іс екенін ұмытпауымыз керек.
Себебі, су бірінші қажеттілік және біздің таптырмайтын байлығымыз. Осыған
орай су ресурстарын қорғауға бағытталған бірқатар іс-шаралар, қаулы-

Page 33

33
қараларда қабылданды. Су ресурстарын пайдалану және оларды қорғаудағы
заңды құжаттардың бірі- ол 1993 жылдың 31 наурызында қабылданған «Су
кодексі». мұндағы кӛрсетілген Қазақстан Республикасындағы су заңдарының
міндеттері- халықтың, экономика салаларының суды ұтымды пайдалануын
қамтамасыз ету, су ресурстарын ластанудан, былғану мен сарқылудан қорғау,
судың зиянды ықпалын болдырмау және оны жою мақсатында су
қатынастарын реттеп отыру, су қатынастары саласындағы заңдылықты нығайту
болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Неверов А.В. Экономика природопользования.-Минск: ВШ, 1990
.-216 с.
2. Нестеров П.М., Нестеров А.П. Экономика природопользования и рынок.-
М.:Закон и право, 1998.-413 с.
3. Ревазов М.А. и др. Экономика природопользования.-М.:Недра, 1992.
4. Сарсенов А. Экологическая безопасность и ресурсосбережение при
переработке.-Алматы,2000.
5.
Астахов А.С. Экономическая оценка запасов полезных ископаемых.-М.:
Аспектрпресс, 1995.-189 с.
6. Голуб А.А., Струкова Е.Б. экономика природопользования.-М.,1993.
7. Львовская К.В. Окружающая среда, рынок и регион.-М.,1993.
8. Слащев В., Искаков У. Экоструктуры Казахстана.-Алматы,1992.
9.
Герасимович В.Н., Голуб А.А. Методология экономической оценки
природных ресурсов.-М.,1988.
10. Минц А.А. Экономическая оценка естественных ресурсов.-М.,1992.
11. Рациональная схема освоения природных ресурсов.-Алматы,1983.
12. Русанов Д.К. Экономическая оценка минеральных ресурсов.-М.,1987.
13. Жансеитов Ш.Ф. Замыкающие Затраты на цветные металлы.-Алматы,1987.
14. Карамурзаев Т.К. Теория и методика экономической оценки подземных
вод.-Алматы,1991.

Page 34

34
Мазмұны
Кіріспе...........................................................................................................................3
Мониторинг туралы жалпы түсінік.........................................................................7
Маңғыстау облысы....................................................................................................16
Атырау облысы..........................................................................................................19
Ақтӛбе облысы...........................................................................................................24
Батыс Қазақстан облысы (Орал)..............................................................................29
Қорытынды.................................................................................................................32
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.................................................................................33

Page 35

35
Пішімі 60х84 1/12
Кӛлемі 35 бет 3 шартты баспа табағы
Таралымы 20 дана.
Ш.Есенов атындағы КМТжИУ
Редакциялық - баспа бӛлімінде басылды.
Ақтау қаласы, 32 ш/а.

Информация о работе Батыс Қазақстандағы Су ресурстарына мониторинг